Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kystaubay_O_S_GP_kaz_obsch_i_osob_okonchat_vari...doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

224. Тендер жеңімпазы ретінде танылатын тұлға

  1. ең қолайлы жағдайлар ұсынған тұлға

  2. ең жоғары баға ұсынған тұлға

  3. кез келген тұлға

  4. сот шешімі ғана қажет

  5. ҚР Үкіметі жеңімпазды анықтайды

225. Тендерді бірінші саудаластықта өткізілмеді деп тану негіздері

  1. егер оған қатысушылар екеуден аз болса немесе тендерге қатысушылардың ұсыныстарын оның бастамашысы тендердің талаптарын қанағаттандырмайды деп таныса

  2. егер оған қатысушылар үшеуден аз болса

  3. егер оған төрт адамнан кем қатысса

  4. тек қана тендерге қатысушылардың ұсыныстарын оның бастамашысы тендердің талаптарын қанағаттандырмайды деп ҚР Үкіметі шешімі негізінде таныса

  5. жергілікті атқару органының қалауы негізінде

226. Тендер өткізілгенде оны ұйымдастырушының міндеттері

  1. өзі ұсынған бастапқы шарттардың негізінде тендер бастамашысы үшін шарттың ең жақсы талаптарын ұсынған тендер қатысушысы мен шарт жасасу (сатушы, сатып алушы,тапсырысшы, мердігер, жалға беруші, жалға алушы және т.б.)

  2. мүлікті ең жоғары баға ұсынған адамға сату

  3. ең жоғары баға ұсынған жеке тұлғаға қызмет көрсету

  4. ең жоғары баға ұсынған тұлғаға жұмыс орындау

  5. ең жақсы талаптар ұсынған тұлғаға мүлікті сыйға тарту

227. Ағылшындық әдіспен өткізілетін сауда-саттық ұғымы

  1. бағаны арттыру (көтеру) арқылы өткізілетін сауда-саттық

  2. бағаны төмендету мен өткізілетін сауда-саттық

  3. төлемді кейінге қалдырып өткізілетін сауда-саттық

  4. алдын-ала төлеу арқылы өткізілетін сауда-саттық

  5. бағаны төмендету арқылы өткізілетін сауда-саттық

228. Голландық әдіспен өткізілетін сауда-саттық ерекшелігі

  1. бағаны төмендету арқылы өткізілетін сауда-саттық

  2. бағаны арттыру арқылы өткізілетін сауда-саттық

  3. төлемді кейінге қалдырып өткізілетін сауда-саттық

  4. алдын-ала төлеу арқылы өткізілетін сауда-саттық алдын-ала төлеу арқылы өткізілетін сауда-саттық

  5. бағаны өзгертпей өткізілетін сауда-саттық

229. Келтірілген зиян өтелуге жатпайтын жағдайлар

  1. қажетті қорғаныс жағдайында, қажетті қорғаныстың шегінен шықпай зиян келтірілсе

  2. әрекет қабілеттілігі шектеулі адам келтірілсе

  3. кәмелетке толмағандар келтірген болса

  4. жоғары қауіптілік көздері келтірген болса

  5. заңсыз соттау салдарынан азаматтарға келтірген болса

230. Жұмыс орындау немесе қызмет көрсету кезінде қызметкерлерге келтіргілен зиянды өтейтін тұлға

  1. жұмыс беруші

  2. қызметкерлердің өздері

  3. қызмеркерлердің бастықтары

  4. ҚР Үкіметі

  5. кәсіподақ

231. Жәбірленуші алдындағы бірлесіп зиян келтірушілердің жауапкершілігі

  1. бірлескен

  2. қылмыстық

  3. баламалы

  4. тәртіптік

  5. әкімшілік-құқықтық

232. Қажетті қорғану жағдайында келтірілген зиян өтеле ме?

  1. егер оның шегінен асып кетпесе, өтеуге жатпайды

  2. әрқашанда өтеледі

  3. қандай жағдайда болмасын, өтеуге жатпайды

  4. зиянды кәмелетке толмаған азамат келтірілсе, өтеуге жатпайды

  5. зиянды әрекетке қабілетсіз деп танылған адам келтірсе, өтеуге жатпайды

233. Заңды тұлға қызметкері келтірген зиянды кім өтейді?

