- •Өңеш ахалазиясы этиологиясы, патогенезі
- •3.Өңеш жарақаттарының жіктемесі
- •5.12 Елі ішек жара ауруы этиологиясы, патогенезі
- •6. Асқазан ойық жара.Жане 7.12 елі ішек жара ауруларының ауруы асқынуларының этиологиясы, патогенезі
- •8. Өт тас ауруының этиологиясы және патогенезі
- •9.Жедел холециститтің этиопатогенезі?
- •10.Созылмалы холециститтің этиопатогенезі?
- •11.Жіті панкреатиттің этиопатогенезі?
- •12.Созылмалы панкреатиттің этиопатогенезі?
- •13.Өңеш обырының этиопатогенезі?
- •14.Асқазан обырының этиопатогенезі?
- •15.Тік ішек обырының этиопатогенезі?
- •16.Геморройдың этиопатогенезі?
- •17.Геморроидальдық түйіндердің жедел тромбозы.Этио-патогенезі.
- •18.Тік ішектің шығып кетуі.Этио-патогенезі.
- •19.Сызат этио-патогенезі.
- •20.Жедел парапроктит.Этио-патогенезі.
- •23.Аппендикулярлы инфильтрат сипаттамасы
- •24.Механикалық іш өтімсіздігі
- •25.Динамикалық және паралитикалық ішек өтімсіздігінің этиологиясы,патогенезі.
- •26. Созылмалы ішек өтімсіздігі. Себептері,патогенезі.
- •27.Ішек инвагинациясы. Этиологиясы және патогенезі.
- •28. Жабысқақ ауруы. Этиологиясы және патогенезі
- •29.Перитонит этиологиясы патогенезі
- •30.Сыртқы жарықтардың этиологиясы және патогенезі
- •33.Аяқ көк тамырларының венозды кеңеюі, Этиопатогенезі
- •34.Облетерациялық эндоартерит. Этиологиясы және патогенезі
- •35. Тромбофлебиттен кейінгі синдром. Этиопатогенезі
- •37,Өкпе абцессі .Этиологиясы . Патогенезі
- •38,Бронхоэктаз ауруы , Этиологиясы .Патогенезі
- •39. Жедел іріңді плеврит.Этиологиясы.Патогенезі.
- •43.Бауыр эхинококкозы.Этиологиясы және патогенезі.
- •44.Бауыр альвеококкозы. Этиологиясы және патогенезі.
- •45.Өкпе эхинококкозы.Этиологиясы.Эндемиялық аудандар
- •4.Асқазан ойық жара ауруы клиникасы және диагностикасы.
- •5. 12 Елі ішек жара ауруының клиникасы мен диагностикасы
- •6.Асқазан ойық жара ауруы асқынуларының клиникасы мен диагностикасы және 7. 12 елі ішек жара ауруы асқынуларының клиникасы мен диагностикасы (2-еуі бір)
- •9.Жедел холециститтің клиникасы мен диагностикасы.
- •10.Созылмалы холециститтің клиникасы мен диагностикасы.Клиникасы:
- •11.Жіті панкреатиттің клиникасы мен диагностикасы.
- •12.Созылмалы панкреатиттің клиникасы мен диагностикасы.
- •13.Өңеш обырының клиникасы мен диагностикасы.
- •14.Асқазан обырының клиникасы мен диагностикасы.
- •15.Тік ішек обырының клиникасы мен диагностикасы.
- •16.Геморройдың клиникасы мен диагностикасы.
- •17. Гемороидальдық түйіндердің жедел тромбозы. Клиникасы және диагностикасы.
- •18. Тік ішектің шығып кетуі. Клиникасы және диагностикасы.
- •19. Сызат клиникасы және диагностикасы.
- •20. Жедел парапроктит. Клиникасы және диагностикасы.
- •21.Созылмалы парапроктит. Клиникасы және диагностикасы.
- •22.Аппендициттің клиникасы және диагностикасы
- •23.Аппендикулярлы инфильтрат клиникасы және диагностикасы
- •24. Механикалық ішек өтімсіздігінің клиникасы және диагностикасы.
