Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kystaubay_O_S_GP_kaz_obsch_i_osob_okonchat_vari...doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

22.2 Тараптардың жауапкершілігі, шартты тоқтату

Тапсырма шартын тоқтатудың жалпы негіздерімен қатар:

  • сенім білдірушінің тапсырманы ауыстыруы;

  • сенім білдірілген өкілдің бас тартуы;

  • сенім білдірушінің немесе сенім білдіріліген өкілдің қайтыс болуы, олардың біреуін әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеті шектеулі немесе хабарсыз кетті деп танудың салдарынан тоқтатылады.

Егер сенім білдірілген өкіл тапсырма шартының тоқталғаны туралы білмесе және білуге тиіс болмаса, онда сенім білдірушінің нұсқауы бойынша жасалған оның іс-әрекеті, сенім білдірушіні үшінші тұлғаға және сенім білдірген өкілге қатысты міндеттейді.

Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау (ҚР АК 855-864 баптары). Мүдделі тұлғаның тапсырмасынсыз, өзге де нұсқауынсыз немесе алдын ала уәде берілген келісімінсіз оның жеке басына немесе мүлкіне зиян келтірілуін болдырмау, оның міндеттемесін орындау немесе оның өзге де заңға қарсы емес мүдделері (басқаның мүддесі үшін іс-әрекет жасау) мақсатындағы іс-әрекеттер істің мән-жайлары бойынша қажетті қамқорлықпен және сақтықпен, мүдделі тұлғаның айқын олжасына немесе пайдасына және іс жүзіндегі немесе ықтимал ниеттеріне сүйеніп жасалуы тиіс. Осы іс-әрекеттерді мүдделі тұлға мақұлдайтын болса, онда тапсырма және өзге де осындай шарттардың ережелері қолданылады.

Қатерге ұшыраған адамның өміріне төнген қауіпті жою мақсатындағы іс-қимылға осы адамның еркіне қарсы, ал біреуді асырау жөніндегі міндеттерді орындауға – осындай міндеті бар тұлғаның еркіне қарсы жол беріледі.

Мүдделі тұлға өзінің мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасаған тұлғаға келтірілген қажетті шығындар мен өзге де нақты зиянды өтеуге тиіс. Бірақ, мүдделі тұлға мақұлдамағаннан соң оның пайдасына жасалған іс-әрекет үшін ол өзінің мүддесіне әрекет еткен адамға да және үшінші тұлғаға да міндетті емес, яғни жауаптылық алмайды.

Басқаның мүддесінде тапсырмасыз әрекет еткен тұлға мүдделі тұлға үшін оң нәтижелерге қол жеткізген болса, одан сыйақы алуға құқылы.

Тапсырмалар:

  1. Тапсырма шарты бойынша сенім білдірілген өкіл бола алмайтын тұлғаларды атаңыз.

  2. Тапсырма шарты, өкілдік, сенімхат арақатынасы қандай?

  3. Басқаның мүддесінде тапсырмасз іс-әрекет жасау салдары қандай?

23 – тарау. Комиссия шарты (ҚР АК 865-882баптар)

23.1 Комиссия шартының түсінігі

Комиссия шарты бойынша бір тарап (комиссионер) екінші тараптың (комитенттің) тапсыруы бойынша сыйақы үшін комитент есебінен өз атынан бір немесе бірнеше мәміле жасауға міндеттенеді. Комиссия шарты екі тарапты, келісімді және ақылы шарт.

Шарт пәні - сауда айналымы саласында делдалдық қызмет көрсету.

Ішкі қатынастарға комитент-комиссионер, ал сыртқы қатынастарға комиссионер - үшінші тұлға қатысуы мүмкін.

23.2 Тараптардың құқықтары мен міндеттері

Тараптардың құқықтары мен міндеттері:

  • комиссионер үшінші адаммен жасаған мәміледен туындайтын барлық міндеттерін орындауға және барлық құқықтарды жүзеге асыруға тиіс;

комиссионер өзіне алған тапсырманы комитенттің нұсқауларына сәйкес орындауға, ал шартта мұндай нұсқаулар болмаған кезде- іскерлік айналамның дағдыларына немес әдетте комитент үшін неғұрлым тиімді жағдайларда қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындауға міндетті;

  • үшінші тұлғаны таңдауда комиссионер тиісті сақтық көрсетпеген болса, не мәмілінің орындалу кепілдігін өз мойнына алған (делькредере) болса және мәміле орындалмай қалса комиссионер алдында жауап береді;

  • комиссионер комитент есебінен жасаған мәмілені үшінші тұлғаның орындамағаны үшін жауап бермейді. Бұл жағдайда комитентке дереу хабарлауға және қажетті дәлелдерді жинау мен қамтамасыз етуге міндетті;

  • мүлікті комиссионермен келіскен бағадан төмен сатқан комиссионер, егер ол мүлікті келісілген бағамен сатуға мүмкіндік болмағанын және неғұрлым төмен бағамен сату бұдан да көп залалдан сақтағанын, сондай-ақ оның нұсқауларынан ауытқуға комитенттің алдын-ала келісімін алуға мүмкіндігі болмағанын дәлелдей алмаса, комитентке айырманы өтеуге міндетті;

