Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_2_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253 Кб
Скачать
☆

Клиникалық жағдай n12

42 жастағы науқас келесi шағымдармен түстi: дене қызуының 37,50С көтерiлуi, қалтырау, әлсiздiк, тыныш жағдайдағы ентiгу, төс артының ауыруы, жүрген кездегi бас айналуы. Өзiн баспамен ауырғаннан берi, 1 ай шамасында науқас санайды. 12 жасында жедел полиартриттен емделген, ревматизм диагнозы қойылған.

Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, санасы анық, терi жамылғылары қуқыл. Алақандары мен табанында ауыратын, қызыл түстi, тығыз түйiндер сипалады. Ұйқы артериясының анық пульсациясы көрінді, Мюссе симптомы оң. Өкпесінiң артқы, төменгi бөлiктерiнде консонансты емес, майда көпiршiктi ылғалды сырылдар естiледi. ЖҰТ 6 қ/а, жайылма, биiк, резистенттi. Жүрек ұшында I тон, аорта үстiнде II тон әлсiз, оң жақ II қ/а кеми түсетiн диастолалық шу төстiң сол қырымен төмен тарайды, жүрек ұшында мойынға тарайтын систолалық шу. АҚ 150/40 мм сын. бағ. Пульсi 86 минутына, ырғақты, биiк, тез. Бауырдың Курловпен өлшемдерi 9-8-7см, талақтың – 12х16см.

Қанның жалпы анализінде: эрит. 3,5x1012/л, гемоглобині 102 г/л, лейк. 10,2x109/л, нейтрофильдері: т/я 6%, с/я 68%; лимф. 18%, мон. 5%, эоз. 3%; ЭТЖ 40 мм/сағ., нейтрофильдерде токсиндiк түйiршiктiлік.

Қан егуi: жасылданатын стрептококк, пенициллинге сезiмтал.

Биохимиялық анализдерiнен: жалпы белогі 58 г/л; СРБ +++, альбумині 28 г/л; глобулиндері: альфа1 –5,2%, альфа2 – 10,4%, бета – 13,6%, гамма – 22,8%, тимол сынамасы 8Б, аспартатаминотрансфераза 64 Б/л, аланинаминотрансфераза 33 Б/л.

ЦИК 350Б; РФ+.

Екi өлшемдi эхокардиограммада: аорта қақпақтары жармаларының комиссуралары жабысқан, аорта қақпақтарының жармаларымен тығыз байланысты қосымша эхокөлеңкелер анықталды.

1. ЭхоКг нәтижелерінен келесi тұжырымдар дұрыс:

  1. Комиссура шеттерiнiң жабысуы аорталық стенозды мақұлдатады.

  2. Қақпақтардағы вегетациялар инфекциялық эндокардиттi дәлелдейдi.

  3. Комиссура шеттерiнiң жабысуы аорта қақпақтарының шамасыздығын дәлелдейдi.

  4. Қақпақтардағы вегетациялар ревматизмдiк эндокардиттi дәлелдейдi.

  5. Комиссура шеттерiнiң жабысуы аорта қақпақтарының атеросклерозын дәлелдейдi.

2. ЛОР дәрiгермен қаралды: созылмалы тонзиллит, декомпенсация сатысы.

Окулист: көз түбiнде петехийлiк бөртпе, Рот дағы. ЭКГ: R-R 0,65 сек; RV4<RV6; RI + SIII =29 мм. Өмiр болжамына әсер ететiн екi жетекшi синдромды атаңыз.

  1. Септицемия.

  2. Интоксикациялық.

  3. Қақпақтық зақымдану (әсіресе аорта қақпақтарының).

  4. Лабораториялық иммундық бұзылыстар.

  5. Қабынулық өзгерiстер.

3. Васкулиттi дәлелдейтiн объективтi белгiлердi атаңыз:

  1. Мюссенің симптомы оң.

  2. Алақандары мен табанында ауыратын, қызыл түстi, тығыз түйiндер.

  3. Спленомегалия.

  4. Көз түбiнде петехийлiк бөртпе, Рот дақтары.

  5. Терi жамылғыларының қуқылдығы.

4. Диагнозды жазбаша құрыңыз.

5. Емге байланысты дұрыс тұжырымдар:

1. Таңдамалы дәрмек: пенициллин 5 млн Б (бірліктен) в/i 6 рет/тәу. + гентамицин 80 мг-нан 3 р/тәу.

2. Оксациллиндi 2,5 млн Б. в/i + гентамицин 80 мг 3 р/тәу., б/е.

3. Тек цефалоспорин қатары көрсетiлген.

4. Ем ұзақтығы 2 аптадан кем емес.

5. Ем ұзақтығы 4-6 аптадан кем емес.

N12. Жауаптары:

1. 1, 2.

2. 1, 3.

3. 2, 4.

4. Клиникалық диагнозы:

Нег. ауруы: Стрептококтік, созылыңқы, екіншілік эндокардит, аорта қақпақтарында орналасумен, аорта қақпақтарының шамасыздығы, спленомегалия, васкулит, қызба, II дәрежелi белсендiлiктегi. Жүректің созылмалы ревматизмдiк ауруы, аорта сағасының стенозы.

Асқ.: ЖШФКII.

Фондық ауруы: Созылмалы тонзиллит, декомпенсация сатысы.

5. 1, 5.