- •Мазмұны
- •2.3 Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық құқықтың субъектілері ретінде
- •3.3 Бағалы қағаздар азаматтық құқық объектілері ретінде
- •3.4 Азаматтық құқықтың өзге де объектілері
- •4.3 Жарамсыз мәміле түсінігі, түрлері және құқықтық салдары
- •5.1 Өкілдік түсінігі, белгілері, түрлері
- •5.2 Сенімхат түсінігі, түрлері, мерзімдері, тоқтатылуы
- •6.1 Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі және түрлері
- •6.2 Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және азаматтық міндеттерді орындау мерзімдері
- •7.1 Меншік құқығы жөніндегі жалпы ережелер
- •7.2 Меншік құқығының пайда болуы және тоқтатылуы (қр ак 235-258 баптары)
- •8.2 Міндеттемені орындау (қр ак 272-291 баптары)
- •8.4 Міндеттемені тоқтату (қр ак 367—377 баптары)
- •10.2 Аралас, ақылы және ақысыз, жария, қосылу, алдын ала жасалатын, үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарттар
- •10.4 Шартты өзгерту және бұзу
- •Тестілік тапсырмалар
- •1. Қандай қоғамдық қатынастар Азаматтық құқықтың нысанасы (пәні) болып табылады?
- •2. "Заңды тұлға" түсінігі қандай нормативтік құқықтық актіде берілген?
- •18. Коносамент дегеніміз -
- •19. Акция дегеніміз -
- •20. Облигация дегеніміз –
- •Суброгация
- •57. Қандай жағдайда азаматтың әрекет қабілеттілігі шектелуі мүмкін?
- •68. Коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдастыру-құқықтық нысандары:
- •69. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға қандай нысандарда құрылуы мүмкін?
- •83. Толық серіктестік қатысушыларының серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауапкершілігі қандай?
- •84. Сенім серіктестігі дегеніміз -
- •85. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік дегеніміз -
- •Суброгация
- •135. Толық серіктестік
- •136. Жазбаша нысанда жасалуы тиіс мәмілелер:
- •137. Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау
- •147. Фьючерстік мәміле бойынша:
- •148. Опциондық мәміле дегеніміз -
- •149. Мәміленің бір бөлігінің жарамсыздығы мәмілені:
- •150. Мәміле жасауға уәкілдік берілмеген тұлғаның басқа тұлға атынан немесе өкілеттілігін асыра пайдаланып жасалған мәмілесі:
- •151. Кәсіпкерлер шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші тұлға (коммерциялық өкіл) қандай құжат негізінде әрекет жасайды?
- •152. Коммерциялық өкіл бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын түрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады ма?
- •153. Сенімхат дегеніміз -
- •160. Сот талап қою мерзімін қандай жағдайда қолдана алады?
- •161. Сот талап қою мерзімін қандай уақытта қолдана алады?
- •162. Басты талап бойынша талап қою мерзімінің бітуіне байланысты қосымша талаптар бойынша талап қою мерзімі аяқталады ма?
- •163. Төмендегі көрсетілген талаптардың қайсысына талап қою қолданылмайды?
- •164. Эмансипация ұғымы
- •165. Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысында талап қою мерзімінің өтуі үзіледі?
- •205. Оралымды басқару құқығы
- •206. Сервитут
- •207. Иелену құқығы
- •208. Пайдалану құқығы болып заңмен қамтамасыз етілген төмендегі мүмкіндік
- •231. Кепілзат
- •232. Ипотека
- •233. Кепіл мәні (насанасы) бола алатындар:
- •234. Кепіл мәні (нысанасы) болып табылатын ақша қайда орналастырылады?
- •236. Айналымдағы тауарларды кепілге салу
- •Суброгация
- •259. Борышқорлардың субсидиялық жауапкершілігі болған жағдайда несие беруші
- •260. Регрестік міндеттемелер
- •265. Қосылу шарты бойынша немесе тұтынушы ретіндегі азамат несие беруші болып табылатын өзге шарт бойынша борышқордың жауапкершілік мөлшерін шектеу жөніндегі келісім
- •266. Міндеттеменің орындалу мерзімін өткізіп алған борышқор
- •267. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде борышқор үшінші жақтардың әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер
- •268. Несие беруші мерзімді өткізіп алған кезде міндеттемені орындаудың кездейсоқ мүмкін болмай қалуының жауапкершілігі кімде?
- •269. Белгілі бір затты меншікке немесе несие берушінің пайдалауына жеке беру міндеттемесін орындамаған жағдайда, несие беруші:
- •270. Ішінара әрекет қабілеттілік қай жастар арасын қамтиды?
