Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_2_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253 Кб
Скачать
☆

1. Жетекші синдромдары: дископатия – торакалгия; артық салмақ; кардиомегалия, астено-вегетативті.

Болжам диагнозы:

Негізгі ауруы: Омыртқа аралық остеохондроз, түбіртектік синдром.

2. 29 Жасынан қосылған артық салмақ жүрекке күш түсіру арқылы оның камераларының гипертрофиясына жалғасқан.

3. Невропатологпен кеңесе отырып, өмірдің салауатты салтын насихаттау, арнайы мектеп пен психолог кеңесін ұсыну; емдік дене шынықтыру курстарына қатыстыру керек. Клиникалық жағдай n6

58 жастағы әйел соңғы 3 күн бойына делсалдық, дене қызуының 37,50С жоғарылауы, әсіресе, “өкпесіне қадалған шаншудың” күштілігіне шағымданып келді.

Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлыққа жақын, тері жамылғылары қалыпты. Паравертебраль нүктелері сол жағында Th7-10 деңгейлерінде қатты ауырады. Өкпесінде везикулалық тыныс. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСС 74 мин. АҚ 130/70 мм сын. бағ.

Науқасқа қабырға аралық невралгия диагнозы невропатологпен бірге тұжырымдалып, ем тағайындалды (ҚҚСЕД, В тобының витаминдері). Екі күннен соң науқастың кеуде сарайының сол жартысында 7-9 қ/а жолақ бойымен, ішінде серозды сұйықтығы бар, ұшықтар пайда болды. Дене қызуы жоғарылады. Ауырсыну синдромы бұрынғыдай интенсивті.

  1. Жетекші синдромын, оның клиникалық ерекшеліктерін саралаңыз.

  2. ДД жүргізетін нозобірліктерді атаңыз.

  3. Емдік жоспарын жазыңыз, стационарлық немесе стационар алмастырушы технологияны қолданыңыз.

N6. Жауаптары:

1. Қабырғааралық невралгия; қызба; терілік өзгерістер синдромдары.

2. Herpes Zoster. (Опоясывающий лишай, белдеме теміреткі-ұшық); Қабырғааралық невралгия, аллергиялық дерматит (дәрмектік?).

3. Болжам диагнозы:

4. Стационар алмастырушы технологияны қолданамыз; антивирусты дәрмектер, в тобының ыитаминдері; ққсед, иммундық модуляторлар. Клиникалық жағдай n7

40 жастағы ер кісі, токарь, клиниканың қабылдау бөліміне жедел жәрдем көлігімен жеткізілді, шағымдары: кеуде сарайының сол бөлігінің өте күшті ауырсынуы, үдей түскен ентігу, құрғақ жөтел, жалпы әлсіздік.

Бір сағат бұрын жұмысында ауыр зат көтеру кезінде кеуде сарайының сол жартысында қатаң ауырсыну кенет басталып, тұншығу, құрғақ жөтел, суық тер пайда болған. Жедел жәрдем дәрігерінің жасаған ауырсынуды басатын дәрмектері көмектеспеді, ентігуі күшейе түсті.

Өмірінде ауырмаған, өзінің денін сау санайды.

Об-ті: жалпы жағдайы ауыр, мәжбүр қалыпта отыр, тері жамылғылары қуқыл, суық тер жапқан. Мойын веналары томпайған, тыныс жиілігі 38 рет минутына, перкуссияда кеуде сарайының сол жартысының үстінен тимпанит, дауыс дірілінің қатаң әлсіреуі анықталды, аускультацияда – өкпесінде өте әлсіз везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. Жүректің шала тұйық дыбыс шектері төс қырынан 5 см оңға ығысқан, тондары әлсіреген, тахикардия, АҚ 90/60 мм сын. бағ. Ас қорыту жүйесінде ауытқу жоқ.

  1. Жетекші синдромдары.

  2. Болжам диагнозы, ЖДП дәрігері жасауы тиіс қажетті шұғыл шаралар.

N7. Жауаптары:

1. Кеуде сарайының сол жартысының ауыруы және плевра қуысына ауа жиналу, тш, оң қарыншалық жедел шамасыздық.