  • комиссионер жасасқан мәміле бойынша комитентке не үшінші тұлғаға берілуге тиіс мүлікті өзіне тиесілі сома төленгенге дейін ұстап қалуға құқылы;

  • комиссионер комитенттің есебінен түскен барлық соманың ішінен комиссияның шарты бойынша өзіне тиесілі соманы ұстап қалуға құқылы;

  • комиссионер өзіндегі комитент мүлкінің жоғалуына, кем шығуына немесе бүлінуіне ұшыратқан әрбір қателігі үшін комитент алдында жауап береді;

  • комитент, комиссионерден шарт бойынша барлық орындалғанды қабылдауға міндетті;

  • комитент, өзі үшін комиссионер сатып алған мүлікті қарауға және осы мүлікте байқалған кемшіліктер туралы оған дереу хабарлауға міндетті;

  • комиссионерді комиссиялық тапсырманы орындау жөнінде үшінші тұлға алдында қабылдаған міндеттемелерден босатуға міндетті.

Комиссия шартын тоқтату. Комитент комиссия шартында көзделген барлық тапсырмалардың күшін жойған жағдайда, шарт тоқтатылады. Комиссия шарты өзге негіздермен қатар:

  • комиссионердің шартты орындаудан бас тартуының;

  • комиссионердің қайтыс болуы, оны әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеті шектеулі, хабар-ошарсыз кетті немесе банкрот деп танылу салдарынан тоқтатылады.

Комитент те, комиссионерде мерзімі көрсетілмей жасалған комиссия шартынан бір біріне бір айдан кешіктірмей хабарлап, шарттан кез келген уақытта бас тартуға құқылы.

Тапсырмалар:

  1. Комиссия шарты не жөнінде жасалатын мәміле?

  2. Комитент пен комиссионер бола алатын тұлғалар?

  3. Комиссия шартын мерзімінен бұрын тоқтату негіздері мен салдары.

24 – тарау. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты (ҚР АК 883-895 баптары)

24.1 Мүлікті сенімгерлікпен басқару (МСБ) шартының түсінігі, нысаны, субъектілері, объектілері

Мүлікті сенімгерлікпен басқару (МСБ) шартының бойынша бір тарап – сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы екінші тарапқа – сенімгер басқарушыға мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру, ал екінші тарап құрылтайшы атаған – пайда алушының мүдделері үшін осы мүлікті басқаруды жүзеге асыруға міндеттенуі жөніндегі келісім.

Шарт екі жақты, келісімді және ақылы болып табылады.

МСБ шартында:

  1. МСБ шартының нысанасы мен мерзімі;

  2. сенімгерлікпен басқаруға берілетін мүліктің құрамы;

  3. пайда алушы туралы нұсқау;

  4. сенімгер басқарушының есеп беру мерзімдері мен нысаны;

  5. МСБ шарты тоқтатылған жағдайда сеніп тапсырылған мүлікті алатын адамды көрсету көзделуі тиіс.

МСБ шарты жазбаша нысанда жасалуы тиіс. Шарт нысанын сақтамау немесе жылжымайтын мүлікке арналған шарттың тіркелімінің болмауы оның жарамсыздығына әкеп соғады.

Шарт ерекшеліктері:

  • шарт немесе заң актілерінде өзгеше көзделмесе, сенімгер басқарушы өзінің иеленуіне, пайдалануына және билік етуіне берілген мүлікті пайда алушының мүддесі үшін өз атынан басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

МСБ мәміле (шарт, өсиет), сот шешімдері (банкротттық, әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен немесе өлді деп жарияланған азаматтың мүлкіне қорғаншылық белгіленген кезде және заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда), әкімшілік акт (кәмелетке толмаған, қайтыс болған адамның мүлкіне қорғаншылық белгіленген; кәсіпкер мемлекеттік қызметке кірген кезде және заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда) негізінде пайда болады (белгіленеді).

Заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кірген уақыттан бастап 1 ай ішінде сол қызмет мерзіміне, заң негізінде оған тиесілі ақша мен жалға берілген өзге мүліктен басқа коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесін (акциялар пакетін) және өзге де мүлігін сенімгерлікпен басқаруға беруге міндетті.

МСБ субъектілері:

  • сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы ретінде – мүліктің меншік иесі, өзге де заттық құқық субъектісі немесе мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беруге уәкілетті құзыретті орган бола алады;

  • заң актілерінде өзгеше көзделмесе, сенімгер басқарушы ретінде кез-келген тұлға бола алады. Сенімгер басқарушы тек оның келісімімен тағайындалуы мүмкін.

  • пайда алушы ретінде – сенімгер басқарушы болып табылмайтын кез келген тұлға, сондай-ақ мемлекет немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс бола алады. Егер өзгеше көзделмесе мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы пайда алушы болып табылады.

МСБ объектілері:

  • ақша;

  • бағалы қағаздар;

  • мүліктік құқықтар;

  • басқа да кез келген мүлік.

