Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экономика-1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать
☆

1. Рентабельділіктің экономикалық мәні мен түрлері.

Рентабельділік (табыстылық) - бұл өндіріс кәсіпорын жұмысының сапасын сипаттайтын жалпы көрсеткіш. Себебі тапқан пайданың көлеміне қарамай, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің толық салалық бағасын тек табыстылықтың деңгейі ғана көрсете алады. Ол пайданың өндіріс қорына немесе өнімнің өзіндік қүнына қатынасын білдіреді. Табыстылықтың көрсеткіші өндіріске кеткен шығын мен табысты салыстыра отырып, өндірістің тиімділігін бағалайды.

Рентабельділік – салыстырушылық қасиеті бар, тиісіше әр түрлі шаруашылық субъктілерін салыстыру кезінде қолданылатын салыстырмалы көрсеткіш. Рентабельділік кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің экономикалық тиімділігін, яғни пайдалылығын бағалау өлшемі болып саналады.

Санау әдісі бойынша халық шаруашылығында кәсіпорын немесе өндіріс рентабельдігі Рөндіріс және өнім рентабельдігі Тбөнім болып екіге бөлінеді. Кәсіпорын немесе өндіріс рентабельдігі пайданың П өндірістік негізгі қорлар НҚ мен айналым қаражаттарының АҚ орташа жылдық құнына қатынасын білдіреді: Рөндіріс= П х100% /(НҚ+АҚ),

Өнім рентабельдігі пайданың П өнімнің өзіндік құнына Өm қатынасын көрсетеді: Рөіш=Пх100% / Өm,

Рентабельділіктің түрлері:

1)Негізгі құралдар рентабельдігі: Рнқ = П х100% /НҚ,

2)Айналым құралдар рентабельділігі: Рақ = П х100% /АҚ

3)Барлық ресурстар рентабельдігі: Рнқ = П х100% /(НҚ,+АҚ+ЕАҚ)

4)Еңбекақы қор рентабельдігі: Реақ = П х100% /ЕАҚ

5)Капитал рентабельдігі: Рк = П х100% / капитал сомасы

2. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.

Өзіндік құнды калькуляциялау - ол бағаны негіздеу мен өнімдердің жеке түрлерінің табыстылығын анықтайтын қажетті алдыңғы шарт.

Өзіндік құнды калькуляциялаудың ерекше айырмашылығы - ол, әдетте, өнімнің көптеген түрлерінің әр түрлі деңгейдегі дайындығымен байланысты және уақытымен шектелуі тиіс.

Бірінші шарты осы есептік кезеңдегі барлық шығындарды өнімдердің (жұмыстардың) белгілі бір түріне немесе олардың құрамдас бөлімдеріне жатқызуды талап етеді. Егер оны тікелей осы жолмен атқаруға болмаса, онда шығындар белгілі бір шартты негізге сүйене отырып парапар етіп бөлінеді.

Өнім бірлігінің өзіндік құнын калькуляциялау шығындары калькуляция баптары бойынша жіктеп, оларды тікелей және жанама шығындарға топтастыру негізінде іске асырылады.

Жоғарыда көрсетілгендей калькуляция үдерісінде бірлік өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы жасалады. Калькуляциялауды жасау мерзіміне қарай алдын ала және кейінгі (немесе кезектегі) калькуляция болып екіге бөлінеді.

Алдын ала жасалатын калькуляция өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі шығындардың мөлшерін топшылайды. Оған жоспарлы, сметалық және нормативттік калькуляция жатады:

- жоспарлы калъкуляция - жоспарлы кезеңдегі шығындарды есептеу арқылы анықталған жеке өнімнің өзіндік құнының деңгейі бойынша тапсырма болып табылады.

- сметалық (болжамдық) калъкуляция - сырттан жасалған бір реттік тапсырыс бойынша өнімге (жұмысқа, қызметке) кететін шығындарды анықтау үшін жасалады.

- нормативтік калъкуляция ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі болып табылады

№23 емтихан билеті