Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир ауру жауап.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219 Кб
Скачать
☆

37. Өкпе абсцессі. Клиникасы және диагностикасы?

Өкпе абсцессі- деп өкпе тініндегі ішіне ірің жиналған және жан-жағындағы тіндерден шектелген, қуысты айтады. Өкпе абсцессі көбінесе, өкпенің жедел қабынуынан(пневмония) соң пайда болады. Өкпенің зақымдалған бөліктерінен абсцесті пиогенді қабат бөліп тұрады.

Клиникалық көріністері: даму барысында екі кезеңді ажыратады, бірінші кезеңде(жабық)- ауру адам кеуде торындағы ауру сезіміне, жөтелге және дене қызуының жоғарылауына шағымданады. Жөтел құрғақ немесе аз қақырықты болады. Сонымен қатар пациент жалпы әлсіздік, тамаққа деген тәбетінің төмендеуі, жұмыс қабілетінің нашарлауы сияқты шағымдар айтуы мүмкін. Диагноз қою барысында ауру адамның анамнезінен бұрын суық тигенін, вирустық, респираторлық немесе өкпе қабыну ауруларымен ауырғандығын сұрау қажет. Физикалық зерттеу әдістерін( перкуссия, аускультация) қолдану барысында өкпе дыбысының түйықталуы, құрғақ және дымқыл сырылдар, амфорлық тыныс сияқты белгілер анықталады. Рентгенологиялық зерттеуде өкпе паренхимасында қабыну ісігі(инфильтрация) анықталады. Аурудың екінші кезеңі, яғни ашық кезеңі , абсцесс қуысындағы іріңнің аталған қуыстың бүтіндігін бұзып, бронхқа қарай шығуымен сипатталады. Бұл кезде организм іріңнен арылу себебінен, пациенттің жалпы жағдайы біршама оңалады, уыттану белгілері азайып, дене қызуы төмендейді, тамаққа тәбеті жақсара бастайды, көңіл-күйі көтеріңкі болады.

Диагностикасы:

-анамнез жинау

-шағымы(дене қызуының көтерілуі, қалтырау, ентігу, жөтел, қақырық, әлсіздік)

-жалпы қарау( тері қабатын, кеуде клеткасын фонендоскоп арқылы тыңдау)

-жалпы қан анализі

-биохимиялық анализ

-қақырықтан анализ алу

-рентгенография

-КТ

-фибробронхоскопия

38. Бронхоэктаздық ауру. Клиникасы және диагностикасы

бронхоэктаздық ауру-бронхтардың тұрақты кеңейіп, сыртқы пішіндерінің өзгеруін және сонымен байланысты оргнаизмде туатын патологиялық өзгерістерді айтады. бронхоэктаздық ауруда өкпенің төменгі жағында орналасқан бронхтар мен бронхиолалардың барлық қабаттарын қамтитын, құрылысы мен қызметін бұзатын, созылмалы іріңді қабыну пайда болады.

Клиникалық көрінісі: пациенттің негізгі шағымы тұрақты және қақырықты жөтел. Ол жаз, күз айларында, яғни вирусты-респираторлы аурудың өршуі кезінде қозады. Таңертеңгі кезде жөтел өте көп мөлшерде(ауыз тола) бөлінетін қақырықпен қоса байқалады, сонымен қоса кейбір науқастарда қан аралас болады. Және де пациенттің ентігуі, дене қызуының көтерілуі, жүрек соғуының жиілеуі, жалпы әлсіздік сияқты шаралар мазалайды.

Диагностикасы:

-анамнез жинау( іріңді-қабыну ауруларына көп шалдығуы, өмірінде көкжөтел, қызылша ауруларының болғаны)

-шағымы(дене қызуының көтерілуі, қалтырау, ентігу, жөтел, қақырық, әлсіздік)

-жалпы қарау( тері қабатын, адамның жүдеуін, физикалық дамуы жасына сай келмеуін , барабан таяқшалы саусақтарын, тырнақтың сағат шынысы тәрізді өзгеруін байқаймыз)

-жалпы қан анализі(анемия, лейкоцитоз, этж көтерілуі)

-зәр анализі(белок және цилиндр)

-қақырықтан анализ алу

-рентгеноскопия, рентгенография, бронхоскопия

-КТ