- •Өңеш ахалазиясы этиологиясы, патогенезі
- •3.Өңеш жарақаттарының жіктемесі
- •5.12 Елі ішек жара ауруы этиологиясы, патогенезі
- •6. Асқазан ойық жара.Жане 7.12 елі ішек жара ауруларының ауруы асқынуларының этиологиясы, патогенезі
- •8. Өт тас ауруының этиологиясы және патогенезі
- •9.Жедел холециститтің этиопатогенезі?
- •10.Созылмалы холециститтің этиопатогенезі?
- •11.Жіті панкреатиттің этиопатогенезі?
- •12.Созылмалы панкреатиттің этиопатогенезі?
- •13.Өңеш обырының этиопатогенезі?
- •14.Асқазан обырының этиопатогенезі?
- •15.Тік ішек обырының этиопатогенезі?
- •16.Геморройдың этиопатогенезі?
- •17.Геморроидальдық түйіндердің жедел тромбозы.Этио-патогенезі.
- •18.Тік ішектің шығып кетуі.Этио-патогенезі.
- •19.Сызат этио-патогенезі.
- •20.Жедел парапроктит.Этио-патогенезі.
- •23.Аппендикулярлы инфильтрат сипаттамасы
- •24.Механикалық іш өтімсіздігі
- •25.Динамикалық және паралитикалық ішек өтімсіздігінің этиологиясы,патогенезі.
- •26. Созылмалы ішек өтімсіздігі. Себептері,патогенезі.
- •27.Ішек инвагинациясы. Этиологиясы және патогенезі.
- •28. Жабысқақ ауруы. Этиологиясы және патогенезі
- •29.Перитонит этиологиясы патогенезі
- •30.Сыртқы жарықтардың этиологиясы және патогенезі
- •33.Аяқ көк тамырларының венозды кеңеюі, Этиопатогенезі
- •34.Облетерациялық эндоартерит. Этиологиясы және патогенезі
- •35. Тромбофлебиттен кейінгі синдром. Этиопатогенезі
- •37,Өкпе абцессі .Этиологиясы . Патогенезі
- •38,Бронхоэктаз ауруы , Этиологиясы .Патогенезі
- •39. Жедел іріңді плеврит.Этиологиясы.Патогенезі.
- •43.Бауыр эхинококкозы.Этиологиясы және патогенезі.
- •44.Бауыр альвеококкозы. Этиологиясы және патогенезі.
- •45.Өкпе эхинококкозы.Этиологиясы.Эндемиялық аудандар
- •4.Асқазан ойық жара ауруы клиникасы және диагностикасы.
- •5. 12 Елі ішек жара ауруының клиникасы мен диагностикасы
- •6.Асқазан ойық жара ауруы асқынуларының клиникасы мен диагностикасы және 7. 12 елі ішек жара ауруы асқынуларының клиникасы мен диагностикасы (2-еуі бір)
- •9.Жедел холециститтің клиникасы мен диагностикасы.
- •10.Созылмалы холециститтің клиникасы мен диагностикасы.Клиникасы:
- •11.Жіті панкреатиттің клиникасы мен диагностикасы.
- •12.Созылмалы панкреатиттің клиникасы мен диагностикасы.
- •13.Өңеш обырының клиникасы мен диагностикасы.
- •14.Асқазан обырының клиникасы мен диагностикасы.
- •15.Тік ішек обырының клиникасы мен диагностикасы.
- •16.Геморройдың клиникасы мен диагностикасы.
- •17. Гемороидальдық түйіндердің жедел тромбозы. Клиникасы және диагностикасы.
- •18. Тік ішектің шығып кетуі. Клиникасы және диагностикасы.
- •19. Сызат клиникасы және диагностикасы.
- •20. Жедел парапроктит. Клиникасы және диагностикасы.
- •21.Созылмалы парапроктит. Клиникасы және диагностикасы.
- •22.Аппендициттің клиникасы және диагностикасы
- •23.Аппендикулярлы инфильтрат клиникасы және диагностикасы
- •24. Механикалық ішек өтімсіздігінің клиникасы және диагностикасы.
