Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир ауру жауап.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219 Кб
Скачать
☆

4.Асқазан ойық жара ауруы клиникасы және диагностикасы.

Жара ауруының сиптомы жиі қасық асты аймағында орталық сызықтан сол жақта пайда болатын асқазанның денесінің жарасы немесе орталық сызықтан оң жағында қылта каналы аймағының жарасы пайда болатын ауырсын болып табылады. Жиі ауырсыну кеуде клеткасының сол жағына төстің семсер тірізді өсіндісі аймағына, омытқа жотасының бел не кеуде аймағына беріледі. Ауырсыну тамақ ішумен байланысты. Асқазан денесінің жарасында ауырсыну тамақ ішкеннен 30 – 60 мин. кейін пайда болады, ерте ауырсыну. Қылта каналы және 12 елі ішек луковицасының жараларында: 2-3 сағ.кейін кіші аурсыну, сондай – ақ аш қарынға – “аш қарынға ауырсыну” болады. Пайда болу механизмі бойынша “аш қарынға ауырсынуға” түнгі ауырсыну жақын, ол жиі кешкі 11ден таңғы сағат 3 дейінгі кезеңде пайда болады. Жара ауруна тән сиптом аурсынудың шынында пайда болатын және жеңілдік әкелетін асқазанның қышқыл құрамымен құсу болып табылады. Кейде науқастар осыған байланысты құсу рефлексін өздері шақырады. Кейде басқа да дисперсиялық бұзылыстар: қыжыл, жүрек айну, кекіру, іш қатпасы да байқалады. Диагнозды анамнез, тексеру нәтижесінде, клиникасына, дифференциалды диагностика, зертханалық және инструментальды зерттеу нәтижесіне негізделіп қойылады. Жара ауруы кезінде асқазан рентгенограммасы вертикалды жағдайда түсірілген : асқазанның кіші иілімінде 2 профилді нишалар көріледі. Жара ауруы кезінде 12 елі ішек луковицасының прицелді рентгенограммасы: бағыттар мен 2 нишалар көретілген олар луковицаның қарама – қарсы қабаттарында орналасқан, сүйіскен жаралар немесе айналы жаралар. Кіші иілімінің жарасы кезінде асқазан рентгенограммасы, тура проекция. Бағытпен асқазанның үлкен иілімінің контурының тарылуы көрсетілген. Ол локальды тарылуға байланысты.

5. 12 Елі ішек жара ауруының клиникасы мен диагностикасы

12 елі ішек жара ауруы – созылмалы рецидивті ауру, негізгі белгісі 12 елі ішек қабатында жараның түзілуі болып табылады. 12 елі ішек жарасы, асқазан жарасына қарағанда 4 есе жиі кездеседі. Жаралардың дуоденалды орналасуының басым болуы жас адамдарда, әсіресе ер адамдарға тән. 12 елі ішек жара ауруының сиптомы: жиі эпигастрий аймағында, орталық сызықтан оң жағында пайда болатын ауырсыну болып табылады. Жиі ауырсыну кеуде клеткасының сол жағына төстің семсер тірізді өсіндісі аймағына, омытқа жотасының бел не кеуде аймағына беріледі. Ауырсыну тамақ ішумен байланысты. Ауырсыну 12 елі ішектің жараларында тамақ ішкеннен кейін 2-3 сағ. кейін, сондай-ақ аш қарынға ауырсыну болады. Пайда болу механизмі бойынша “аш қарынға ауырсынуға” түнгі ауырсыну жақын, ол жиі кешкі 11ден таңғы сағат 3 дейінгі кезеңде пайда болады. Жара ауруына тән сиптом ауырсынудың шыңында пайда болатын және жеңілдік әкелетін, асқазанның қышқыл құрамымен құсу болып табылады. Кейде науқастар осыған байланысты құсу рефлексін өздері шақырады. Кейде басқа да дисперсиялық бұзылыстар: қыжыл, жүрек айну, кекіру, іш қатпасы да байқалады.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1. анамнез

2. Қанның жалпы анализі.

3. Жасырын қанға нəжіс анализі.

4. Зəрдің жалпы анализі.

5. Мақсатты биопсиямен ЭФГДС (көрсетімдер бойынша).

6. Биоптатты гистологиялық зерттеу.

7. рентгенография

Он екі елі ішек рентгеноскопиясы: Бағыттар мен 2 нишалар көрінеді, олар луковицаның қарама – қарсы қабаттарында орналасқан сүйіскен жаралар немесе айналы жаралар.

Фиброгастроскопия: белгілі бір орындағы жара ойығы, жараның түбінде некрозды масса болады, ол фибринмен жабылған. Жараның шет жағындағы кілегей қабық қатпарлары қалыңдаған және бұл қатпарлар жара ойығына қарай жинақталған. Тыртықтану процесі кезінде жара ойығының орнында регенерациялы эпителий мен капиллярлар гиперплазиясы (қызыл тыртық) көрінеді, кейін кілегей қабық «көше тасына» ұқсап өзгереді, капиллярлар босап қалады, олардың саны азаяды, мұның өзі тыртықтың түсін өзгертеді.

Қанның жалпы анализі: эритроциттер мен гемоглобин санының болмашы өсуіне бейімділік болады және ЭТЖ баяулайды.

Нәжісті жасырын қан табуға тексеру (Грегерсен – Вебер реакциясы). Нағыз оң мәнді реакция болатын жағдайлар: жасырын дамитын он екі елі ішек жарасы, жара ауруының қайталауы.