- •271. Міндеттеме орындалмаған жағдайда залалды өтеу және оны орындамаған үшін айып төлеу
- •Міндеттемені орындау
- •Тараптардың құқықтары мен міндеттері
- •283. Ақысыз шарт дегеніміз -
- •284. Жария шарт дегеніміз -
- •Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім)
- •12.1 Рента шарты туралы жалпы ережелер
- •13.1 Сыйға тарту шартының түсінігі, ерекшеліктері
- •13.2 Қайырмалдық
- •14.2 Прокат шартының ерекшеліктері
- •16.1 Көлік қатынастарына қатысты негізгі терминдер, көлік құралдарына қойылатын талаптар
- •16.2 Тасымалдаушының, жүк жөнелтушінің, жолаушының жауапкершілігі
- •16.5 Көлік экспедициясы шарты
- •17.1 Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының түсінігі, нысанасы (пәні), нысаны
- •17.2 Тараптардың құқықтары мен міндеттері, жауапкершілігі
- •18.2 Банктік шот шарты
- •18.4 Банк салымы шарты
- •19.2 Төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыру
- •20.1 Сақтау шартының түсінігі, нысаны, мерзімі, сыйақы мөлшері, тараптардың жауапкершілігі
- •20.2 Затты ломбардта сақтау ерекшеліктері
- •20.3 Құндылықтарды банкте сақтау
- •20.4 Көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау шарты
- •20.7 Тауар қоймасында сақтау
- •21.1 Сақтандыру ұғымы, объектісі, нысандары, түрлері
- •21.2 Сақтандыру құқықтық қатынастарына қатысушылар және өзге де ұғымдар
- •21.3 Сақтандыру шартының ұғымы, мазмұны, нысаны
- •21.4 Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздері
- •21.6 Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату
- •21.7 Сақтандыру шартының жарамсыздығы Сақтандыру шартының жарамсыздығы:
- •21.8 Сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау
- •22.2 Тараптардың жауапкершілігі, шартты тоқтату
- •23.1 Комиссия шартының түсінігі
- •23.2 Тараптардың құқықтары мен міндеттері
- •25.1 Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты: түсінігі және нысаны
- •26.1 Конкурстық міндеттемелердің ұғымы мен түрлері
- •27.1 Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме ұғымы мен алғышарттары
- •26.2 Лотереялар, тотализаторлар және өзге де ойындар өткізу ерекшеліктері
- •27.2 Зиян келтірілгені үшін жауаптылықтың кейбір түрлері
- •28.1 Негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме ұғымы, түрлері
- •28.2 Қайтарылуға жатпайтын негізсіз байлық
- •29.1 Интеллектуалдық меншік құқығы туралы жалпы ережелер
- •29.2 Авторлық құқық және сабақтас құқықтар (қр ак 971 – 990 баптары)
- •30.1 Фирмалық атауға құқықтың түсінігі, әрекет етуі және оны иеліктен алу.
- •30.2 Тауар белгісінің түсінігі мен қолданылуы.
- •30.3 Тауардың шығу жері атауының түсінігі, қолданылуы
- •31.1 Мұрагерлік түсінігі, негіздері. Мұраның құрамы, ашылуы, ашылу орны
- •31.2 Мұрагерлер. Мұрадан лайықсыз мұрагерлерді шеттету
- •31.3 Өсиет бойынша мұрагерлік
- •31.4 Заң бойынша мұрагерлік
- •Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім) бойынша тестілік тапсырмалар
- •1. Сатып алу-сату шартының ең толық және дұрыс анықтамасы
- •24. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша аталған әрекеттердің қайсысы абоненттің міндеті болып табылмайды?
- •25. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда:
- •29. Айырбас шарты
- •31. Айырбас шарты бойынша
- •76. Кондоминиум дегеніміз -
- •77. Пәтер иелерінің кооперативі (пик) дегеніміз:
- •102. Фрахт алушы (фрахтователь) дегеніміз:
- •103.Тіркелген жүк немесе теңдеме жүкті жоғалды деп тану мерзімі
- •Даулы заттарды сақтау
- •Тауар қоймасында сақтау
- •155. Сақтандыру ұйымына заемдар алуға болмайтын пайыз мөлшері
- •156. Сақтандыру агенті ұғымы
- •157. Сақтандыру бойынша ірі мәмілелер жасау жөніндегі шешімді кім бекітеді?
- •158. Аннуитеттік сақтандыру ұғымы
- •Суброгация
- •166. Жалпы ереже бойынша тапсырма шартын біржақты тәртіппен бұзуға бола ма?
- •167. Тапсырма шарты мен комиссия шартының айырмашылығы
- •168. Комиссия шартына сәйкес комиссионердің міндеті
- •217. Конкурс түрлері
- •218. Жабық конкурс түсінігі
- •219. Конкурс ғылым,әдебиет немесе өнер шығармаларын жасау жөнінде жарияланған болса, конкурс бастамашысы иеленетін құқықтар
- •220. Көпшілік алдында сыйақы төлеу туралы уәде еткен тұлғаның сол уәдесінен бас тартуына болмайтын жағдайлар
- •221. Лоторея, тотализатор немесе өзге ойындар жүргізгенде ұтыс төлеу мерзімі олардың ережелерінде көрсетілмесе, ұтыс төленетін мерзім
- •222. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құмар ойындар мен бәстігуді ұйымдастыруға, өткізуге немесе оларға қатысуға байланысты талаптары
- •223 Қазақстанда құмар ойындарды жүргізуге құқылы тұлғалар
- •224. Тендер жеңімпазы ретінде танылатын тұлға
- •225. Тендерді бірінші саудаластықта өткізілмеді деп тану негіздері
- •226. Тендер өткізілгенде оны ұйымдастырушының міндеттері
- •Лизинг шарты
- •Лизинг шарты
- •259. Пайдалы модельді патентке қабілетті деп тану негіздері
- •260. Өнертабыс, пайдалы модель және өнеркәсіптік үлгінің авторы ретінде танылатын тұлға
- •266. Өнертабыс түсінігі
- •267. Тауар белгісіне құқықтың қолданылу мерзімі
- •268. Сабақтас құқықтарды қорғау белгісі
- •276. Мұрадағы міндетті үлестің мөлшері
- •277. Өсиет қалдырушының өсиетті өзгерту және күшін жою құқықтары
- •278. Мұра қалдырушыға несие берушілердің құқықтары
- •280. Заң бойынша мұрагерлердің екінші кезегі
- •281. Өсиетке енгізілмеген мүлік бөлігінің құқықтық жағдайы
- •282. Мұра қалдырушымен заңды некеде тұрған, бірақ іс-жүзінде бірге тұрмайтын оның жұбайына (жолдасына) мұра тиесілі бола ма?
