Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир ауру жауап.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219 Кб
Скачать
☆

5.12 Елі ішек жара ауруы этиологиясы, патогенезі

Ойық жара ауруының негізгі этиологиясы хеликобактер пилори. Жара ауруы полиэтиологиялы және полипатогенді ауруға жатады. Ульцерогенді негізгі себебі қолайсыз эндогенді және экзогенді факторлар. Сонымен қатар алиментарлы факторлардың маңызы зор, нервті-психикалық фактор, асқазан сөлінің секрециясының жоғары болуы және қорғаныс факторы активтілігінің төмендеуі, алькоголді жиі қолдану, тұқымқуалаушылық және т,б. Дуоденалды жара жиі буылтық (бадана), сирек постбульбарлы ішектің бөлігіне орналасады. Жиі ер адамдарда, астениялық конституциялы жас жане орта жаста кездеседі. Дуоденальды жара қатерлі емес, жара көлемі 1-1,5см көлемінде болады. 12 ішек жарасы кезінде 2 жара бірге кездесуі мүмкін, біреуі 12 ішектің алдыңғы, ал біреуі артқы қабырғасында орнналасады. Гигантты жара дұрыс емес овальды түрлі, түбі терең емес жара дефектісі айналасында кілегей қабаты ісінген, гиперемияланған, фибрин шөккен, майда эрозиялар болады. Өзгерістер Р.пилориимен шақырылған қабынумен байланысты.

6. Асқазан ойық жара.Жане 7.12 елі ішек жара ауруларының ауруы асқынуларының этиологиясы, патогенезі

Асқазан мен 12 ішектің жара ауруының асқынуларына : қан кету, перфорация, стеноз, пенетрация т.б жатады. Қан кетудің себебі: ірі тамырлардың аррозиясы – a.gastrica dextra, a. Gastric sinistra, a.gastro duodenalis. Қан майда тамырларда, жара түбі тамырларынан, терең орналасқан коллезді жараның ірі тамырларынан кетуі мүмкін. Асқазаннан массивті қан кету себебі болып, асқазаннның кеңейген веналары болып табылады. Қан варикозды кеңіген веналар кардийда, өңештің дистальды бөлігінен кетеді. Этиологиясы бойынша:1. Жара этиологиясы қан кету көзі болып: а)асқазанның созылмалы жарасы. Б) 12 елі ішектің созылмалы жарасы. В) асқазан мен 12 елі ішектің жедел жара ауруы: 1)стрессорлы 2)токсикалық 3)эндокринді. Г) жіңішке ішектің пептикалық жарасы

2. жарасыз этиологиялы қан кету: а) портальды гипертензия кезінде кардий мен өңештің кеңіген варикозды веналарынан қан кету. Б) миллори-вейс синдромы. В)эррозивті геморрагиялық гастрит г) өңештің жане асқазанның қатерлі жане қатерсіз ісіктері д) өңеш пен 12 елі ішектің дивертикулдары. Е) өңеш пен асқазанның кілегей қабатында бөгде заттың болуы ж) сирек кездесетін синдромдар мен аурулар.

Перфорация себептері:нервтік-психикалық күйзеліс, физикалық жүктеме, тамақтану тәртібінің бұзылысы, спирттік ішімдік.

Пилородуоденалды стеноз асқазанның пилорикалық бөлімі мен 12 елі ішектің жара ауруы нәтижесінде дамыған тыртықты қабыну процестердің нәтижесінде дамиды. Ойық жара ауруының асқынуы бойынша операциялардың 1/3 бөлігін пилородуоденальды стенозы бар науқастар құрайды. Тыртықтың әртәүрлә түрлері болады, деформациялаушы жане асқазан қуысын тарылтушы. Патогенезі: стеноз жараның тыртықтануы нәтижесінде дамиды. Тарылған пилородуоденалды өтістен тағам қиналып өтеді, ал ол асқазан қабырғасы бұлшықеттерінің күшті жиырылуы нәтижесінде компенсацияланып, бұлшықеттер гипертрофияланады. Стеноздың өршуіне байланысты асқазан қабырғасының компенсациялаушы қабылеті әлсірейді, асқазан кіші жамбас астауына дейн түсіп кетеді. Асқазанның нервтік-бұлшықеттік аппаратары қайтымсыз өзгеріске ұшырайды. Асқазанда тағамның жиналуы, құсуға алып кееледі. Асқазаннан электролиттер шығады, жиі хлор мен калий иондары жане сұйықтық. Тұз қышықылын өндіру үшін, асқазанға хлор ионы қаннан түседі. Босаған натрий иондары қанның бикарбронаттарымен қосылады. Біртіндеп алкалоз дамиды. Тіндерде белоктар ыдырып, азотты шлактардың концентрациясы жоғарылайды. Жасуша сыртылық сұйықтықтар, кальциядің концентрациясы төмендейді. Алкалоз, азотесмия, кальций алмасуының бұзылуы нервті бұлшықетті қоздыруына әкеледі. Гипокалиемия бұлшықет әлсіздігіне, жүрек ырғағы ритмі мен өткізгіштігінің бұзылуына алып келеді.