Материалдық емес игіліктер сенімгерлікпен басқару объектісі бола алмайды.

Сенімгерлікпен тапсырылған мүлік (сенімгер басқарушы мүлкінен) бөлек есепке алынуы тиіс.

Өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру процесінде сенімгер басқарушы сатып алған және (немесе) алған мүлік сеніп берілген мүлік құрамына енгізіледі.

24.2 Шарт бойынша жауакершілік, шартты тоқтату

Құрылтайшының сенімгерлікпен басқаруға берген мүлкіне оның (банкроттығы мен мұра қалдырушы ретіндегі борыштарынан өзге) борыштары бойынша өндіріп алуға жол берілмейді.

Кепілге салынған мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кепіл ұстаушыны осы мүлікті өндіріп алу құқығынан айырмайды.

МСБ шарты бойынша мүлікке меншік құқығы сенімгер басқарушыға ауыспайды.

Сенімгер басқарушы заңи және өзге де әрекеттерді жүзеге асыра алады.

Сенімгер басқарушы мүлікті басқаруды өз атынан (сенімгер басқарушы екенін көрсете отырып) жүзеге асырады. Егер сенімгер басқарушы өзіне берілген құқықты асыра пайдаланып немесе өзі үшін белгіленген шектеулерді бұзып жасаған мәміле бойынша міндеттемені өз мүлкі есебінен мойнына алады.

Сенімгер басқарушы мүлікті сенімгерлікпен басқаруды жеке өзі жүзеге асырады. Егер басқару құрылтайшысы (пайда алушы) мақсатында мүлікті сенімгерлікпен басқаруды басқа тұлғаға беру қажеттігі туындаса немесе мәжбүр болса және оларға уақтылы хабарлау мүмкіндігі болмаса, сенімгер басқарушы басқаруды басқа тұлғаға тапсыруға құқылы. Бұл орайда сенімгер басқарушы өзі таңдап алған сенім білдірілушінің іс-әрекеті үшін өзі жасағандай жауап береді.

Сенімгер басқарушы мүлікті тиісінше басқармаған жағдайда құрылтайшы немесе пайда алушы сотқа сенмігерлікпен басқаруды тоқтату және залалдарды өтеу туралы талап қоюға құқылы.

Егер міндеттерді тиісінше орындау үшін өзіне қатысты барлық шараларды қолданғанын дәлелдей алмаса, сенімгер басқарушы кінәлі деп саналады.

Сенімгер басқарушы үшінші тұлғалардың алдында басқаруда тиісінше іс-әрекеттер жасамауы салдарынан келтірілген залалы үшін өз мүлкімен субсидиарлы жауапты болады.

МСБ шарты:

  • сенімгер басқарушы-азамат қайтыс болса;

  • өлді деп жарияланса;

  • хабар-ошарсыз кетті деп танылса;

  • әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылса;

  • заңды тұлға-сенімгер басқарушы таратылғанда;

  • сенім білдірілген мүлікті басқаруды жеке жүзеге асыру сенімгерлікпен басқарушы үшін мүмкін болмауына байланысты сенімгер басқарушы немесе құрылтайшы бас тартқанда;

  • шартта көзделсе сенімгер басқарушыға залалдар және сыйақы төленген жағдайда, құрылтайшы шартты орындаудан бас тартқанда;

  • егер шартта көзделсе, кепіл ауыртпалығымен берілген мүлікті сыйақы бере отырып басқаруға беру туралы сенімгер басқарушыға забарланбаған жағдайға орай ол бас тартқанда тоқтатылады.

Сеніп тапсырылған мүлікке меншік құқығының ауысуы мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тоқтатпайды.

Шарт тоқтатылған кезде сеніп тапсырылған мүлік шартта көрсетілген тұлғаға беріледі.

Құрылтайшы банкрот болған кезде мүлікті сенімгерлікпен басқару тоқтатылады және сеніп тапсырылған мүлік конкурстық массаға беріледі.

Жеке тұлға-құрылтайшы қайтыс болған жағдайда сеніп тапсырылған мүлік мұрагерлік массасына келіп түседі.

Егер заң актілерінде немесе шарттта өзге мерзім көзделмесе, тараптардың бірінің бастамашылығы бойынша шарт тоқтатылған кезде екінші тарап кемінде үш ай бұрын хабардар етілуі тиіс.

Тапсырмалар:

  1. «Мүлікті сенімгерлікпен басқару» алғашқы рет қай елде пайда болды?

  2. Қазақстан Республикасы мен Англия және АҚШ мемлекеттеріндегі мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттары арасында қандай айырмашылықтар бар?

  3. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын жасаудың мүмкіндігінше барлық негіздерін атаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Мемлекеттік қызмет туралы 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453-1 ҚР заңы

  2. Толеуов А.С. Право доверительного управления имуществом, Алматы, 1999

25 – тарау. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты (ҚР АК 896-909 баптары; Кешенді кәсіпкерлік лицензия туралы 24 маусым 2002 жылғы N 330 ҚР заңы)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]