Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kystaubay_O_S_GP_kaz_obsch_i_osob_okonchat_vari...doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

259. Борышқорлардың субсидиялық жауапкершілігі болған жағдайда несие беруші

  1. борышқор несие берушінің міндеттемені орындау талабын қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға мәлімделуі міндетті

  2. барлық борышқорлардан да, жеке-жеке алғанда олардың кез-келгенінен де, оның үстіне борышты түгелдей де, бөлшектеп те орындауды талап етуге құқылы

  3. барлық борышқорлардан тек нақты залалды өтеуді талап етуге құқылы

  4. борышқорлардың әрқайсысынан тек айып төлеуді талап етуге міндетті

  5. барлық борышқорлардан тең үлесте орындауды талап етуге құқылы

260. Регрестік міндеттемелер

  1. несие беруші борышқордың кінәсынан үшінші тұлғаларға төлеген ақшалай сомасын борышқордан талап ету құқығы

  2. қосымша борышқор несие берушінің алдында негізгі борышқорға қосымша жауапкершілік атқарады

  3. әр борышқор несие берушінің алдында заңнамаға немесе шартқа сәйкес белгіленген үлес шеңберінде жауапкершілік атқарады

  4. несие беруші барлық борышқорларды да, жеке-жеке алғанда олардың кез-келгенін де жауапкершілікке тартуға құқылы

  5. борышқор екі немесе бірнеше әрекеттің бірін жасауға міндетті

261. Мүлікті ұстап қалу дегеніміз

  1. міндеттемені тоқтатудың бір түрі

  2. міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі

  3. кепілдің бір түрі

  4. кепілболушылық түрі

  5. міндеттемінің орындалуын өзгерту туралы келісім

262. Міндеттеменің орындалмауы несие берушінің кінәсінен болса, сот:

  1. борышқорды жауапкершіліктен босатады

  2. борышқор жауапкершілігін ұлғайтады

  3. борышқордың жауапкершілік мөлшерін өзгертпейді

  4. реституция қолданады

  5. үшінші тарапты жауапкершіліктен босатады

263. Өзгенің ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін қолданылатын шара?

  1. айып төлеу

  2. моралдық зиянды өтеу

  3. лицензияны қайтарып алу

  4. кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру

  5. кепілпұл салу

264. Міндеттеменің бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырудан борышқорды босату жөніндегі тараптардың міндеттеме бұзылғанға дейін қабылдаған келісімі

  1. жарамсыз болады, алайда, тараптар өзара келісім бойынша мүліктегі нақты келтірілген зиянды ғана өндіріп алуды көздеуі мүмкін

  2. жарамсыз болады, алайда, тараптар өзара келісім бойынша мүліктегі тек айырылып қалған пайданы ғана өндіріп алуды көздеуі мүмкін

  3. жарамсыз болады, алайда, тараптар өзара келісім бойынша нақты келтірілген зиянды және айырылып қалған пайданы да өндіріп алуды көздеуі мүмкін

  4. жарамды

  5. нотариалдық куәландырылғанда жарамды

265. Қосылу шарты бойынша немесе тұтынушы ретіндегі азамат несие беруші болып табылатын өзге шарт бойынша борышқордың жауапкершілік мөлшерін шектеу жөніндегі келісім

  1. жарамсыз болады, егер міндеттемелердің осы түрі немесе осындай құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мөлшері заңдармен белгіленген болса

  2. жарамсыз болады

  3. жарамды болады, егер міндеттемелердің осы түрі немесе осындай құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мөлшері заңдармен белгіленген болса

  4. барлық жағдайда жарамды

  5. құзыретті орган шешімі бойынша жарамды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]