Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир ауру жауап.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219 Кб
Скачать
☆

24.Механикалық іш өтімсіздігі

Ішек өтімсіздігі — ішек бойымен нәжістің әртүрлі себептерімен жүрмей қалуынан туатын ауру. Ішек өтімсіздігін іш бүлігі тобына жататын аурулар ішінде сипаттары көп, қауіп-қатері мол аурулардың бірі.Ішек өтімсіздігі бұрынғы уақытта дәрігерлерге аян болған. Ең негізгі симптомдары алғашқы мың жылдықта Н.Э.Гален және Гиппократпен айқындалған. Алғашқы орыстардың жұмысында ішек өтімсіздігі Н.М. Максимовичпен Амбодинге көрсетілген (1781).+Қазіргі кезде аса қоркынышты жағдай ішек өтімсіздігінің іш бүлігі тобындағы аурулар арасында жиі кездесуі және өлім пайызының азаймауы. Статистика мәліметтеріне жүгінетін болсақ ішек өтімсіздігімен ауырған адамдардың 4-30 пайызға дейіні шығын болады екен.Статистика мәліметтеріне қарасак ішек өтімсіздігі болған адамдардың 23-78%-ке дейінгілері ауру басталғаннан бастап 24 сағаттан кейін емделетін көрінеді. Бұл аурудың қауіпті қатерлі екенін осы келтірілген сандардан-ақ айтып отыр. Ішек өтімсіздігі жедел көмек көрсететін хирургтар тәжірибесінде кездеседі. Ол барлық хирургиялық әдіспен емделетін аурулардың 3,5 пайызы. Ал енді іш бүлігі ауруларынан өлген адамдардың 39-40% осы ішек өтімсіздігінен өлетін көрінеді.Ішек өтімсіздігінің этиологиясы (пайда болу себебі):

Жедел ішек өтімсіздігініңдамуында бейім және әсер ету факторларды айырамыз.+

1 – топ  бейім болу факторы:

  1. туа біткен себебі (Мерккель дивертикуласы, мальротация, ішек атрезиясы, мықын және соқыр ішектің жалпы шажырқайы, әртүрлі қуыстар, құрсақ қуысына енуі, осының салдарынан ішек түйілуінің қысылуы болады.)

  2. ішектердің түйілуі, күш түсуі, жабысуы, қайырылуы, деформациясы, ішектің басылуы.

  3. ішек қуысында әртүрлі бөгде заттардың болуы (өт тастары, нәжіс тастары, аскаридалар және т.б.). Сонымен қатар ішек қабырғасында (ісінулер тыртықтар) немесе көрші мүшелерде кисталар, жүктілік жатыр және т.б).

  4. мүшелердің артық қозғалуы (сигманың ұзындығы, соқыр ішектің қозғалғыштығы).

Алиментарлы фактор (С.И. Спасокукоцкий, 1908)+

  1. тамақтану ережесінің бұзылуы (уақытсыз тамақтану, көп сіңірілуі, қатты тағамдарды қолданғанда)

  2. Толық тамақтанбау, май клеткаларының азаюы, құрсақтағы бұлшық ет тонусының төмендеуі, ішектің моторлыфункциясының өзгеруі.

2-ші топ: Әсер ету факторлары:

  • құрсақ ішілік қысымның жедел көтерілуі

  • Физикалық күш түсу

  • Асқазан жолына көп тамақтың түсуі мен ауыртпашылық тудыруы

  • Ішектің түйілуі немесе салдануы, 30-60 жастағы әйелдерден қарағанда ер адамдар жедел ішек өтімсіздігімен 2 есе ауырады.100 000 ішінен 4-тен 20-ға дейін ауырады.

  • Хирургиялық аурулар ішінде орташа кездесетіндер 2-3 %-ды құрайды.