- •25.Динамикалық және паралитикалық ішек өтімсіздігінің клиникасы және диагностикасы.
- •26.Созылмалы ішек өтімсізідігінің клиникасы,диагностикасЫ:
- •27. Ішек инвагинациясы клиникасы,диагностикасы
- •28. Жабысқақ ауруының клиникасы,диагностикасы:
- •34.Облитерациялық эндартериит.Клиникасы және диагностикасы.
- •35.Тромбофлебиттен кейінгі синдром.Клиникасы және диагностикасы.
- •36. Рейно синдромы.Клиникасы және диагностикасы.
- •37. Өкпе абсцессі. Клиникасы және диагностикасы?
- •38. Бронхоэктаздық ауру. Клиникасы және диагностикасы
- •39. Жедел іріңді плеврит. Клиникасы және диагностикасы
- •40. Созылмалы плевра эмпиемасы. Клиникасы және диагностикасы
- •41. Пиопневмоторакс. Клиникасы және диагностикасы.
- •42. Спонтанды пневмоторакс. Клиникасы және диагностикасы.
- •43. Бауыр эхинококкозы. Клиникасы және диагностикасы.
- •44. Бауыр альвеококкозы. Клиникасы және диагностикасы.
- •45. Өкпе эхинококкозы. Клиникасы және диагностикасы.
- •1. Өт тас ауруы
- •2. Оперативті ем: тасты алу. Өтті алып тастау-холециститэктомия
- •1. Өт тас ауруы
- •2. Оперативті ем: тасты алу. Өтті алып тастау-холециститэктомия
28. Жабысқақ ауруының клиникасы,диагностикасы:
Жабысқақ ауруы туралы түсінік. Спайкалар (жабысқақтар) – органдарды немесе/және құрсақ қабырғасының ішкі беткейін байланыстыратын фибринозды жіптер. Жабысқақ ауруы (morbus adhaesivus) – ішпердеішілік және т.б. спайкалардың болуына байланысты спайкалық ішек өтімсіздігін тудыратын жағдай.
Этиологиясы. Механикалық – ішпердені кесу кезінде, құралдармен ұстағанда, құрғақ дәкелі салфеткалармен сүрткенде жарақаттау; хирургиялық араласулар кезінде жарақаттау Физикалық – ішпердені ауамен құрғату, электропышақты, лазер сәулесін, ыстық ерітінділерді қолданғанда жоғары температураның әсері Инфекциялық – эндогенді және экзогенді (жарақаттар, тесілу) жолмен инфекцияның құрсақ қуысына енуі Имплантациялық – құрсақ қуысында тампондар, дренажды түтіктер, бітіспейтін жіптер, дәке қалдықтары, қолғаптың талькы қалған кездегі асептикалық қабыну; өткір емес (атравматикалық емес) инелерді қолданғандағы шажырқай гематомалары есебінен қабыну. Химиялық – операция кезінде химиялық күйіктерді және ішперденің асептикалық қабынуын шақыратын заттарды қолдану (мысалы, йод, спирт, антибиотиктердің концентрленген ерітінділері, антисептиктер т.б.)
