Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kystaubay_O_S_GP_kaz_obsch_i_osob_okonchat_vari...doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

19.2 Төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыру

Төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыру тәсілдері:

- төлем карточкасы – төлемді жүзеге асыруға (алуға, валюта айырбастауға және басқа операцияларды орындауға) мүмкіндік беретін мәліметті қамтитын электронды терминал немесе басқа да құрылымдар арқылы ақша алу/беру құралы;

- төлем тапсырмасы – бенефициар пайдасына ақша сомасын аудару жөніндегі жөнелтушінің алушы-банкке тапсырмасын қамтитын төлемді және/немесе ақша аударуды жүзеге асыру тәсілі;

- банктік шотты тікелей дебеттеу – ақшаның нақты бір сомасы және/немесе нақты бір мерзім ішінде жөнелтушінің алдын-ала рұқсаты негізінде бенефициар пайдасына ақшаны жөнелтушіден алып, беру жөніндегі төлемді жүзеге асыру тәсілі;

- чек – чек ұстаушыға бұйрықта көрсетілген ақша сомасын төлеу жөніндегі чек беруші мен алушы-банк арасындағы шартқа негізделген жазбаша бұйрықты қамтитын төлем құжаты;

  • вексель – біржақты шартсыз ақшалай міндеттемені қамтитын қатаң бекітілген нысандағы төлем құжаты;

  • инкассалық өкім – жөнелтушінің банктегі есеп шотынан оның келісімінсіз ақшаны алу үшін қолданылатын төлемді жүзеге асыру тәсілі;

  • аккредитив арқылы есеп айырысу - (akkreditiv – қандай да бір әрекеттерге өкілеттік) сатушының төлем жөнінде толық кепілдік алуын және сатып алушының тауарға толық құқық алуын реттейтін есеп айырысу тәсілі. Аккредитив есеп айырысу құжаты мен аккредитивтік міндеттемені қамтиды. Есеп айырысудың бұл түрі құжатты аккредитив деген атауға да ие. Себебі, сатушы банкке тауарларды сатып алушы адресіне (түсіргені) жібергені туралы құжаттарды бере отырып өзіне тиесілі ақшаны ала алады, ал сатып алушы осы құжаттарды алған сәттен бастап меншік иесі құқықтарына ие бола алады. Аккредитив арқылы есеп айырысу халықаралық саудада, соның ішінде тауарлардың экспортында қолданылады.

Аккредитивтік міндеттемеге төрт қатысушы қатысады:

  • төлеуші (сатып алушы немесе аккредитивке бұйрық беруші)

  • төлеушінің банкі (банк-эмитент)

  • алушының банкі (атқарушы банк)

  • ақшаны алушы (сатушы немесе өзге де бенефициар)

Аккредитивтік есеп айырысу қатысушыларының өзара қатынастары 4 сатыдан тұрады:

  1. төлеушінің (сатып алушы) банк-эмитентке төлем туралы нұсқаулары бар аккредитив ашу жөнінде тапсырма беру;

  2. төлемді жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктерді банк-эмитенттен атқарушы-банкке (алушының банкіне) беру;

  3. сатушының тауарды түсіргенін растайтын аккредитивте көрсетілген құжаттарды ұсынуы;

  4. орындаушы (атқарушы) банктің төлемді жүзеге асыруы.

ҚР-ның заң актілерімен бекітілген өзге тәсілдер.

Тапсырмалар:

  1. Қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысуларды қандай тұлғалар жүзеге асыра алатын айтыңыз.

  2. Аккредитив арқылы есеп айырысудың артықшылықтары бар ма?

  3. Есеп айырысудың қандай түрлері тиімді деп ойлайсыз?

20 – тарау. Сақтау жөніндегі міндеттемелер (ҚР АК 768-802 баптары)

20.1 Сақтау шартының түсінігі, нысаны, мерзімі, сыйақы мөлшері, тараптардың жауапкершілігі

Сақтау шарты бойынша сақтаушы жүк берушінің берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға міндеттенеді.

Шарт екі жақты (сақтаушы мен жүк беруші), ақылы /тегін де болуы мүмкін/ (жүк беруші сақтауға тапсырған жүгі үшін сақтаушыға сыйақы төлейді). Сақтауды кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыратын сақтаушының техникалық мүмкіндігі бола тұра затты сақтауға қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ., яғни мұндай жағдайларда сақтау шарттары жария деп танылады (ҚР АК 387 бабы).

Зат сақталуға берілген кезден бастап шарт жасалған деп танылады.

Негізінде жеке белгілерімен анықталған заттар шарттың пәнін құрайды, дегенмен, заттарды иесіздендіріп сақтауға да болады. Мысалы, элеваторларда бидай өнімдерін сорттары мен құндылығына қарай сақтау.