Механикалық ішек өтімсіздігі кезінде ішектің қуысы әлдеқалай жабылып, бекітіліп қалады. Ішек қуысы бекітіліп қалғанда ішек іргесінің қан айналысы бұзылуына қарай механикалық ішек өтімсіздігі ішек қуысының бітелуі (обтурациялы) және ішектін түйінге қыстырылып қалуы (странгуляциялы) болып екіге бөлінеді.Аурудың обтурациялы түріне себеп болатын мынадай жағдайлар: іш қуысындағы ағзалардың бір-бірімен жабысуы, туа біткен ақаулар, қатерлі және үра ісіктер, кездейсоқ ішек ішіне түскен заттар, әр түрлі ішек қуысында пайда болатын тастар, аскарида құрттары, ішекті әртүрлі қабынғаннан кейінгі қалатын тыртық және т.б.

Ішектің түйінге қыстырылуы түріне: ішек бұралуы (заворот), ішектің түйінделуі (узлообразование), ішектің жарық тесігінде қысылып қалуы, ішектің бір бөлігінің екінші бөлігіне енуі (инвагинация) жатады. Аурудың бұл түрі өте қауіпті, өйткені, ауру басталысымен ішек іргесінің қан айналысы нашарлап, аз уақыт ішінде түйінге қыстырылған ішек өліеттеніп кетеді де, жидіп жарылады. Оның ішіндегі нәжіс іш қуысына құйылып, іш астарының қабынуы перитонитке әкеліп согады.Нәжістің ішек бойымен жүрмей қалуы кейде оның қуысы тарылмай, ешқандай заттармен не ісікпен бекітілмей, тек жиырылып созылу қабілетінің (перистальтика) бұзылуынан болады. Аурудың бұл түрін динамикалық ішек өтімсіздігі деп атайды. Перистальтика екі түрде бұзылады. Бірде ішек іргесі қатты жиырылып тұрып қалады. Бұл статистикалық түрі, кейде ішек іргесі жиырылмай созыла береді, бүл паралитикалық түрі. Динамикалық іш өтімсіздігіне себеп болатын жағдайлар:+

  • Іштің жарақаттануы

  • Іш астарының сыртына қан ұюы. Іш астарының кабынуы. Бүйрек шаншуы.

