Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экономика-1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать
☆

2.Мерзімді еңбекақы төлеу жүйелері.

Мерзімді еңбекақы төлеу төмендегі жағдайларда қолданылады: -өнім өндіру көлемін арттыру мүмкіндігі жоқ болса; -өндірістік үдеріс қатаң реттелінген болса; -жұмыскердің қызметі - технологиялық үдеріс барысын бақылау ғана болса; -өндірістің ағындық және конвейерлік түрлері қатаң белгіленген тәртіп бойынша жұмыс жасауы қалып-тасқан болса; -өнімді артық шығару оның сапасының нашарлауына немесе ақаулы болып шығуына әкеліп соқса.

Әрбір жеке алған кәсіпорында шығаратын өнімнің сипатына, технологиялық үдерістердің ерекшелігіне, еңбек және өндірісті ұйымдастыру деңгейіне байланысты еңбекақы төлеудің қалаған нысандарын қолдануы мүмкін.

Еңбекақыны есептеу тәсіліне қарай жай мерзімді еңбекақы төлеу жүйесі - сағаттық, күндік, айлық болып бөлінеді.

Мерзім бойынша еңбекақы төлеу кезінде келесі келтірілгендердің маңызы зор:

1)жұмыскерлердің нақты орындайтын жұмысының мамандық деңгейін ескеріп, дұрыс тарифтік разряд беру, себебі олардың еңбегін дұрыс бағалау осы факторға байланысты;

2)әр жұмыскердің нақты атқарған жұмыс уақытын дәл есептеу.

Мерзімді еңбекақы төлеудің екі түрі бар:

1)қарапайым (жай) мерзімді түрі – мұнда еңбекақы тарифке және жұмыс уақытына қарай төленеді. Жұмыскердің жай мерзімді жүйесіндегі еңбекақысы былай табылады: Ежм = m х Т. Жұмыскердің мерзімді еңбекақы төлеудегі айлық ақысын мына фрмуламен анықталады: Еай = Май х Тіс / Ткесте.

2)мерзімді-сыйақы төлеу – қызметкерлерге тариф бойынша төленетін жалақыдан басқа нақты көрсеткіштерді орындағаны және асыра орындағаны үшін мерзімді сыйақы төленеді. ЕА мс = Ак * Т (1+((р + К*п) / 100)) = жай мерзімді еңбекақы + сыйақы

№3 емтихан билеті

3.Есеп. Тапсырма: Өнімді сату көлемі есепті жылда, СӨ0 = 12 млн тг құрды, орта жылдық айналым құралының қалдығы, АҚорт0 = 0,8 млн тг. Жоспарлы мезгілде өнімді сатуды 8 пайызға көбейту белгіленіп отыр, ал айналымдық коэффициенті – 20 пайызға өседі. Айналым құралын пайдалану және оның босатылуын есепті және жоспарлы мезгілде көрсеткіштерін анықтау керек.

Шешімі

Бірінші жылдағы айналым коэффициент

Ка0 = СӨ0 / АҚорт0= 12 млн тг / 0,8 млн тг=15 айналым (тг)

Бірінші жылдағы айналым құралының жүктеу коэффициент

Кж0 = 1 / Ка0= АҚорт0 / СӨ0 = 1 / 15 айналым = 0,8 млн тг / 12 млн тг = 0,067 тг

Бірінші жылдағы айналым құралдарының айналымының ұзақтығы

Та0 = 360 күн / Ка0 = 360 күн / 15 айналым = 24 күн

Екінші жылдағы айналым коэффициент

Ка1 = 15 айналым * ((100% + 20%) / 100%) = 15 * 1,2 = 18 айналым (тг)

Екінші жылдағы айналым құралының жүктеу коэффициент

Кж1 = 1 / Ка1 = 1 / 18 айналым = 0,056 тг

Екінші жылдағы бір айналымның ұзақтығы

Та1 = 360 күн / Ка1 = 360 күн / 18 айналым = 20 күн

Екінші жылдағы сатылған өнімнің құны

СӨ1=12млн тг*((100% + 8%)/100%)=12 млн тг*1,08= 12,96 млн тг

Екінші жылдағы айналым құралдардың құнын табу үшін мына формуланы қолдануға болады Ка1 = СӨ1 / АҚорт1

АҚорт1=СӨ1/ Ка1=12,96 млн тг / 18 айналым = 0,72 млн тг

Бір айналым ұзақтығының қысқару нәтижесінде айналым құралының абсолютты босатылуы

∆АҚабс = АҚорт0 - АҚорт1 = (СӨ0 / Ка0) – (СӨ1 / Ка1) = 0,8 – 0,72 = (12 млн тг / 15 айналым) – (12,96 млн тг / 18 айналым) = 0,08 млн. теңге

Айналым құралының қатысты босатылуы

∆АҚқатыс = (СӨ1 / Ка0)–(СӨ1 / Ка1) = (СӨ1 / Ка0)– АҚорт1 = (12,96 млн тг / 15 айналым) – (12,96 млн тг / 18 айналым) = 0,864 – 0,72 = 0,144 млн. теңге

№4 емтихан билеті