Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_2_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253 Кб
Скачать
☆

2. Негізгі ауруы: Ревматизмдік жедел қызба, кардит (митральді вальвулит), миграциялаушы полиартрит.

Асқ.: ЖШФКІ БҚШІ .

3. Науқас баспасын емдеудегi қателiктер: А-стрептококтік инфекциямен күресте, әсіресе, декомпенсацияға жақын тонзилитте бензилпенициллин дәрмегінің жеткілікті дозасы (1 000 000Б әр 4 сағатта – тәулігіне 6 рет) және жергілікті санациялық процедуралар ЛОР дәрігерімен жүргізілуі, сонымен қатар, емнен соң есепке алынып, тексерулер жүргізілуі керек.

Клиникалық жағдай N5

Әйелдер кеңесіне 26 жастағы жұмысшы әйел, жүктілікке байланысты есепке тұруға келді. Шағымдары жоқ.

Сәби кезінде жиі суықтап ауырған, соның ішінде баспа, қызылша, күл (дифтерия) болған.

Терапевтің обьективті тексеруінде анықталды: тері жамылғылары, кілегей қабықтары таза, лимфалық түйіндері үлкеймеген. Өкпесінде везикулалық тыныс. ЖҰТ V қабырға аралықта, сол бұғана орта сызығынан 1,0см тыс пальпацияланды, жүректің шала тұйық дыбыс шектерінің сол шегі ЖҰТ сай. Жүрек тондары әлсізденген, ырғақты, жүрек ұшында систолалық шу, сол қолтық астына өткізіледі, сол бүйірінде жатқанда күшейеді, өкпе артериясы үстінде II тонның акценті. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауыры ұлғаймаған.

  1. Жетекші синдромдарына байланысты күдікті аурулар және осыған тәуелді тексеру жоспары. Дифференциялық диагнозы.

  2. Клиникалық диагнозы.

  3. Емдеу жоспары. 626 бұйрық негізіндегі жүктілікті жүргізу тәсілі.

N5. Жауаптары:

1. Жетекші синдромдары: кардит (митраль қақпақтарының шамасыздығымен), өкпелік гипертензия, кардиомегалия, ЖШ. Митральді вальвулиттің ең жиі себебі болғандықтан ревматизмнен; күл, қызылшаны ескеріп ревматизмдік емес миокардиттен кейінгі кардиосклероздан күдіктене отырып, келесі тексерулерді жүргізу керек: лабораториялық – жедел фазалық реактанттар деңгейін, аңқадан А-стрептококтік культураның егілуін немесе А-стрептококтік антигенді тез анықтау тестін, стрептококке қарсы антиденелер титрін (АСЛ-О, АСК) анықтау; ЭКГ РR интервалының ұзаруын, допплер ЭхоКГ митральді не-, немесе аорталық регургитациясының белгілерін, миокардтың гипо-, акинездік ошақтарын іздеу, ФКГ. Дифферециялық диагноз барысында жоғарыдағы тексерулер мәліметтерін диагноздық критерийлер ретінде қолданыңыз.

2. Негізгі ауруы: Жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, митраль қақпақтарының шамасыздығы (митраль қақпақтары жармаларының қабынудан соңғы шеттік фиброзы).

Асқ.: ЖШФК0.

3. Жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы митраль қақпақтарының шамасыздығының қалыптасуымен ғана сипатталғанда, жүктілікті үзуге көрсетпе жоқ. Ұрықтың дамуында міндетті ЭхоКГ тексерулер ... ... апталарында іске асырылады.

Клиникалық жағдай N6

24 жасар науқас, дәрiгерге келесi шағымдармен келдi: iрi буындарының ауырсынуы, ентiгу, жүрегінің қағуы, қызуының 390С дейiн көтерiлуi, қалтырау, тершеңдiк. “Ревматизм, митраль қақпақтарының шамасыздығы” – диагнозымен диспансерлiк есепте тұрады, 3 ай бұрын тiсiн жұлдырған, сонан берi жоғарыдағы шағымдар мазалайды.

Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, терi жамылғылары қуқыл, конъюнктивасының қыртыстарында қан құйылу нүктелерi бар. Лимфалық түйiндерi ұлғаймаған. Қимыл-тiрек жүйесi өзгерiссiз. Өкпесiнде везикулалық тыныс. Жүректің шала тұйық дыбысының шектерi: оңы – 1,5см төстiң оң қырынан оңға; жоғарысы – III қабырғада; солы – бұғана орта сызығынан 1,5см сыртқары анықталды. Жүрек тондары әлсiзденген, жүрек ұшында систолалық шу, сол қолтық астына тарайды, оң II қабырға аралық пен Боткин-Эрб нүктесiнде диастолалық шу. АҚ 150/40мм сын. бағ. Iшi жұмсақ, оң қабырға асты ауырады, бауыры қабырға доғасынан 3см түсiңкi. Талақтың (көк бауырдың) шетi cипауға iлiнедi.

Қанның анализінде: Нв 100 г/л, эрит. 3,1х1012/л, түстік көрсеткіші 0,9, лейк. 12х109/л, т/я 12%, с/я 69%, лимф. 15%, мон. 4%, ЭТЖ 47 мм/сағ.

Несеп анализінде: салыстырмалы тығ. 1017, белогі 0,033 г/л, эпит. кл. 2-3 к/а, лейк. 5-6 к/а, эритроциттері жаңа және ескiргені 4-6 к/а.

  1. Жетекші синдромдары.

  2. Аорта қақпақтары шамасыздығының тікелей қақпақтық, сол қарыншалық және перифериялық белгілерін жазыңыз.

  3. Тексеру жоспарына қосатын диагноздық дәлелді тәсілдер?

  4. Клиникалық диагнозы.

N6. Жауаптары:

1. * жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы: митраль қақпақтарының щамасыздығы, анамнезінен анық ревматизмдік, сонымен қатар, бактериемиядан кейін 2-3 айдың ішінде дамыған аорта қақпақтарының шамасыздығы бар;

* кардиомегалия синдромы;

* полиартралгия синдромы;

* гемодинамикалық АГ синдромы;

* иммунокешендік васкулит (Лукин-Либманның геморрагиялық дақтары), нефрит синдромы;

* анемия синдромы.