- •25.Динамикалық және паралитикалық ішек өтімсіздігінің клиникасы және диагностикасы.
- •26.Созылмалы ішек өтімсізідігінің клиникасы,диагностикасЫ:
- •27. Ішек инвагинациясы клиникасы,диагностикасы
- •28. Жабысқақ ауруының клиникасы,диагностикасы:
- •34.Облитерациялық эндартериит.Клиникасы және диагностикасы.
- •35.Тромбофлебиттен кейінгі синдром.Клиникасы және диагностикасы.
- •36. Рейно синдромы.Клиникасы және диагностикасы.
- •37. Өкпе абсцессі. Клиникасы және диагностикасы?
- •38. Бронхоэктаздық ауру. Клиникасы және диагностикасы
- •39. Жедел іріңді плеврит. Клиникасы және диагностикасы
- •40. Созылмалы плевра эмпиемасы. Клиникасы және диагностикасы
- •41. Пиопневмоторакс. Клиникасы және диагностикасы.
- •42. Спонтанды пневмоторакс. Клиникасы және диагностикасы.
- •43. Бауыр эхинококкозы. Клиникасы және диагностикасы.
- •44. Бауыр альвеококкозы. Клиникасы және диагностикасы.
- •45. Өкпе эхинококкозы. Клиникасы және диагностикасы.
- •1. Өт тас ауруы
- •2. Оперативті ем: тасты алу. Өтті алып тастау-холециститэктомия
- •1. Өт тас ауруы
- •2. Оперативті ем: тасты алу. Өтті алып тастау-холециститэктомия
9.Жедел холециститтің клиникасы мен диагностикасы.
Клиникасы: Аурудың бастапқы кезінде оң жақ қабырғаның асты ұстама түрінде қатты ауырады. Ауырсыну жоғары қарай, яғни оң жақ иыққа, жауырын тұсына беріліп, науқас лоқсып, қайталап запыран құсады. Ауру басталуы келесі синдромдармен беріледі:
Ауырсыну
Диспепсиялық
Қабынулық
Асқазан ішек жолдарының функциясы бұзылуы
Липидті алмасудың бұзылуы (клинико-лабароторлы көрсеткіштер)
Холецистостатикалық(Жалпы өт жолының бітелуі)
Үрдіске басқа ағзалар мен жүйелер қосылуы.
Белгілері:
Ортнера-Греков белгісі – оң жақ қабырға тұсын алақан қырымен жайлап соқса ауырсыну күшейе түседі.
Мерфи белгісі— оң жақ қабырға тұсынан ішті саусақпен қаттырақ басып көргенде науқастың терең дем ала алмайтыны белгілі болады.
Курвуазье белгісі – пальпация жасағанда өт қабының үлкейіп ауырсынып тұруы.
Мюсси-Георгиевский белгісі — оң жақ бұғана сүйектің үстін қолмен басқанда өт қабы аймағы ауырсынады.
Образцов белгісі – іштің өт қабы орналасқан тұсын саусақпен басса, ауырғаны байқалады.
Ауырсыну синдромы
Aуыруы эпигастрий аймағында басталып,кейін оң жақ қабырға астына ауысады.Кейбір науқастарда іштің ауыруы өт қабы және өт жолдарының тұсында басталып,жоғары немесе іштің оң жақ жартысына тарайды.Кесіп немесе жарып,өте қатты шыдатпайтын ауырсыну болады.
Сипаты: тұйық .
Пайда болуы: үнемі немесе анда санда.
Ауырсыну ұзақтығы :бірнеше минуттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.
Ауырсыну оң жақ қабырға астының бұлшықеттерінің ширығумен бірге жүруі мүмкін.
Пайда болуы:[өңдеу]
Қобалжу, диета бұзылуы, тоңазумен, майлы тағам ішу, көп тамақтану. Өттас ауруында, селкілдететін жолда көлікпен жүру,секіру,ауыр зат көтеру кезінде пайда болуы мүмкін.
