Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_2_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253 Кб
Скачать
☆
  1. Болжам диагнозы.

  2. Ең қажеттi, шұғыл жасалатын қосымша тексерулер.

  3. Жетекші синдромы және дифференциялық диагнозы.

  4. Дәрігерлік тактика.

N15. Жауаптары:

1. Болжам диагнозы:

Негізгі ауруы: ЖИА, миокардтың жедел инфаркті, аса өткір кезеңі, қарыншалық экстрасистолия.

Фондық ауруы: Артериялық гипертензия ІІІ дәрежелі, аса жоғары қауіптілік тобы – 4 (жасы, тұқым қуалаушылық, артық салмақ, СҚГ, ЖИА).

Асқ.: Кардиогенді шок. Сол қарыншалық жедел шамасыздық.

2. Қанның тропониндерге; жалпы анализі; экг, ақ мониторингі.

3. Ангинозды статус; аг (бақыланбаған); гипертензиялық криз; аритмиялық; ауырсынулық шок.

4. Реанимация бөліміне жатқызу; нәтижелі анальгезия; о2 ем; экг мен ақ мониторингі; кардиологтың шұғыл кеңесі; тропониндерге тексеру; антикоагулянттық және ырғақ бұзылысының алды алу емі.

Клиникалық жағдай N16

56 жастағы науқас стационардың қабылдау бөлiмiне жедел жәрдеммен жеткiзiлдi, болған жағдай: 40 минут бұрын төс артында орналасқан, сол жауырын астына, мойнына, астыңғы жақ аймағына тараған кесiп ауырсыну, қатаң әлсiздiк мазалаған, сонымен қатар, ауа жетпеу сезiмi, бас айналуы қосылған. Нитроглицериннiң 3 таблеткасын қабылдату, ауырсынуды басуға анальгин, димедрол тағайындау нәтиже бермеген. ЭКГ түсiрiлген: II, III, aVF тiркемелерiнде ST сегментiнiң биік ауытқуы анықталған.

Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, терi жамылғылары қуқыл, ылғалды. Өкпесiнде везикулалық тыныс, тыныс жиiлiгi 24 минутына. Жүректiң шала тұйық дыбыс шектерiнен сол шегi сол бұғана орта сызығына дейiн ығысқан. Жүрек тондары тұйықтау, ырғақты, жүрек ұшында мезгiл-мезгiл өте күшейген I тон естiледi, ЖСС 36 минутына, АҚ 100/70 мм сын. бағ. Тiлi ылғалды, таза, iшi жұмсақ, ауырсынусыз.

ЭКГ түсiру мақсатында электродтар қойылу үстiнде, науқас аударыла берiп, есiнен танып қалды, бетiнiң, мойнының цианозы күшейе түстi, қимылы жәйсiздене бастады, қол-аяғының клонустық құрысуы, көз алмаларының конвергенциясы дамыды.

  1. Негiзгi ауруы мен оның асқынуларын табыңыз.

  2. Ең қажеттi шұғыл шараларды атаңыз.

  3. Жедел жәрдем тактикасын бағалаңыз (ЭКГ өзгерiстерi қандай анальгетиктердi тағайындауды талап еттi?).

  4. Клиника деңгейінде және одан тыс жасалатын шаралар.

N16. Жауаптары:

1. Болжам диагнозы:

Нег. ауруы: ЖИА. Миокардтың жедел инфаркті, сол қарыншаның артқы қабырғасының, аса өткiр кезеңi.

Асқ.: АВ блок, III дәрежелi, Морганьи-Адамс-Стокс синдромы.

2. Жұдырықпен соққы??? Анальгезия наркотиктермен, нла; атропин; о2 ем; антикоагулянттық және ырғақ бұзылысының алды алу емі.

Клиникалық жағдай N17

70 жастағы әйел ЖДП үйіне шақырды. Шағымдары: төс артының күшті ауруы, ауруының сол жауырынына, мойнына, төменгi жақ аймағына тарауы, ауыруы 35 мин. бұрын басталған, қалыпты жағдайдағы ентігуі.

67 жасында сол қарыншаның базаль қабырғасының миокард инфарктін басынан өткерген. Соңғы жылы стенокардия ұстамасы күш түскенде пайда болып, 1-2 таблетка нитроглицериннен қайтып жүрген. Қабылдаған дәрмектерi: нитросорбид, конкор. Екі күн бұрын түнде төс артының ұстамалы ауырсынуына жедел жәрдем дәрiгерiн шақырған.

ЭКГ базаль қабырғасының тыртықтық өзгерiсi мен қарыншаларының алдыңғы қабырғасының, аралық перденің ишемиясы бар деп бағалап, дәрiгер антиангиналық дәрмектердi егiп, ұстама басылған соң, үйiнде қалдырған.

Объективтi: жалпы жағдайы ауыр, аяқтарының бастары iсiнген. Тыныш жағдайда аралас ентiгу, тыныс жиілігі 26-28 минутына, ерiндерi цианозды. Өкпесiнiң төменгi бөлiктерiнде майда көпiршiктi, үнсіз ылғалды сырылдар. Жүрек тондары әлсiз, ЖСС 92 мин., экстрасистолия. АҚ 120/80 мм сын. бағ. Бауыры қабырға доғасында.

ЭКГ: синусты ритм, монотопты қарыншалық экстрасистолалар. Рq арақашықтығы 0,21сек, QRS ені 0,13сек, R тiсшесi I, aVL,V5-6 тіркемелерінде биiк, жайылған, екi айрылған, ST сегментi қиғаш төмен ығысқан, теріс Т тiсшесiне ауысады. V1-2 тіркемелерінде қарыншалық комплекстiң формуласы QS түрінде, ST сегментi изосызықтан жоғары, Т тісшесі оң.