Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир ауру жауап.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219 Кб
Скачать
☆

34.Облитерациялық эндартериит.Клиникасы және диагностикасы.

Облитерациялаушы эндоартериит-аурудың негізінде ишемиялық симптомокомплекстің дамуымен жүретін қан тамырлардың стенозы мен облитерациясына әкелетін аяқтың дистальды бөлімі артерияларының дистрофиялық зақымдалуы жатыр.

Клиника және диагностика: Зақымдалған мүшенің артериальды қан айналымының ауырлық дәрежесіне және жеткіліксіздігіне байланысты облитерациялаушы эндартерииттің 4 сатысын ажыратады. 1 саты- функциональды компенсация сатысы. Науқастар бақайлардың ұштарында тоңу, кейде шаншу мен күйдіруге, қатты әлсіздік пен шаршауға шағымданады. Үсігенде аяқтың түсі бозғылт тартып, ұстағанда суық екені сезіледі. 4^5 кда^ч^ва жылдамдықпен 1000 м-ден артық қашықтықты жүргенде ауысатын ақсаңдау пайда болады. Себебі науқас көп жұргенде балтыр мен табан бұлшықеттерінде ауырсынуды сезе бастап тоқтауына тура келеді. Осы симптомның патогенезінде көптеген факторлардың маңызы бар, соның ішінде бұлшықеттердің жеткіліксіз қанмен қамтамасыз етілуі, оттегінің утилизациясының бұзылуы, тіндерде зат алмасудың тотықпаған өнімдері жиналуы ықпал етеді. Осы сатыдағы табан артериясындағы пульс әлсіз немесе анықталмайды. 2 саты – субкомпенсация сатысы. Алмасатын ақсаңдаудың интенсивтілігі артады және жоғарыда көрсетілген темппен жүргенде ақсаңдау 200 м жүргенде (Па сатысы ) пайда болады. Табан мен балтыр терісінің өзіне тән эластикалық қасиеті төмендейді, құрғайды, қабыршақталады және табан астының терісінде гиперкератоз пайда болады. Тырнақ өсуі баялайды, қалыңдайды, сынғыш келеді, сұрғылт тартып өңі кетеді. Зақымдалған жердегі шаштардың өсуі бұзылып тақырланады. Тері асты клетчаткасының және ұсақ бұлшықеттердің атрофиясы дамиды. Табан артериясындағы пульсация анықталмайды.

