- •1. Нег. Ауруы: Артериялық гипертензия I дәрежелi, қауiп-қатер тобы 3 – жоғары (тұқым қуалаушылық, гиперхолестеринемия, гиперүшглицеридемия, сол қарынша гипертрофиясы).
- •1. Нег. Ауруы: Артериялық гипертензия II дәрежелi, қауiп-қатер тобы 3 – жоғары (артық салмақ, сол қарынша гипертрофиясы).
- •3. Науқасты стационарға жіберу міндетті, шыққаннан соң – дмад ұйымдастырамыз, га бар науқастар мектебінде оқытамыз.
- •1. Нег. Ауруы: Артериялық гипертензия III дәрежелi, қауiп-қатер тобы 4 – өте жоғары (артық салмақ, сол қарынша гипертрофиясы, аорта аневризмасы).
- •2. Шұғыл консилиум реанимация бөлімінде, реаниматолог: тамырлық хирург, кардиохирург, кардиолог. Шұғыл операция сұрақтары мен шараларын шешу керек.
- •1. Негізгі ауруы: Жүректің тума ақауы: аорта коарктациясы.
- •3. Де хаттамасына сай – кардиохирург қабылдауына жіберіледі. Клиникалық жағдай n7
- •1. Нег. Ауру: Жедел гломерулонефрит, классикалық триадалық жайылма варианты (несептің патологиялық тұнбасы, бүйректік ісіну, нефрогенді аг синдромдарымен ).
- •Клиникалық жағдай n9
- •3. Актив кезінде науқасты есепке алу шараларынан өткізіп, жоспарлы ем жүргізсе, нса асқынбас еді.
- •2. Емді эндокринологпен, нефрологпен консилиум барысында тағайындау керек. Клиникалық жағдай n12
- •3. Аортаграфияда аортаның контуры жұптасқан түрде. Аортаның жұптасқан контуры тән:
- •5. Асқынулар дамығанға дейiн қандай ем жүргiзілуi керек едi?
- •4. Нег. Ауруы: Аорта коарктациясы.
- •2. Миокардтың инфаркті, бүйрек инфаркті, ми қан айналымының бұзылыстары, бүйректің жедел және созылмалы шамасыздығы.
- •Клиникалық жағдай n15
- •1. Нег. Ауру: Созылмалы гломерулонефрит, терминаль варианты.
- •2. Емі диализ сұрақтарын шешу үшін нефролог кеңесінен басталады.
- •2. Ақ өте жоғарылағанда ми қан айналымының бұзылыстары, көз торына қан құйылулар, сол қарыншалық шамасыздық (өкпе шемені), т.Б.
- •3. Емі операциялық, хирургтармен, онкологтармен кеңесу керек. Радикаль емге дейін антигипертензиялық дірмектерден – фентоламин, баб қолданылады.
- •2. Нег. Ауру: Фибромускулярлы дисплазия. Саг. Нефролог кеңесі, квотамен жіберілетін орталықтар мамандарымен телемедицина.
- •2. Нег. Ауру: Такаясу ауруы (бейспецификалық аорта-артериит). Бүйрек артерияс зақымд жіктеме? Ревматолог кеңесі мен емі.
- •3. Антигипертензиялық дәрмектерден перифериялық вазодилятаторлар тағайындаймыз.
- •1. Келесі дерттердің ең мүмкінін белгілеңіз:
- •2. Ауруын дәлелдейтін клиникалық ерекшеліктері мен зерттеулерді таңдаңыз.
- •1. Нег. Ауруы: Климакстік дисгормондық кардиомиопатия (миокардиодистрофия).
- •3. Гинеколог емі; бета-блокаторлармен курстық ем; седативті дәрмектер.
- •Клиникалық жағдай n5
- •1. Жетекші синдромдары: дископатия – торакалгия; артық салмақ; кардиомегалия, астено-вегетативті.
- •2. 29 Жасынан қосылған артық салмақ жүрекке күш түсіру арқылы оның камераларының гипертрофиясына жалғасқан.