  1. кінәлі жеке тұлға өтейді

  2. заңды тұлға өтейді

  3. ҚР Үкіметі өтейді

  4. жергілікті атқарушы орган өтейді

  5. зиян өтелмейді

234. Мемлекеттік органдардың заңнамаға сай келмейтін актілерді шығаруының салдарынан келген зиян қалай өтеледі

  1. мемлекеттік қазына есебінен

  2. жалпы негіздер бойынша

  3. осы органдардың есебінен

  4. лауазымды адамдардың мүлкі есебінен

  5. зейнетақы есебінен

235. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауап беруші

  1. егер зиян өздерінің кінасынан болмағанын дәлелдемесе, оның ата- анасы (асырап алушылары), қорғаншылары

  2. кәмелетке толмағандардың өздері

  3. жергілікті бюджет есебінен 

  4. ешкім жауапкершілікке тартылмайды -

  5. қорғаншылық пен қамқоршылық органдары

236. Жоғары қауіп көзінен туған зиянды өтеу 

  1. егер зиян дулей күштердің немесе жәбірленушінің теріс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғары қауіп көзінің иесі өтейді 

  2. барлық жағдайда, жоғары қауіп көзінде жұмыс істеген адам өтейді

  3. өтелмейді

  4. ҚР Үкіметі есебінен өтеледі

  5. жергілікті бюджет есебінен өтеледі

237. Моралдық зиян өтеу нысаны

  1. ақшалай

  2. ауызша, кешірім сұрау арқылы

  3. нақты мүлікпен (затпен) өтейді

  4. жазбаша, кешірім сұрау арқылы

  5. туыстық жолмен

238. Кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін олардың ата-аналық құқықтарынан айрылған ата-аналары жауапты жағдайлары

  1. егер зиян келтіру ата-аналарының ата-аналық құқтарынан айырылғаннан кейін 3 жыл ішінде келтірілген болса және сот сол баланың ата-аналары тәрбиелеу міндеттерін тиісті дәрежеде жүзеге асырмаған деп тапса

  2. ата-аналық құқығынан айрылған соң 5 жылдан кейін баласы зиян келтірсе

  3. егер зиян келтірген баланың іс қимылы ата-аналарының соңғы 10 жылда сол баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісті дәрежеде жүзеге асырмағанының салдары болса

  4. ата-аналық құқықтарына айрылса да кез-келген жағдайда және уақытта жауапты, себебі зиян келтіруші солардың баласы

  5. егер ата-аналары баласын тиісті дәрәжеде ата-аналық құқықтарынан айырылғанға дейін тәрбиелемегеніне кінәлі екендігі дәлелденбесе

239. Он сегіз жасқа дейінгі азамат келтірген зиянды өтеген оның ата-аналары кейін оның кәмелетке толуы байланысты кері талап қоя ала ма?

А. қоя алмайды

В. қоя алады

С. сот шешеді

D. прокуратура шешеді

E. жергілікті атқарушы орган шешеді

240. Қандай зиян өтелуге жатпайды? 

  1. зиян келтірушінің кінәсімен келтірілген зиян 

  2. жәбірленушінің қасақана кінәсімен келтірілген зиян 

  3. әрекет қабілеті шектеулі адам келтірген зиян

  4. заңды тұлға келтірген зиян 

  5. 14 жасқа дейінгі азамат келтірген зиян

241. Тауардың жеткіліксіздігі салдарынан келтірілген зиянды өтеу жүктелетін тұлғалар

  1. жәбірленушінің таңдауы бойынша тауарды сатушы немесе дайындаушы

  2. сатып алушы

  3. сыйға тартушы

  4. жалға алушы

  5. сатушы

242. Бірнеше жоғары қауіптілік көздерінің өзара іс қимылдарының салдарынан келтірілген зиян үшін жауаптылық

  1. ортақтасқан

  2. кері талап қою

  3. сингулярлық құқық мирасқорлығы тәртібімен

  4. баламалы

  5. дербестік тәртіппен

243. Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме

  1. деликтілік міндеттеме 

  2. шарттық міндеттеме

  3. конкурстық міндеттеме

  4. негізсіз баю міндеттемесі

  5. мәміле

244 Келтірілген зияны үшін жауап бермейтін тұлғалар

  1. 14 жасқа дейінгі азаматтардың өздері

  2. заңды тұлғалар

  3. жоғары қауіпті көзінің иесі

  4. әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азамат

  5. мемлекет

245. Әрекетке қабілеті жоқ деп танылған азамат келтірген зиянды кім өтейді?

