- •Қолданбалы механика
- •050717 – Жылуэнергетикасы мамандығы бойынша барлық оқу түрлерінде оқитын студенттерге арналған дәрістер жинағы
- •Мазмұны
- •1 Дәріс. Кіріспе ұғымдар. Статиканың аксиомалары. Тоғысатын күштер
- •1.1 Статиканың негізгі ұғымдары
- •1.2 Статика аксиомалары
- •1.3 Тоғысатын күштер жүйесі
- •2 Дәріс. Күштің нүктеге және өске қатысты моменті. Күштер жұбы. Күштер жүйесін берілген центрге келтіру
- •2.2 Параллель күштерді қосу
- •2.1 Күштің нүктеге қатысты және өске қатысты моменті
- •2.3 Күштер жұбы. Күштер жұбының моменті
- •2.4 Күштерді параллель көшіру туралы теорема
- •2 .5 Күштер жүйесін берілген центрге келтіру
- •3 Дәріс. Күштер жүйелерінің тепе-теңдік шарттары. Үйкеліс. Ауырлық центрі.
- •3.1 Күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары
- •3.2 Денелер жүйесінің тепе-теңдігі
- •3.3 Статикалық түрде анықталатын және статикалық түрде анықталмайтын жүйелер
- •3.4 Сырғанау үйкелісі. Тегіс емес беттің реакциясы
- •3.5 Домалау кезіндегі байланыстың реакциясы
- •3.6 Қатты дененің ауырлық центрі
- •4 Дәріс. Нүктенің және дененің қарапайым қозғалыстарының кинематикасы
- •4.1 Кинематикаға кіріспе
- •4.2 Нүкте қозғалысының берілу тәсілдері
- •4.3 Қозғалыс векторлық тәсілімен берілген жағдайда нүктенің жылдамдығы мен үдеуі
- •4.4 Қозғалыс координаттық тәсілімен берілген жағдайда нүктенің жылдамдығы мен үдеуі
- •4.5 Қозғалыс табиғи тәсілімен берілген жағдайда нүктенің жылдамдығы мен үдеуі
- •4.6 Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысы
- •4 .7 Қатты дененің тұрақты өс төңірегіндегі айналмалы қозғалысы
- •5 Дәріс. Қатты дененің жазық параллель қозғалысы. Нүктенің күрделі қозғалысы
- •5.1 Жазық параллель қозғалыстың теңдеулері
- •5.2 Жазық фигура нүктелерінің жылдамдықтарын анықтау
- •5.3 Жазық фигура нүктелерінің жылдамдықтарын жылдамдықтардың лездік центрі қолдануымен анықтау
- •5.4 Жазық фигура нүктелерінің үдеулерін анықтау
- •5.5 Нүктенің күрделі қозғалысы. Салыстырмалы, тасымал және абсолют қозғалыстар
- •5.6 Жылдамдықтарды қосу теоремасы
- •5.7 Үдеулерді қосу туралы Кориолис теоремасы
- •6 Дәріс. Нүкте динамикасы
- •6.1 Динамика аксиомалары
- •6.2 Материялық нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеулері
- •6.3 Материялық нүктенің салыстырмалы қозғалысы
- •6.4. Нүктенің қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теорема
- •6.5 Нүктенің қозғалыс мөлшері моментінің өзгеруі туралы теорема
- •6.6 Күштің жұмысы. Күштің қуаты. Нүктенің кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теорема
- •6.7 Нүкте үшін Даламбер принципі
- •7 Дәріс. Жүйе және қатты дене динамикасының негіздері
- •7.1 Механикалық жүйе. Масса, массалар центрі және инерция моменттері
- •7.2 Жүйе қозғалысының дифференциалдық теңдеулері. Жүйенің массалар центрі қозғалысы туралы теорема
- •7.3 Жүйенің қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теорема
- •7.4 Қозғалыс мөлшерлерінің бас моментінің өзгеруі туралы теорема
- •7.5 Жүйенің кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теорема