- •3. Невропатологпен кеңесе отырып, өмірдің салауатты салтын насихаттау, арнайы мектеп пен психолог кеңесін ұсыну; емдік дене шынықтыру курстарына қатыстыру керек. Клиникалық жағдай n6
- •1. Қабырғааралық невралгия; қызба; терілік өзгерістер синдромдары.
- •2. Herpes Zoster. (Опоясывающий лишай, белдеме теміреткі-ұшық); Қабырғааралық невралгия, аллергиялық дерматит (дәрмектік?).
- •3. Болжам диагнозы:
- •4. Стационар алмастырушы технологияны қолданамыз; антивирусты дәрмектер, в тобының ыитаминдері; ққсед, иммундық модуляторлар. Клиникалық жағдай n7
- •1. Кеуде сарайының сол жартысының ауыруы және плевра қуысына ауа жиналу, тш, оң қарыншалық жедел шамасыздық.
- •2. Болжам диагнозы:
- •Клиникалық жағдай n8
- •1. Сiздiң алғашқы диагнозыңыз:
- •5. Төмендегілердiң қайсысы науқасқа көрсетiлген?
- •Клиникалық жағдай n9
- •1. Науқастың жетекшi синдромдарын атаңыз, әрқайсысының ерекшеліктеріне, олардың диагноздық маңызына тоқтаңыз.
- •5. Көрсетiлген дәрмектерден ем тағайындаңыз.
- •1. Қажетті клиникалық анализдер; ЭхоКг – ең шешуші тәсіл. Кардиомегалия, парциальді, тән шулармен; шудың ерекшеліктері, мойын тамырларына тарамауы аорта ақауларын жоққа шығарады.
- •2. Болжам диагнозы:
- •3. Емі: бетаблокаторлардан – бисопролол, нитраттарды беруге болмайды, кардиохирург кеңесі.
- •1. Болжам диагнозы:
- •3. Липидограмма; ЭхоКг; офтальмоскопия; креатинин мен шф. Холтерлік мониторинг миокард ишемиясының жиілігін; ишемия кезіндегі болуы мүмкін аритмиялар мен блоктарды анықтауға көмектеседі.
- •1. Болжам диагнозы:
- •1. Болжам диагнозы:
- •1. Болжам диагнозы:
- •2. Экг: коронарлы шамасыздық аумағына сай тіркемелерде Парди қиғашы тіркеледі.
- •Болжам диагнозы.
- •1. Болжам диагнозы:
- •2. Қанның тропониндерге; жалпы анализі; экг, ақ мониторингі.
- •3. Ангинозды статус; аг (бақыланбаған); гипертензиялық криз; аритмиялық; ауырсынулық шок.
- •4. Реанимация бөліміне жатқызу; нәтижелі анальгезия; о2 ем; экг мен ақ мониторингі; кардиологтың шұғыл кеңесі; тропониндерге тексеру; антикоагулянттық және ырғақ бұзылысының алды алу емі.
- •1. Болжам диагнозы:
- •2. Жұдырықпен соққы??? Анальгезия наркотиктермен, нла; атропин; о2 ем; антикоагулянттық және ырғақ бұзылысының алды алу емі.
- •Болжам диагнозы.
- •1. Болжам диагнозы:
- •2. Жедел жәрдем стансасымен тез байланысып, кардиологиялық бригаданы шақыру, келгенге дейін қолда бар дәрмектерді қолдану (баб ішке, аспиринді шайнату, ақ төмендемесе нитроглицерин 0,5 мг тіл астына).
- •3. Жедел жәрдем алғаш келгенде шұғыл госпитализациялауға көрсетпелер болғандығын бағаламаған. Клиникалық жағдай n18
- •5. Келтiрiлген дәрмектерден тағайындайтындарыңызды белгiлеңiз:
- •2. Болжам диагнозы:
- •1. Болжам диагнозы:
- •2. Өкпе-жүректік реанимация???? алгоритм
- •1. Кардиалгия, ырғақ бұзылысы, жш, артық салмақ, аорта атеросклерозы.
