Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kystaubay_O_S_GP_kaz_obsch_i_osob_okonchat_vari...doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

26.2 Лотереялар, тотализаторлар және өзге де ойындар өткізу ерекшеліктері

Бәс тігу (пари) – тәуекелге негізделген екі немесе одан да көп жеке, заңды тұлғалардың арасында жасалған, нәтижесі туындайтыны немесе туындамайтыны белгісіз жағдайға байланысты ұтыс туралы келісім;

Құмар ойын – тәуекелге негізделген және ойын мекемесі белгілеген ереже бойынша екі немесе одан да көп жеке, заңды тұлғалардың арасында жасалған, нәтижесі туындауына тараптардың ықпал етуге мүмкіндігі бар жағдайға байланысты ұтыс туралы келісім;

Тотализатор – қатысушының ұтысы болжамның туындаған нақты фактілермен ішінара немесе толық сәйкес келуіне байланысты болатын қатысушы ойындық, спорттық, өзге де жағдайда қандай да болмасын бір оқиғаның нәтижесіне болжам жасайтын (бәс тігетін) ойын.

Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялауды облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері (лицензиар) жүзеге асырады.

Лицензия бас және басқаға беруге болмайтын болып табылады. Лицензияның бланкі қатаң есептіліктегі бланк болып табылады. Субъектілердің қызметі біліктілік талаптарына сәйкес келетін болса, бір ай ішінде лицензия беріледі. Қайта рәсімдеу он күн ішінде жүзеге асырылады.

Лотерея, тотализатор немесе өзге де ойындар өткізу шарттарына (жағдаяттарына) сәйкес ұтыскер болып танылатын тұлғаларға ойындардың бастамашысы (ұйымдастырушысы) ойындарды өткізудің шарттарында көзделген мөлшерде, нысанда (ақшалай немесе заттай) және мерзімдерде, ал егер бұл шарттарда (жағдаяттарда) мерзім көрсетілмесе – ойындардың нәтижелері шыққан кезден бастап он күннен кешіктірмей ұтысты төлеуге тиіс. Ойындардың ұйымдастырушысы осы міндеттерін орындамаған жағдайда, ұтыскер ұтысты төлеуді, сондай-ақ өзіне келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге құқылы. Ал басқа талаптар (ұтылып қалуы т.б.) сот қорғауына жатпайды.

Тапсырмалар:

  1. Конкурстық міндеттемелердің нысанасы (пәні) бола алатын және бола алмайтын игіліктер мен құқықтар қандай?

  2. Аукцион мен тендер айырмашылықтарын атаңыз.

  3. Бәс тігу, құмар ойын және тотализатор ерекшеліктері неде?

Нормативтік құқықтық актілер тізімі:

1. Мемлекеттік сатып алу туралы 21 шілде 2007 жылғы N 303 ҚР заңы

2. Мемлекеттік мүлік туралы 01 наурыз 2011 жылғы ҚР заңы

3. Тотализаторлар және казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау Ережесі 1432 нөмірлі 9 қараша 2001 жылғы ҚР Үкіметінің қаулысы.

27 – тарау. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер (ҚР АК 917-952 баптары)

27.1 Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме ұғымы мен алғышарттары

Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме – жәбірленуші зиян келтірушіден келтірген зиян орнын мүлікпен немесе басқаша өтеуін талап ете алатын азаматтық-құқықтық қатынас.

Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме – деликтілік міндеттеме (Суханов Е.А.)

Зиян келтіруден туындайтын міндеттемені деликтілік міндеттеме деу дұрыс емес (Толстой Ю.К.)

Шартсыз жауапкершілік зиян келтірушіге мына жағдайларда жүктеледі:

  1. зиян болғанында;

  2. зиян келтірушінің құқыққа қайшы жүріс-тұрысы (мінез-құлқы) негізінде;

  3. келтірілген зиян мен құқыққа қайшы мінез-құқық арасындағы себепті байланыс;

  4. зиян келтірушінің кінәсі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]