Сақтаушының нөмірлер, жетондар және басқа да заңды деп танылған белгілер беруі арқылы заттарды қысқа мерзімге сақтауға сақтау камераларына және вокзалдардың, әуежайлардың, мекемелердің, кәсіпорындардың, театрлардың, мұражайлардың, стадиондардың, асханалардың және т.б. киім ілгіштеріне өткізулерді қоспағанда, сақтау шарты жазбаша түрде жасалуға тиіс.

Егер сақтауға алынған заттар сақтаушы жүк берушіге сақтау қолхатын, түбіртек, куәлік, сақтаушы қол қойған өзге де құжаттар беру жолымен куәландырылатын болса, шарттың жазбаша нысаны сақталған болып есептеледі.

Тұрмыстық қызмет көрсету түріндегі сақтау шарты ауызша нысанда жасалуы мүмкін.

Сақтауға алынған зат пен сақтаушы қайтарған заттың бірдейлігі туралы дау туған жағдайда куәгерлік айғақтарға жол беріледі.

Заттарды төтенше жағдайлар (өрт, су тасқаны және басқалар) кезінде сақтауға өткізу, шарттың жазбаша нысаны болмаған жағдайда сақтауға өткізілген заттардың құнына қарамастан куәгерлік айғақтар бойынша дәлелденуі мүмкін.

Сақтау мерзімі тараптардың арасында келісімде көрсетіледі. Егер затты сақтау мерзім көрсетілмесе, сақтаушы осындай жағдайлардағы заттың әдеттегі сақталу мерзімі өткен соң жүк берушінің заттарды қайтарып алуын талап етуге құқылы, бірақ жүк берушінің затты қабылдап алуға жететіндей қисынды мерзім беруге міндетті.

Жүк беруші шарт бойынша сақтаудың өзге мерзімі көзделгенде де кез келген уақытта сақтаушыдан затты талап етуге құқылы. Алайда міндеттеменің мерзімінен бұрын тоқтатылу салдарынан туған сақтаушының залалдарын өтеуге міндетті.

Шарт бойынша сыйақы мөлшері тараптардың келісімімен белгіленеді. Заң актілерінде белгіленген жағдайларда сыйақының мөлшері таксалар, ставкалар, тарифтер бойынша айқындалуы мүмкін.

Сақтаушы сақтауға алынған затқа өз заты сияқты қамқорлық жасауға міндетті.

Зат оның табиғи бұзылуы немесе табиғи кемуі ескеріле отырып сақтауға қаьылданған күйінде қайтарылуға тиіс.

Затты пайдалану оның сақталуын қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, сақтаушының затты пайдалануға құқығы жоқ.

Сақтаушы жүк берушінің келісімінсіз затты үшінші тұлғаға беруге құқығы жоқ. Сақтаушы затты сақтауға берген үшінші тұлғаның іс-әрекеті үшін жауапты және бұл жөнінде жүк берушіге дереу хабарлауға міндетті.

Сақтаушы сақтауға алған заттың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлінгені үшін жауап береді. Егер ол заттың жоғалуы, кем шыққаны немесе бүлінуі өзінің кінәсінен болмағанын дәлелдесе, жауаптылықтан босатылады.

Сақтауды өзінің кәсіпкерлік қызметіне орай жүзеге асыратын тұлға, тек заттың жоғалуы, кем шығуы немесе бүлінуі дүлей күштің салдарынан не заттың өзіне тән ерекшелігінен, не жүк берушінің қасақана пиғылынан немесе өрескел абайсыздығынан болған жаңдайларда ғана заттың сақталмағаны үшін жауаптылықтан босатылады.

Заттардың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлінуінен жүк берушіге келтірілген шығындарды сақтаушы өтейді.

Егер шартта немесе сақтаушы берген өзге де құжатта көрсетілгендей сақтауға өткізу кезінде затқа баға беру жүргізілген болса, сақтаушының жауаптылығы баға сомасының негізінде айқындалады.

Тегін сақтау кезінде жүк берушіге заттың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлінуінен келтірілген залалдар: затты жоғалтқаны және оның кем шыққаны үшін – жоғалған немесе кем шыққан заттың құны мөлшерінде; заттың бүлінгені үшін – оның құны төмендеген соманың мөлшерінде өтеледі.

Егер сақтаушы заттың сақтауға қабылдағанда бұл ерекшеліктер туралы білмесе және білуі тиіс болмаса, жүк беруші сақтаушыға заттың өз ерекшеліктерінен туындаған залалдардың орнын толтыруға міндетті. Мысалы, жүк беруші сақтауға мұздатылған сары майды өткізген кезде оның ерекшелігін (яғни мұздатқышта сақтау қажеттігін) сақтаушыға хабарламағандығынан, біраздан кейін май еріп, сақтаушының сақтау орнына ағып, ластады және өзге сақтаудағы заттарға да (өзге жүк берушілердің сөмкелеріне және т.б.) залал келтірді. Бұл жағдайда, жүк беруші сақтаушыға келтірілген залал орнын өтеуі қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]