- •2. Болжам диагнозы:
- •2. Болжам диагнозы:
- •1. Жүрекшелер фибрилляциясы (rr арақашықтығы – 0,48 – жсс 125; rr арақашықтығы – 0,65 – жсс 92 мин; кеңіген, терең q тiсшесi тыртықтық өзгеріс).
- •2. Миокардтың тыртықтық зақымдалу синдромы (миокардтың басынан өткерген инфаркті); ырғақ бұзылысы; гепатомегалия; жш фк ііі (nyha ұсыныстарымен 6 минуттық жүргізу сынамасымен нақталады).
- •3. Болжам диагнозы:
- •Клиникалық жағдай n5
- •Клиникалық жағдай n6
- •Осы аурудың жетекшi синдромын анықтаңыз.
- •1. Ырғақтың пароксизмдік бұзылысы (қарыншаүстілік /жүрекшелік/ пароксизмдік тахикардия).
- •2. Болжам диагнозы:
- •Болжам диагнозы.
- •1. Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы.
- •3. Показания для хирургического лечения синдрома Вольфа-Паркинсона-Уайта
- •Болжам диагнозы.
- •Задание к задаче по педиатрии
- •Ответ к задаче по педиатрии
- •2: Клиникалық минимум; экг; ЭхоКг, сол вентригулография.
- •1: Жүректің тума ақау синдромы, кардиомегалия синдромы. Жүректің тума ақауы. Қарынша аралық қалқаның дефекті.
- •Клиникалық жағдай n3
- •2. Негізгі ауруы: Ревматизмдік жедел қызба, кардит (митральді вальвулит), миграциялаушы полиартрит.
- •2. Негізгі ауруы: Жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, митраль қақпақтарының шамасыздығы (митраль қақпақтары жармаларының қабынудан соңғы шеттік фиброзы).
- •2. Аорта қақпақтары шамасыздығының тікелей қақпақтық, сол қарыншалық және перифериялық белгілері.
- •3. Нбт тест, ЭхоКг, цик (циркуляциядағы иммунокешендерді) анықтау, қанның оң гемокультурасы.
- •4. Негізгі ауруы: Инфекциялық екіншілік эндокардит, белсенділігінің II дәрежесі, жедел барысты, аорта қақпақтарының шамасыздығы. Созылмалы ревматизмдік ауру, митраль қақпақтарының шамасыздығы.
- •1. Жүректің соғу жиілігі 60:024сек ≈ 250; 60:038сек ≈ 131 минутына, жыбыр аритмиясының пароксизмі.
- •3. Негізгі ауруы: Жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, жұптасқан митральді ақау, стеноздың басымдылығымен.
- •2. Негізгі ауруы: Жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, жұптасқан митральді ақау, стенозы басым (митраль қақпақтары жармаларының қабынудан соңғы шеттік фиброзы).
- •3. Митральді ақаулардан стеноздың болуы немесе жұптасқан жағдайда стеноздың басымдылығы – жүктілікті үзуге абсолютті көрсетпе болып табылады.
- •2. ЭхоКг, қолқа қақпақтары қозғалысының шектелуі, изоляцияланған “әктену”
- •3. Негізгі ауруы: Менкеберг “ақауы” (изоляцияланған “әктенген” қолқалық стеноз).
- •Клиникалық жағдай 11
- •1. Болжам диагнозы, жетекші синдромның ерекшеліктері:
- •2. Негізгі ауруы: Жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, аорта қақпақтарының шамасыздығы (аорта қақпақтары жармаларының қабынудан кейінгі шеттік фиброзы).
- •Клиникалық жағдай n12
- •1. ЭхоКг нәтижелерінен келесi тұжырымдар дұрыс:
- •Клиникалық жағдай n13
- •2. Клиникалық минимум, жедел фазалық реактанттар деңгейі, АсТ, АлТ, кфк (бұлшық еттік фракциясы), лдг1,2, асл-о, иммундық статусын тексеру, ЭхоКг.
