Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_2_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253 Кб
Скачать
☆

2. Негізгі ауруы: жиа, миокардтың жедел инфаркті, аса өткір кезеңі, қарыншалық экстрасистолия.

Фондық ауруы: Артериялық гипертензия ІІІ дәрежелі, аса жоғары қауіптілік тобы – 4 (жасы, тұқым қуалаушылық, артық салмақ, СҚГ, ЖИА).

Асқ.: Кардиогенді шок. Сол қарыншалық жедел шамасыздық.

Клиникалық жағдай N9

69 жастағы әйел ЖДП дәрiгерiн үйiне шақырды: қалыпты, тыныш жағдайдағы ентiгу, жүрек аймағында шалыс соғулар мен ауырсынуды сезiну, аяқ бастарының тұрақты iсiнуi.

Анамнезiнен: 5 жыл бұрын физикалық күштемелерге ентiгу мен аяқ бастарының iсiнуi пайда болған. Мезгiл-мезгiл диуретиктер мен жүрек гликозидтерiн (дигоксин) қабылдағанда ентiгуi мен аяқ бастарының iсiнуi кемiген. Жағдайының ауырлауы – соңғы екi айда дамыған.

Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, салмағы артық, акроцианоз. Ентiгуi тыныш жағдайда байқалды, төсекке горизонталь қалыпта жатудан бас тартты. Перифериялық iсiну аяқ басынан тiзесiне дейiн жайылған. Өкпесiнде везикулалық тыныс, төменгi бөлiктерiнiң үстiнде үнсiз, ылғалды сырылдар. Жүректiң шала тұйық дыбыс шектерiнiң сол жағы сол бұғана орта сызығынан 1,5 см тыс. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақсыз, жүрек ұшында систолалық шу, аорта үстiнде II тонның акцентi, ЖСС 96, пульсi 84 минутына, ырғақсыз, толуы мен кернеуi әртүрлi. АҚ 130/70 мм сын. бағ. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз эластик консистенциялы.

  1. Болжам диагнозы.

  2. Негiзгi синдромына байланысты күдiктi ауруларға, асқынуларын қоса, тәуелдi тексеру жоспары.

  3. Дифференциялық диагнозы.

  4. Емi. Әрi қарайғы дәрiгерлiк тактика.

N9. Жауаптары:

1. Нег. Ауруы: жиа, ырғақ бұзылысымен, жүрекшелер фибрилляциясы, тұрақты тахисистолалық түрi. Асқ.: жшфкiii.

Клиникалық жағдай N10

57 жастағы ер кiсi, II топ мүгедегi, келесi шағымдармен келдi: тыныш жағдайдағы ентiгу, жүрек жұмысының шалыстығын сезу, аяқ бастарының iсiнуi, оң қабырға астындағы ауырлық сезiмi.

Екі жыл бұрын миокардтың инфарктiмен ауырғаннан берi болмашы физикалық күштенулерге жүрегінің қағып кетуi, жүрек тұсының ауыруы, инспирациялық ентiгу мазалайды. Жағдайы бiр ай бұрын төмендеген: ентiгуі күшейген, аяқ басы мен балтырларының iсiнуi, жүрек жұмысының шалыстығы, оң қабырға астының ауыр тартуы дамыған.

Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, терi жамылғылары қуқыл, акроцианоз. Аяқтары балтырына дейiн iсiнген, ісінуі тығыз. Өкпесiнде везикулалық тыныс, төменгi аймақтарында тынысы әлсiреген, сол жерлерде үнсiз ылғалды сырылдар естiлдi, тыныс жиiлiгi 26 минутына. Жүрек тондары әлсiз, ырғақсыз, ЖСС 118 минутына, АҚ 110/70 мм сын. бағ. Пульсi 102 минутына, ырғақсыз, кернеуi мен толуы әртүрлi, пульс тапшылығы бір минутта – 16. Пальпацияда iшi жұмсақ, оң қабырға астының ауырсынуы бар, бауыры 4см шығыңқы, пальпацияда ауырады, қатты эластик консистенциялы, талағы үлкеймеген.

ЭКГ: RR интервалы 0,48-0,65 сек, Р тiсшесi жоқ, III, aVF тiркемелерiнде кеңіген, терең Q тiсшесi.

  1. Болжам диагнозы.

  2. Негiзгi синдромына байланысты (ЭКГ шешiңiз) күдiктi ауруларға тәуелдi тексеру жоспары.

  3. Дифференциялық диагнозы.

  4. Емi.

N10. Жауаптары: