Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экономика-1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать
☆

1. Инвестициялық жобаларды негіздеу және қаржыландыру тәртібі

Инвестициялық жобаларды негіздеу және қаржыландыру тәртібі капиталды ұсыну жағдайына қарағанда күрделірек. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның күрделі қаржы жұмсауды қаржыландырудың бірнеше парапар көздері бар. Олар бірін-бірі жоймайды, көбінесе олар бірге пайдаланылады.

Кәсіпорынның инвестициялық ресурстарын негізгі екі санатқа бөлуге болады: меншікті ресурстар және сырттан тартылған ресурстар. Қазіргі кезде бұл көздерді пайдалануда бірқатар туындап отыр. Кәсіпорынның меншікті ресурстарына кәсіпорынның акционерлік капиталы бөлінбеген табысы және амортизациялық аударымдары жатқызылады.

Амортизациялық аударымдар инвестициялық дамуға бағытталған қаржыларды топтастыруда маңызды орын алады ал бұрын ол тек немқұрайлы бухгалтерлік санатқа жататын. Бірақ амортизациялық аударымдар инфляцияның себебінен тез құнсызданады, негізгі қорларды қайта бағалау өте сирек жүреді де, шаруашылықтың құбылмалы жағдайына барабар керісінше жауап қайтарып үлгере алмайды, соған қоса, жеделдетілген амортизация мөлшерлері іс жүзінде әлі толық пайдаланылмай келеді.

Күрделі шығындардың көлемі салыстырмалы түрде аз болғанда немесе техникалық қайта жарақтандыру немесе қайта жаңғыртуды біртіндеп жүргізген жағдайда ғана бөлінбеген табыс пайдаланылады. Ал қазіргі жағдайда бөлінбеген табыс толығымен тек өндірістік үдеріс тұрақтылығын ұстап тұруға ғана жұмсалады.

Кәсіпорынның меншікті инвестиция көздері ішінде акционерлік капиталдың орны ерекше. Оның есебінен техникалық қайта жарақтандыру, кәсіпорынды жетілдіру немесе қайта жаңғыртумен байланысты ірі жобалар өте тиімді қаржыландырылуы мүмкін.

Кәсіпорын облигацияларды және басқа да орта және ұзақ мерзімді борыштық құнды қағаздарының миссиясын, инвестициялық несиенің барлық түрі және қаржылық лизингті сырттан тартылған инвестициялық ресурстар көздеріне жатқызуға болады.

Инвестициялық несие санатына, негізінен, орта және ұзақ мерзімді, яғни мерзімі бір жылдан астам несиелер жатады. Мұндай несиелердің қаржыландыру тетігімен де, қамтылуымен де ерекшеленетін көптеген түрлері бар.

Инвестициялық ресурсты тартудың бүл тәсілінің қарапайым несиеден бірқатар артықшылықтары бар. Ол, бір жағынан, қаржылық лизингтік қатынастарды реттейтін келісімге байланысты шығындарды бухгалтерлік есепке алуға қатысты. Инвестициялық несиеден ерекшелігі - қаржы лизингі жағдайында өнімнің өзіндік құнына пайыздық мөлшері ғана емес, негізгі төлемдер де жатқызылады, лизингтік операциялардың дәл осы аспектісі олардың кеңінен қолдануына нақты негіз болып отыр.

2. Инновацияның мәні, түрлері, қасиеттері.

Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық қызметтің түпкі нәтижелері - өндіріс тиімділігін арттыру, еңбек өнімділігі мен капиталдың өсуі, жоғары технологиялы өнім көлемі - елдің экономикалық қуатын айкындайтын болғандыктан, оған басты рөл беріледі.

Инновациялық іс-әрекетті басқару оны ұзақ уақыт бойы зерттеген жағдайда ғана табысты болмақ, бұл оларды іріктеп, керегін пайдалану үшін қажет. Инновация түрлері: 1)Енгізілген өзгерулердің тереңдігіне қарай - Радикалдық. Жақсартушы. Жалған инновация. 2)Технологиялық көрсеткіштері бойынша - Өнімдік. Үдерістік. 3)Нарық үшін жаңалық түрлері бойынша - Әлемдік сала үшін жаңа. Ел ішіндегі сала үшін жаңа. Осы кәсіпорын үшін жаңа. 4)Орнын басушылығы бойынша - Орнын басушы. Күнін жоюшы. Кеңейтуші. 5)Қамту аймағы бойынша - Жергілікті. Жүйелік. Стратегиялык. 6)Нарыққа шыққан уақыты бойынша - Көшбасшы-инновациялар. Ізбасар-инновациялар.

Инновация қасиеттері. Инновация нарықта немесе өндірістік үдерісте ендірілген жағдайда ғана іске асырылған деп есептеледі. Берілген сипаттамаларға сәйкес ғылыми-техникалық (технологиялық) инновациялар мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс:1)жаңалығы болуы керек; 2)нарық сұранысын қанағаттандыруы керек; 3)өндірушіге пайда әкелуі керек.

Демек, инновация - белгілі бір тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін коммерциялық түрде жүзеге асыру мақсатымен жаңа идеялар мен білімдерді, жаңалықтар, өнертабыстар мен ғылыми-техникалық жобаларды өндірістік үдеріс барысында пайдалану.

№27 емтихан билеті.