3 саты – декомпенсация сатысы. Зақымдалған аяқтағы ауырсыну тыныштық жағдайында пайда болады, науқас тек 25-30 м қашықтыққа дейін жүре алады. Тері түсі зақымдалған аяқтың орналасу жағдайына сәйкес жедел өзгереді: Жоғары көтергенде-бозарады Төмен түсіргенде қызарады Соңында жұқарып, тез жарақаттанғыш болып келеді. Қажалу, соғу, тырнақ алу кезіндегі шамалы жарақаттар жарылулар мен беткей ауырсынулы жаралардың түзілуіне әкеледі.Ауырсынуды басу үшін науқас аяғын төмен түсіріп мәжбүрлік жағдайда ұстайды. Балтыр мен табан бұлшықеттерінің атрофиясы үдейді. Еңбекке қабілеті төмендейді. 4 саты- деструктивті өзгерістер сатысы.Табан мен бақайларда ауырсыну тұрақты және шыдатпайтын болып келеді. Түзілетін жаралар көбіне аяқтың дистальды бөлімінде, жиі бақайларда орналасады. Жара шеті мен түбі лас-сұр түсті, ал грануляциялары болмайды, айналасында қабынулы инфильтрация бар.Балтыр мен табанның ісінуі қосылады. Бақайлар мен табанның дамитын гангренасы ылғалды болып келеді. Сан және тізе асты артериясындағы пульсация жоғары өрмелейтін артериальды тромбоздың әсерінен анықталмауы мүмкін.Еңбекке қабілеттілігі осы сатыда толық жойылған. Облитерациялаушы эндартерииттің ағымы көбіне ұзақ, көп жылдарға созылады. Ол өршу мен ремиссиялармен сипаттталады. Өршуі көбіне жиі күзде және көктемде байқалады. Ауру ағымының негізгі екі клиникалық формасын ажыратады: 1.Шектелген-бір немесе қос аяқтың артериялары бірдей зақымдалады. Бұл форма қатерсіз жүреді және дамитын өзгерістер баяу жүреді. 2.Жайылған— тек қана аяқ артериялары ғана емес, сонымен қатар құрсақ аортасының висцеральды қан тамырларының, аорта доғасы тармақтарының, тәждік және церебральды артериялардың зақымдалуымен сипатталады. Диагностикасы: Диагностикасы үшін функциональды сынамалар мен арнайы зерттеу әдістері маңызды. Функциональды сынамалар ішінде аяқтың артериальды қанмен жеткілікті қамтамасыз етілуін көрсететін симптомдар: Оппелдің плантарлы ишемия симптомы Гольдфлам сынамасы Самюэлс и Шамова сынамасы Панченконың тізе феномены Саусақпен қысу симптомы. Шамов сынамасы: Науқасқа аяғын тізе буынын жазған күйде бүкпей 2-3 минутқа жоғары көтертеді және санының жоғарғы 1\3 бөлігінің ортасына систолалық қысымнан жоғарылатқан қысымы бар Рива-Роччи аппаратының манжеткасын салады. Осыдан кейін аяқты горизонтальды жағдайда ұстап, 4-5 мин кейін манжетканы шешеді. Сау адамдарда орташа есеппен алғанда 30 с кейін бақайларының сыртқы бетінде реактивті гиперемия пайда болады. Егер ол 11/2 мин кейін пайда болса- салыстырмалы түрдегі шамалы қан айналымының жеткіліксіздігі, ал 11/2-3мин-қа кешіксе-орташа жеткіліксіздігі, егер 3 мин артық кешіксе- аса ауыр жеткіліксіздігі бар. Оппельдің плантарлы ишемия симптомы: Жоғары қарай көтерілген зақымдалған аяқ табанының ішкі беті терісінің бозаруына негізделген симптом болып табылады. Бозарудың пайда болу жылдамдығына байланысты зақымдалған аяқтағы қан айналымының жеткіліксіздігінің дәрежесін анықтаймыз; ауыр ишемия кезінде ол 4-6 с ішінде пайда болады. Гольдфлам сынамасы: Оны мынадай кезекпен орындайды:науқас арқасымен жатып, аяғын төсектен жоғары көтереді және голеностопный буынын бүгіп жазады.Қан айналымы бұзылса- 10-20 рет осындай қозғалыстар жасағаннан кейін науқастың аяғы тала бастайды. Бірмезгілде табанның ішкі бетінің түсіне (Самюэльс сынамасы) назар аударамыз. Қан айналымының ауыр жеткіліксіздігінде бірнеше секунд ішінде табанның бозаруы байқалады. Панченконың тізе феномены: Науқас отырып сау аяғының үстіне сырқат аяғын қояды. Біршама уақыттан кейін зақымдалған аяқтағы балтыр бұлшықеттері ауырсынады, табанының жансыздана бастауы, бақай ұштарында құмырсқа жүгіргендей сезім пайда болады. Саусақпен қысу симптомы: Табанның І бақайының дистальды фалангасын алдыдан артқа қарай 5-10 с аралықта қысқанда сау адамдарда пайда болған терінің бозаруы бірден қалыпты түсіне оралады. Ал қан айналымы бұзылса онда бозару ұзақ сақталады және қалыпты түсіне баяу оралады. Дұрыс диагноз қоюға көмектеседі: Реовазография Ультра дыбысты флоуметрия Термография Ангиография Реовазография Балтыр мен табаннан алынған тіркемелерде реографиялық қисықтағы негізгі толқынның амплитудасының төмендеуі, оның контурларының жазықталуы, қосымша толқындардың жойылуы, реографиялық индекс өлшемінің біршама төмендеуі байқалады. Зақымдалған аяқтың дистальды бөлімінен жазылған реограммалар қан айналымының декомпенсациясында түзу сызықтар түрінде болады. Ультра дыбысты флоуметрия. Ультра дыбысты зерттеу мәліметтері табан артериясындағы қысымның айқын төмендеуін, қан айналымының сызықтық жылдамдығының төмендеуін көрсетеді және қан тамырдың зақымдалу деңгейін анықтауға көмектеседі. Термография. Науқастарда зақымдалған аяқтың дистальды бөліміндегі инфрақызыл сәулеленудің интенсивтілігі төмендейді. Ангиография шешуші зерттеу әдісі болып табылады. Ангиограммада аортаның, мықын, сан артериясының қалыпты өткізгіштігі көрінеді; тізе асты артериясы тарылған, жиі окклюзияланған, ал балтыр артериялары көбіне облитерацияланған, ұсақ штопор тәрізді коллатеральдер байқалады.Контрастты зат зақымдалған тамырды толтырады, олардың контуры тегіс, жиектерінде облитерациялаушы атеросклерозға тән «фестончатость» жоқ.