Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экономика-1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать
☆

3.Есеп: келтірілген таза пайда пен табыстылық индексті табу керек.

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Бірінші жыл (t=1)

Екінші жыл (t=2)

Үшінші жыл (t=3)

Төртінші жыл (t=4)

барлығы

К1

Капиталды салымдар

Млн тг

16

20

40

48

124

К2

Таза табыс

Млн тг

0

64

144

152

360

К3

Дисконт мөлшері

-

1

1

1

1

-

К4=К1 / (1 + К3)t

Келтірілген капитал сомасы

Млн тг

16 / (1 + 1)1 = 8

20 / (1 + 1)2 = 5

40 / (1 + 1)3 = 5

48 / (1 + 1)4 = 3

21

К5=К2/ (1 + К3)t

Келтірілген таза табыс

Млн тг

0 / (1 + 1)1 = 0

64 / (1 + 1)2 = 16

144 / (1 + 1)3 = 18

152 / (1 + 1)4 = 9,5

43,5

К6 = К5 –К4

Келтірлген таза пайда

Млн тг

0 – 8 = -8

16 – 5 = 11

18 – 5 = 13

9,5 – 3 = 6,5

22,5

Келтірілген капитал сомасы 8 + 5 + 5 + 3 = 21

Келтірілген таза табыс 0 + 16 + 18 + 9,5 = 43,5

Келтірілген таза пайда 43,5 – 21 = (-8) + 11 + 13 + 6,5 = 22,5

Табыстылық индекс 43,5 / 21 = 2,07.

№24 емтихан билеті.

1.Өндіріс және өндірістік құрылым түсінігі.

Өндіріс деп нарықтың дамуы мен өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді дайындау үрдісін айтады. Өндірістің мазмұны еңбек қатынастарымен анықталатын негізгі үш элементтен тұрады: -ұтымды жұмыс немесе еңбектің орындалуы; -адамның ұтымды жұмысына қажетті еңбек заттарының болуы; -еңбек заттарын өзгертуге қажетті еңбек құралдарының қатысуы

Материалдық өндірістің өнімі еңбек пен табиғат заттарының құралуынан тұратын материалдық игіліктерді дайындауға көмектеседі.

Жаңаша өндіріс ғылыми-техникалық революцияның негізінде дамиды және оның негізгі мазмұнына өндірісті автоматтаңдыру жатады.

Әрбір кәсіпорын өндірістік бөлімшелерден, яғни цехтардан, шаруашылыққа қызмет көрсететін бөлімшелерді ұйымдастырумен айналысатын мекемелер және басқару органдарынан құралады.

Өндірістік бөлімшелер, жұмыскерлерге қызмет көрсету орындары, кәсіпорынды басқару, ұйымдастыру кешені, олардың саны, бір-бірімен байланысы, өндірістік алаңда орналасуы мен жұмыскерлер саны мен құрамы, өнімді өндіру қабілеті, мұның бәрі кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.

Кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері, цехтар, бөлімшелер, қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен жұмыс орындары (өндірістік үрдіске тікелей немесе жанама қатысушы) арасындағы байланыстар жиынтығы өндірістік құрылымды құрайды.

Кәсіпорынның ұтымды өндірістік құрылымын құру келесі тәртіппен жүргізіледі: а)кәсіпорынның цехтар құрамын және оның берілген өнімді өндіруді қамтамасыз ететін қуатын анықтау; ә)әрбір цехтың және қоймалардың орналасатын өндірістік алаңдарын есептеу; б)кәсіпорынның ішіндегі барлық тасымалдау жұмыстарының сыртқы жалпы орталық жолдармен озара байланысын жоспарлау; в)өндірістік үрдістің орындалуына байланысты еңбек заттарының цехтар арасындағы ең қысқа маршрутын белгілеу және т.с.с.