- •3. Негізгі ауруы: Жүректің дәнекер тіндік дисплазиясы. Митраль қақапақтарының пролапсі, ... Дәрежелі регургитация.
- •2. Ақ төмендей түсуі аорта қабаттарының ажырай түсу барысында қан көлемі мен қысымының өзгеруінен.
- •3. Нег. Ауруы: Артериялық гипертензия III дәрежелi, қауiп-қатер тобы 4 – өте жоғары (артық салмақ, сол қарынша гипертрофиясы, аорта аневризмасы, оның қабаттарының ажырауы).
- •Клиникалық жағдай n17
- •Клиникалық жағдай n19
- •1. Сiздiң алғашқы диагнозыңыз?
- •1. Анықталған синдромдар:
- •2. Оң және сол қарыншалардың гипертрофиясының белгiлерi:
- •4. Нег. Ауруы: Дилятациялық кардиомиопатия. Салыстырмалы митраль шамасыздығы. Политопты қарыншалық және жүрекшелік экстрасистолия, Лаун – III.
- •Клиникалық жағдай n21
- •1. Барлық тыңдау нүктелерінде протодиастолада тіркелетін қосымша тонның даму механизмі – перикардтық болғандықтан перикардотон аталады, констрикциялық перикардитке тән белгі.
- •3. Бектің триадасы:
- •4. Негізгі ауруы: Констрикциялық перикардит.
- •Клиникалық жағдай n1
- •1.Терең тыныстағы пульс өзгерiсiнiң аты:
- •2. Осы пульс келесі ауруға тән:
- •6. Диагнозы мен емiне байланысты терiс тұжырымдар:
- •Клиникалық жағдай n2
- •1. Болжам диагнозы: Констрикциялық перикардит.
- •2. Веналардың басылу синдромы; перикардтың зақымдануы (констрикциялық); Пиктің псевдоциррозы, спленомегалия; жш.
- •3. Операция (перикардиолиз), оған дейін симптомдық – жш емі.
- •1. Клиникалық минимум, жедел фазалық белоктар; le клеткалары, анф; экг, ЭхоКг; шф, креатинин; ревматолог кеңесі.
- •3. Негізгі ауруы: жқж, жеделдеу барысты, “көбелек феномені”, терінің
- •Болжам диагнозы.
- •2. Аг; гипертензиялық криз; сол қарыншаның жедел шамасыздығы.
- •3. Шұғыл госпитализяцияны ұйымдастыру, жедел жәрдем келгенше асқынған іі типті гипертензиялық кризді басу: коринфар 20 мг тіл астына;
- •1. Негізгі ауруы: Сол жақты спонтанды пневмоторакс. Асқ.: тш ііі. Оң қарыншалық жедел шамасыздық.
- •2. Негізгі ауруы: жиа, миокардтың жедел инфаркті, аса өткір кезеңі, қарыншалық экстрасистолия.
- •Болжам диагнозы.
- •1. Нег. Ауруы: жиа, ырғақ бұзылысымен, жүрекшелер фибрилляциясы, тұрақты тахисистолалық түрi. Асқ.: жшфкiii.
- •Болжам диагнозы.
- •1. Нег. Ауруы: жиа. Миокардтың басынан өткерген инфаркті, жүрекшелер фибрилляциясы, тұрақты тахисистолиялық түрі.
- •1. Жүректің соғу жиілігі 60:024сек ≈ 250; 60:038сек ≈ 131 минутына, жыбыр аритмиясының пароксизмі.
- •3. Негізгі ауруы: Жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, жұптасқан митральді ақау, стеноздың басымдылығымен.
- •2. Бар тексерулерден басқа ЭхоКг нәтижесі диагнозын нақты дәлелдейді.
- •2. Ең шешуші зерттеу – ЭхоКг.
- •3. Диагнозы:оң жүрекше миксомасы. Жшфк2 Қолданылған әдебиет
Клиникалық жағдай n13
19 жастағы студент жүрек аймағының шаншып, кейде сыздап, сол қолына беретін, физикалық күштемемен байланыссыз ауырсынуына, жүргенде дамитын ентігуге, жалпы әлсіздікке, тершеңдікке, дене қызуының 37,1-37,30С көтерілуіне шағымданды.
