Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kystaubay_O_S_GP_kaz_obsch_i_osob_okonchat_vari...doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

28.1 Негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме ұғымы, түрлері

Негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме дегеніміз – заңдармен немесе мәмілемен белгіленген негіздерсіз мүлікті басқа тұлғаның (жәбірленушінің) есебінен иеленіп алған немесе жинаған тұлға (сатып алушы) заңнамада қарастырылған жағдайлардан басқа ретте, негізсіз иеленіп алынған немесе жинақталған мүлікті алдыңғысына қайтаруға міндеттенуі жөніндегі міндеттеме (құқықтық қатынас).

Негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме түрлері:

  1. жарамсыз мәміле бойынша орындалғандарды қайтару туралы;

  2. меншік иесінің мүлікті біреудің заңсыз иеленуінен талап етуі;

  3. міндеттемедегі бір тараптың екіншісіне осы міндеттемеге байланысты орындалғандарды қайтару туралы;

  4. зиянды, оның ішінде байыған тұлғаның теріс пиғылынан келтірілген өтем туралы талаптарға да қолданылуға тиіс.

Мүлікті иеленушінің негізсіз байлығын құрайтын мүлік жәбірленушіге заттай қайтарылуға тиіс.

Мүлікті иеленуші баюының негізсіздігі туралы ол білгеннен немесе білуге тиісті болғаннан кейін болған, оның ішінде негізсіз иеленілген немесе жинақталған қандай болса да мүліктің кездейсоқ кем шыққаны немесе бүлінгені үшін жәбірленушінің алдында жауап береді. Бұған дейін ал тек жасырын ниеті мен өрескел абайсыздығы үшін ғана жауап береді.

Негізсіз алынған немес жинақталған мүлікті заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда мүлікті иеленуші жәбірленушіге осы мүліктің оны алған кездегі нақты құнын өтеуі, сондай-ақ егер мүлікті иеленуші оның құнын баюдың негізсіздігі туралы білгеннен кейін дереу өтемесе, мүлік құнының кейінгі өзгеруі арқылы келтірілген шығындарды өтеуге тиіс.

Басқаның мүлкін не басқаның қызмет көрсетулерін негізсіз уақытша пайдаланған (оны иелену ниетінсіз) тұлға жәберленушіге пайдалану тоқтатылған кездегі және оның болған жеріндегі бағамен осындай пайдалану салдарынан жинақтағанын өтеуге тиіс.

Талаптарын беру арқылы немесе өзіне өзге де түрде тиесілі құқығын жоқ немесе жарамсыз міндеттеме негізінде басқа тұлғаға берген тұлға өзінің бұрынғы жағдайын қалпына келтіруді, оның ішінде берілген құқықты куәландыратын құжаттардың өзіне қайтарылуын талап етуге құқылы.

Мүлікті негізсіз алған немесе жинақтаған тұлға мұндай

баюдың негізсіздігі туралы білген немесе білуге тиісті болған уақыттан бастап осы мүліктен өзі алған немесе алуға тиісті болған барлық кірістерді жәбірленушіге қайтаруға немесе өтеуге міндетті.

Негізсіз ақшалай баюдың сомасына ақшаны иемденушіге ақша алудың немесе жинақтаудың негізсіздігі туралы білген немесе білуге тиісті болған уақыттан бастап бөгде ақшаны пайдаланғаны үшін тұрақсыздық айыбы есептелуге тиіс.

28.2 Қайтарылуға жатпайтын негізсіз байлық

Негізсіз байлық ретінде:

1) егер міндеттемеде өзгеше көзделмесе, міндеттемені орындау үшін оны орындау мерзімі басталғанға дейін берілген мүлік;

2) талап ету мерзімі өткеннен кейін міндеттемені орындау үшін берілген мүлік;

3) азаматқа оның тарапынан теріс пиғыл болмаған жағдайда күнкөріске арналған қаражат ретінде (жалақы, авторлық сыйақы, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, зейнетақы, алименттер және т.б.) берілген және иемденуші пайдаланған ақша сомасы және өзге де мүлік;

4) егер иемденуші мүліктің қайтарылуын талап еткен тұлғаның міндеттеменің жоқтығы туралы білгендігін не мүлікті қайырымдылық мақсатында бергенін дәлелдесе, болмаған міндеттемені атқару үшін берілген ақша сомасы мен өзге мүлік қайтарылуға жатпайды.

Тапсырмалар:

  1. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер мен негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелердің айырмашылықтарын түсіндіріңіз.

  2. Қайтарылуға жатпайтын негізсіз байлық дегенді қалай түсінесіз?

29 – тарау. Интеллектуалдық меншік құқығы (ҚР АК 961-970 баптары)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]