Ішперде спайкаларын морфологиялық зерттеу нәтижесінде : Жазық (37%) Жіпті (25%) Торлы-пленкалы спайкалар (12%), Аралас спайкалар (26%). Көптеген лапаротомиялар мен видеоскопиялық зерттеулер негізінде А.Ф. Дронов және А.Н. Смирнов (1993) жабысқақ процесінің жайылуына байланысты 4 деңгейін ажыратады:
І деңгей – жергілікті спайкалық процесс, опер.кейінгі тыртық аймағымен немесе 1 қабаттан аспайтын құрсақ қуысымен шектелген
ІІ деңгей – локальды спайкалық процесс + басқа аймақтарда жекелеген сирек спайкалар
ІІІ деңгей – құрсақ қуысының 1/3 бөлігін алатын спайкалық процесс
ІV деңгей – құрсақ қуысының 2/3 бөлігін алатын диффузды спайкалық процесс Жабысқақ процесске қатысатын органдар деңгейіне байланысты: Висцеро-висцеральды Висцеропариетальды Шарбымайлық спайкалар Ішпердеаралық спайкалардың айқындылық деңгейін пневмоперитонеограммалар негізінде В.В.Плечеев ұсынған 4 балдық шкаламен есептейді:
0 – спайкалар жоқ
1 + — париетальды ішастар және жақын жатқан орган арасындағы спайкалар, операциядан кейінгі тыртықтан артық емес (14,9%);
2 + —ішкі органдар мен париетальды ішастар арасындағы операциядан кейінгі тыртықтың жартысын алатын спайкалар (21,1%);
3 + — ішпердеаралық спайкалар, операциядан кейінгі тыртықтың 2/3 (26,9%);
4 + — күшті ішпердеаралық спайкалар тыртық бойымен, ішек ілмектерінің қатты деформациясымен (37,1%).
Клиникалық көрінісі: ауру ағымының фазасына сәйкес өзгеріп отырады (өршу, ремиссия кезеңдері) Өршу кезеңі спайкалық ЖІӨ симптомдарымен көрінеді Ремиссия кезеңіне салыстырмалы қанағаттанарлық жағдай тән. Ауырсыну синдромы. Сипаты: толғақ тәрізді. Локализациясы: париетальды ішпердеге спайкамен фиксацияланған органдар аймағында 3 түрлі нұсқасы бар: асқорыту жолдарының функциональды бұзылыстарымен және ішек құрамы пассажының бұзылысымен ауырсыну синдромы ЖСІӨ сипатталатын ауырсыну синдромы функциональды бұзылыссыз және ЖСІӨсіз ауырсыну синдромы Іш қату, құсу. Метеоризм Пальпация: іш бұлшықеттерінің қатаюы, Валь, Скляров симптомдары. Егер спайкалар операциядан кейін пайда болса тігілген аймақта тартып ауырсыну болады,бұл физикалық жүктемеден кн ауру өршиді.Егер спайка қан айналымын бұзған болса ол кезде геморраидальді түйіндер пайда болады,науқаста запор,понос,дискомфорт ,метеоризм белгілері анықталады Ауру кезінде арықтау болады.Ең кауіпті асқынуы ішек өтімсіздігі.Оны тез арада емдеу керек.Егер науқас врачқа көрінбесе летальды кірісуге алып келеді..Ішек некрозына алып келуі мүмкін.
Диагностикасы. Шолу рентгенографиясы: Клойбер тостағаншалары, фиксация симптомы (ығыспайды) :КЗ жіберу арқылы,осы кезде толу дефекті анықталады.
Құрсақ қуысы органдарының УДЗ :спайкаларды уақытылы анықтайтын тәсіл.Лапароскопия:құрсақ қуысына камерасы бар трубка енгізіледі,спайкаларды көзбен көруге және керек болса кесге болады.КТ:заманауи тәсіл,спайкалық процессті дәл анықтауға,жоғары дәлдәләкпен анықтауға болады.
