Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_2_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253 Кб
Скачать
☆

1. Нег. Ауруы: Артериялық гипертензия II дәрежелi, қауiп-қатер тобы 3 – жоғары (артық салмақ, сол қарынша гипертрофиясы).

Асқ.: Медикаменттік гипотензия (дәрмектердiң дозасын асыра қолданудан дамыған).

2. Клофелиннің әдебиетте сипатталған антидоттары (мысалы, толазолин мен йохимбин) бірінші қатардағы емдік шараларға жатпайды, бірінші кезекте: белсендірілген көмір дәрмектерін ішкізу, асқазан жуу нәтижесіз; тұзды ерітінділер, брадикардия басым болса – атропиннің қалыпты терапиялық дозасы; АҚ төмендеуі өміршең органдардың қызметін нашарлатса – допамин; орталық нерв жүйесі тежелсе – гипогликемия мен гипоксияны жоққа шығару, ал анықталса – коррекциялау; тыныс жүйесінің тежелуі мен апноэні дыбыстық және тактильді тітіркендірулермен жоюға болады. Әдетте бұл жағдай, әсіресе, орталық тыныс жүйесінің тежелуі, 12-36 сағаттан кейін қалпына келеді. Консилиумге токсиколог, кардиолог, реаниматолог, невропатолог, окулист қажет.

3. Науқасты стационарға жіберу міндетті, шыққаннан соң – дмад ұйымдастырамыз, га бар науқастар мектебінде оқытамыз.

Клиникалық жағдай N5

45 жастағы ер кiсi, жедел жәрдем көлiгiмен қабылдау бөліміне жеткiзiлдi, шағымдары: төс пен эпигастрий аймағының өте күштi ауыруы, арқасына тарайды, кеудесiнiң барлық бөлiгiнiң күю сезiмi, ентiгу, бас айналуы мен қатаң жалпы әлсiздiк.

Өзiн 15 жылдай АГ науқас санайды, жүйелi ем қабылдамаған. АҚ кезеңдермен 220/120 мм сын. бағ. дейiн жоғарылап тұрған. Екi апта бұрын, көлiктiк соқтығыс кезiнде кеудесiнiң алдыңғы бөлiгiмен қатты соғылған, содан төс артындағы ауырсынуы мезгiл-мезгiл мазалаған. Клиникаға түсер күнi ауыр зат көтеруiне байланысты төсi мен арқасында (жауырын аралығында) ауырсыну пайда болып, басы айналған. Жедел жәрдем дәрiгерiнiң ауырсынуды басуға берген емi нәтижесiз болды.

Жалпы жағдайы ауыр, салмағы артық, орын таппай мазасызданады, бетi қуқылданған, акроцианоз. Тыныс жиiлiгi 26 минутына. Жүрек шектерi кеңiген, тамыр будасының енi – 11см. Жүрек тондары әлсiзденген, ырғақты, оң II қабырға аралықтан бастап төстiң сол қырының бойымен дөрекі систолалық шу естiледi. АҚ 120/60 мм сын. бағ. Бауыры үлкеймеген. 2-3 сағат iшiнде ауырсыну төменге, шап пен бел аймағына тарады, АҚ 100/50 мм сын. бағ. дейiн төмендедi.

  1. Болжам диагнозы, қатерлі асқынуы.

  2. Негiзгi асқынуына байланысты ем жоспарын құрыңыз, шұғыл көмек көрсетiңiз.

N5. Жауаптары:

1. Нег. Ауруы: Артериялық гипертензия III дәрежелi, қауiп-қатер тобы 4 – өте жоғары (артық салмақ, сол қарынша гипертрофиясы, аорта аневризмасы).

Асқ.: Аорта аневризмасы, оның қабаттарының ажырауы. Ауырсынулық, геморрагиялық шок.

2. Шұғыл консилиум реанимация бөлімінде, реаниматолог: тамырлық хирург, кардиохирург, кардиолог. Шұғыл операция сұрақтары мен шараларын шешу керек.

Клиникалық жағдай N6

20 жасар студент клиникаға келесi шағымдармен келді: басының, әсiресе физикалық күштен соң, ауыруы, айналуы, шулауы, жүрек аймағының мезгiл-мезгiл ауыруы, жүрек қағуы, аяқтарындағы әлсiздiк.

Анамнезiнде: бала шағында дәрiгерлер тума ақаудан күдiктенген, жүрегiнде шу естiлген, бірақ қажетті тексерулерден өтпеген. 17 жасынан

бастап басы ауырып, айналып, басында, жүрегiнде тамыр соғысын сезу

мазалаған. Гипертониялық ауру диагнозы қойылып‚ антигипертензиялық

дәрмектермен емдеген, нәтиже болмаған. АҚ 170/100-180/100 мм сын. бағ. деңгейінде сақталған. Кейiн келе аяқтарында әлсiздiк пайда болып, жүргенде ол күшейетiн болған.

Объективтi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Буындары өзгермеген, иық белдеуi мен қолдарының бұлшық еттерi аяқтарымен салыстырғанда басым дамыған. Ұйқы артерияларының пульсациясы көрiнедi. Өкпесiнде патологиялық өзгерiс жоқ. Жүрек-тамыр пальпациясында сол II-III қабырға аралықта систолалық дiрiл сезiлдi. Жүректiң сол шегi бұғана орта сызығынан 4 см тысқары ығысқан. II-III қ/а дөрекi систолалық шу естiледi, шу жауырын аралығына, жүрек ұшына, мойын тамырларына тарайды. Пульс кернеуi мен толуы жоғары, ырғақты, минутына 72 рет. АҚ қолдарында 180/120 мм сын. бағ., аяқтарында 110/70 мм сын. бағ.

  1. Алғашқы диагнозды негiздеңiз. Басты клиникалық белгiлерiн атаңыз. Физиологиялық жағдайдағы қол, аяқтағы АҚ деңгейлерін қайталаңыз. Қазіргі АҚ мәліметтерімен салыстырыңыз.

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз, кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасындағы патогномды өзгерiстерді айтыңыз (аортамен қабырғалық артериялар арасындағы байланыстарды анатомиядан қайталаңыз).

  3. Емдік шараларды іске асыратын мамандармен консилиум жасаңыз.

N6. Жауаптары: