Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kystaubay_O_S_GP_kaz_obsch_i_osob_okonchat_vari...doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

18.2 Банктік шот шарты

Банктік шот шарты (ҚР АК 747-753 баптары) бойынша бір тарап (банк) екінші тарапқа (клиентке) шот ашуға, оның (клиенттің) пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға, клиенттің немесе үшінші тұлғаларға ақшаның тиісті сомаларын аудару (беру) туралы өкімдерін орындауға және шартта көзделген басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенуі жөніндегі келісім. Клиенттік банктегі ақшасына есеп жүргізу мақсатында клиентке бір ыңғайландырылған дербес код беріледі.

Шарт екіжақты, ақылы.

Шарт нысаны - жәй жазбаша. Жазбаша нысанның сақталмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соқтырады.

Заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе банктік шот шарты мерзімсіз болып табылады.

Банктік шот ашу - кез-келген банктік операцияларды жүзеге асырудың алғы шарты болып табылады.

Банктік шот түрлері:

  • депозиттік (ақша сомаларын сақтау мақсатында ашылатын шот түрі);

  • есеп-айырысу шоты (теңгемен есеп айырысу үшін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге ашылатын шот түрі);

  • ағымдағы шот (кейбір мекемелердің, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне күнделікті шығындарын /күнделікті жөндеу, жалақы т.б./ өтеу үшін ашылатын шот түрі);

  • валюталық шот (шетел ақшасымен сыртқы экономикалық мәмілелерде есеп-айырысу үшін қажет шот);

  • бюджеттік шот (бюджеттік ақшаға билік ететін құқық берілген субъектілер /билік органдары, әкімшіліктер/ үшін ашылатын шот);

  • контокорренттілі шот (шот иесін ақша сомасы болмаған жағдайда несиелеу және өзара талаптар сальдосы бойынша есепке алуды жүргізу үшін ашылатын шот);

  • корреспонденттік шот (банкттің басқа бір банктегі өзара есеп айырысу шоты / контокорренттілі шоттың бір түрі/).

Тараптардың құқықтары мен міндеттері:

Банктің құқықтары:

  • егер заң актілерінде немесе банктік шот шартында өзгеше көзделмесе, банк клиенттің банктегі ақшасын алып қоюды клиент өкімінің негізінде жүзеге асырады;

а) банк ережелері және шартпен қарастырылған төменгі мөлшерден шоттағы ақша аз болып шықса және банктің ескертуінен кейін 1 ай ішінде қалпына келтірілмесе;

б) егер шартпен өзгеше қарастырылмаса шот бойынша операциялар 1 жыл ішінде жүргізілмесе сот тәртібімен шартты бұзуды талап етуге құқылы.

Банктің міндеттері:

  • банк жариялаған шарттықтарда клиентпен шарт жасауға;

  • клиент талап еткен кезде ақшаның болуын қамтамасыз етуге;

  • клиенттік пайдасына түскен ақшаны қабылдауға;

  • клиенттік үшінші тұлғалар пайдасына ақша аудару туралы өкімін орындауға;

  • егер банктік шот шартында көзделсе, үшінші тұлғалардың клиенттің ақшасын алып қою туралы өкімдерін орындауға;

  • шартта белгіленген тәртіп бойынша клиенттен қолма-қол ақша алуды және оған беруді жүзеге асыруға;

  • шартпен қарастырылған тәртіпке сай клиенттің ақша сомасы мөлшері және жүргізілген операциялар туралы ақпаратты тлап етуіне қарай беруге;

  • заңнамада, шартта, банктік тәжірибеде қолданылатын іскерлік айналым дағдыларында көзделген өзге де банктік қызмет көрсетуге міндетті;

  • келіп түскен ақшаны келесі күннен кешіктірмей тиісті тұлғаға аударуға міндетті;

  • банктегі ақшаны пайдаланғаны үшін банк шартта белгіленген мөлшер мен тәртіп бойынша сыйақы төлейді;

  • банктік құпия болып табылатын мәліметтерді сақтауға міндетті.

Клиент банктік құпияны құрайтын мәліметтерді банктің жариялау арқылы келтірілген залалдарды банктің өтеуін талап етуге құқылы.

Клиент шоттағы ақшасының пайдалану бағытын белгілеу мен бақылауға, өз қалауынша ақшаға билік етуге құқылы.

Шартта өзгеше қарастырылмаса, шот шартын кез келген

уақытта бұзуға құқылы. Бұл жағдайда банкте қалған ақша клиентке беріледі немесе оның нұсқауы бойынша үшінші тұлғалардың пайдасына аударылады.

Банктік шот шарты бұзылған жағдайда, банк клиенттің шотын жабады.

18.3 Ақша аудару туралы шарт

Ақша аудару туралы шарт (ҚР АК 754-755 баптары; «Төлемдер және ақша аудару туралы» 29 маусым1998 жылғы N 237 ҚР-ның заңы) бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) тапсырмасы бойынша клиентке бірыңғайландырылған дербес код бермей-ақ үшінші тұлғаға ақша аударуға міндеттенеді.

Егер клиент осындай тапсырма берген болса, банктік шот ашпай-ақ ақша аудару туралы шарт жасалған болып есептеледі.

Клиенттің банк-алушыға ақшаны бенефициар пайдасына аудару туралы тапсырма беруі негізінде жүзеге асады.

Бенефициар - ақша аударымында ақша алушы ретінде көрсетілетін тұлға.

Ақша аудару клиринг нәтижелері немесе клиенттің жеке тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады. Клиринг - клиринг ұйымы жүзеге асыратын клиринг қатысушыларының өзара талаптарын және таза позицияларын /сальдо/ анықтау жинау, салыстыру, сорттау және есепке жатқызу процесі, сонымен қатар клиенттер арасындағы өзара талаптар бойынша көрсетілген әрекеттерді орындау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]