29.Перитониттің клиникасы және диагностикасы. Перитонит — басқа бір аурудың асқыну салдарынан пайда болғандықтан сол алғашқы ауруға жаңа ауру белгілері қосылып науқастың жағдайын қиындатады. Перитонит болған науқастың тілі құрғақ, ішінің барлық жері ауырады, әлсіреп, жүдеп қалады тынысы тарылып ауа жетпегендей сезімде болады. Перитонит ауруының жалпы белгілері: Іштің ауырсыну сезімі; лоқсу және құсу белгілері; қарын бұлшық еттерінің қатаюы; Щеткин- Блюмберг белгісінің пайда болуы; науқас адамның дене қызуының көтерілуі; — қан құрамында өзгерістердің пайда болып , ақ қан түйіршіктерінің мөлшері көбейіп, лейкоциттер саны 12-15,9/л дейін жетіп, эритроцит шөгу жылдамдығы көрсеткіштерінің көтерілуі. Хирургиялық тәжірбиеде жедел жайылған іріңді перитонит жиі кездеседі. Клиникасында 3 саты болады: 1) Реактивті ( бірінші 24сағат) – ауырсыну синдромы басым болады, жүрегі айну, желі нәжісі шықпау, тілі құрғау, іші қатайған, басқанда іш пердесінің тітіркену белгісі пайда болады, тахикардия, дене қызуы көтерілуі, лейкоцитоз. 2) Токсикалық (24-72 сағат) – жағдайы ауырлайды, науқас мазасызданады, демігу күшейеді, тілі құрғақ. Іші кебеді, аздап қатайған, ішек перистальтикасы жоқ, желі нәжісі шықпайды. Көптеген құсулар болады. Қанда неитрофильді жылжумен лейкоцитоз болады. Интоксикация басқа ағзалардың қызметінің бұзылуына ең бірінші бауыр-бүирек жетіспеушілігіне әкеледі. Электролит-белок зат алмасу процесі бұзылады, диурез азаяды, зәрде белок, цилиндры, эритроциты пайда болады. Терминальды ( 72 сағаттан жоғары)- терең интоксикациялық кезең. Бет әлпеті жүдеу, көзі ішіне кірген тілі құрғақ , іші кепкен дем алу актісіне қатыспайды, жиі құсулар, тахикардия, тахипное болады. 4—7-ші тәулікте өлім қаупі болады. Диагностикасы: ЖҚА ҚБХА: (қант, биллирубин, трансаминазалар, мочевина, креатинин, белок (белок фракциялары.), натрий, кальций, калий хлоридтер.) Коагулограмма Қышқылдық-сілтілік жағдайды анықтау. Жалпы зәранализы. ЭКГ Кеуде қуысы рентгенографиясы. Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы.
30. Сыртқы жарықтардың клиникасы және диагностикасы. Сыртқы жарықтар: iш қуысындағы ағзалардың жасанды немесе физиологиялық дефектілер арқылы iш пердесiмен бірге терi астына шығуы. Ал iш пердемен жабылмаған жағдай — эвентерация деп аталады Клиникалық көрiнiсi: Ауру негiзiнен баяу дамиды, бiрақ кейде физикалық жүктемеден, жөтелден кейiн тез дамуы мүмкiн. Субьективтi белгiлерi: а) интенсивтi және иррадиациялы ауырсыну, ол вертикальды жағдайда, физикалық жүктеме кезiнде күшейедi. Бастапқы кезеңде ауырсыну айқын көрiнедi, бiрақ кейде болмауы да мүмкiн. б) диспепсиялық бұзылыстар – лоқсу, құсу, кекiру, iш қату в) дизурия Обьективтi белгiлерi: Жарық томпаюы – вертикальды жағдайда немесе күшену кезiнде шар тәрiздi немесе сопақша формалы iсiну пайда болады. Өз орнына келуi -өздiгiнен немесе қолмен келтiру арқылы жүргiзiледi. Бұл жарықтың классикалық белгiсi болып табылады. Жарық қақпасының болуы. «Жөтел түрткiсi» феноменi. Перкуссия кезiнде жарық қабында iшек болса – тимпанит, ал егер шарбы болса — тұйық дыбыс естiледi. аускультация белгiлерi – iшектi орнына келтiргенде шұрылдау естiледi. Диаогностика:Бастапқы кезеңде жарықты анықтау өте қиын. Жөтел түрткi феноменiн анықтау және науқастың жатқан күйiнде iш қабырғасы босаңсиды, сонда жарық қақпасын және каналын анықтау жалпы зерттеуде өте маңызды болып саналады.