- •7.6 Жүйе үшін Даламбер принципі
- •8 Дәріс. Машина мен механизмдер теориясының негізгі ұғымдары. Механизмдерді құрылымдық талдау
- •8.1 Негізгі ұғымдар. Механизмдердің құрылымдық эелементтері
- •8.2 Механизмдердің негізгі түрлері
- •8.3 Кинематикалық тізбектер мен механизмдердің құрылымдық формулалары
- •8.4 Механизмнің құрылымдық талдауы мен синтезі жөнінде түсініктеме
- •9 Дәріс. Жазық рычагты механизмдердің кинематикалық және кинетостатикалық талдауы
- •9.1 Жалпы мәліметтер және жазық рычагты механизмдердің түрлері
- •9.2 Механизмдердің кинематикалық талдауы
- •9.3 Механизмдердің кинетостатикалық талдауы
- •10 Дәріс. Материалдар кедергісіне кіріспе. Материалдар кедергісінің есептері мен әдістері
- •10.1 Материалдар кедергісінің мәселелері. Есептеу сұлбасы
- •10.2 Қималар әдісі. Сырықтың көлденең қималарындағы ішкі күштер факторлары
- •10.3 Кернеулер, орын ауыстырулар және деформациялар туралы түсініктер
- •10.4 Гук заңы. Күштер әсерінің тәуелсіздігі мен Сен-Венан принциптері
- •10.5 Конструкция элементтерін есептеудің жалпы принциптері
- •11 Дәріс. Сырықтардың созылуы мен сығылуы
- •11.1 Бойлық күш және тік кернеулер
- •11.2 Сырықтың ұзаруы және Гук заңы
- •11.3 Созылу-сығылу кезіндегі статикалық түрде анықталмайтын жүйелер
- •11.4 Созылу кезіндегі кернеулі және деформациялық күйлер
- •12 Дәріс. Созылу және сығылу кезіндегі материалдардың механикалық қасиеттері
- •12.1 Созылу диаграммалары
- •12. 2 Сығылуға сынаулардың ерешеліктері
- •12.3 Температура мен уақыттың материалдар қасиеттеріне әсері
- •13 Дәріс. Созылу-сығылу кезіндегі беріктікке есептеу. Кернеулер шоғырлануы
- •13.1 Созылу-сығылу кезіндегі беріктік шарты. Есептердің үш түрі
- •13.2 Кернеулердің шоғырлынуы
- •14 Дәріс. Таза ығысу. Көлденең қимасы дөңгелек сырықтың бұралуы
- •14.1 Таза ығысу кезіндегі кернеулер мен деформациялар
- •14.2 Көлденең қимасы дөңгелек сырықтың бұралуы
- •15 Дәріс. Көлденең қималардың геометриялық сипаттамалары. Иілу кезіндегі ішкі күштер факторлары
- •15.1 Жазық фигуралардың статикалық моменттері мен оның ауырлық центрі
- •15.2 Қиманың инерция моменттері
- •15.3 Бас инерция өстері мен бас инерция моменттері
- •15.4 Иілу. Иілу кезіндегі ішкі күштер факторлары
- •15.5 Июші момент пен көлденең күш арасындағы дифференциалдық тіуелдіктер
- •16 Дәріс. Иілу кезіндегі кернеулер және беріктікке есептеу. Күрделі қарсыласу
- •16.1 Таза иілу кезіндегі кернеулер
- •16.2 Көлденең иілу кезіндегі кернеулер
- •16.3 Қиғаш иілу және центрден тыс созылу-сығылу
- •16.4 Иілу мен бұралудың біріккен әсері
- •Әдебиеттер тізімі
12. 2 Сығылуға сынаулардың ерешеліктері
Мұнда үлгілер текше немесе биік емес цилиндрлер (h≤ 3d) түрінде алынады, керісінше иілу пайда болуы мүмкін. Өте қысқа үлгілерді де пайдалануға болмайды, өйткені шеткі беттеріндегі үйкеліс күштері бірталай әсерін тигізеді.
М
орт
материалдар үшін сығылу диаграммасының
түрі созу диаграммасымен бірдей болады.
Диаграмма бойынша σб мен δ анықталады,
сонда сығу кезіндегі беріктік шегі
созылу кезіндегі беріктік шегінен
әдетте артық болады.