Үш апта бұрын жоғарғы тыныс жолдарының жедел респирациялық ауруымен ауырған, 5 күн бойына тетрациклин, анальгинмен емделген, сабаққа барып жүрген. “Жағдайы жақсарып”, дене қызуы 10 күннен соң қалыптасқан. Осыдан бір апта бұрын жүрек аймағында ауырсыну пайда болып, кештен кешке дене қызуы көтеріле бастаған.
Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта. Өкпе үстінде везикулалық тыныс, жиілігі 24 минутына. Жүректің шала тұйықтық дыбысының сол шегі – сол бұғана орта сызығынан 2 см солға ығысқан. Аускультацияда жүрек тондары әлсізденген, жүрек ұшында систолалық шу, минутына 3-4 экстрасистолия. АҚ 90/70 мм сын. бағ., пульсі 110 минутына, кернеуі мен толуы әлсіз. Бауыр өлшемдері Курлов бойынша 14х11х10 см. Тобықтарына дейін ісіну бар.
Жүректің объективті мәліметтерін саралаңыз. Дифференциялық диагноз жүргiзiңiз.
Жетекші синдромдарына байланысты күдікті аурулар тізімін (дифференциялық диагноз жүргізуді жалғастыру мақсатында) құрыңыз.
Жоғарғы тыныс жолдарының жедел респирациялық ауруын емдеудегi қателiктердi талдаңыз. Қанның жалпы анализінен қандай өзгеріс күтесіз?
Клиникалық диагнозы.
N13. Жауаптары:
1. Жүректің аускультациялық мәліметтерінің анализі: жүректiң шала тұйық дыбыс шектерiнің солға ығысуы, жүрек тондарының әлсiреуі, жүрек соғу санының бір минутта 110 болуы‚ минутына 3-4 ЭС естiлуі, жүрек шамасыздығының 3 аптада дамуы миокардтың зақымдануын, оның диффузды процесс екендігін дәлелдейді; систолалық шудың пайда болуы (ешқайда тарамайтын) миокард зақымдануынан сол қарыншаның кеңеюінен, митраль қақпақтарының салыстырмалы шамасыздығының дамуымен түсіндіріледі.
2. Миокардтың диффузды зақымдану, кардиомегалия, кардиалгия, жүрек ырғағының бұзылысы, ЖШ, қызба синдромдары. Күдікті нозологиялық бірліктер: ревматизмдік емес диффузды миокардит, оның Абрамов-Фидлердің идиопатиялық миокардиті сияқты клиникалық варианты, жедел рематизмдік қызба, тиреотоксикоз (науқас жасы 19 болғандықтан ДКМП дифференциялық диагноз қажеттігі шектеледі). НЦД де дифференциялық диагноз қажет емес, себебі, науқаста органикалық өзгерістер анық.
3. Жоғарғы тыныс жолдарының жедел респирациялық ауруын емдеудегi қателiктер: жедел респирациялық аурулар вирусты этиологиялық болғандықтан, антивирусты дәрмектерді немесе иммундық модуляторларды, витаминдер кешенін қолданып, жұмыстан (сабақтан) дем алу керек еді. Қанның жалпы анализінде вирусты этиологиялы процеске байланысты лейкопения болады.
4. Негізгі ауруы: Ревматизмдік емес диффузды миокардит, инфекциялық-токсиндік этиологиялы, аритмиялық варианты, қарыншалық экстрасистолия, Лаун-2, жедел барысты, орта ауырлықтағы.
Асқ.: ЖШФКІ.
Клиникалық жағдай N14
22 жасар науқас дәрiгерге келесi шағымдармен келдi: жүрек тұсындағы шаншып ауырсыну, физикалық күш түскендегi ентiгу, жүрегінің шалыс соғуын сезіну, дене қызуының 37,30С көтерiлуi.