31.Шап жарықтары. Клиникасы және диагностикасы. Шап жарығының түрлері а) Сыртқы, қиғаш, түзу емес (hernia inguinalis obliqua, externa, indirecta) жарықтар аурудың ең жиі кездесетін, туа біткен және жүре пайда болатын, бір адамның екі шабындада, көбінесе бір шабында басталатын түрі. Жарық шап өзегінің бағытымен жоғарыдан, арттан, сырттан, төменге, алға, ішке бағытталған. Ұрық жолы каналындағы ішперде бұтағы бітелмесе іштей басталатын жарық қездеседі. Бұл кезде ұрық жарық қабының ішінде орналасады.Кейін басталған шап жарығында жарық қапшығы жаңадан пайда болады, ұрық қапшықтан тысқары орналасады.Басталу кезіне сай жарықтың келесі түрлерін бөледі - егер шап арнасының сыртқы тесігі кеңіп, ол саусақтың ұшын ғана кіргізсе және жөтелдегі итеру синдромы анықталса шап арнасының кеңейуі деп аталады (dilatatio canalis inguinalis).Жөтелгенде, күшенгенде шапта жұмсақ "ісіктің" пайда болуын жаңа басталған қиғаш жарықты (hernia inguinalis obliqua incipiens) атайды.Егер шап арнасы кең созылса және жарықпен толы болса жартылай шап жарығы деп аталады (hernia inguinalis obliqua incomplecta).Егер жарық ұмаға енсе – бұны ұма жарығы (h. inguinalis scrotalis) деп атайды.Өте аумақты, ұманы толық толтыратын жарықтар hernia ingunalis scrotalis permagna деп аталады.б) Ішкі түзу, тік шап жарығы – (hernia inguinalis directa interna) барлық жарық ауруларының 5-10% құрайды. Бұл жарықтардың бағыты тік, түзу, жоғарыдан, төмен. Олар ішкі шап ойшығында пайда болады. Көбінесе қартайған ер адамдарда кездеседі және шаптың екі бетінде де қатар байқалады, еш уақытта ұмаға жетпейді және іштен пайда болмайды. Ұрық жолдары жарық қапшығының сыртында және артында орналасады. Тік жарықтың ішіне ащы ішек, шарбы майы немесе қуық енеді.Шап жарығының көріністері :
a) Субъективті көріністер - шап тұсының ауырсынуының ұрыққа, белге шабуы, кейде ас қорытудың бұзылуы, зәр шығуының қиындануы, науқастың жұмыс қабілетінің төмендеуі байқалады.
Шаптың қиғаш және тік жарықтарының айырмашылықтары:
І – анатомиялық айырмашылықтары:
Қиғаш жарық |
Тік жарық |
1. Ішпердесінің шеткі ойшығынан шығады. |
1. Аталған ойшықтан ішкері шығады. |
2. Шап арнасының жолымен шығады. |
2. Шап арнасын көлденең кесіп өтетін тік бағытпен шығады. |
3. Ұрық жолы жарық қапшығынан ортаға қарай орналасады. |
3. Ұрық жолы жарық қапшығынан сыртқары орналасады. |
ІІ - Клиникалық айырмашылықтары:
1 . Ісік, төмпештік сопақша және шап арнасымен бағыттас. |
1. Ісік, төмпешік домалақша және ол шап сіңірінен жоғары орналасқан. |
2. Шап арнасынан өткеннен соң төмпешік ұма ішіне енеді. |
2. Ешқашанда ұмаға енбейді. |
3. Көбінесе орта жастағы адамдарда кездеседі. |
3. Көбінесе қартаң адамдарда кездеседі. |
4. Көбінесе жеке, бір шапта басталады. |
4. Көбінесе екі шапта кезеседі. |
5. Іштен пайда болуы мүмкін. |
5. Тек қана жүре пайда болады. |
6. Аурудың алғашқы кезеңінде жөтел синдромы арнасының терең тесігі тұсында ғана сезіледі. |
6. Алғашқы кезеңнен бастап жөтел синдромы арнасының сыртқы тесігінде сезіледі. |
б) Объективті көріністер - ұмаға енетін, немесе енбейтін шап “ісіктері”. Бұл ісіктердің күшенгенде, жөтелгенде көлемінің өзгеруі. Ісікті перкуссиямен тексергенде тимпанитті дыбыс шығуы, ісіктің жұмсақтығы және оны қолмен басып тексергенде ауырмауы, кейде ісіктің дыбыс беруі және қозғалуы .Шап жарығының диагнозын анықтау қиын емес. Тек қана өте семіз адамдардың жаңа басталған кішкене жарығын анықтау қиындық туғызуы мүмкін.Әрқашан екі шап тұсын салыстыра тексеру және "ісікпен" ұрық жолының орналасқан орнын анықтау қажет. Бұдан соң ісіктің түрін, орнын, аумағын, оның ауруды жатқызғанда, тұрғызғандағы өзгерісін, шап арналарының ерекшелігін , жөтел синдромын анықтайды.