12.5 суретте пластикалық материалдың типтік сығылу диаграммасы көрсетілген. Басында ол созу диаграммасымен бірдей болады, кейін тікшіл көтеріледі, үлгі жалпаяды және қирамайды. Пластикалық материалдар үшін соылзу және сығылу кезіндегі аққыштық шектері бірдей болады.
12.3 Температура мен уақыттың материалдар қасиеттеріне әсері
t
º температурасы
мен t уақыт
факто-рының материалдардың қасиеттеріне
әсерін зерттеу өте күрделі есеп болып
келеді, сондықтан дербес жағдайлар
қарастырылады.
12.6 суретте аз көміртекті болат үшін Е серпімділік модулі, σақ аққыштық шегі, σбберіктік шегі мен үзілгендегі δ ұзаруының tº-дан тәуелдіктері көрсетілген. tº темпе-ратурасының 0…300ºС аралығында серпімділік модулі шамалы ғана кемиды. Одан айтар-лықтай көбірек σб мен δ өзгереді, сонда морт қасиеттеріне ие болу орын алады – үзілу кезін-дегі ұзаруы кемиді. tº әрі қарай өскенде, болаттың пластикалық қасиеттері кайта ора-лады, ал беріктігі бірталай төмендейді. Жоғары tº кезіндегі морт қасиеттеріне ие болу аз көміртекті болаттар үшін орын алады. Легирленген болаттар және түсті қорытпалар δшамасының бір сарынды өсуін және σб мен σақ азаюын көрсетеді.
Жоғары tº болған кезде (органикалық материалдар үшін төмен tº кезінде де) жүктелген бөлшекте кернеулер мен деформациялар уақыт өтуімен өзгереді, бұл құбылыс жылыстау деп аталады.
Ж
ылыстаудың
дербес білінуі – зардап, яғни тұ-рақты
кернеу кезіндегі жойылмайтын
деформация-лардың өсуі. Мысалы: центрден
тепкіш күштер және жоғары tº әсерінен
бу және газ турбиналарының дискі-лері
мен қалақшалары өлшемдерінің өсуі.
Жылыстау қасиетінің тағы бір дербес
білінуі – релаксация, ол тұрақты
деформациялар кезіндегі уақыт өтуімен
кернеулердің өзінен-өзі өзгеруі, мысалы,
жоғары tº кезінде
қосылыстардағы болттардың тартпасының
босауы.
Жылыстау кезіндегі материалдың негізгі сипаттамалары келесі:
а) ұзақ беріктіктің шегі – бұл созылған үлгінің берілген уақыт өткеннен кейін қирау болатын жүктеменің қиманың бастапқы ауданына қатынасы;
б) жылыстау шегі – берілген уақыт аралығында пластикалық дефор-мацияны берілген шамаға жеткізетін кернеу.
13 Дәріс. Созылу-сығылу кезіндегі беріктікке есептеу. Кернеулер шоғырлануы
Дәрістің мазмұны: қауіпсіз кернеулер, беріктік кепілдігі, созылу-сығылу кезіндегі беріктік шарты, кернеулер шоғырлануы.
Дәрістің мақсаты: созылу-сығылу кезіндегі беріктікке есептеудің әдістемесін игеру.
13.1 Созылу-сығылу кезіндегі беріктік шарты. Есептердің үш түрі
Созылуға және сығылуға сынаулары нәтижесінде алынған мате-риалдардың механикалық қасиеттерін конструкция элементтерін есептеу кезінде қалай қолдануға болатынын қарастырайық.
Ең кең таралған әдіс – кернеулер бойынша беріктікке есептеу әдісі. Осы әдісте есептеу конструкцияда орын алатын кернеулердің ең үлкен кернеуі бойынша жүргізіледі, максималды кернеу материал үшін шекті шамасынан аспау керек σmax<σшек, сонда беріктіктің кейбір кепілдігі ескерілу керек, сондықтан беріктік шарты келесі түрде орындалу керек
σmax≤[σ]. (13.1)
Мұнда [σ] – қауіпсіз кернеу, ол шекті кернеудің кейбір бөлігі ретінде анықталады
(13.2)
мұндағы [n] – беріктік кепілдігінің нормативтік мәні, ол конструкция жауапкершілігінің дәрежесіне, есептеу сұлбасының нақтылығына, жобалау тәжірибесіне, конструкция жұмысының шарттарына тәуелді беріледі. Сонда әрқашан [n] >1,0 , оның мәндері конструкцияның әртүрлі элементтері үшін нормативтік құжаттарда беріледі.