13.2 Қайырмалдық
Қайырмалдық дегеніміз – жалпы пайдалы мақсатта заттарды немесе құқықтарды сыйлау.
Қайырмалдық азаматтар, емдеу, тәрбиелеу, әлеуметтік бейімделу, ғылым, оқу орындары, қорлар, мұрағаттар, мәдени орталықтар, қоғамдық, діни бірлестіктер, мемлекет пайдасына жасалуы мүмкін.
Қайырмалдықты қабылдау үшін рұқсат немесе келісім талап етілмейді.
Нақты мақсатты берілген қайырмалдықты қабылдаған заңды тұлға осы мүлікті (затты) пайдалану жөнінде арнайы есеп жүргізуге міндетті. Егер қайырмалдықты мақсатына сай пайдалану туындаған жағдайларға байланысты мүмкін болмаса, қайырмалдық жасаушының келісімімен басқа мақсатта пайдаланылады. Егер, қайырмалдық жасаушы адам қайтыс немесе заңды тұлға таратылған болса, сот шешімі қажет. Егер, қайырмалдық өзге мақсатта пайдаланылса, қайырмалдық жасаушы немесе оның құқық қабылдаушылары қайырмалдықтың күшін жоюды талап етуге құқылы.
Тапсырмалар:
Сыйға тарту шарты қандай қатынастардан туындайды?
«Сыйға – сый, сыраға – бал» мәтелінің сыйға тарту шартына қатысы бар ма?
Сыйға тарту шарты мен қайырмалдық, қайырымдылық ұғымдары арасында қандай айырмашылықтар бар?
14 – тарау. Мүлікті пайдалануға беру жөніндегі міндеттемелер
14.1 Мүлік жалдау шартының жалпы ережелері (ҚР АК 540-564 баптары)
Мүлік жалдау шарты - жалға беруші мүлікті жалға алушының уақытша ақылы пайдалануына және иеленуіне беруге міндеттенуі, ал жалға алушы мүліктің қалыпты тозуын (көнеруін) ескере отырып пайдалануға және жалдау ақысын төлеуге міндеттенуі жөніндегі келісім.
Шарттың ерекшеліктері:
шарт екі жақты, ақылы, консенсуалды, мерзімді;
мүлік жалға алушыға (егер өзгеше көзделмесе меншік құқығы ауыспастан) уақытша пайдалану мен иеленуге беріледі;
шарт объектісі ретінде жеке белгілерімен анықталған тұтынылмайтын заттар табылады;
шарт жай жазбаша, субъектілеріне қарай нотариалды куәландыру және объектісіне қарай мемлекеттік тіркеу түрінде жасалуы мүмкін;
Жалға берушінің негізгі міндеті шарт объектісі болып табылатын мүлікті жалға алушыға беру. Жалға беруші осы міндетін орындамаған жағдайда, жалға алушы мүліктің берілуін талап етуге немесе шартты бұзуға құқылы.
Жалға алушының негізгі міндеті – жалдау ақысын уақтылы төлеу. Егер жалға алушы мүлікті мақсатына сай пайдаланбаса, жалға беруші шарттың бұзылуын талап етуге құқылы.
Жалға алушы жалға берушінің келісімімен жалданған мүлікті қосымша жалға, тегін пайдалануға, жалдау құқықтарын кепілге беруге құқылы. Сонымен қатар, мүлікке жақсартулар жасауға құқылы.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, жалданған мүліктің күрделі жөндеуі жалға берушіге, ал ағымдағы жөндеуі жалға алушыға жүктеледі.
Жалдау шартының түрлері: прокат, көлік құралдарын жалдау, кәсіпорынды жалдау, ғимараттарды жалдау, лизинг шарты, тұрғын үйді жалдау.
14.2 Прокат шартының ерекшеліктері
Прокат шартының ерекшеліктері (ҚР АК 595-600 баптары):
жалға беруші – кәсіпкер (жеке кәсіпкер немесе коммерциялық ұйым);
шарт нысанасы (пәні) ретінде тұтыну мақсатында пайдаланылатын жылжитын мүлік табылады;
шарт жария болып табылады;
шарт бір жылдан аспайтын мерзімге жасалады;
шарт жазбаша нысанда жасалады;
жалға алушының шартты ұзартуда басымдылық құқығы болмайды;
жалға беруші шарт жасасқан кезде мүліктің (заттың) қалыпты жұмыс істеуін тексеруге және оны пайдалану ерекшеліктерімен жалға алушыны таныстыруға міндетті;
жалға алушы жалға берушіні он күн алдын ала ескерте отырып, шартты кез келген уақытта бұзуға құқылы;
жалдау ақысы ақшалай нысанда төленеді;
мүліктің күрделі де ағымдағы да жөндеуі жалға берушіге жүктеледі;
жалға алушының жалға алған мүлікті қосымша жалға, өз құқықтарын үшінші тұлғаға беруге, кепілге беруге, тегін пайдалануға беруге құқығы жоқ.
14.3 Көлік құралдарын жалдаудың ерекшеліктері (ҚР АК 585-594 баптары)
Көлік құралын жалдау шарты бойынша жалға беруші көлік құралын жалға алушының уақытша ақылы пайдалануына және иеленуіне беруге міндеттенеді, ал жалға алушы көлік құралының қалыпты тозуын (көнеруін) ескере отырып пайдалануға және жалдау ақысын төлеуге міндеттенеді.
көлік құралдарын экипажымен және экипажсыз жалдауға болады;
- шарт жазбаша нысанда жасалуы тиіс;
- көлік құралын экипажымен жалдау шарты бойынша көлік құралының күрделі де ағымдағы да жөндеу жұмыстары жалға берушіге жүктеледі;
- осы шарт бойынша мерзімі ішінде көлік құрылының қалыпты және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жалға берушіге жүктеледі;
жалға беруші көлік құралын экипажбен қамтамасыз етуге міндетті және экипаж мүшелерінің қызметін жалға беруші төлейді, себебі соның қызметкерлері болып табылады;
көлік құралын сақтандыру міндеті және көлік құрылын пайдалануға байланысты келтірілген зиянды жалға беруші өтейді.
Көлік құрылын экипажсыз жалдау шартының ерекшеліктері:
көлік құралының күрделі де ағымдағы да жөндеу жұмыстары жалға алушыға жүктеледі;
көлік құрылын техникалық жөндеу және басқару жалға алушы есебінен жүзеге асырылады;
көлік құралын сақтандыру міндеті және көлік құрылын пайдалануға байланысты келтірілген зиянды жалға алушы өтейді.
14.4 Кәсіпорынды жалдау шартының ерекшеліктері(ҚР АК 573-580 баптары)
Кәсіпорынды жалдау шарты бойынша жалға беруші кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде кәсіпкерлік мақсатта жалға алушының ақылы негізде уақытша пайдалануына және иеленуіне беруге міндеттенеді, ал жалға алушы жалдау ақысын төлеуге міндеттенеді.
Шарттың ерекшеліктері:
жалдау нысанасы (пәні) ретінде кәсіпорын – мүліктік кешен ретінде қарастырылады.
қызметтің, жұмыстың лицензия негізінде жүзеге асырылатын түрлері жалдау шарты арқылы берілмейді;
кәсіпорын несие берушілерін міндетті түрде жалдау шарты жасалатыны жөнінде хабарландыру;
шарт жай жазбаша нысанда жасалады;
кәсіпорынды беру өткізу актісі негізінде жүзеге асады;
шартты мемлекеттік тіркеу міндетті;
егер шартпен немесе заңнамамен өзгеше қарастырылмаса, жалға алушы кәсіпорынды қосымша жалға, қайта жалдауға беруге, сатуға құқылы, бірақ кәсіпорынның бағасы төмендемеуі тиіс;
жалға алушы жалға берушінің келісімінсіз кәсіпорынның құрамына жақсартулар енгізуге құқылы;
егер шартпен өзгеше қарастырылмаса, жалға алушы мүлікке енгізген ажырамайтын жақсартулардың шығынын жалға берушіден талап етуге құқылы.
14.5 Лизинг шартының ерекшеліктері
Лизинг шарты (ҚР АК 565-572 баптары) ҚР «Қаржы лизингі туралы» 5 шілде 2000 жылғы Заңы.
Лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан сатып алуға және кәсіпкерлік мақсатта қолдану үшін лизинг алушының ақылы пайдалануына және иеленуіне беруге міндеттенеді, ал лизинг алушы жалдау ақысын төлеуге міндеттенеді.
Шарт нысанасы (пәні) ретінде ғимараттар, машиналар, құралдар, көліктер, жер учаскелері және өзге де тұтынылмайтын заттар табылады.
шартта мүлікті сатушының атауы;
лизинг алушыға мүлікті беру жағдаяттары мен мерзімі;
төлемдердің мөлшері мен мерзімділігі;
шарт мерзімі;
егер шартта көзделсе, мүліктің лизинг алушы меншігіне өту жағдаяттары.
Лизинг беруші мүліктің лизинг алушыға беру үшін арналғаны жөнінде сатушыны хабардар етуге міндетті;
Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүліктің кездойсоқ жойылу немесе бүліну қаупі мүлік лизинг алушыға өткен сәттен бастап, оған жүктеледі;
Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлікті лизинг алушыға (ол орналасқан жерге) сатушы беруге міндетті;
Егер мүлік шарт мерзімі ішінде лизинг алушыға берілмесе және ол үшін лизинг беруші жауапты болса, лизинг алушы шартты бұзуға және келтірілген зиян орнын өтеуді талап етуге құқылы;
Мүліктің сапасына, жиынтығыны, жеткізілу мерзіміне және өзге де ережелеріне қатысты орындалмау жөніндегі талаптарын тікелей сатушыға қоюға құқылы;
Сатушы алдында лизинг беруші мен лизинг алушы ортақтасқан несие беруші болып табылады;
- егер шартта өзгеше көзделмесе және мүлікті лизинг беруші таңдаған болса, онда лизинг алушы мүліктің сапасына және шарттың орындалмаған өзге де жағдаяттары бойынша талапты сатушыға да лизинг берушіге де қоюға құқылы және олар лизинг алушы алдында ортақтасып жауап береді.
