Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_2_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253 Кб
Скачать
☆

1. Болжам диагнозы: Констрикциялық перикардит.

Асқ.: ЖШФКIV. Бауырдың жүректік фиброзы?

2. Веналардың басылу синдромы; перикардтың зақымдануы (констрикциялық); Пиктің псевдоциррозы, спленомегалия; жш.

3. Операция (перикардиолиз), оған дейін симптомдық – жш емі.

Клиникалық жағдай N4

22 жастағы әйел, емханаға келесi шағымдармен түстi: ауа жетпеу сезімі мен ентігу, аяқ бастарының ісінуі, iрi буындарының, қол-аяқ бұлшық еттерiнiң ауыруы, субфебрильдi қызба, құрғақ жөтел, шаштарының түсуi.

Анамнезiнен: 6 ай бұрын жедел вирустік респирациялық аурудан кейiн жоғарыдағы шағымдары дамыған, қызба басатын дәрмектер қабылдаған. Соңғы бiр айда жағдайы төмендеп, қызбасы тұрақты түрде болған.

Объективтi: екi бет ұшы мен мұрын қырының терiсiнде экссудатты эритема, аяқ бастарында тығыз ісіну бар. Қол саусақтары ұшының капиллярлары кеңiген, перифериялық лимфалық түйiндері 0,5 см дейiн үлкейген, ауырмайды. Буындары өзгерiссiз. Өкпесiнде везикулалық тыныс, оң жақ қолтық астында шектелген аймақта плевраның үйкелiс шуы естiлдi. Жүрек тондары әлсiреген, ырғақты, жүрек ұшында систолалық шу, ЖСС 102 минутына. АҚ 120/80 мм сын. бағ. Iшi жұмсақ, ауырмайды. Бауыры мен талағы үлкеймеген.

  1. Тексеру жоспары, диагноздық маңызы бар тексерулер.

  2. Жетекші синдромдары. Дифференциялық диагнозы.

  3. Болжам диагнозы. Емi.

N4. Жауаптары:

1. Клиникалық минимум, жедел фазалық белоктар; le клеткалары, анф; экг, ЭхоКг; шф, креатинин; ревматолог кеңесі.

2. Терілік, трофикалық өзгерістерді қоса; қызба; лимфаденопатия; миалгия; плеврит; васкулит; люпус-миокардит. Бұл синдромдарды полиоргандық зақымдану синдромына біріктіре келе, бірінші кезекте ЖҚЖ; сонан соң ревматизмдік жедел қызбамен және васкулиттермен ДД жүргізу керек.

3. Негізгі ауруы: жқж, жеделдеу барысты, “көбелек феномені”, терінің

трофикалық өзгерістері, люпус-миокардит, қызба, лимфоаденопатия, артралгия, миалгия, капиллярит, оң жақты құрғақ плеврит.

Асқ.: ТШI, ЖШФКI.

Клиникалық жағдай N5

50 жастағы ер кiсi емхана дәрiгерiне келесi шағымдармен қаралды: тыныш жағдайдағы ентiгу, аз мөлшердегі кiлегейлi-iрiңдi қақырық түсетiн таңертеңгiлiк жөтел, тез шаршағыштық, жалпы әлсiздiк, аяқ бастарының ісінуі.

Анамнезiнен: науқас 15 жасынан күнiне 30 данадан шылым шегедi. Соңғы көп жылдар бойы таңертеңгiлiкте аз мөлшерлi кiлегейлi қақырық түсетiн жөтел қосылған. Науқас оған көңiл аудармаған. Кейін жөтелі тұрақталып, күндiз ғана емес, түнде де мазалайтын болған. Қақырық кiлегейлiден iрiңдiге айнала бастаған, әсiресе суық маусымдарда күшейген. Ентiгуі соңғы 2-3 жылда физикалық күш түскенде мазалаған, ал соңғы 4-5 айда тыныш қалыпта да мазалай бастаған.

Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, тыныс жиiлiгi минутына 26, салыстырмалы перкуссияда өкпе үстiнде қорап дыбысы, топографиялық перкуссияда Крениг кеңiстiгi кеңiген, өкпенің төменгi шектерi бiр қабырғаға төмен ығысқан, төменгi шегiнiң экскурсиясы шектелген. Аускультацияда өкпе үстiнде әлсiз везикулалық тыныс, тыныс шығаруының ұзаруы негiзiнде көптеген ызыңдаған және ысқырықты сырылдар естiлдi. Эпигастрий аймағында жүректік пульсация көрінеді. Жүрек тондары әлсіреген, ырғақты, өкпе артериясы үстiнде II тонның акцентi, ЖСС минутына 100, АҚ 140/70 мм сын. бағ. Бауырының Курлов бойынша өлшемдері: 13х12х10 см.

Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында бронх-тамырлық суретi әсiресе төменгi бөлiктерiнде күшейген, деформацияланған, өкпе ауалылығы артқан.

Қанның жалпы анализiнде: ЭТЖ 8 мм/сағ., лейк. 7,6х109/л, эрит. 6,5х1012/л.

ЭКГ: оң қарынша гипертрофиясы, Гис будасы оң аяғының толық блогі.

1. Жетекші синдромдары, оның ерекшеліктеріне байланысты дифференциялық диагноз жүргізетін аурулар тізімі.

2. Тексеру жоспары, ЭхоКГ өкпе текті жүректі дәледейтін өзгерістерді зерттеңіз.

3. Емi. ЖШ емінің қажеттілігін шешіңіз.

N5. Жауаптары:

1. Бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, қалыптасуында темекінің рөлі жоғары, екіншілі инфекцияның қосылғандығы – қақырыққа іріңді компоненттің қосылуынан дәлелді, тыныс шығарудың ұзаруы обструкциялық компоненттің де қалыспайтындығын көрсетеді; өкпе ауалылығының арту синдромы; өкпелік гипертензия және оң қарынша гипертрофиясы – өкпе текті жүректі, оның декомпенсациясын (гепатомегалия) дәлелдейді. Аталған синдромдар тізбегі келесі нозобірліктен күдіктендіреді: Негізгі ауруы: Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, бронхиттік түрі, Д категориясы, өршу фазасында. Асқ.: Өкпе эмфиземасы, пневмосклероз, ТШІІ. Созылмалы өкпе текті жүрек, декомпенсацияланған. ЖШФКІІ.

2. Науқасқа жасалғандарын есептемегенде: спирография, ЭхоКГ, НЖА, қақырықтың жалпы анализы, қақырықтың цитологиялық зерттеуі және антибиотиктерге сезімталдығы, қақырықтың БК анализі, пульмонолог, кардиолог кеңесі. ЭхоКГ күтетін өзгерістер: оң қарынша гипертроф ............

3. Стацонарлық емге көрсетпелер жоқ; темекіден бас тартуын негіздеу; ұзақ әсерлі ИГКС+ β-2 агонистер немесе антихолинергиялық дәрмектер; нәтиже бермесе ішке преднизолон 10 күнге 30-40 мг. ЖШ емі қажет емес.

Клиникалық жағдай N6

65 жастағы әйел, емханаға келесi шағымдармен келді: басының ауыруы, айналуы, құлағының шулауы, жүрек тұсының шаншуы, ауа жетпеу сезімі, соңғы 30 минутта пайда болған жөтел.

Өзiн он шақты жылдан науқас санайды, алдын алу шолуында АҚ жоғарылығы анықталып, есепке алынған, антигипертензиялық ем тағайындалған, бірақ емді тұрақты қабылдамайды. Соңғы 2 жылда АҚ тұрақты жоғары деңгейде – 170-180/100 мм сын. бағ., кейде 220/120 мм сын. бағ. көтерiлiп, мазалайды. Емханалық картасындағы анализдерден: несебімен мезгіл-мезгіл, 0,033-0,0660/00 белок бөлінген; холестерині 6,9 ммоль/л. Келер алдында жұмыстағы келеңсiздiктен кейiн басының, жүрек аймағының қатты ауыруы, ауа жетпеу сезімі мазалаған. Антигипертензиялық дәрмектер болмай қалған, көлікпен емханаға жеткізілген.

Жалпы жағдайы орта ауырлықта, артық салмағы бар (бойы 160 см, салмағы 92 кг), бетi домбыққан, қуқыл, қабақтары iсiнген. Дене қалыбы – ортопноэ, санасы анық. Өкпе үстінде, әсіресе, төменгі жақтарында үнсіз ылғалды сырылдар, әртүрлі калибрлі. Жүректiң шала тұйық дыбысының сол шегi сол бұғана орта сызығынан 2,0 см солға ығысқан. Жүрек тондары анық, ырғақты, аорта үстiнде II тонның акцентi, АҚ 230/120 мм сын. бағ. Пульсi 60 рет минутына, ырғақты. Бауыры ұлғаймаған. ЭКГ: I, aVL R биiк, R тiсшесi V5,V6>V4.