Иррадиациясы
Ауыру сезімі иррадиациясы оң жақ иыққа,иық үстіне(Березнегевский-Элекер симптомы),жауырын астына,арқаның оң жақ жартысына,мойынға, желкеге,төс сүйегінің ішкі бетіне,жүректің орналасқан аймағына тарайды. Мұндай иррадиация болу себебі өт қабы мен өт жолдарының нервтері диафрагма нервісімен және мойын өрімінің нервісімен байланысты болуда.
Төс – бұғана – шықшыт бұлшықеттерін саусақпен басқан кезде ауырсыну болады(Мюсси симптомы) немесе өт қабының тұсы ауырады (Георгиевский симптомы).
С.П.Боткиннің айтуы бойынша холециститтің «стенокардиялық» түрінде иррадиация жүрек аймағына,төстің артқы жағына берілуі мүмкін.
Диспепсиялық көріністер
Жүрек айну;
ауамен кекіру;
ауызда ашты дәм сезу;
құсу, тәбет төмендеуі,
кей тағамдарды көтере алмау(майлы , қуырылған, уксусы бар). Құсу жеңілдік әкелмейді.
Диагносткикасы:
• Анамнез
• Биохимиялық зерттеулер: билирубин – 20,5 ммоль/л, холестерин 3-5,2 ммоль/л
• Лейкоцитоз- формуласының солға ығысуы
• УДЗ -90%
• Холецистография
• ЭРХПГ .
• ЭКГ, ЭХО КГ
Диагностикалық критерийлер
Жалпы симптомдар – эпигастрий жəне оң жақ қабырға астындағы оң иық пен жауырын аралығына берілетін жіті (тұрақты) үдемелі күшейіп, 30 минуттан бірнеше сағатқа дейін созылатын ауырсыну; лоқсу, құсу, кекіру, метеоризм, майлы тағамнан бас тартау, тері мен склераның сарғыштығы, субфебрильді дене температурасы.
Шағымдары мен анамнез
Анамнезі мен қарап-тексеру кезінде келесі жағдайларға көңіл бөлу:
Шағымдары: кенеттен дамыған шаншутəрізді немесе оң жақ құрсақүсті аймағындағы ұзақ уақыт ауырып, ауру сезімі біртіндеп күшейген ауырсыну. Ауырсынулар оң жақ қабырғалық доғаның астында, іштің доғарғы оң жақтық квадрантында орналасады. Ауру сезімі белбеу тəрізді болуы мүмкін, арқаға беріледі, патологиялық үрдіс дамыған сайын ауру сезімі шыдатпайтын, тұрақты сипатқа иеленеді; лоқсу жəне бір реттік құсу; дене қызуының 38-39 градусқа дейін көтерілуі.
Анамнез: бауырлық шаншулар, ауырсынулар диетаны бұзғанда – майлы шошқа етін, майонез, қуырылған тағамдар, суық сусындар жегенде, кейде ауырсыну синдромы қобалжып, жүйкелік стресстер болғанда дамиды. Аталған себептердің əр қайсысы өтқуықтың қатты жиырылуы алып келіп, өтқуықтың мойнында, өзекте тастың қысылуына, нəтижесінде олардың тығындалуына алып келуі мүмкін.
Физикалық зерттеу
Симптомдар: қарағанда терілік жабындылардың аздап сарғайғанын анықтауға болады. Ол ұстамадан кейін 2 күнге созылуы мүмкін. Сарғыштықтың сипаты обтурациялық болады, ол көбінесе Ligamentum hepatoduodenale жəне бауыр қақпасында ұзақ уақыт бойы қабынулық инфильтраттың болуына байланысты дамиды. Кейбір жағдайларда екіншілік холангит немесе холедохолитиаз сарғыштықтың себебі болуы мүмкін.
Ішті қарап тексергенде науқас тыныс алғанда іштің оң жағын аяйды,беткей пальпация кезінде ішастардың қозу симптомдары оң болады (көбінесе флегмоноздық немесе гангреноздық жіті холецистит кезінде).