14.6 Тұрғын үйді жалдау ерекшеліктері
Тұрғын үйді жалдау ерекшеліктері (ҚР АК 601-603 баптары, Тұрғын үй қатынастары туралы 16 сәуір 1997 жылғы ҚР Заңы).
Тұрғын үйді жалдау шарты бойынша меншік иесі немесе өкілетті тұлға (жалға беруші) тұрғын үйді уақытша немесе тұрақты тұру үшін азаматқа (жалға алушыға) және оның отбасына ақылы негізде пайдалануға және иеленуге беруге міндеттенеді, ал жалға алушы тұрғын үйді мақсатына сай пайдалануға және жалдау ақысын төлеуге міндеттенеді.
Шарттың ерекшеліктері:
- түрлері: мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау және жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау:
Шарт ережелері |
Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау |
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау |
Шарт нысанасы (пәні) |
Жеке тұрғын үй, пәтер, оқшау бөлме, жапсарлас бөлме, бөлме бөлігі |
Жеке тұрғын үй, пәтер, оқшау бөлме |
Шарт нысаны |
Жазбаша. 1 жылға дейінгі мерзімге жасалса, салық комитетінде тіркелуі қажет. Бір жылдан астам мерзімге жасалса, (халыққа қызмет көрсету орталығында) мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. |
Жергілікті атқарушы орган шешімі шыққан соң 14 күн ішінде шарт жасалуы тиіс. Мемлекеттік тіркеу қажет етілмейді. |
Жалға алушы ретінде |
Кез-келген жеке және заңды тұлға |
Қазақстан азаматтары және оралмандар |
Жалға беруші ретінде |
Меншік иесі немесе өкілетті болып табылатын кез-келген жеке және заңды тұлға |
Жергілікті атқарушы орган немесе мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігі |
Шарт мерзімі |
Шектеулі мерзім |
Қызметтік пәтерлер бойынша – қызмет мерзіміне беріледі. Мысалы, депутаттар, әскери қалашықтағы қызметтік пәтерлер |
Қызметтік пәтерге теңестірілген пәтерлер бойынша – тұрақты мерзім |
||
Мемлекеттік жатаханада - уақытша |
||
Төлемдер |
Жалға алушы жалдау ақысын төлейді. Коммуналдық қызметтерді де төлеуі мүмкін |
Жалға алушы коммуналдық қызметтерді ғана төлейді |
Құқықтар мен міндеттер |
Жалпы ереже бойынша тұрғын үйдің күрделі жөндеуін меншік иесі, ағымдағы жөндеуін жалға алушы жүргізеді. - жекешелендіру жоқ; - жалға беруші жалға алушымен бірге тұратын болса, бір ай бұрын мүдделі тарап екінші тарапты ескерте отырып шартты бұзуға құқылы; - жалға беруші жалға алушымен бірге тұрмайтын болса, үш ай бұрын мүдделі тарап екінші тарапты ескерте отырып шартты бұзуға құқылы.
|
Мемлекеттік пәтерді алу үшін мүдделі азамат жергілікті атқарушы органға барып кезекке тұруы қажет. Жалпы ереже бойынша тұрғын үйдің күрделі жөндеуін меншік иесі, ағымдағы жөндеуін жалға алушы жүргізеді. - Қызметтік пәтерге теңестірілген пәтерлер жекешелендірілуі мүмкін; - жалға алушы «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үйден тұруға ыңғайлы немесе жарамды басқа тұрғын үй беріле немесе берілместен шығарылуы мүмкін. |
Тапсырмалар:
Мүлікті пайдалану және иелену ұғымдарының арақатынасы қандай?
Прокат шартының объектісі мен мерзімі қандай?
Көлік құралдарын экипажымен және экипажсыз жалдау ерекшеліктерін атап шығыңыз.
Лизинг шартының субъектілері мен объектілері қандай?
Кәсіпорынды жалдау шартының мақсаты қандай?
Мемлекеттік тұрғын үй қорларындағы тұрғын үйлерді (пәтерлерді) жалдау шартын жасау үшін жалға алушылар қандай талаптарға сай болуы қажет?
15 – тарау. Жұмыс орындау жөніндегі міндеттемелер
15.1 Мердігерлік туралы жалпы ережелер (ҚР АК 616-682 баптары)
Мердігерлік шарты бойынша мердігер тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша белгіленген жұмысты орындауға және оның нәтижесін келісілген мерзімде тапсырыс берушіге тапсыруға міндеттенеді, ал тапсырыс беруші жұмыс нәтижесін қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.