32.Отадан кейінгі жарықтардың клиникасы және диагностикасы. Жарықтың аумағы кейде кішкене кейде өте үлке. Ауру адамның іші ауырады, толады сыздайды.Кейбір ауруларда диспепциялық көріністер- лоқсу, ішінің өтуі байқалады.Аурулардың көпшілігінде ішкі мүшелердің ауыр жабысқақтануы орын алады. Диагнозды анықтау қиын емес Көзбен ішің деформациясы және іш бетінің тыртығы көрінуінің өзі диагноз анықтайды. Операциядан соңғы жарық тек операциямен емделеді. Консервативті ем нәтиже бермейді.
33. Аяқ көк тамырларыныңварикозды кеңеюі.Клиникасы және диагностикасы.
Аяқ көктамырларының (веналарының) варикозды кеңею ауруы олардың ұзарып, ішкі қуысы кеңейіп, сыртқы пішіндері жұлдыз, қапшық немесе иірілген жылан тәрізді болып өзгеруімен сипатталады. Бұл ауру жиі кездесетін сырқаттар қатарына жатады.
Клиникалық көріністері және диагностикасы. Сырқаттың бастапқы кезендерінде белгілері көп білінбейді, тіпті ол көп уақыт еш белгісіз дамиды(бірінші, яғни компенсация кезеңі).
Бұл кезеңде ауру адамдарда еш шағым болмауы мүмкін. Олар дәрігерге тек аяқ көктамырларының кеңейіп, косметикалық тұрғыдан мазасыздандыратына шағымданады. Осы себептен, көбінесе, сырқаттың нақ басталған мерзімін және даму барысын анықтау мүмкіншілігі болмайды.
Сырқаттың екінші, яғни субкомпенсациялық кезеңінде ерте білінетін белгілерінің бірі ол, кешке қарай пайда болып, келесі күннің таңында жоғалатын, аяқтың тұрақсыз ісінуі (отек). Сонымен қатар, ауру адам аяғының шаршағыштығына, «аяқтарына қорғасын құйып қойғандай» ауырлауына шағымданады. Ауру өзінің үшінші кезеңіне өткенде (декомпенсация кезеңі) аталған шағымдарға түн мезгілінде жиі пайда болатын, аяқ бұлшық еттері сіңірлерінің тартылып қалуы, ауру сезімі, терінің қышуы сияқты шағымдар қосылады. Ауру сезімі кешке қарай, жұмыс мерзімінің аяғына таман пайда болып, таңертең басылады, ал терінің қышуы түнде, аяқ жылынғанда қозады. Ауру дамуы тоқталмаса аяқта біртіндеп трофикалық өзгерістер пайда бола бастайды. Әуелі аяқ терісінің түсі күңгірттеніп, қара қоңыр түске айналады, одан соң сол жер дымқылданып экзема, ал түбінде, көпке созылатын және қиын емделетін трофикалық жара пайда болады.
Түрегеліп тұрған ауру адамды объективтік зерттеу барысында балтыр тұсында, кейбір пациенттерде, санның медиалды беткейіндегі көктамырлардың көк түсті және әртүрлі пішінді (иреңделген, түйінделген, циллиндр тәрізді т.с.с.) болып кеңейгені анық көрінеді.