  • Ішек іргесіндегі құрт аурулары

  • Жүрек инфарктісі Невроздар

  • Миға қан кұйылуы

  • Никотин

  • Кокаин

  • Қорғасынмен улану

  • Қандағы кальцийдің азаюы

Ішек өтімсіздігінің пайда болу себептерінен басқа ішектің түйілу деңгейіне байланысты жоғары және төмен түйілулері болады.+Ішек өтімсіздігі кезінде болатын өзгерістер. Ең алдымен ішек өтімсіздігінің механикалық түрі туралы, обтурациялық ішек өтімсіздігі кезінде ішек қуысы жіңішкеріп қалады, не болмаса мүлдем жабылады. Ішек көбіне іш жағынан таспен, ісікпен, аскарида тобымен, кездейсоқ заттармен бекіп, жабылып қалады. Ішек қуысы сыртынан ісікпен, не жабысу процессімен, қабыну кезіндегі ісікпен басылып қалады. Көбіне ішектің бекітілген жерден жоғарғы бөлігі зардап шегеді. Ішек қуысы қай деңгейде бекітіліп қалса да оның іргесі бұзыла бастайды. Кедергіге дейінгі ішек бөлігі кеңейеді, қан тамырлары білеуленіп, қан жүрісіне нашарлайды, ішектің ішкі қабаты қанталап кетеді. Бастапқы кедергіге дейінгі ішектің түсі қызарады, одан әрі іседі, біраздан соң ішектің басылып не бекітіліп қалған жерінің қан айналысы нашарлайды өлі еттеніп шіриді. Уақыт өте келе жарылады. Кедергіден кейінгі ішек әбден босап қалады, ішектің сыртқы түсі көпке дейін өзгермейді, бірақ ішектің бұл бөлігі де қабынып, бүліне бастайды. Кедергіге дейінгі ішектің он бес- жиырма сантиметрі ал кедергіден кейінгі ішектің он сантиметрдей бөлігі өлі еттеніп қарайып кетеді. Қабыну және бүліну процессі ішектің ішкі қабатынан басталады да біртіндеп басқа қабаттарына жалгасады. Қан айналысы нашарлағанда қан тамырларынан қанның сұйық бөлігі ішек қуысына құйылады. Кейде тіпті іш қуысна құйылады да сарысу пайда болады. Ішек өтімсіздігі болғандағы сарысу қан аралас болады. Сарысуға тез арада микробтар қосылып іріңге айналады.Ішек өтімсіздігінің обтурациялық түрінде бұл айтылған өзгерістер кедергінің деңгейіне қарай дамиды. Кедергі тым жоғары болса, соғұрлым өзгерістер де жылдам пайда болады. Өйткені, организм аз уақыт ішінде қанның сұйық бөлігінен ферменттер, тұздар, тағы сондай өмір сүруге керек заттардан айрылып қалады. Ішек қуысы бірден бекітіліп қалмай біртіндеп жіңішкерген кедергіге дейінгі ішек іргесі қатайып кеңейе береді.Ішек өтімсіздігінің странгуляциялық түрі кездескенде ішектегі өзгерістер өте айқын және әрқилы болады. Өйткені, ішек өтімсіздігіне тек ішек іргесі ғана қатысып қоймайды, оган қан тамырлары, нерв талшықтары өтетін шажырқай да ілігеді. Странгуляциялық ішек өтімсіздігі төрт түрде кездесетінін жоғарыда келтірілген болатынбыз. Енді соларға тікелей тоқталайық.Ішектің бұралуы ішектің өз осінің айналасында бұралып, ширатылып қалуы. Түйін көбіне еркін қозғалыста болатын ішек бөліктерінде болады. Көбіне бүралып қалу ашы ігцекте, шажырқайы ұяң болып кездескенде сигма тәріздес ішекте, мықын ішегі мен бүйен шажырқайы бір болып кездескенде болады. Ішектің бұзылып қалуы шығыс Европа елдерінде жиі кездесетін көрінеді. Ішек бұралуы көбіне үлкен ер адамдарда кездеседі. Ішедсгің қан айналысының бұзылуы бұралу шырайына қарай білінеді. Егер ішек өз осі бойымен 180° бұралса қан айналысы өзгермеуі мүмкін. Ал 270-360°-қа бұрылғанда шажырқайда өтетін қан тамырлары әбден қысылып қалады да ішек аз уақыт ішінде өліеттеніп кетеді. Странгуляциялык ішек өтімсіздігіне іш қуысындағы болған ауруларда, операциядан кейін органдардың бір бірімен жабысуы себеп болады. Аурудың бұл түрі өте жиі кездеседі. Көбіне аппендицит туралы жасалған операциядан кейін болады. Олай болатыны аппендицит өте жиі кездеседі және қабыну процесінен кейін әдетте ағзалардың жабысып қалуымен аяқталады.Ішектің бір бөлігіне екінші бөлігінің енуі (инвагинация) әртүрлі болып кездеседі. Жоғарғы не төмен кейде бүйірлес. Ащы ішектің тоқ ішекке, ащы ішектің ащы ішекке, ащы ішектің бүйенге енуі жиі кездеседі.+Инвагинация іш өтімсіздігінің екі түріне де жатады. Ішектің бір бөлігі екінші бөлігіне енгенде оның қуысы бекітіледі де аурудың обтурациялық түрі болса, инвагинацияға ішек шажырқайымен бірге қатысы онда аурудың странгуляциялық түрі болады.+Аурудың ағымы аурудың жасына байланысты әртүрлі жағдайда кездеседі. Жас балаларда өте жедел қатты ауыратын болса, үлкен адамдарда сипаты біртіндеп айқындалады, кейде созылмалы түрге айналуы мүмкін. Инвагинацияға қатыскан ішек шіріп тесіледі де, нәжіс іш қуысына құйылып перитонитке әкеліп соғады.Ішек өтімсіздігі ауруының қай түрі кездессе де ауруға тек ішек қана қатысып қоймайды, оған бүкіл организм жауап береді. Ауру ошағынан басталған импульстардан бастап зат алмасу процессіндегі өте күрделі өзгерістер адам денесіндегі органдар мен системаларга әсерін тигізеді.