Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир ауру жауап.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219 Кб
Скачать
☆

39. Жедел іріңді плеврит. Клиникасы және диагностикасы

жедел іріңді плеврит- висцеральді және париетальді плевралардың жедел қабынуы. Көп жағдайларда іріңді плеврит екіншілік ауру ретінде пайда болады. Тек кеуде торының ашық жарақатында инфекция оған тікелей енеді де, біріншілік іріңді плевриттің пайда болуының себебі ретінде саналады. Көбінесе іріңді плеврит қкпе абсцессінің жарылып, плевра қуысына ірің құйылуының салдары, ал абсцесс жарылмаған жағдайда, инфекция плевра қуысына гематогенді, лимфогенді жолдармен өтеді.

Клиникалық көрінісі: кеуде торындағы ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі қозғалғанда, жөтелгенде күшейеді. Сонымен қатар дене қызуының көтерілуі, жалпы әлсіздік, организмнің уыттану белгілері тынышсыздандырады. Обьективті зерттеу барысында адамның жағдайы орта немесе ауыр дәрежеде болуы мүмкін. Ол төсекте белгілі бір қалыпта жатады, оның тыныс алу қозғалыстары беткейлі, тері қабаты мен тілі цианозданады.

Диагностикасы:

-анамнез жинау( іріңді-қабыну ауруларына көп шалдыққанын)

-шағымы(дене қызуының көтерілуі, қалтырау, ентігу, жөтел, қақырық, әлсіздік, ауырсыну сезімі)

-жалпы қарау

-жалпы қан анализі(анемия, лейкоцитоз, этж көтерілуі)

-микробиологиялық зерттеу

-рентгеноскопия, рентгенография, бронхоскопия

-КТ, УД, торакоскопия

40. Созылмалы плевра эмпиемасы. Клиникасы және диагностикасы

созылмалы плевра эмпиемасы- жедел іріңді плевриттің жалғасы. Созылмалы іріңді плевриттің негізгі себебі, жедел плевритте қысылған өкпенің толық жазылмауы. Соның арқасында плевраның паритальді және висцеральды жапырақшаларының арасында, емге төзімді және барысы ұзаққа созылатын кішігірім іріңді қуыстар пайда болады.

Клиникалық көріністері: ауру барысы көп уақытқа, атап айтқанда, 3 айдан бірнеше жылға созылады. Өршу кезеңінде пациент шағымдары- кеуде торындағы ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі қозғалғанда, жөтелгенде күшейеді. Сонымен қатар дене қызуының көтерілуі, жалпы әлсіздік, организмнің уыттану белгілері тынышсыздандырады. Ал ремисся кезінде- ауру адамдар өзін жаұсы сезініп, оның бірқатар шағымдары жойылады.

Диагностикасы:

-анамнез жинау( іріңді-қабыну ауруларына көп шалдыққанын)

-шағымы(дене қызуының көтерілуі, қалтырау, ентігу, жөтел, қақырық, әлсіздік, ауырсыну сезімі)

-жалпы қарау( перкуторлық және аускультация тәсілдерімен зерттеу нәтижесінде дыбыстың тұйықталуы, әлсізденуі)

-жалпы қан анализі(анемия, лейкоцитоз, этж көтерілуі

-рентгеноскопия, , бронхоскопия

-КТ

41. Пиопневмоторакс. Клиникасы және диагностикасы.

Пиопневмоторакс – деструктивті өкпе аймағынан плевральды қуысқа бірмезетте ірің мен ауаның жиналуымен жүретін плевра ауруы.. Пиопневмоторакс кеуденің күрт ауырсынуымен, кенеттен пайда болатын ентігумен, жөтелмен, апноэмен, цианозбен, айқын гипотониямен, интоксикация белгілерімен жүреді.

клиникасы:

Пиопневмоторакс жедел, жұмсақ және жойылған (острый, мягкий, стертый) клиникалық формада кездеседі. Бұл өкпе тінінің іріңді деструктивті зақымдалу дәрежесімен және сипатымен, қоздырғыштың вирулентілігімен, қабыну дамуына байланысты плевра раекциясымен анықталады. Пиопневмоторакс клиникасы 2 фазадан тұрады: Жедел респираторлы бұзылыс және субкомпенсация. Жедел формасы кезінде зақымдалған кеуде бөлігінің кенеттен ауырсынуы, жөтел ұстамасы, айқын ентігу, қысқа мерзімді апноэ болады.. Тері және шырышты өабаттардың цианозы мен бозаруы, жіп тәрізді пульс, гипотония (50-70 мм.сын.бағ. дейін) , суық тер байқалады. Қарапайым және шектелген пиопневмотаркс симптомдары плевра эмпиемасы клиникасына ұқсас. Компенсаторлық реакция есебінен қақпақшалық механизм болмағанда науқастың жағдайы біртіндеп қалпына келеді: пульс реттеліп, ауырсыну симптомдары басылады.

. Тітіркенген (напряженного) пиопневмоторакс кезінде жедел тыныс жетіспеушілігі есебінен науқастардың жағдайы ауыр болады. Науқас мазасыз, өзіне қажетті ыңғайлы қалыпта болады – отырған немесе кереует жақтауына сүйенген түрде болады.

.Әдетте мойын веналарының ісінуі, тыныс алудың жиілеуі, алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшықеттерінің қатаюымен псевдоабдоминальды синдромның клиникасы болуы мүмкін. Қақпақшалық механизм есебінен мойын, бет, кеуде қуысы, көкірекаралықта теріастылық эмфизема дамиды. Тыныс және жүрек қантамыр жетіспеушілігі дамығанда дер кезінде медициналық көмектің көрсетілмеуі науқастың өміріне қауіп әкеледі.

Жұмсақ формасы субкомпенсацияланған ағымда жүреді, плевра қуысында іріңнің тез шектелуі кезінде процесс созылмалы түрге өтеді. Жойылған формасы негізгі ірінді деструктивті өкпе ауруының айқын жергілікті және жалпы симптомдарымен білінбей өтуі мүмкін.

Диагностика

Диагноз клиникалық көріністеріне, рентгенография, полипозиционды рентгеноскопия, КТ, торакоскопия, плевра қуысына трансторакальды пункция нәтижелеріне сүйене отырып қойылады.

Пиопневмоторакс кезінде рентгенограммада көкірек ағзаларының сау жаққа ығысуы, плевра қуысында ауа көпіршіктерінен бөлініп тұратын сұйықтықтың (ірің) көлденең бір немесе бірнеше деңгейі анықталады.