Кеңейген тамырларды дәрігер саусақтарымен басып зерттегенде —олардың қабырғалары жұмсақ консистенциялы болып сезіледі, ал кейбір жағдайларда, кеңіген тамырларда қатайған тромбтарды анықтауға болады (флеботромбоз). Бұндай зерттеуде, әдетте, ауру анықталмайды.
Веналардың варикозды кеңею ауруында объективтік зерттеудің маңызды мақсаттары Р қақпашаларының (клапандарының) қызметін және терең жатқан және перфорантты (коммуникантты) көк тамырлардың жағдайларын анықтау болып табылады, ол үшін медицина ғылымының әр даму кезеңдеріндегі ғалымдардың ұсынған сынамаларын қолданып, аталған мақсаттарға жетуге болады.
Көктамыр қақпашаларының қызметтерін анықтауға бағытталған сынамаларға Троянов-Тренделенбург, Гаккенбрух, Шварц сынамалары, терең жатқан веналардың жағыдайын анықтау үшін Дельбе-Пертес, Мейо-Пратт т.б сынамалар, ал перфорантгы көктамырлар қызметін зерттеуде Троянов-Тренделенбург, Пратт сынамала¬ры қолданылады.
Троянов-Тренделенбург сынамасы. Ауру адамды кушеткаға жатқызып, оған сырқат аяғын жоғары көтеруін ұсынады. Кеңейген көктамырлар босаған соң, санның жоғарғы жағына, тері асты көктамырларын қысатындай, жгут салынады да (немесе хирург саусақтарымен басады) пациентті түрегелдетеді. Осыдан соң жгутты алғанда көктамыр, жоғарыдан төмен қарай, қанмен тез толғанын байқауға болады.
Шварц сынамасы. Хирург ауру адамды кушеткаға тұргазады, Сол қолының саусактарымен шап маңайындағы кеңейген көктамырларды басып, екінші қолдың саусақтарымен одан төмен аймақты түрткілегенде, жоғары саусақтары толқыма қозғалыс сезеді.
Гаккенбрух сынамасы. Хирург кеңейген көктамырлар үстіне қолын салып, пациентке жөтелуін өтінеді. Жөтелу кезінде алақанда толқыма қозғалыс сезіледі. Аталған сынамалар көктамыр қақпақшалары қызметінің жетіспеушілігін аңғартады.
Келесі екі сынама тереңгі көк тамырлардың өткізгіштігін сипаттайды.
Дельбе-Пертес сынамасы. Пациенттің санына, тері асты көктамырын қысатын жгут салынады да, оны олай-бұлай жүргізеді. Терең жатқан көк тамырлардың өткізгіштік қасиеттері нашарлаған жағдайда 10-15 мин соң сырқаттанған аяқта ауру сезімі пайда болады.
Пратт сынамасы. Кеңейген көктамырлары бар аяқты, оның ұшынан шап аймағына дейін, эластикалық бинтпен таңып пациентті жүргізеді. Егер терең көктамырлардың өткізгіштігі бұзылса, ауру адам 10-15 мин соң ауру сезім пайда болу себебінен жүруін тоқтатады.
Әрине, аталған сынамалар көздеген мақсатты толық шешпейді, өйткені оларды орындауда және нәтижелерін бағалауда субъективтік факторлер болғандықтан қателіктер де орын алады. Сондықтан қазіргі кезде жоғарыда аталған мәліметтерге объективті нәтиже алу үшін аспаты зерттеулер қолданылады (флебоманометрия, рентгенологиялык зерттеу-контрасты флебография, допплерлі ультрадыбысты зерттеу-ультрадыбысты допплерография т.б.).
Көктамырлардың (веналардың) варикозды кеңею ауруын сан жарығынан, лимфадениттен, веналардың туа біткен кеңеюінен, артерио-веноздық жыланкөздер немесе жамбас қуысында орналасқан ісіктер себебінен туған екіншілік кеңеюден, ал сырқаттың трофикалық жара аскынуы пайда болған жағдайда қант диабетінен, мерез ауруынан, құрт ауруы (туберкулезден) т.с.с. аурулардан ажырату қажеттігі туады.