Ішті пальпациялағанда келесі симптомдар анықталады:
Мерфи симптомы - оң жақ қабырғаасты аймағына басқанда тынысты еріксіз тоқтату.
Кер симптомы - оң жақ қабырғаасты аймағындағы ауырсынудың ішке дем алғанда күрт күшеюі.
Ортнер симптомы - қолбасының ішкі жиегімен оң қабырғалық доғаға жай соққылағанда ауырсыну.
Мюсси нүктесіне (төс-емізіктəрізді бұлшықет аяқшаларының теріге проекцияларының арасында орналасқан) басқанда ауырсыну.
Щеткин-Блюмберг жергілікті симптомы.
Лабораторлық зерттеулер
Лабораторлық зерттеу мəліметтері: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы ауру басталғаннан 2 тəуліктен кейін, өтқуық эмпиемасы кезінде нейтрофилдік лейкоцитоз. Жіті холециститпен науқастарда сарысуда сілтілік фосфотаза мөлшерінің жоғарылауы 23% жағдайда, билирубин - 45%, АСТ - 40%, АЛТ - 13%. Несепте сарғыштық кезінде уробилиноген, ал сарғыштық кезінде - билирубин анықталады.
Иснструменталдық зерттеулер
Иснструменталдық зерттеулер мəлімттері:
Рентгенографияның тиімділігі аз. Шолу рентгендік суретте кейде контрасттық тастар анықталады. Холецистография теріс нəтиже береді, себебі холецистит өтқуық түтігінің тығындалуымен жүреді.
Өтқуықты УДЗ тастың барын, ағзаның көлемін, оның қабырғасының қалыңдығын, өтқуық жанындағы инфильтратты, өтқуық ішіндегі өттің концистенциясын анықтауға мүмкіндік береді.
Кеуделік тор рентгенографиясы мен ЭКГ дифференциалды диагностика өткізу үшін жүргізіледі.
Биохимиялық зерттеулер:
Билирубин бауырдың пигменттік қызметін және өт ағымының бұзылуын анықтайтын ең маңызды көрсеткіш. Билирубиннің 2 фракциясы болады: -гемобилирубин (қандағы белокпен байланысқан) және — холебилирубин (белокпен байланыспаған). Сау адамдағы жалпы билирубиннің 54%-ті-гемобилирубин, 25%-ті- холебилирубин болады.
Трансаминазалар тесті:
1.Глютаминаланин трансфераза (ГАЛТ)
2.Глютаминаспарагин трансфераза (ГАСТ) Клеткалар пердесінің (мембрана) сүзіліп өтуі себепті трансаминазалар қалыпты жағдайда қанның құрамында болады. Клетка пердесінің өткізгіштік қасиетінің жоғарылауынан қандағы бұл ферменттердің мөлшері де көбейеді.
Фистулохолангиография: Өт жолдарында қалдырылған түтікше (дренаж) арқылы немесе өттің теріні тесіп сыртқа шыққан жолы (фистула) арқылы контраст жіберіліп жасалатын рентгендік зерттеу- фистулохолангиография деп аталады. Бұл әдіс өт жолдарының рентгендік суретін анықтап, ондағы өзгерістерді ажыратуға толық жағдай жасайды.
Ретроградтық холангиопанкреатография (РХПГ) Бұл әдіс фибродуеденоскопия арқылы іске асырылады. Премедикация- 30мин. Бұрын бұлшық етке 2мл 0,1% атропин және 5мл 10% кальций глюконатының ерітіндісі жіберіледі.Кейін фибродуеденоскопия енгізіліп, ұлтабардың үлкен бүршігіндегі өзекке түтік кіргізіледі де сол арқылы контраст жіберіледі. Бұл әдіспен өт жолдарының рентген суретін , олардың диаметрін, бөгелуін және ұйқы безінің өзегіндегі бұзылыстарын анықтауға болады.
