Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экономика-1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать
☆

1.Негізгі құралдардың түсінігі, экономикалық мәні, құрамы және құрылымы.

Құралдардың әртүрлі элементтері айналымда болуы бірдей емес; осындай жағдайға байланысты өндірістік құралдар негізгі және айналым болып бөлінеді.

Негізгі өндіріс құралдары – бұл ұзақ жылдар бойы өндіріс саласында жұмыс істейтін, материлдық игіліктердің өндіруге қатысып, өзінің заттай түрін сақтайтын, бірте-бірте тозатын және өзінің құнын өндірілетін жаңа өнімге тозу мөлшеріне қарай амортизаторлық жарна түрінде аударатын өндіріс құралдары.

Негізгі өндіріс құралдары – бұл құралдар өндіріс үрдісіне тікелей қатысатын немесе оның іске асуына жағдай тұгызатын өндірістік корпусы, тасымалдау көлігі, сақтау және қойма бөлімдері кіреді. Негізгі құралдармен бірге өндіріс үрдісіне тікелей қатыспайтын - өндірістік емес құралдарға жатады: тұрғын үй қоры, мәдени-тұрмыстық қызметке арналған ғимараттар мен құрылыстар, спорттық құрылыстар, деңсаулық сақтау объектілері, бала-бақша, мектеп т.б. объектілер.

Өндіріс үрдісінде және табиғи заттай белгісімен барлық негізгі өндіріс құралдары мына элементтерге бөлінеді:

1)Жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. 2)Үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс нысандары. 3)Ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау арқылы өндіріс үдерісін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс нысандары. 4)Өткізгіш тетіктер - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары. 5)Машиналар мен құрал-жабдықтар: а)күш беретін машиналар мен жабдықтар; ә)жұмысшы машиналар мен жабдықтар; б)өлшеуіш және реттеуіш аспаптар мен қондырғылар және зертханалық жабдықтар; в)есептеу техникасы; г)басқа машиналар мен жабдықтар. 6)Көлік қүралдарына адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған әр түрлі құралдар жатады. 7)Құрал-сайман, өндірістік және шаруашылық заттар тобына барлық қолмен атқаратын және механикаландырылған құралдар кіреді. 8)Өндірістік мүлік және соған жататын заттар тобына өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар. 9)Шаруашылық мүлікке кеңселік және шаруашылық мақсатта ұсталатын заттар кіреді. 10)Жұмысшы және өнім беретін малға және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар. 11)Көпжылдық өсімдіктер мен көшеттерге қолдан егілген, көпжылдық өсімдіктер. 12)Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар. 13)Басқа да негізгі құралдар.

2.Кәсіпкерлік істің классификациясы.

Кәсіпкерлік қызмет - бұл түтынушының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында орындалған жұмыс және көрсетілген қызмет.

Кәсіпкерлік қызмет: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңестер беру болып бөлінеді.

Өндірістік кәсіпкерлік – бұл түріне өндіріс тауарларын өндіруге бағытталған, өнімді тұтынушыларға сату жұмыстарын орындау, қызмет көрсету, ақпарат ұсыну жатады. Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл түріне негізінен тауар-ақша және тауар айырбастау міндетіндегі операцияларды жатқызуға болады. Қаржылық кәсіпкерлікте – сатып алу және сату объектісі ретінде құнды қағаздарды, валютаны, ақшаны жатқызуға болады. Кеңес берушілік – жалпы басқару,әкімшілік басқару,қаржылық қолдау,маркетинг,ақпараттық технология,арнайы қызметтер,кадрларды басқару жатады.

Кәсіпорындар атқаратын қызметтеріне орай бірнеше түрге жіктеледі: меншікке байланысты; салалық бағыныштылығына қарай; шаруашылық қызметінің сипаты мен түрі бойынша; құқықтық ережелер бойынша.

Атқаратын міндетіне қарай кәсіпорындардың мынадай түрлері болады: өндірістік; коммерциялық; қаржылық; кеңес беру.

Меншік түрлері бойынша: жеке меншік; мемлекеттік; жергілікті; сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.

Меншіктер саны бойынша:жеке адамның кәсіпкерлік ісі; ұжымның құрамы болуы керек.

Кәсіпкерліктің формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық; ұжымдық-экономикалық.

Салалық бағыныштылығына қарай өнеркәсіп тұрмыстық қызмет көрсету, құрылыс, көлік, байланыс, ауыл шаруашылық болып бөлінеді.

№20 емтихан билеті