  1. кінәсіз екенін дәлелдей алмаса, оның қорғаншысы

  2. зиян келтіруші

  3. жәбірленуші

  4. қамқоршы

  5. қорғаншы мен қамқоршы ортақтасып

246. Әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азамат келтірген зиянды кім өтейді?

  1. осы азаматтың өзі өтейді

  2. оның ата-анасы өтейді

  3. қамқоршысы өтейді 

  4. жергілікті бюджет есебінен өтеледі

  5. кім өтейтінін сот шешеді

247. Зиян келтірушінің кінәсінің бар жоғына қарамастан өтелетін моралдық зиян

  1. жоғары қауіптілік көзінен азаматтың өмірі және денсаулығына келтірілсе

  2. жоғары қабатта тұратын көрші үйден су ағып, зиян келтірілсе

  3. өрт шығып мүлікке зиян келтірілсе

  4. азамат азаматшамен неке тұрам деп, алдап кетсе

  5. су қайығы аударылып, азаматтың жеке басын растайтын құжаттары мен ақшасы суға кетіп, зиян келтірілсе 

248. Мүліктік зиян мен моралдық зиянның өтелу ерекшеліктері 

  1. моралдық зиян өтелуге тиіс мүліктік зиянға қарамастан өтелуі тиіс

  2. моралдық зиян өтелмейді, себебі мүліктік зиян өтеледі

  3. мүліктік зиян өтелмейді, себебі моралдық зиян өтеледі

  4. ҚР Үкіметі анықтайды 

  5. сот біреуін ғана өтеу жөнінде шешім шығарады

249. 14 пен 18 жас арасындағы азамат келтірген зиян үшін кім жауапты?

  1. жалпы ереже бойынша оның өзі дербес жауап береді

  2. әрқашанда ата-анасы жауап береді

  3. қорғаншысы жауап береді

  4. қамқоршысы жауап береді

  5. кәмелетке толмағандықтан, заңнамада жауаптылық қарастырылмаған

250. Тауардың (жұмыстың,қызметтің) жарамдық (қызмет) мерзімі белгіленбесе және олардың кемшілігінен туындаған зиян өтелуі тиіс мерзім

  1. тауар (қызмет көрсету, жұмыс) өндірілген күннен бастап10 жыл ішінде

  2. тауарды (жұмысты,қызметті) алған күннен бастап 5 жыл ішінде

  3. тауар (жұмыс,қызмет көрсету) өндірілген күннен бастап 20 жыл ішінде

  4. тауар (жұмыс,қызмет көрсету) өндірілген күннен бастап 1 жыл ішінде

  5. тауарды (жұмысты,қызмет көрсетуді) алған күннен бастап 3 жыл ішінде

251. Моральдық зиян ұғымы

  1. жеке және заңды тұлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемуі, соның ішінде тән және жан азабы

  2. жеке және заңды тұлғаларға келтірілген жан азабы

  3. жеке тұлғаларға келтірілген тән азабы

  4. тек заңды тұлғаларға келтірілген тән және жан азабы

  5. мемлекеттің мүліктік құқықтарының бұзылуы, кемуі

252. Негізсіз баюды құрайтын мүлікті иемденуші:

  1. мүлікті табиғи күйінде қайтаруға міндетті

  2. ақшалай нысанда қайтаруға міндетті

  3. қайтаруға міндетті емес 

  4. мемлекетке өткізсе болады 

  5. қайырымдылық үйіне берсе жеткілікті 

253. Мүлікті (затты) меншікке беру жөніндегі міндеттемелерге жататыны 

  1. тауар жеткізілімі шарты 

  2. сақтандыру шарты

  3. факторинг шарты

  4. франчайзинг шарты

  5. авторлық шарт

254. Мүлікті (затты) пайдалануға беру жөніндегі міндеттемеге жататыны

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]