Шарттың ерекшеліктері:
шарт екі жақты, ақылы, консенсуалды, мерзімді;
егер заң актілерімен немесе шартпен өзгеше қарастырылмаса, жұмыс тәуекелі мердігерге жүктеледі;
егер, шартпен өзгеше көзделмесе, тапсырыс беруші тапсырмасын орындау әдістерін мердігер өзі белгілейді;
егер шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігер материалдарымен, күшімен, құралдарымен орындалады және сол үшін жауапты;
егер заң актілерімен немесе шартпен өзгеше қарастырылмаса, жұмысты тапсырғанға дейін материалдардың кездойсоқ жойылу немесе бүліну тәуекелін материалдарды берген тарап көтереді;
егер заң актілерімен немесе шартпен өзгеше қарастырылмаса, жұмыс нәтижесін тапсыру және қабылдауды өткізіп алуға байланысты кездойсоқ жойылу немесе бүліну қаупі орын алса, тапсыру немесе қабылдап алу мерзімін өткізіп алған тарап көтереді;
егер заң актілерімен немесе шартпен өзгеше қарастырылмаса, мердігер шартты орындау үшін үшінші тұлғаларды (қосымша мердігерлерді) тартуға құқылы. Бұл жағдайда, мердігер тапсырыс беруші алдында бас мердігер болып табылады, ал қосымша мердігер алдында тапсырыс беруші болып саналады;
бас мердігер қосымша мердігер алдында тапсырыс беруші міндеттемесін орындамаған үшін және тапсырыс беруші алдында қосымша мердігер міндеттемесін орындамаған үшін де жауапты болады;
егер заң актілерімен немесе шартпен өзгеше қарастырылмаса, тапсырыс беруші мен қосымша мердігердің бас мердігерге байланысты шарт ережелерін орындамағандарына қатысты бір-біріне талап қоюға құқықтары жоқ;
бас мердігердің келісімімен тапсырыс беруші кейбір жұмыстарды орындау жөнінде үшінші тұлғалармен шарт жасауға құқылы. Бұл жағдайда үшінші тұлға жұмыстың орындалмағаны үшін тапсырыс беруші алдында жауапты болады;
егер, шарт бірнеше мердігермен жасалған болса және міндеттеме пәні бөлінбейтін болса, олардың барлығы да тапсрыс беруші алдында ортақтасқан борышқор немесе ортақтасқан несие беруші болып табылады. Егер, міндеттеме пәні бөлінетін болса, олардың әрқайсысы өз үлесі көлемінде құқыққа ие, міндетті атқарады;
шартта жұмысты орындаудың бастапқы және аяқталу (соңғы) мерзімдері көрсетілуі қажет;
егер шартпен өзгеше қарастырылмаса, мердігер шарттың бастапқы, аралық және/немесе соңғы мерзімдерін бұзғаны үшін де жауапты;
жұмыс бағасы (смета) болжамды (шамамен) немесе нақты болуы мүмкін. Егер, шартта өзгеше баға көрсетілмесе, жұмыс бағасы нақты деп танылады. Егер, қосымша жұмыстарды жүргізу және осыған байланысты баға өзгеру қажеттігі туындаса, мердігер уақтылы тапсырыс берушіні ескертуге және жұмысты тоқтата тұруға міндетті. Тапсырыс беруші бағаның өсуіне қарсы болса, шарттан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда, мердігер орындаған жұмысының бағасын тапсырыс берушіден талап етуге құқылы;
бағаның көтерілетіні жөнінде тапсырыс берушіні уақытылы ескертпеген мердігер жасалған шартты орындауға және онда көрсетілген жұмыс бағасын алуға ғана құқылы;
материалдарды үнемдеу арқылы мердігер жұмысты аяқтаған болса, шартта көрсетілген бағаны тапсырыс берушіден талап етуге құқылы. Егер, мердігердің үнемдеуі жұмыс сапасына кері әсерін тигізген болса, тапсырыс беруші даулауға құқылы;
егер шартта алдын ала төлеу қарастырылмаса, тапсырыс беруші жұмыс бағасын жұмыстың орындалып, тапсырылуы бойынша төлейді. Егер заң актілерінде немесе шартта көзделсе, мердігер белгілі бір алдын-ала төлемді аванс немесе кепілпұл түрінде талап етуге құқылы;
егер тапсырыс беруші шартта көзделген жұмыс сомасын уақытылы төлемесе, мердігер жұмыс нәтижесін, тапсырыс берушінің құрал-жабдықтарын, пайдаланылмаған материалдарын ұстап қалуға құқылы. Тапсырыс беруші де жұмыс ақаулықтары анықталған жағдайда мердігерге тиесілі сомадан ұстап қалуға құқылы;
мердігер тапсырыс беруші берген материалдарды үнемдеп және есеппен пайдалануға және жұмыс аяқталған соң есеп беруге міндетті. Қалған материалдарды тапсырыс берушіге қайтаруға немесе оның келісімімен өзінде қалған материалдары есебінен жұмыс бағасын азайтуға міндетті;
мердігер өзіндегі тапсырыс беруші материалдарының сақталуы үшін жауапты;
тапсырыс беруші жұмыс барысын және сапасын (мердігер қызметіне араласпастан) тексеруге құқылы;
егер мердігер жұмысты бастамаса немесе баяу атқаратын болса және шарт мерзімі ішінде жұмыстың аяқталуы мүмкін болмаса, тапсырыс беруші шарттан бас тартуға және келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге құқылы;
егер шартпен өзгеше көзделмесе, тапсырыс беруші мердігердің орындаған жұмысын (мердігерге шарттан бас тарту туралы хабар жеткенге дейінгіні) төлей отырып, жұмыс нәтижесі тапсырылғанға дейінгі кез-келген уақыт ішінде шарттан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда, тапсырыс беруші, шарттың тоқталуына орай мердігердің орындаған жұмысы мен шарттың бағасы арасындағы айырмашылық көлемінде мердігерге шығындарды өтеуге міндетті.
