Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экономика-1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать
☆

3. Есеп. Тапсырма: ондірістің өнім рентабельдігін және еңбек өнімділігін есептеу.

к1)Тауарлы өнімді сатқаннан түскен пайда, мың тг

100

к2)тауарлы өнімнің өзіндік құны, мың тг

1900

к3)Тауарлы өнімнің құны к3 =к1 + к2

2000

к4)жұмыскерлердің ортатізімдік саны, адам

150

к5)айналым құралдардың ортажылдық құны, мың тг

800

к6)негізі құралдардың ортажылдық құны, мың тг

1800

к7)материалдық ресурстардың құны, мың тг

500

к8 = к1 * 100 % / к2) өнім рентабельдігі

5,26

к9 = к3 / к4)еңбек өнімділігі, мың тг/адам

13,33

к10 = к3 / к5) айналым коэффициенті, айналымдар немесе тг

2,5

к11 = к5 / к3 =1 / к10) айналым құралдардың жүктеу коэффициенті, тг

0,4

к12 = к1 * 100% / к5) айналым құралдар рентабельдігі, %

12,5

к13 = к3 / к6)қорқайтарымдылық, тг

1,11

к14 = к6 / к3 = 1 / к13)қор сиымдылығы, тг

0,9

к15 = к6 / к4 ) қормен қарулану, мың тг / адам

12

к16 = к1 * 100% / к6) негізгі құралдар рентабельдігі, %

5,55

к17 = к3 / к7) материалқайтарымдылық, тг

4

к18 = к7 / к3 = 1 / к17) материал сиымдылығы, тг

0,25

К19 = к1*100 / к3)өткізу рентабельдігі (айналым рентабельдігі), %

5

к20=к2/ к3)өнімнің 1 теңгесіне жұмсалған шығын, тг

0,95

К21=к1*100/(к4+к5)) өндіріс рентабельдігі, %

10,53

№10 емтихан билеті

1.Кәсіпорын персоналының құрылымы.

Кәсіпорын персоналы - материалдық игіліктер, қызмет көрсетулер және басқа да қажеттіліктерді қамтамасыз ету үдерісінде әр түрлі функция атқаратын жеке тұлғалардың жиынтығы.

Өндіріс саласында істейтін қызметкерлерді өздерінің өндіріс жұмысына қатысуына байланысты бөлуге болады:

- Өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлерге жататындар: тікелей өндіріспен және оған қызмет корсетушілер.

- Жұмысшыларға жататындар: кәсіпорындарда тікелей материалдық құндылық немесе өндірістік және көлік қызметін көрсетумен айналысатындар. Олар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі жұмысшылар тікелей өнімді шығарумен айналысады.Көмекші жұмысшылар өндіріске қызмет көрсетеді.Негізгі жұмысшылардың сандық коэффициентін мына формуламен анықталады: Кнж = Рнж / Рж = 1 – (Ркж / Рж).

- Жетекшілер – бұлар кәсіпорындағы лауазымды орындарды қамтитын қызметкерлер.

- Мамандарға жататындар: бухгалтерлер, экономистер, техниктер, механиктер, психологтар, социологтар, технололгтар, тауар мамандары және т.б. Мамандардың құрамын талдау жасап анықтағанда қызметкерлер саны кәсіпорындағы жалпы ортатізімдегі қызметкерлер санына салыстыру арқылы анықталады:Км = Рм / Рорт.

- Қызмет етушілер – құжаттарды даярлау мен рәсімдеуді жүзеге асырушылар, есеп және бақылау, шаруашылық қызметін көрсетуші жұмыскерлер.