Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_2_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253 Кб
Скачать
☆

2. Клиникалық минимум, жедел фазалық реактанттар деңгейі, АсТ, АлТ, кфк (бұлшық еттік фракциясы), лдг1,2, асл-о, иммундық статусын тексеру, ЭхоКг.

3. Нью-Йорк кардиологиялық ассоциациясының диагноздық критерийлері: басынан өткерген инфекцияның клиникалық, лабораториялық мәліметтері мен келесі белгілердің біреуі жұптасқанда ревматизмдік емес миокардит диагнозы қойылады (жүрек шектерінің ұлғаюы, жүрек шамасыздығы, шок, өткізгіштік бұзылысы, аритмиялар, ЭКГ ST сегменті мен Т тісшесінің өзгерісі).

4. Негізгі ауруы: Ревматизмдік емес ошақты миокардит, инфекциялық-токсиндік этиологиялы (Н.Р.Палеев, 1978), аритмиялық варианты (М.И.Теодори. 1965), АВБ II дәрежесі, Мобитц-2, жедел барысты, орта ауырлықтағы.

Асқ.: МЭС синдромы. ЖШФКІ.

Клиникалық жағдай N15

17 жастағы жасөспірім, ревматология бөліміндегі әскери комиссиямен жүрек ұшында естілген систолалық шуға байланысты жіберілген.

Шағымдары жоқ.

Объективтi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене бітімі астеник, перифериялық ісінулер жоқ. Жүрек аймағын қарағанда өзгерістер жоқ, перкуссияда жүректің шала тұйық дыбыс шектері өзгермеген, аускультацияда жүрек тондары анық, ырғақты, жүрек ұшында I тоннан соң қосымша систолалық тон, артынша систолалық шу естілді. Пульсі 70 минутына, толуы мен кернеуі қанағаттанарлық, АҚ 120/70 мм сын. бағ. Бауыры үлкеймеген.

Қан анализдерінен қабыну белгілері анықталмады.

  1. Жүрек аускультациялық мәліметтеріне саралаңыз.

  2. Тексеру жоспарындағы ең дәлелді тексеру тәсілі? Оның мәліметтері?

  3. Клиникалық диагнозы.

N15. Жауаптары:

1. Аускультациядағы I тонның екі айырылуы, яғни, үш мүшелі систолалық шоқырақтың болуы Барлау синдромына тән (митраль қақпағы жармасының сол жүрекшеге қайырыла “салбырауы” – пролапстен дамиды), систолалық шу – регургитациялық, себебі ол митраль қақпақтары жармасының пролапсі митральді регургитацияға жалғасқанда ғана естіледі (науқаста қосымша тоннан кейін естілді).

2. Тексеру жоспарындағы ең дәлелді тексеру тәсілі – ЭхоКГ. Оның мәліметтері: қақпақтар жармасы қозғалыс траекториясының өзгеріп, сол жүрекше қуысына қайырыла “салбырауы”, регургитацияның болуы (дәрежесі анықталады).

3. Негізгі ауруы: Жүректің дәнекер тіндік дисплазиясы. Митраль қақапақтарының пролапсі, ... Дәрежелі регургитация.

Асқ.: ЖШФК0.

Клиникалық жағдай N16

45 жастағы ер кiсi, жедел жәрдем көлiгiмен жеткiзiлдi, шағымдары: төс пен эпигастрий аймағының өте күштi ауыруы, арқасына тарайды, кеудесiнiң барлық бөлiгiнiң күю сезiмi, ентiгу, бас айналуы мен қатаң жалпы әлсiздiк.

Өзiн 15 жылдай артериялық гипертензиямен науқас санайды, жүйелi ем қабылдамаған. АҚ кезеңдермен 220/120 мм сын. бағ. дейiн жоғарылап тұрған. Екi апта бұрын, көлiк апаты кезiнде кеудесiнiң алдыңғы бөлiгiмен қатты соғылған, содан төс артындағы ауырсыну мезгiл-мезгiл мазалаған. Клиникаға түсер күнi ауыр зат көтеруiне байланысты төсi мен арқасында ауырсыну пайда болып, басы айналған. Жедел жәрдем дәрiгерiнiң ауырсынуды басуға берген емi нәтижесiз болған.

Объективтi: жалпы жағдайы өте ауыр, салмағы артық, орын таппай мазасызданады, бетi қуқылданған, акроцианоз. Тыныс жиiлiгi минутына 26 рет. Жүрек шектерi кеңiген, тамыр будасының енi – 10см. Жүрек тондары әлсiзденген, ырғақты, оң 2 қабырға аралықта және төстiң сол қырының бойымен систолалық шу естiледi. АҚ 120/60 мм сын. бағ. Бауыры үлкеймеген. 2-3 сағат iшiнде ауырсыну төменге, шап пен бел аймағына тарады, АҚ 100/50 мм сын. бағ. дейiн төмендедi.

  1. Жүрек аймағындағы шудың және ауырсыну синдромының ерекшеліктерін саралаңыз.

  2. АҚ өзгермелілігіне баға беріңіз.

  3. Клиникалық диагнозы.

N16. Жауаптары:

1. Жүрек аймағындағы систолалық шу бұрын болмаған, оның оң 2 қабырға аралықта және төстiң сол қырының бойымен орналасуы аорта проекциясына сай келеді; сонымен қатар, ауырсыну синдромының төсi мен арқасында орналасуы, соқтығысу және ауыр зат көтеруден дамуы аорта аневризмасындағы оның қабаттарының сылынуымен байланысты.