Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экономика-1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать
☆

2.Пайданың мәні, түрлері.

Пайда – жаңадан құрылған құндылықтың бөлігі.

Экономикалық категория ретінде:

-пайда кәсіпорыннның мақсаты болады;

-пайда кәсіпорын ісінің нәтижісін бағалайтын көрсеткіш, пайда кәсіпорынның абсолютты нәтижесін көрсетеді;

-пайда кәсіпорынды дамыту мен қаржыландыру көзі болып табылады.

Пайданың қызметтері:

-инвестициялық қызмет–яғни кәсіпорын инвестициялық шешімдерді қабылдаудың негізі,

-нәтижелі (бағалайтын)–яғни нақты алынған пайда ресурстарды пайдалану нәтижелілігін көрсетеді,

-қаржыландыр–яғни кәсіпорын өзін-өзі қаржыландыру көзі болып табылады,

-ынталандыру–қызметкерлерді ынталандыру көзі болып табылады.

Пайда алу элементтері:

1)Өнімді сатудан (жұмыс, қызмет) алынған пайда = өнім сатудан түскен табыс (ҚҚС пен акциздерді шегергенде) – сатылған өнімнің өзіндік құны;

2)материалдық құндылықтарды сатқанннан түскен пайда = материалдық құндылықтарды сатқаннан түскен табыс – осы құндылықтарды өткізуге жұмсалған шығындар;

3)өткізуден тыс операциялардан түскен пайда = өткізуден тыс операциялардан түскен табыс - өткізуден тыс операциялардың шығындары.

№25 емтихан билеті.

3.Есеп. Тапсырма: кестедегі мәліметті пайдалана отырып, кестедегі жетіспейтін көрсеткіштерді әрбір вариант бойынша ашық жолдарды топтастыру ұсынылады.

Вариант

Баға, тг

Өзіндік құн, тг

Пайда, тг

Рентабельділік, %

1

100

90

100-90=10

10 * 100% / 90 =11

2

100

100

100-100=0

0 * 100% / 100=0

3

100

110

100-110 = -10

-

4

100

80

100-80=20

20 * 100% / 80 = 25

5

200

160

200-160=40

200-160=40


№26 емтихан билеті.

1.Негізгі құралдардың түсінігі, экономикалық мәні, құрамы және құрылымы.

Құралдардың әртүрлі элементтері айналымда болуы бірдей емес; осындай жағдайға байланысты өндірістік құралдар негізгі және айналым болып бөлінеді.

Негізгі өндіріс құралдары – бұл ұзақ жылдар бойы өндіріс саласында жұмыс істейтін, материлдық игіліктердің өндіруге қатысып, өзінің заттай түрін сақтайтын, бірте-бірте тозатын және өзінің құнын өндірілетін жаңа өнімге тозу мөлшеріне қарай амортизаторлық жарна түрінде аударатын өндіріс құралдары.

Негізгі өндіріс құралдары – бұл құралдар өндіріс үрдісіне тікелей қатысатын немесе оның іске асуына жағдай тұгызатын өндірістік корпусы, тасымалдау көлігі, сақтау және қойма бөлімдері кіреді. Негізгі құралдармен бірге өндіріс үрдісіне тікелей қатыспайтын - өндірістік емес құралдарға жатады: тұрғын үй қоры, мәдени-тұрмыстық қызметке арналған ғимараттар мен құрылыстар, спорттық құрылыстар, деңсаулық сақтау объектілері, бала-бақша, мектеп т.б. объектілер.

Өндіріс үрдісінде және табиғи заттай белгісімен барлық негізгі өндіріс құралдары мына элементтерге бөлінеді:

1)Жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. 2)Үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс нысандары. 3)Ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау арқылы өндіріс үдерісін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс нысандары. 4)Өткізгіш тетіктер - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары. 5)Машиналар мен құрал-жабдықтар: а)күш беретін машиналар мен жабдықтар; ә)жұмысшы машиналар мен жабдықтар; б)өлшеуіш және реттеуіш аспаптар мен қондырғылар және зертханалық жабдықтар; в)есептеу техникасы; г)басқа машиналар мен жабдықтар. 6)Көлік қүралдарына адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған әр түрлі құралдар жатады. 7)Құрал-сайман, өндірістік және шаруашылық заттар тобына барлық қолмен атқаратын және механикаландырылған құралдар кіреді. 8)Өндірістік мүлік және соған жататын заттар тобына өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар. 9)Шаруашылық мүлікке кеңселік және шаруашылық мақсатта ұсталатын заттар кіреді. 10)Жұмысшы және өнім беретін малға және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар. 11)Көпжылдық өсімдіктер мен көшеттерге қолдан егілген, көпжылдық өсімдіктер. 12)Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар. 13)Басқа да негізгі құралдар.