Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mekhanika_lektsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3.4 Сырғанау үйкелісі. Тегіс емес беттің реакциясы

С ырғанау үйкелісінің Кулон – Амонтон заңдары:

1. Бір денені басқа дене үстінде ығыстыруға тырысқан жағдайда олардың жанасу жазықтығында   үйкеліс күші пайда болады, оның модулі 0≤F≤ Fmax  аралығында кез келген мәнге ие болуы мүмкін. Үйкеліс күші денеге түседі және күш түскен нүктенің мүмкін жылдамдығына қарама-қарсы болады.

2. Максималды үйкеліс күші  f  үйкеліс коэффициенті мен N  нормаль қысым күшінің көбейтіндісіне тең         

Fmax=f∙N.                                                  (3.10)

Үйкеліс коэффициенті жанасатын денелердің материалдары мен беттерінің қалпына (кедір-бұдырлығына, температурасына, ылғалдылығына және т.б.) тәуелді өлшем бірліксіз шама, ол тәжірибе арқылы анықталады. f  мәндері: ағаш пен ағаш арасында 0,4-0,7; металл мен металл - 0,15-0,25; болат пен мұз - 0,027.

 Тыныштық үйкелісі мен сырғанау үйкелісі айыра танылады. Тыныштық үйкелісінің коэффициенті тепе-теңдіктің шеткі қалпына, яғни сыртқы күштер кішкене ғана өскенде қозғалыс басталып кететін қалпына сәйкес келетін  максималды Fmax үйкеліс күші арқылы анықталады.  Әдетте ол сырғанау үйкелісінің коэффициентінен артық. Сырғанау жылдамдығының өсуімен сырғанау үйкелісінің коэффициенті басында  шамалы азаяды, содан кейін айтарлықтай өзгермейді.

3. Максималды үйкеліс күші  едәуір кең шектерде жанасатын беттердің ауданына тәуелсіз.

Тегіс емес беттің реакциясы екі құраушы күштер арқылы есепке алынады:   нормаль реакциясы (оның модулі нормаль қысым күшіне тең) және оған перпендикуляр   үйкеліс күші (3.3 сурет). Толық реакция   нормаль бағыттан α бұрышына ауытқиды (tg α = F/N).

Егер дене горизонталь тегіс емес беттің үстінде болып, оған ауырлық күштен басқа ешқандай сыртқы күш түспесе, онда F = 0, ал толық реакция R = N  және тіреуіш бетіне перпендикуляр болады. Денеге шамасы аз   күшін түсіріп, біз оны қозғалтуға тырыссақ, қозғалыс бола қалмайды, өйткені   үйкеліс күші пайда болады, және F≤ Fmax.   күші артқан сайын   үйкеліс күші де артады. F1 = Fmax болғанда тепе-теңдіктің шеткі қалпы орын алады, сонда толық реакция   вертикальдан үйкеліс бұрышы деп аталатын αmax бұрышына ауытқиды.  Оны φ арқылы белгілеп, үйкеліс бұрышының тангенсі үйкеліс коэффициентіне тең екенін анықтаймыз 

tg φ= Fmax/N=f .                                             (3.11)

Идеалды емес байланыстың толық реакциясының бағыты үйкеліс бұрышымен шеттеледі. Әдетте денелердің сырғанау үйкеліс күші ескерілуімен тепе-теңдіктің  шеткі қалпы үшін үйкеліс күші максималды шамасына ие болғанда қарастырылады. Идеалды емес байланыстың реакциясы екі құраушымен көрсетіледі: N  нормаль реакциясымен жәнеFmax максималды үйкеліс күшімен.

3.5 Домалау кезіндегі байланыстың реакциясы

 3.4,а суретте  домалау кезінде цилиндр тіреуші бетке жаншылып, онымен домалау бағыты жағына ығысқан  СDдоғасымен кескінделетін бетпен өзара әрекеттескені көрсетілген.   

Тіреуші беттің  цилиндрге   толық реакциясы беттің деформациясынан туындаған таралған күштердің қосындысы ретінде цилиндр домалауына кедергі жасайды. Бір дененің басқа дененің бетінде домалау кезінде пайда болатын кедергі домалау үйкелісі деп аталады. Инженерлік есептеулер жүргізуде керегі - домалауға кедергі моменті (3.4,б сурет). Құбылыстың с ұлбасын жасағанда, домалау деформацияланбайтын бетінде қарастырылады, ал   толық   реакциясы А нүктеден δ шамасына ығысқан В нүктесіне түсетін екі құраушы күш арқылы көрсетіледі (3.4,в сурет.   күші – сырғанау үйкеліс күші, ал  - нормаль реакциясы. Тепе-теңдік теңдеулерінен келесі анықталады

N = P,       F = Q,      Qmax∙r = δ∙N.                                 (3.12)

Келесі көбейтінді δ∙N = (Мкед)max домалауға кедергі моменті, яғни домалау үйкелісі деп аталады. Егер Q күші аз болса, N  күшінің вертикаль диаметрінен ауытқуы да аз болады; Q  өсуімен бұл ауытқу артады. Qmax болғанда цилиндр тепе-теңдіктің шеткі қалпына жетеді, сонда N нормаль реакциясы вертикаль диаметрінен  домалау үйкелісінің коэффициенті деп аталатын, δ  шеткі  қашықтығында өтеді. δ  коэффициенті жанасатын денелер материалдардың қасиеттеріне және беттерінің қалпына тәуелді, ол тәжірибелік түрде анықталады. Мысалы, рельс үстімен дөңгелек домалаған кезде δ = 0,005 см,  шарик подшипнигінде δ = 0,001 см.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]