- •1. Ұлттық экономика түсінігі.
- •2. Негізгі құралдардың тозу түрлері.
- •1. Қазақстан экономикасы құрылымын әртараптандыру мәселелері.
- •2. Еңбек өнімділігін өсіру жолдары.
- •3. Есеп. Тапсырма: кестедегі мәлімет нәтижесі бойынша кестедегі бос ұяларды толтыру керек.
- •1. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары.
- •2.Мерзімді еңбекақы төлеу жүйелері.
- •1.Айналым капиталы: түсінігі, құрамы, құрылымы.
- •2.Инновацияны жүзеге асыру шарттары мен факторлары.
- •1.Қазіргі заманғы кәсіпкерліктің мәні.
- •2.Амортизацияны есептеу әдістері.
- •1.Өндіріс және өндірістік құрылым түсінігі.
- •2.Негізгі құралдарды бағалау түрлері.
- •3.Есеп: келтірілген таза пайда пен табыстылық индексті табу керек.
- •1. Негізгі құралдардың түсінігі, экономикалық мәні, құрамы және құрылымы.
- •2. Кәсіпкерлік істің классификациясы.
- •3. Есеп. Тапсырма: өнімнің калькуляциясын, тура мен жанама шығындардың үлесін табу керек.
- •1. Еңбекақының мәні мен қағидалары.
- •2. Өндірістік кұрылымның түрлері. Өндірісті ұйымдастыру түрлері.
- •3. Есеп. Тапсырма: кестедегі мәліметті пайдалана отырып, кестедегі жетіспейтін көрсеткіштерді әрбір вариант бойынша ашық жолдарды топтастыру ұсынылады.
- •2. Негізгі құралдарды бағалау түрлері.
- •3. Есеп. Тапсырма: ондірістің өнім рентабельдігін және еңбек өнімділігін есептеу.
- •1.Кәсіпорын персоналының құрылымы.
- •2.Кәсіпорынның материалдық емес активтері.
- •1.Тарифтік жүйе.
- •2.Негізгі құралдарды пайдалану көрсеткіштері.
- •3.Есеп. Тапсырма: кестедегі мәлімет нәтижесі бойынша кестедегі бос ұясын толтыру керек.
- •1.Инвестицияның экономикалық мазмұны. Инвестициялық процестің белгілері.
- •2. Персонал қозғалысының көрсеткіштері
- •1.Инвестициялық жобаларды негіздеу және қаржыландыру тәртібі.
- •2. Персонал нақтылығының көрсеткіштері. Жұмыс уақытының балансы.
- •1.Инновацияның мәні, түрлері, қасиеттері.
- •2.Өндірістік қуаттың түрлері.
- •3. Есеп. Тапсырма: өнімнің калькуляциясын, тура мен жанама шығындардың үлесін табу керек.
- •1. Өндірістік процесстің сипаттамасы мен құрылымы
- •2. Персонал қозғалысының көрсеткіштері.
- •3. Есеп. Тапсырма: кестедегі мәліметті пайдалана отырып, кестедегі жетіспейтін көрсеткіштерді әрбір вариант бойынша ашық жолдарды топтастыру ұсынылады.
- •1.Пайданың мәні, түрлері.
- •2.Рентабельділіктің экономикалық мәні мен түрлері.
- •3.Есеп. Тапсырма: өнімнің калькуляциясын, тура мен жанама шығындардың үлесін табу керек.
- •1.Сертификаттау және сапа туралы түсінік.
- •2.Өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері.
- •3.Есеп. Тапсырма: кестедегі мәліметті пайдалана отырып, кестедегі жетіспейтін көрсеткіштерді әрбір вариант бойынша ашық жолдарды топтастыру ұсынылады.
- •1.Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.
- •2.Еңбекақының мәні мен қағидалары.
- •3.Есеп. Тапсырма: өндірістің өнім рентабельдігін және еңбек өнімділігін есептеу.
- •1. Айналым капиталы: түсінігі, құрамы, құрылымы.
- •2. Ұлттық экономика түсінігі.
- •1.Негізгі құралдардың түсінігі, экономикалық мәні, құрамы және құрылымы.
- •2.Кәсіпкерлік істің классификациясы.
- •3.Есеп. Тапсырма: кестедегі мәлімет нәтижесі бойынша кестедегі бос ұясын толтыру керек.
- •1.Өндірістік кұрылымның түрлері. Өндірісті ұйымдастыру түрлері.
- •2.Персонал қозғалысының көрсеткіштері.
- •1. Инновацияның мәні, түрлері, қасиеттері.
- •2. Сертификаттау және сапа туралы түсінік.
- •1. Рентабельділіктің экономикалық мәні мен түрлері.
- •2. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.
- •3.Есеп: келтірілген таза пайда пен табыстылық индексті табу керек.
- •1.Өндіріс және өндірістік құрылым түсінігі.
- •2. Кәсіпорынның материалдық емес активтері.
- •3. Есеп. Тапсырма: өнімнің калькуляциясын, тура мен жанама шығындардың үлесін табу керек.
- •1.Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары.
- •2.Пайданың мәні, түрлері.
- •3.Есеп. Тапсырма: кестедегі мәліметті пайдалана отырып, кестедегі жетіспейтін көрсеткіштерді әрбір вариант бойынша ашық жолдарды топтастыру ұсынылады.
