Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир ауру жауап.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219 Кб
Скачать
☆

43. Бауыр эхинококкозы. Клиникасы және диагностикасы.

Эхинококкоз-эхинококктық кисталардың пайда болуымен жүретін гелминтоздар. 2 түрі кездеседі: гидатидозды ж/е альвеолярлы.

Клиникасы:көптеген жылдар бойы симптомсыз өтеді. Тек гельминттер үлкен өлшемге жеткенде –оң жақ қабырға астында,эпигастр аймағында тұрақты тұйық,сыздап ауырсыну. Қарағанда кеуде ж/е кұрсақ қуысының ісінуі,оң жақ қабырға астының томпаюын көруге болады. Пальпацияда:эластикалық дөңгелек ісік тәрізді түзілістер(эхинококк көлемі үлкен ж-е бауырдың төменгі бөлігінде орналасса),Тірі паразитке аллергиялық р/я-есекжем,диарея;Ірі кисталармен он екі елі ішек пен тоқ ішектің жаншылуынан ішек өтімсіздігі.Артерия жаншылса портальді гипертензияға алып келеді.

Диагностикасы:науқастың эндемиялық аймақта болуын анықтау,20% ж/е одан да жоғары эозинофилия,серология,ИФА. Шолу рентгенографияда диафрагма күмбезінің жоғары тұруы. Радиоизотопты зерттеу-кисталар проекцияланған жерде изотоппен толу дефектісін көреміз. КТ-да дөңгелек ашық түсті түзілімдер анықталады. УДЗ.

44. Бауыр альвеококкозы. Клиникасы және диагностикасы.

Альвеококкоз – көр камералы немесе альвеолярлы эхинококкоз Echnococcus multilocularis личинкасымен шақырылған тернииндоз тобына жататын гельминтоз.

Клиникалық ағымының варианттары, жергілікті және жалпы симптомдарының айқындылық дәрежесі патологиялық процесстің даму сатысына байланысты. Алғашқы жылы альвеококкоз симптомсыз өтеді. Аурудың бірінші белгісі бауырдың ұлғаюы, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімінің болуы. егер түйін бауырдың сол бөлігінде орналасса, эпигастрий аймағында ауырсыну болады. Ауру 3 кезеңнен тұрады: симптомсыз, асқынбаған, асқынған. Симптомсыз ағымы кезінде ісіктің көлемі үлкен емес, науқастар шағымданбайды, тек науқаста кездейсоқ анықталады. Асқынбаған ағымды кезеңінде ісіктің көлемінің өсуіне байланысты оң жақ қабырға астында ауырсыу пайда болады. Пальпацияда оң қабырға астында түйін анықталады. науқастарда жиі аллергиялық симптомдар болады: есекжем, тері қышынады. Асқынбаған кезеңі бірнеше жылдарға созылуы мүмкін.

Асқынған ағымды кезеңі. Альвоекокктың инфильтративті өсуі анықталады, көрші мүшелерге метастазданады. Ісікпен бауыр қақпасының қысылуы механикалық сарғаюға алып келеді, портальды гипертензия (асцит, спленомегалия) дамиды. Сарғаю бозғылт, қоңыр түсті болады, сондықтан да оны «қара сарғаю» деп атаған. Бауыр ұлғайған, тас тәрізді түйін анықталады. Ісіктің миға метастаздануы бас ауруына, ал өкпеде жөтел және қан қақырумен сипатталады. Паразитарлы ісіктің плевра және құрсақ қуысына жарылуы қатты ауырсынумен, дене қызуының көтерілуімен және іріңді плеврит немесе іріңді перитонит дамуымен сипатталады. Өкпе метастазданғанда науқастарда кеуденің ауырсынуы, ентігу, қан аралас қақырықты жөтел мазалайды. Ал миға метастазданғанда науқастар бас ауруына, бас айналуына, ұйқының бұзылуына, эпилептикалық ұстамалардың болуына шағымданады. Альвеококкоздық түйіннің ыдырауы ісіктің ортасында секвестрлену болады, нәтижесінде каверна түзіледі. Сонымен қатар каверна тесіліп, құрсақ қуысына жарылуы мүмкін.

Диагностикасы. Диагностикасын қою қиын. Ауру жиі мына диагнозбен өтеді: гипертрофиялық цирроз немесе бауыр қатерлі ісігі. Ең маңызды белгісі диагностикалық маңызы зор ол бауыр паренхимасына бітісіп өскен, бұдырлы без тәрізді тығыздықты ісік тәрізді түзілім. Перкуссияда және рентгенологиялық зерттеуде диафрагманың күмбезі биік тұрады.

Лапароскопия гистологиялық зерттеуге бауырдан тін алуға көмектеседі. Лапароскопия мен гастродуденоскопияның қосарлануы әр тәсілдің информативтілігін жоғарлатады. Дуоденоскопия асқазан мен он екі елі ішектің кілегей қабатының жағдайын анықтайды. Үлкен диагностикалық маңызы бар ол атеградты тері арқылы, бауыр арқылы холангиография, әсіресе өт жолдарының жоғары өтімсіздігі кезінде.

Зертханалық зерттеу тәсілі клиникалық мәліметін толықтыра түседі. Алвеококкоз кезінде улы өнімдердің организмге әсер етуі нәтижесінде анемия дамиды. Барлық науқастарда ЭТЖ жоғарлаған, айқын эозинофилия – аллергиялық реакцияның айқындылығын көрсетеді. Лимфопения аурудың асқынған формаларында болады. Бауырдың функциональды сынамалары ( Таката-ара, формолды, және сулемалы) альвеококкоздың ерте сатыларында өзгермейді, ал кеш сатыларында оң мәнді болады.

Диагностикада Каццонидің иммуннологиялық реакциясы мен латекс-агглютинацияның маңызы зор. Эхинококкты антигенмен латекс-агглютинация 90% жағдайда оң нәтиже береді. Диагнозды дәлелдеу үшін түзілімді пункциялау көмектеседі. Бауырдың УДЗ және КТ ісіктің көлемін, тығыздығын, орналасуын, бауырдың зақымдану дәрежесін көрсетеді.