Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир ауру жауап.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219 Кб
Скачать
☆

10.Созылмалы холециститтің клиникасы мен диагностикасы.Клиникасы:

Созылмалы холецистит, әдетте, жіті (кенеттен) холециститтің ұдайы ұстамаларының салдарынан пайда болады. Бұл ұстамалардың көпшілігі өт қабындағы тастарға байланысты.

Бұл ұстамалар өт қабы қабырғасының қалыңдауын туындатады. Өт қабы жиырыла бастайды. Уақыт өте келе өт қабының өтті шоғырландыру, сақтау және бөлу қабілеті төмендейді.Ауру ерлерге қарағанда әйелдерде жиі кездеседі, әсіресе, 40 жастан асқандарда.

Созылмалы холециститтің ауырлық дəрежелеріне байланысты клиникалық көріністер көрсетеді:

 Жеңіл – асқынулар жылына 1-2 рет, клиникалық көріністер аздап айқын, аздап өттік шаншу ұстамалары мүмкін. Асқынудан тыс – айқын емес диспепсия, оң қабырға астындағы аздаған ауыру сезім. Жұмысқа қабілеттілік сақталған.

 Орташа ауырлық – асқынулар жылына 3-4 рет, кейде өттік шаншу ұстамаларымен, клиникалық көріністер айқын. Асқынудан тыс кезде диспепсия, оң қабырға астындағы айтарлықтай ауыру сезім мен өт шығарушы жолдардағы функционалдық бұзылыстар сақталады.Асқынулар мүмкін: холангит, реактивті панкреатит, өзіндік ерекшеліксіз реактивті гепатит, дуоденит, ішек дискинезиясы. Жұмысқа қабілеттілік сақталған немесе төмендеген.

 Ауыр – асқынулар жылына 5 рет жəне жиі, ай сайын өттік шаншу ұстамалары болуы мүмкін.

Клиникалық белгілер бірден айқын. Асқынудан тыс кезде перихолециститпен, өт жолдарының моторикасы мен өт қабы концентрациялық функциялары бұзылыстарымен байланысты айтарлықтай көріністер сақталады. Орта дəреже үшін мінезді, сонымен қатар өт жолдарының қабынулық стриктуралары, екіншілік бауыр билиарлы циррозы, обструктивті панкреатит жəне басқа асқынулардың болуы заңды. Жұмысқа қабілеттілік төмендеген немесе жоғалған.

Диагностикасы:

Шағымдар мен анамнез: абдоминалды ауыру сезімдік синдром (диеталық жүктемемен байланысты оң жақ қабырға асты, оң бұғанаға, иық буынына, жауырынға берілумен, диспепсиялық синдром (лоқсу, құсу, ащы кекіру), субфебрильді дене қызуы (сирек).

Физикалық тексеру: кейбір науқастарда нұрлы қабат жəне терінің сарғаюы байқалады. Науқастардың басым көпшілігінде артық дене салмағы анықталады.

Пальпация кезінде өт қабының орналасу айналасында ауырсыну байқалады – іштің оң түзу бұлшықетінің сыртқы шеті оң қабырғалық доғамен қиылысады (Кер симптомы), терең тыныс алу жəне құрсақтың ішке тартылуында өт қабының зонасында ауырсынулар (Мерфи симптомы).

Инструменталдық зерттеулер: УДЗ, КТ (конкременттердің болуы, өт қабы көлемдерінің үлкеюі немесе кішіреюі, қабырғаларының қалыңдауы), рентгенологиялық (пероралды немесе көктамырішілік холецистографияны орындайды).

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1. Қанның жалпы анализі (6 параметр).

2. Глюкозаны анықтау.

3. Сілтілік фосфатазаны анықтау.

4. Билирубин мен фракцияларды анықтау.

5. Холестеринді анықтау.

6. Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ.

7. Эзофагогастродуоденоскопия.

8. Зəрдің жалпы анализі.

9. Капрологияға нəжісті зерттеу.

10. АЛТ анықтау.

11. АСТ анықтау.

12. С-реактивті ақуызды анықтау.

13. Жалпы ақуызды анықтау.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

1. Қан диастазасын анықтау.

2. Қандағы ақуыз фракцияларын анықтау.

3. Дуоденалдық заттарды зерттеу (зондтаусыз).

4. Биологиялық сұйықтықтарды колонияларды алып себу.

5. Көктамырішілік холангиохолецистография (көрсетімдер бойынша).

6. Пероралдық холецистография (көрсетім бойынша).

7. Мақсатты пункциондық бауыр биопсиясы (көрсетімдер бойынша).

8. Эндоскоптық ретроградтық панкреатохолангиография (көрсетімдер бойынша).

9. Бауырдың, өт қабының компьютерлік томографиясы (көрсетімдер бойынша).