Конструкцияда
білінетін қалдық деформациялар болмауы
үшін пластикалық материалдардан жасалған
конструкция элементтеріне σшек мәні
созылған жағдайда
,
сығылған жағдайда
тең
деп алынады. Морт материалдарға және
кейбір жағдайда бірыңғай
пластикалық материалдарға σшек ретінде
созылу немесе сығылу кезіндегі
сәйкес
немесе
беріктік
шегі алынады.
Осы әдіс бойынша беріктік шартының басқа түрі
n≥[n] (13.3)
мұндағы n – шынайы (есептеу) беріктік кепілдігі, ол n=σшек/σmax формуласымен анықталады.
Сонымен, созылу-сығылу кезіндегі (13.1) беріктік шарты келесі түрге келтіріледі
.
(13.4)
Беріктік шартын қолданып, келесі есептерді шешуге болады:
а) тексеру есептері. Мұнда берілген жүктеме мен сырықтың көлденең қимасының өлшемдері бойынша шынайы кернеулерді анықтап, оларды қауіпсіз кернеулермен салыстырады, сонда тікелей (13.4) шартының орындалуы тексеріледі. Кернеулер асып кетсе, беріктік қамсыздандырыл-майды, сондықтан мұндай жағдайға тыйым салынады, ал кернеулер аз болуы материалдың артық шығынына алып келеді;
б) жобалау есептері. Берілген жүктеме мен қаупсіз кернеу бойынша беріктік шартын қанағаттандыратын сырықтардың көлденең қималарының өлшемдерін анықтайды
; (13.5)
в) жүк көтеру шегін (жүк көтеру қабілетін) анықтау есептері. Мұнда сы-рық көлденең қимасының берілген өлшемдері мен берілген қауіпсіз кернеу бойынша қауіпсіз бойлық күшті анықтайды
, (13.5)
содан кейін бойлық күш пен жүктеме арасындағы байланысты анықтап (статиканың тепе-теңдік теңдеулерінің қолдануымен), қауіпсіз жүктемені табуға болады.
Сығылған сырықтар беріктікке есептелуімен қатар орнықтылыққа да есептелу керек екенін айтқан жөн, өйткені сығушы күштің кейбір мәнінде сырық иіліп кетуі мүмкін (орнықтылықтан айырылу).
Қауіпсіз кернеу әдісіндегі қабылданған критерий (нүктедегі кернеу) конструкция қирауының шарттарын кейбір жағдайларда сипаттамайтынын айтып кету керек. Сол жағдайларда критерий ретінде жүйе қирамай және формасын айтарлықтай өзгертпей, көтере алатын шекті жүктемені алған дұрыс.
13.1 мысал – Қимасының ауданы А=4 см2 шойын сырық үшін (10.1 сурет), созылу кезіндегі қауіпсіз кернеуді [σсоз] = 30 МПа және сығылу кезіндегі қауіпсіз кернеуді [σсығ] = 100 МПа қабылдап, беріктік шартының орындалуын тексеру керек..
Шешуі. Сырықтың сол жақ аралығында сығылу, басқа екі аралығында – созылу орын алады. Сырық қимасы тұрақты, орташа аралығында N бойлық күші басқа екі аралықтағы бойлық күштен артық және мұнда созылу орын алып тұр. [σсоз] кернеуі [σсығ]-дан аз болғандықтан, беріктік шартын тек қана орташа аралық үшін тексерген жеткілікті болады. Сонда σ=N/A=5∙103/4∙102=12,5 МПа<[σсоз]=30 МПа, сондықтан сырық үшін беріктік шарты орындалып тұр.
