Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экономика-1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать
☆

1.Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары.

Қазіргі кезде Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық нысан негізінде кәсіпкерліктің түрлері құрылуда.

1. Шаруашылық серіктестік - толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің табысы, зияны пайға қарай бөлінеді. 2. Командитті серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады. 3. Жауапкершілігі шектелген қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді. 4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам, қоғам міндеттемелеріне өздерінің мүліктерімен жауап береді. 5. Акционерлік қоғам. 6. Өндірістік кооперативтер - ерікті түрде біріккен қоғамдар. 7. Мемлекеттік кәсіпорын - меншіктік құқығы жоқ коммерциялық мекеме. Осы кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Осы кәсіпорын тек мемлекеттік немесе жергілікті болады.

Кооператив - бұл пайда табу мақсатында емес, мүшелеріне көмек көрсету, қызметтеріне тиісті ықпал жасау үшін құрылатын қоғамдастық. Мемлекеттік кәсіпорындар -бұл топқа заңды, шаруашылық дербестігі жоқ ұйымдар кіреді. Мемлекеттік корпорациялар - кәсіптік немесе ортақ мүдделер принципінде біріккен қоғам, адамдар тобы; капиталистер кеңінен қолданатын акционерлік қоғам нысаны, қазіргі жағдайда мұндай корпорациялар монополиялық бірлестіктердің негізгі түрі. Ассоциациялар - шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың, мекемелердің бірыңғай экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүдделер негізінде ерікті түрде заңды ұйым ретінде бірігуі. Концерн - қатысу жүйесі, мүдде ортақтығы туралы шарттар, қатысу үлесі, патенттік-лицензиялық келісімдер, қаржыландыруға, өндірістік ынтымақтастық негізінде өзара тығыз байланысқан дербес кэсіпорындар бірлестігі. Консорциум - капиталистік монополиялар нысандарының бірі, қарыздарды бірлестіре орналастыру, үлкен көлемде қаржы немесе күрделі коммерциялық операциялар жүргізу, іріленген өнеркәсіп құрылысын жүзеге асыру, белгілі бір өнім түрін өндіруді мейлінше ұлғайту мақсатында бірнеше банк немесе өнеркәсіп субъектілері арасында жасалып, қабылданатын уақытша келісім. Холдинг - басқа компанияларға бақылау жасау мақсатында өзінің капиталын олардың акцияларының бақылау пакеттерін сатып алу үшін пайдаланатын акционерлік компания. Картель - біртектес өнім өндіретін тәуелсіз өнеркәсіп орындарын белгілі бір нарыққа үстемдік орнату мақсатында ұйымдастырған бірлестік, ассоциация. Синдикат - өндірушілердің өнімді біртұтас сауда кеңсесі арқылы бірігіп сату жолымен бәсекені болдырмау және монополиялық бірігу нысаны. Трест - кәсіпкерлер бірлестігі, ол өзіне кіретін кәсіпорындар-дың өндірістік, коммерциялық және заңдық дербестігін жойып, бірыңғай басқару жүйесіне бағынуымен ерекшеленеді. Кәсіпорындардың өндірістік құрылымының үш түрі бар. Олар заттық, технологиялық және аралас (заттъқ-технологиялық) болып келеді.