Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экономика-1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать
☆

1.Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.

Өзіндік құнды калькуляциялау - ол бағаны негіздеу мен өнімдердің жеке түрлерінің табыстылығын анықтайтын қажетті алдыңғы шарт.

Өзіндік құнды калькуляциялаудың ерекше айырмашылығы - ол, әдетте, өнімнің көптеген түрлерінің әр түрлі деңгейдегі дайындығымен байланысты және уақытымен шектелуі тиіс.

Бірінші шарты осы есептік кезеңдегі барлық шығындарды өнімдердің (жұмыстардың) белгілі бір түріне немесе олардың құрамдас бөлімдеріне жатқызуды талап етеді. Егер оны тікелей осы жолмен атқаруға болмаса, онда шығындар белгілі бір шартты негізге сүйене отырып парапар етіп бөлінеді.

Өнім бірлігінің өзіндік құнын калькуляциялау шығындары калькуляция баптары бойынша жіктеп, оларды тікелей және жанама шығындарға топтастыру негізінде іске асырылады.

Жоғарыда көрсетілгендей калькуляция үдерісінде бірлік өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы жасалады. Калькуляциялауды жасау мерзіміне қарай алдын ала және кейінгі (немесе кезектегі) калькуляция болып екіге бөлінеді.

Алдын ала жасалатын калькуляция өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі шығындардың мөлшерін топшылайды. Оған жоспарлы, сметалық және нормативттік калькуляция жатады:

- жоспарлы калъкуляция - жоспарлы кезеңдегі шығындарды есептеу арқылы анықталған жеке өнімнің өзіндік құнының деңгейі бойынша тапсырма болып табылады.

- сметалық (болжамдық) калъкуляция - сырттан жасалған бір реттік тапсырыс бойынша өнімге (жұмысқа, қызметке) кететін шығындарды анықтау үшін жасалады.

- нормативтік калъкуляция ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі болып табылады

2.Еңбекақының мәні мен қағидалары.

Еңбекақы - еңбектің көлеміне, сапасына және күрделілігіне сәйкес төленетін сыйақы, жұмыс күшінің бағасы.

Еңбекақы нақтылы еңбекақы және көрсетілген еңбекақы болып ажыратылады. Көрсетілген еңбекақы – бұл есептелінген және жұмыскерлердің белгілі уақыттағы еңбегіне ақшадай төленетін еңбекақысы. Нақтылы еңбекақы – бұл еңбекақысына белгілі сандағы тауарларды және қызметтерді сатып алуына, ие болуына мүміндігі бар.

Еңбекақы төлеуді жақсарту саясатында және оны ұйымдастыруда, кәсіпорын мына принциптерге сүйену керек: -әділдік, яғни еңбектің күрделілігне сәйкес төлеу; -еңбекақыны мамандық деңгейіне, орындалатын жұмыс күрделілігіне қарай есептеу, -еңбек жағдайындағы зиянды және еңбекті ауырлығын есепке алу; -еңбек сапасын көтеруге жұмыскердің еңбекке тыңғылықты қатынасын ынталандыру; -еңбекте сапасыз өнім өндірілген және өзінің жұмысына жаупкерсіз қараған жұмыскерлерді материалдық жағынан әкімшілік жазаны қолдану; -еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, орта еңбекақы төлеудің өсу қарқынынан артуы; -инфляцияға сәйкес еңбекақыны төлеу деңгейін тиісінше индексация жасау; -кәсіпорында сәйкес еңбекақы төлеу жүйесін жақсартып, прогрессивті түрлерін қолдану.

Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.

Кәсіпорындарында еңбекақы төлеудің негізгі түрлері мен әртүрлі жүйелері қолданылады. Оның ішінде кең тараған түрі: кесімді еңбекақы мен мерзімді еңбекақы төлеу.

Кэсіпорында жалақыны ұйымдастырудың негізгі элементтері: -жалақы қорын қалыптастыру; -еңбекті нормалау; -тарифтікжүйені сақтау; -жалақы жүйесін және оның негізгі нысандарын анықтау.

№18 емтихан билеті