Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир ауру жауап.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219 Кб
Скачать
☆

42. Спонтанды пневмоторакс. Клиникасы және диагностикасы.

спонтанды пневмоторакс - бұл кеуде қуысының және өкпенің механикалық немесе әртүрлі жарақатына байланыссыз, кеуденің париетальді және висцеральді жапырақшаларының арасына ауаның жиналуымен жүретін патологиялық жағдай.

Клиникасы

1. Кеуденің ауырсынуы және тыныс кемістігі аурулардың 85% байқалады. Ауырсыну сезімі кеуденің жоғарғы бөлімінде, алдыңғы бетінде орналасып иыққа, иық буынына беріледі.

2. Ентігу және жөтелу.

3. Кеуденің ауру бөлімінің тыныс алғанда нашар қозғалуы.

4. Кеуденің тыныс дірілінің бәсенденуі немесе толық сезілмеуі.

5. Перкуссияда — тимпанитті дыбыс.

6. Тыныс дыбысының жоғалуы.

7. Штанге сынағының 30 секундка дейін қысқаруы.

8. Саабразе сынағының 20 секундка дейін қысқаруы.

9. Тахикардия (кейде рефлекторлы брадикардия - көкірек мүшелерінің ығысуынан).

10. Дене қызуы көтерілмеген немесе субфебрильді.

Диагностикасы

Объективті клиникалық зерттеуі бойынша:

- қабырға аралығының кеңеюі, зақымдалған жақта тыныс алу қозғалысы шектелген немесе жоқ;

- дауыс дірілі зақымдалған жақта төмендеген немесе жоқ;.

- зақымдалған жақта тыныс алуы қалып отырады, перкуторлы тимпанит анықталады, өкпенің төменгі бөлігі тыныс алғанда ығыспайды. Көкірек аралық пен сау жеріне ығысуы мен бауырдың төменге түсуінің сол жақтың пневмотораксында байқауға болады;

- аускультацияда зақымдалған жақта тыныс шуының едəуір төмендеуі немесе жоқ болуы, сондай-ақ сау жағында күшеюін анықтаймыз.

Көкірек аралықтың едəуір ығысуында, жүрек қуысына құятын жəне жоғарғы қуыс венасындағы қысымның жоғарылауына алып келетін тамырлардың иілуінде мойындырық веналарының ісінуі байқалады.

Көкірек аралықтың сау жаққа ығысуы мүмкін, мұнда клиникалық белгі ретінде кеңірдектің девиациясы көрінеді.

Егер бронхтың медиастина ішілік зақымдануы болса, онда күштемелі пневматоракссыз жəне плевра ішілік қан кетусіз көкірек аралық эмфизема дамиды.

Қабырғалық плевраның зақымдануында ауа тері астылық клетчаткаға шығады, соның нəтижесінде тері астылық эмфизема дамиды. Ауа тез арада тері асты - май клетчаткасы арқылы кеуде клеткасына, мойынға, бетке, алдыңғы іш қабырғасына жəне т.б.тарайды, жəне де бірнеше сағаттан кейін адамдытанымайтын жағдайға ұшыратады.

Пальпация кезінде тері асты эмфизема аймағында “қар сықыры” сияқты - крепитация сезілді. Ең қауіптісі кеуде аралықтың күштемелі эмфиземасы болып табылады, бұл көбінесе кеңірдектің жəне ірі бронхтардың жарылуында пайда болады. Бұл жағдай қуыс венасындағы қанның айдалуын бұзады жəне үлкен қан айналым шеңберінде қанның іркілуін тудырады – жүректің экстраперикардиальды тампонадасы.

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

1. Жалпы жағдайы мен өмірге қажетті мүшелердің қызметін бағалау: есін, тынысын (жиі, беткей), қан айналымын.

2. Визуальді бағалау: конституциясын бағалау (астеникалық), мəжбүр қалып (отыру немесе жартылай отыру), тері түсінің бозаруы, суық, пульсті тексеру, жүректің жиырылу жиілігін, артериалды қысымды анықтау (тахикардия, артериалды гипотензия).

3. Кеуде клеткасын қарау: қабырға арасының кеңеюі, тыныс алғанда зақымданған жақтың қалып отыруы, мойын венасының ісінуі мен пульсациясы, тері асты эмфиземасы.

4. Пальпация жəне перкуссия: зақымданған жақта дауыс дірілінің қалып отыруы немесе жоқ болуы, тимпаникалық дыбыс (плевра қуысында сұйықтық жиналғанда төменгі бөліктері тұйықталады), жүрек түрткісінің жəне жүректің тұйықталған шекарасының сау жаққа ығысуы.

5. Аускультация: зақымданған жақта дыбыстың төмендеуі немесе жоғалуы.

Рентгенмен тексеру: зақымдалған жақта өкпе суретінің жоғалуы, коллапсты (бүріскен) өкпе, диафрагманың төмендеуі мен осы жақтағы оның шаңырағының жайдақталуы, жүрек көлеңкесінің сау жаққа ығысуы

Торакоскопия. Қолтықтың ортаңғы жолымен ІV-V қабырғалар арасымен кеудеге торакоскоп енгізіледі. Плевраның қалынданғандығы, қызарғандығы, фиброзденгендігі, плевра қуысында аз (экссудат) жиналғандығы, субплевральды буллалар көрінеді.

Торакоскопиядан сонғы жара арқылы плевра қуысына хлорвинилді түтікше енгізіліп Бюлау тәсілімен дренаждау орындалады. Казіргі уақытта аурудың диагнозын анықтау үшін компьютерлі томография қолданылады.