Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир ауру жауап.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219 Кб
Скачать
☆

35.Тромбофлебиттен кейінгі синдром.Клиникасы және диагностикасы.

Аяқтың терең көк тамырының тромбозынан кейін басталатын симптомокомплекс, созылмалы венозды кемістік ауруының бір түрі. Бұл ауру барлық адамдардың 1,5-5% байқалады. Бұның басталуына көк тамыр ішінде пайда болған тромбтың ұзақ уақыт ерімей сақталуы себеп болады.

Аурудың алғашқы көріністері- зақымдалған аяқтың ауырлануы, ауырсынуымен сипатталады. Олар көп жүргенде күшейеді, ал аяқты көтеріп жатқанда бәсеңдейді. Аурулардың 63-70% аяқтың тері асты көк тамырының созылғандығы байқалады.

Тілерсектің төменгі бөлігінің терісі индурациясы, тіндер фиброздануы, терінің қоңырқайланып - қараюы, онда дымқыл экзема, қышыну байқалуы. Көбінесе пигментация сирақтың төменгі бөлігін айналдыра орналасады. Бұл бөлікте ісік жоқ. Аяқтың ісігі оның жоғарғы бөлігінде анық.

Тромбофлебиттен соңғы синдромның ауыр түрлерінде трофикалық ойық жаралар ашылады. Алдымен олар ішкі толарсақ айналасында орналасады.

Жаралар инфекцияланып катты ауырсынады .

Синдромның клиникалық көрінісіне сәйкес 4 түрін бөледі ісініп-ауырғыш, варикозды, ойық жаралы, аралас .

Диагноз - анамнез, клиника, Дельбе—Пертес, Пратт- 1, Вальсальва сынақтары, флебография көмегімен анықталады.

Синдромның алғашқы жеңіл түрлерінде қонсервативті ем - аяқты эластикалы бинтпен орау, кейініректе - реканализация аяқталғаннан соң хирургиялық емдеу қолданылады - саяз көк тамырды кесіп алу, Тренделенбург-Троянов, Бебкок-Нарат операцияларымен қоса аутовенозды шунтирлеу, Линтон, Фельдер операциясы қолданылады.

36. Рейно синдромы.Клиникасы және диагностикасы.

Рейно ауруы ұсақ артерия мен артериолалар зақымдалуымен жүретін ангиотрофоневроз негізінде жүретін дерт. Көп жағдайда жас әйелдерде кездесіп, айқын микроциркуляторлы бұзылыстармен көрінеді. Аяқтың бақай, табан, қолдың саусақ артериоллалары зақымдалады. Аурудың негізгі көрінісі болып соңғы бөлімдегі артериялардың генерализденген спазмы, олардың дистрофиялық өзгерістері, тромбозбен көрінеді. Ауру саусақ және аяқ тамырларының спазм тудырып, сирек жағдайда құлақ пен мұрын тамырларында байқалады. Процесс басым көп жағдайда қолда кезесіп, екіжақты, симметриялы түрде көрінеді.

Рейно ауруының үш сатысын ажыратады: 1 саты –ангиоспастикалық. Тамырлық тонустың айқын түрде жоғарылауымен көрінеді. Соңғы фалангалардың қысқа уақыттық спазмы пайда болады. Саусақтар (жиі 2- 3) өлі тәрізді суық, сезімталдығы бұзылған болып тұрады. Бірнеше минуттан кейін қантамырлар кеңеюімен спазм ауысады. Белсенді түрде гиперемия арқасында саусақтар қызарады, температура жоғарылайды. Науқастар осы кезде саусақта қатты ашу және ауырсынуды сезеді. Фаланга аралық буындардың ісінуі байқалады.Тамырлық тонус қалыпқа келгенде саусақ түсі орнына келіп, ауырсыну симптомдары кетеді.

2 саты –ангиопаралитикалық. Боз түске ауысқан саусақ (өлі саусақ) симптомы бұл сатыда сирек кездеседі. Білек, саусақтар көкшіл түске енеді, әсіресе қолды төмен түсіріп жүргенде көкшіл түс күшейе түседі. Саусақтардың ісінуі әрдайым болады. Рейно ауруының 1 және 2 сатысы ұзақтығы шамамен 3-5 жылға созылады.

3 саты –трофопаралитикалық. Саусақтарда панариций және жаралар пайда болады. Некроз ошағы пайда болып, бірнеше саусақтардың жұмсақ тіндеріне таралады. Демаркация басталады.

Диагностика

• Капилляроскопия:

• Жалпы қан анализі, белок, ақуыз фракциялары, фибриноген.

• Коагулограмма

• Иммунологиялық зерттеу: антинуклеарлы фактор, ревматоидты фактор, циркуляциялық иммунды комплекс, иммуноглобулин.

• Құрсақ қуысының рентгенологиялық зерттеуі

• Реовазография немесе осциллография, ультрадыбысты допплерография, лазер-допплер-флоуметрия, ангиография, дигитальная плетизмография.