Мына жағдайларда мердігер тапсырыс берушіні тез арада ескертуге және жұмысты тоқтатуға міндетті:
тапсырыс беруші берген материалдар, құжаттар жұмысты орындау үшін жарамсыз болса;
жұмысты орындаудың тапсырыс беруші көрсеткен әдістері ол үшін тиімсіз және жағымсыз салдарға ұшырататын болса;
- мердігерге байланысты емес өзге жағдайлар жұмыс нәтижесінің жарамдылығына немесе беріктігіне қауіп төндірсе немесе жұмысты мерзімінде аяқтау мүмкін болмаса, мердігер тапсырыс берушіні тез арада ескертуге және жұмысты тоқтатуға міндетті.
Егер шартта көзделген болса, тапсырыс беруші мердігерге көмектесуге міндетті. Мысалы, ғимарат салатын жер учаскесі тапсырыс берушіге тиесілі болса, тиісті құжаттарды жинақтау, беру т.б. Тапсырыс беруші осындай міндеттерін орындамаса, соған байланысты жұмыс тұрып қалса, жұмыс орындау мерзімі ауыстырылса, мердігер келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге құқылы.
Тапсырыс беруші мердігер қатысуымен жұмыс нәтижесін тексеруге және қабылдауға міндетті. Егер жұмыс нәтижесінде шарттан ауытқулар орын алса немесе жұмыс нашар орындалса, тез арада мердігерге хабарлауға міндетті.
Егер тапсырыс беруші жұмыс нәтижесін тексерусіз қабылдаса, көзге көрініп тұрған кемшіліктерді мердігер есебінен жою құқығынан айрылады.
Егер тапсырыс беруші жұмыс нәтижесін қабылдаған соң, көзге көрінбеген кемшіліктер (жасырын кемшіліктер) анықталса, мердігердің ақылға қонымды мерзім ішінде жоюын талап етуге құқылы.
Жасырын кемшіліктер бойынша жұмыс қабылданған күнен бастап мердігерді хабарландыру мерзімі – 1 жыл, ғимараттарға қатысты және әдейі мердігер тарапынан жіберілген кемшіліктер бойынша – 3 жыл.
Жұмыс (нәтижесі) сапасына байланысты заң актілерімен немесе шартпен мерзімдер (соның ішінде кепілдік мерзімі) қарастырылуы мүмкін.
Егер мердігер жұмысты шарттан ауытқи отырып орындаған болса және жұмыс нәтижесі нашар және пайдалануға келмейтін болса, тапсырыс беруші мына құқықтарға ие:
мердігердің есебінен кемшіліктердің жойылуын талап етуге немесе жұмыстың шартпен бекітілген бағасының тиісінше азайтылуын талап етуге немесе кемшіліктерді өз есебінен жойып, шыққан шығындарды мердігерден өндіріп алуға құқылы.
Тараптардың кейбір келіслген мәліметтері жаңа шешімдер мен техникалық ілімдерді қамтитын болса, коммерциялық құпия ретінде танылуы мүмкін және олардың келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмеуге тиіс.
15.2 Тұрмыстық мердігерлік шартының ерекшеліктері (ҚР АК 640-650 баптары)
Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша тиісті кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мердігер азаматтың (тапсырыс берушінің) тапсырмасы бойынша тұрмыстық немесе өзге де жеке қажеттерді қанағаттандыруға бағытталған нақты жұмысты орындауға міндеттенеді, ал тапсырыс беруші жұмысты қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.
мердігер ретінде тиісті мердігерлік жұмыстарды орындайтын кәсіпкер табылады;
тапсырыс беруші ретінде азамат танылады;
шарт азаматтың тұрмыстық және өзге де жеке қажеттерін қанағаттандыруға бағытталады;
шарт жария болып табылады;
мердігердің шартқа қосымша жұмыстарды енгізуіне тыйым салынады. Тапсырыс беруші мұндай қосымша жұмыстарды төлеуден бас тартуға құқылы;
жұмысты орындау мүмкіндігінің болмауын дәлелдеу мердігерге жүктеледі;
мердігердің орындаған жұмысын төлей отырып, тапсырыс берушінің шарттан бас тарта алмайтыны жөніндегі ежережелер мардымсыз болып табылады;
шарт жасалғанға дейін мердігер орындалатын жұмыс жөніндегі барлық мәліметті (жұмыстың сипаты, түрі, ерекшеліктері, бағасы, төлеу тәртібі және т.б.) тапсырыс берушіге беруге міндетті;
мердігер жұмыс нәтижесін тиімді және қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптарды тапсырыс берушіге хабарлауға міндетті;
егер жұмыс сапасыз орындалса, тапсырыс беруші мердігердің өз есебінен қайтадан сапалы орындауын талап етуге құқылы;
егер жұмыс нәтижесі тапсырыс берушінің немесе өзге тұлғалардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін болса, мұндай кемшіліктерді жою жөніндегі талап жұмыс қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде мердігерге қойылуы мүмкін.
Егер, тапсырыс беруші жұмыс нәтижесін келісілген мерзім ішінде алмаса (қабылдамаса), мердігер тапсырыс берушіні жазбаша ескерткен күнен екі ай өткен соң, жұмыс нәтижесін сатуға, өзіне тиесілі ақша сомасын алып қалуға, қалған ақша сомасын нотариус депозитіне тапсырыс берушінің атына салуға құқылы.
Егер, екі тараптың бірінің қайтыс болуына байланысты шарт тоқтатылатын болса, шарттың тоқтатылу салдары қайтыс болған тұлғаның құқық қабылдаушысы мен екінші тарап арасындағы келісіммен анықталады. Келісімге қол жетпеген жағдайда сот тәртібімен шешіледі.