- •1.Негізгі құралдардың түсінігі, экономикалық мәні, құрамы және құрылымы.
- •2. Персонал қозғалысының көрсеткіштері.
- •1. Инвестициялық жобаларды негіздеу және қаржыландыру тәртібі
- •2. Инновацияның мәні, түрлері, қасиеттері.
- •3. Есеп. Тапсырма: ондірістің өнім рентабельдігін және еңбек өнімділігін есептеу.
- •1. Рентабельділіктің экономикалық мәні мен түрлері.
- •2. Кәсіпкерлік істің классификациясы.
- •1.Кәсіпорын персоналының құрылымы.
- •2.Негізгі құралдарды бағалау түрлері.
- •3.Есеп. Тапсырма: кестедегі мәлімет нәтижесі бойынша кестедегі бос ұясын толтыру керек.
- •1.Ұлттық экономика түсінігі.
- •2.Мерзімді еңбекақы төлеу жүйелері.
1. Қазақстан экономикасы құрылымын әртараптандыру мәселелері.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан жаһандық экономикада әлемдік тауар нарығына мұнай, газ, қара, түсті, сирек кездесетін және асыл металдар мен уран өнімдерін шығаратын ел ретінде қарастырылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінен астық экспортының келешегі бар екені дәлелденді.
Бүгінгі таңда Қазақстанды әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикаға сай мемлекет ретінде мойындап отырғанын атап өту керек, ол ТМД елдерінің ішінде бірінші ел болып инвестициялық рейгингіне ие болды.
Дүниежүзілік банк Қазақстанды әлемдегі инвестиция салуға ең тартымды 20 елдің қатарына қосты. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына 50 млрд. астам АҚШ долл. тартылды.
Қазақстанның қазіргі таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын алуда:
- экономиканың шикізаттық бағыттылығы; -әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі;
-ел ішіндегі салааралық және өңіраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы; -өңдеуші өнеркәсіп өнімділігінің төмендігі; -ішкі нарықта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы; -өндірістік жэне әлеуметтік инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде дамымауы; -мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика; -салаларында негізгі қорлардың тез тозуы;-кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы; -ғылым мен өндіріс арасында ұтымды байланыстың болмауы;
ЖІӨ-нің бір долларына электр энергиясының жүмсалу деңгейі бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнімділігі бойынша кейбір индустриялық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз.
Қазақстан кәсіпорындарының негізгі қорлары қүлдырау алдында. 2001 жылдың басында негізгі капиталдың тозу дәрежесі орта есеппен 29,7 % құрады. Бірқатар салаларда негізгі капиталдың нақты тозуы 50 % және одан астам деңгейге жақындауда.
Қазіргі уақытта қолданылып жүрген кәсіпорынның қарауында қалған пайда есебінен негізгі капиталды жаңартуға қаржы ресурстарын жинақтау тәртібі сапалық жағынан ескірген жабдықты ауыстыруға ынталылық туғызбайды және оны жаңартуда белгілі бір дәрежеде тежеуші болып отыр.
2. Еңбек өнімділігін өсіру жолдары.
Еңбек өнімділігін арттыруда ең бастапқы мәселе – ірі индустрияны материалдық негізде қамтамасыз ету, өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді ендіру, жұмыскерлердің білімін көтеру, мәдени-техникалық деңгейін арттыру, еңбек тәртібін реттеу және оны ұйымдастыруды жақсарту.
Еңбек өнімділігінің өсу резервтері деп жүзеге асырылатын нақты және затты еңбектің үнемделу мүмкіндіктерін айтады. Ішкі өндірістік резервтерге техника мен жұмысшы күнін жетілдіру мен тиімді пайдалануды, жұмыс уақытын қысқартуды, шикізат пен материалды үнемдеуді, қондырғыларды тиімді пайдалануды жатқызамыз. Ішкі өндірістік резервтерге еңбек сыйымдылығын төмендету, кадрлар құрылымын жетілдіру резервтері, еңбек құралдарын үнемдеу резервтері жатады.
Отандық тәжірибеде еңбек өнімділігін жоғарылату резервтерінің келесі классификациясы кеңінен таралды.
1.Өндірістің техникалық деңгейін жоғарылату: - өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру; - қондырғылардың жаңа түрлерін енгізу; - жаңа технологиялык. процестерді енгізу; - бұйымдардың конструкциялық касиетін жақсарту;
- шикізат сапасы мен жаңа конструкциялық материалдардың сапасын жоғарылату.
2.Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсарту: - нормаларды және қызмет ету аумағын жоғарылату; - норманы орындай алмайтын жұмысшылардың санын азайту; - басқару құрылымын ықшамдау; - есептеу мен есептегіш жұмыстарын механикаландыру; - жұмыс уақытын өзгерту;
- өндірістің мамандану деңгейін жоғарылату.
3.Сыртқы, табиғи жағдайларын өзгерту: - көмірді, мұнайды, руданы өндірудің жағдайын өзгерту; - пайдалы заттар құрамын өзгерту.
4.Өндірістегі құрылымдық өзгерістер: - өнімнің жеке түрлерінің үлестік салмағын өзгерту; - өндірістік бағдарламаның еңбек сыйымдылығын өзгерту;
- сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен қосалқы бұйымдардың үлесін өзгерту.
№2 емтихан билеті
