Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kystaubay_O_S_GP_kaz_obsch_i_osob_okonchat_vari...doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

25.1 Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты: түсінігі және нысаны

Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша бір тарап (кешенді лицензиар) екінші тарапқа (кешенді лицензиатқа) сыйақыға айрықша құқықтар кешенін (лицензиялық кешен) беруге міндеттенеді.

Шарттың ерекшеліктері:

Шарт екіжақты, ақылы, келісімді болып табылады.

Шарт объектісі:

  • фирмалық атау;

  • қорғалатын коммерциялық ақпаратты пайдалану құқығы;

  • тауар белгісі;

  • қызмет көрсету белгісі;

  • патент және т.б.

Шарт субъектілері:

- кешенді лицензиар және кешенді лицензиат ретінде коммерциялық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер.

Шарт жазбаша нысанда жасалуы тиіс.

Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Лицензиардың міндеттері:

  • шартта көзделген мерзім мен көлемде лицензиатқа техникалық және коммерциялық құжаттаманы беруге;

  • лицензиатқа қажетті өзге де ақпаратты ұсынуға;

  • лицензиатты оқытуға және консультация беруге;

  • тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасы бойынша лицензиатқа қойылатын талаптарға сәйкес субсидиарлық жауапкершілікте болуға;

  • егер шартта өзгеше көзделмесе, шарттың тіркелуін қамтамасыз етуге міндетті.

Лицензиаттың міндеттері:

  • лицензиардың лицензиялық кешенін шартта көрсетілген түрде пайдалануға;

  • лицензиарды өзінің өндірістік аумағына жіберуге;

  • лицензиарға қажетті құжаттаманы беруге,

  • лицензиар берген айрықша құқықтардың дұрыс пайдалануына бақылау жасауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға көмек көрсетуге;

  • лицензиардың айрықша құқықтарды пайдалану әдісі мен шарттарына қатысты барлық нұсқауларын сақтауға;

  • лицензиардың өндірістік құпиясын және одан алынған коммерциялық жасырын ақпаратты жария етпеуге;

  • сатып алушыларды (тапсырыс берушілерді) айрықша құқықтар кешінін пайдаланатындығы туралы хабардар етуге міндетті.

25.2 Шарттағы шектеу (эксклюзивтік) талаптары:

  • лицензиардың лицензиатқа бекітілген аумақта қолдану үшін басқа ұқсас кешенді кәсіпкерлік лицензияларды бермеуі немесе осы аумақта тікелей дербес қызметті жүргізуден тартыну міндеттемесі;

  • лицензиаттың айрықша құқықтар бойынша жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметіне қатысты лицензиармен бәсекеге түспеу міндеттемесі;

  • лицензиардың бәсекелестерінен басқа да кәсіпкерлік лицензияларды алудан лицензиаттың бас тартуы;

  • шарт бойынша берілген айрықша құқықтарды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын үй-жайдың орналасқан жерін, сондай-ақ оның сырты мен ішін безендіруді лицензиармен келісу мендеттемесі көзделуі мүмкін.

Франчайзинг шартының шектеу талаптары мынадай жағдайда:

  • лицензиардың лицензиат сататын тауардың (орындайтын жұмыс, көрсететін қызмет) бағасын анықтауға не аталған бағаның жоғарғы немесе төменгі шегін белгілеуге құқығы болғанда;

  • лицензиаттың белгілі бір санаттағы сатып алушыларға (тапсырыс берушілерге) ғана не шартта белгіленген аумақта ғана орналасқан жері бар ерекше сатып алушыларға (тапсырыс берушілерге) тауарлар сатуға (жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге) құқығы болғанда жарамсыз деп табылады.

25.3 Кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шарты

Кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шарты да жасалуы мүмкін. Негізгі шарттың тоқтатылуы немесе жарамсыз деп танылуы қосалқы лицензия шартын да тоқтатады немесе жарамсыз деп таниды. Егер шартта өзгеше көзделмесе, қосалқы лицензиаттың іс-әрекетімен лицензияарға келтірілген зиян үшін лицензиат субсидиарлық жауапты болады.

Лицензия кешеніне кіретін қандай да болсын жекелеген айрықша құқықтың басқа тұлғаға ауысуы шартты өзгертуге немесе бұзуға негіз болып табылмайды. Жаңа құқық иеленуші басқаға ауысқан айрықша құқыққа қатысты құқықтар мен міндеттер бөлігінде шартқа кіреді.

Шарт:

  • лицензиарға тиесілі фирмалық атау немесе коммерциялық ақпаратқа құқық тоқтатылған жағдайда;

  • лицензиар фирмалық атауды лицензиаттың келісімінсіз өзгерткен жағдайда;

  • тараптың бірі банкрот деп жарияланғанда;

  • егер шартта ұзақ мерзім көзделмесе, бір тарап басқа тарапты алты ай бұрын хабардар ете отырып, бас тартқанда тоқтатылады.

Лицензиар-азамат қайтыс болған жағдайда оның құқықтары мен міндеттері алты ай ішінде кәсіпкер ретінде тіркелетін мұрагерге ауысады. Өзге жағдайда шарт тоқтатылады. Мұрагер тиісті құқықтар мен міндеттерді қабылдағанға дейінгі немесе мұрагерді кәсіпкер ретінде тіркегенге дейінгі кезеңде лицензия кешенін басқаруды белгілі тәртіппен нотариус тағайындаған сенімгер басқарушы жүзеге асырады.

Тапсырмалар:

- Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын не себептен франчайзинг шарты деп те атайды?

- Кешенді лицензиар мен кешенді лицензиат бола алатын тұлғалар.

- Лицензияланатын қызмет, жұмыс түрлеріне кешенді лицензиялау шартының қатысы бар ма?

26 – тарау. Конкурстық міндеттемелер (ҚР АК 910-916 баптары)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]