15.3 Құрылыс мердігерлігінің шарты (ҚР АК 651-672 баптары)
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы 7 шілде 2006 жылғы N180 ҚР заңы бойынша мердігер тапсырысшының тапсырмасына сай келісілген мерзімде белгілі бір объектіні салуға немесе өзге де құрылыс жұмысын орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы мердігердің жұмысты орындауы үшін қажетті жағдайлар жасауға, жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және ол үшін келісілген бағаны төлеуге міндеттенеді.
Шарт екіжақты, консенсуалды және ақылы болып табылады.
Егер өзгеше көзделмесе, құрылыс мердігерлігінің шарты көппәтерлі үйлерді және ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу қатынастарын да қамтиды.
Егер құрылыс жұмыстары азаматтың тұрмыстық немесе жеке қажеттіктерін қанағаттантандыруға бағытталса, мұндай қатынастарға тұрмыстық мердігерлігінің қалыптары қолданылады.
Құрылыс қызметінің кейбір түрлері үшін мердігердің лицензиясы болуы қажет.
Құрылыс объектісіне меншік құқығы мердігерден тапсырысшыға объект мемлекеттік тіркеуден өткен соң ауысады.
Шарттың ажырамас бөліктері ретінде жұмыстардың көлемін және өзге де сипаттамасын анықтайтын смета және техникалық құжаттама табылады.
Техникалық құжаттамада есепке алынбай қалған жұмыстарды есепке алу қажеттігі туындаған жағдайда, мердігер жұмыстарды тоқтата тұрып, бұл жөнінде тапсырысшыға хабарлауға міндетті. Тапсырысшы қабылдаған шешімін он күн ішінде мердігерге хабарлауға міндетті. Егер мердігер осы мерзім ішінде хабардар етілмесе, тұрып қалған уақытқа байланысты келтірілген залалдардың орнын өтеуді тапсырысшыдан талап етуге құқылы.
Мердігер тапсырысшы мүддесінде әрекет еткенін дәлелдеген бірақ оның келісімін күте алмаған жағдайда, шартта қарастырылмай орындаған жұмыстарын тапсырысшының төлеуін талап етуге құқылы.
Мердігер өзінің кәсіби қызметі аясына жатпайтын қажетті қосымша жұмыстарды орындаудан бас тартуға құқылы.
Шартта өзгеше көзделмесе, құрылыс үшін қажетті жер учаскесін тапсырысшы беруге міндетті.
Тапсырысшы жұмыс барысын тексруге және бақылауға құқылы, бурақ мердігердің жұмсын жүргізуіне кедерегі жасамауы қажет.жұмыс нәтижесін қабылдау сатылы түрде немесе оның толық аяқталуына қарай жүргізілуі мүмкін. Жұмысты өткізу екі тарап қол қоятын қабылдау-тапсыру актісімен рәсімделеді.
Анықталған кемшіліктер жұмыс нәтижесін шартта көзделген мақсатқа сай пайдалануға мүмкіндік бермейтін болмаса, тапсырысшы жұмысты қабылдаудан бас тартуға құқылы.
Мердігер өзі жауапты емес кемшіліктерді ақылы негізде жоюға міндетті.
15.4 Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерліктің ерекшеліктері (ҚР АК 673-682 баптары). Шарт бойынша мердігер (атқарушы, яғни ғылыми қызметкер немесе жобалаушы және с.с.) тапсырысшының тапсырмасында көзделген ғылыми зерттеулерді жүргізуге, ал тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға шарт бойынша жаңа бұйымның үлгісін, оған конструкторлық құжаттаманы, жаңа технологияны жасауға немесе үлгі дайындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы мердігерге техникалық тапсырма беруге, жұмыс нәтижелерін қабылдауға және оларға ақы төлеуге міндеттенеді.
Мердігер (атқарушы) ғылыми зерттеулерді жеке өзі жүргізуге міндетті. Үшінші тұлғаларды жұмысқа тарту қажеттігі туындаса тапсырысшының келісімі қажет.
Тараптар қажетті мәліметтерді құпия ретінде шартта көрсетуге құқылы және оның құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті. Мердігер шарт бойынша алынған жұмыс нәтижелерін патенттеуді тапсырысшының келісімімен ғана жүзеге асыра алады.
Мердігер толық аяқталған ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмысты тапсыруға, ал тапсырысшы қабылдауға және оған ақы төлеуге міндетті.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында жұмыс нәтижесіне қол жеткізу мердігерге байланыссыз себептер салдарынан мүмкін болмаса, тапсырысшы жүргізілген жұмыс құқын төлеуге міндетті.
Мердігер жұмысты орындамағаны және тиісті дәрежеде орындамағаны үшін (кінәлі болса) жауапты. Шартты бұзған мердігер, егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы шеккен залалды нақты зиян түріндегі жұмыстың құқны шегінде өтеуге міндетті.
Тапсырмалар:
Азаматтық құқықтың объектісі болуы мүмкін жұмыс пен еңбек құқығындағы жұмыстың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
Тұрмыстық мердігерлігі шарты не жөнінде жасалатын мәміле?
Құрылыстағы мердігерлігі шартының ережелері күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қатынастарына қолданылады ма?
Ғылыми-зерттеу жұмыстарына мердігерлік шарты бойынша мердігердің (атқарушының) негізгі міндеті қандай?
16 – тарау. Көлік қатынастарын құқықтық реттеу