Анамнезiнен: 3 апта бұрын баспамен ауырған, 2 күн бойы дене қызуы 380С болған. Үйiнде емделмеген, дәрiгерге қаралмаған. Жоғарыдағы шағымдары бір апта бұрын мазалай бастаған, бірнеше күн бұрын басы айналып, қысқа мезгiлге есiнен танған.
Объективтi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терi жамылғылары таза, периферияық ісiнулер жоқ. Аңқасы: бадамша бездерi iсiнген, доғалар деңгейiнен шығыңқы, көпсiңкі. Өкпесiнде везикулалық тыныс, тыныс жиілігі 18 минутына. Жүректiң шала тұйық дыбыс шектерi қалыпты. Жүрек ұшында I тон әлсiреген, ешқайда тарамайтын тұрақсыз систолалық шу, ЖСС 86, минутына 1:8; 1:10 қатынасында жүрек тондары естiлмейдi. Пульс саны ЖСС сай, ырғақсыз, кернеуi, толуы қалыпты. АҚ 110/70 мм сын. бағ. Iшi жұмсақ, бауыры ұлғаймаған.
ЭКГ: вертикаль электрлiк позиция, тiсшелер вольтажы төмендеген. Pq интервалы 0,16-0,30 сек аралығында, qRST комплексi 1:8, 1:10 қатынасында түсіп тіркелген.
Жүректің объективті мәліметтерін саралаңыз. Дифференциялық диагноз жүргiзiңiз.
Тексеру жоспарын құрыңыз.
Нью-Йорк кардиологтары ассоциациясының диагноздық критерийлерін қолданыңыз.
Клиникалық диагнозы.
N14. Жауаптары:
1. Жүректің объективті мәліметтерінің анализіне тоқталсақ: жүректiң шала тұйық дыбыс шектерiнің қалыптылығы, жүрек ұшында I тонның әлсiреуі, ЖСС бір минутта 86 рет болуы‚ минутына 1:8; 1:10 қатынасында жүрек тондарының естiлмей қалуы (қарынша аралық перде аймағының қабынуын) миокард зақымдануының ошақты процесс екендігін дәлелдейді; ешқайда тарамайтын тұрақсыз систолалық шудың пайда болуы миокард зақымдануының көрінісі ретіндегі папилляр, емізікше бұлшық еттерінің дисфункциясымен түсіндіріледі. Егер систолалық шу органикалық (митраль қақпақтарының тікелей зақымдануы) болса, ол жүрек ұшында тұрақты естіліп, қолтық астына тарар еді. Митраль қақпақтарының органикалық зақымдануы әдетте ревматизмдік этиологиялы болатындықтан, ревматизмдік қызбаның критерийлері болуы керек: үлкен критерийлері: кардит (эндомиокардиттің басымдылығымен), полиартрит (буындық синдромның ұшпалылық, ірі буындарды зақымдау, айқын қабынудың ҚҚСЕД тез, қалдық көріністерсіз басылуы), хорея, сақина тәріздес эритема, теріастылық ревматизмдік түйіндер; кіші критерийлері: клиникалық – артралгия, қызба), лабораториялық (жедел фазалық реактанттар деңгейінің жоғарылауы: ЭТЖ, СРП), инструменттік – (ЭКГ РR интервалының ұзаруы, допплер ЭхоКГ митральді не-, немесе қолқалық регургитацияның белгілері); өткерген А-стрептококтік инфекцияның дәлелдері: аңқадан А-стрептококтік культураның егілуі немесе А-стрептококтік антигенді тез анықтау тестінің оң болуы, стрептококке қарсы антиденелер титрінің жоғарылауы (АСЛ-О, АСК). Олар бұл науқаста жоқ. Минутына 1:8; 1:10 қатынасында жүрек тондарының естiлмей қалуы жүрекше-қарыншалық өткізгіштік бұзылысының дәлелі, аталған қатынас АВБ II дәрежесі, Мобитц-2 сипаттайды. Мұны қысқа уақыттық естен тану да дәлелдейді (МЭС синдромы).
