Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kystaubay_O_S_GP_kaz_obsch_i_osob_okonchat_vari...doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

4.3 Жарамсыз мәміле түсінігі, түрлері және құқықтық салдары

Жарамсыз мәміле дегеніміз – тараптардың қалайтын құқықтық нәтижесін туындатпайтын, ал кейбір жағдайларда тараптар үшін жағымсыз салдар туғызатын мәміле.

Жарамсыз мәмілеге қарағанда жасалынбаған мәміле кейбір қажетті элементтердің болмауына байланысты жасалынбады деп танылады, заңи факт болып табылмайды және құқықтық салдар туғызбайды.

Жарамсыз мәмілелердің түрлері:

  • даулы мәміле – сот жарамсыз деп таныған сәттен бастап жарамсыз болатын мәмілелер. Мысалы сыйға тарту шарты жасалғаннан кейін, сыйға тартушының денсаулығына сый алушы зиян келтірсе, сый тартушының талабы бойынша сот шартты жарамсыз деп таниды.

  • мардымсыз мәміле - жасалған сәтінен бастап жарамсыз деп танылатын мәмілелер. Мысалы, әрекет қабілеттілігі жоқ адам жасасқан немесе заң талаптарына қайшы келетін мәмілелер жасалған сәтінен бастап жарамсыз деп танылады.

  • жалған мәміле - заңдық салдар туғызу ниетін көздемей тек қана көз алдау үшін жасалған мәмілелер.

  • қулықпен жасалған мәміле - мәміле екінші бір мәмілені бүркемелеу мақсатында жасалатын мәміле. Бұл жағдайда тараптар шын мәнінде ойлаған мәмілеге қатысты ережелерді қолданады.

  • кіріптарлық мәміле - басқа тарап пайдаланған жағдайларға қарағанда тұлға өзі үшін мүлде тиімсіз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәміле.

Мәміленің мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі тұлғалардың, тиісті мемлекеттік органның немесе прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін (АК 157-ші бабы).

Егер мәмілені оның жарамсыз бөлігін енгізбей-ақ жасауға болар еді деп ойлау мүмкін болса, мәміленің бір бөлігінің жарамсыздығы оның басқа бөліктерінің жарамсыз болуына әкеліп соқтырмайды.

Мәміленің жарамсыздығының жалпы және арнайы негіздері.

Жалпы негіздеріне мәміленің заңнама талаптарына сәйкес келмеуі болса жатқызылса, арнайы негіздері:

  • мәміле мазмұны туралы талаптардың бұзылуы (қажетті лицензия алмай жасалған мәміле; теріс пиғылды бәсеке мақсатын көздеу немесе іскерлік әдеп талаптарын бұзу);

  • мәмілені жасауға қабілеті жоқ тұлғаның жасауы (әрекет қабілеттілігі жоқ, 14 жасқа дейінгі азаматтың жасаған жасына сай келмейтін ұсақ тұрмыстық емес мәмілесі, заңды тұлғаның құқық қабілеттілігін асыра пайдалануы);

  • ерік білдірудің тараптардың шынайы еркіне сәйкес келмеуі (жалған және қулықпен жасалған мәмілелер; алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған немесе елеулі мәні бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмілелер);

  • мәміленің жасалу нысанын немесе оны мемлекеттік тіркеу талабын бұзу (мәміленің жай жазбаша, нотариалды куәландыру немесе мемлекеттік тіркеу талабының сақталмауы) оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.

Мәміленің жай жазбаша нысанының сақталмауы оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады;

Заң актілерінде немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген реттерде мәміленің жай жазбаша нысанының сақталмауы оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;

Сыртқы экономикалық мәміленің жай жазбаша нысанын сақтамау мәміленің жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады.

Мәміле жарамсыздығының құқықтық салдары:

  • мәміле жарамсыз деп танылғанда - оны орындауға жол бермеу;

  • қулықпен жасалған мәміле жарамсыз деп танылғанда,талаптардың шын мәнінде ойлаған мәміле ережелері қолданылады;

  • егер әрекет қабілеттілігі жоқ немесе 14 жасқа дейінгі азаматтар жасаған мәмілелер олардың пайдасына жасалса, қорғаншыларының (ата-анасы, асырап алушылары) талабымен сот жарамды деп тануы мүмкін;

  • екі жақты реституция (тараптардың мәміле жасалғанға дейінгі жағдайын қалыпқа келтіру), немесе

  • бір жақты реституция (мәміле жасалғанға дейінгі бір тараптың ғана жағдайын қалпына келтіру), немесе

  • реституцияға жол берілмеуі (мәміле бойынша алынған және алынатынның барлығы мемлекет пайдасына өтеді - тәркілеу) мүмкін.

Тапсырмалар:

  1. Мәміле, шарт, құқықтық қатынас ұғымдарының арақатынасы мен ерекшеліктерін анықтаңыз.

  2. Кез келген шарт мәміле болып табылады, ал кез келген шарт мәміле бола алмайды, дегенді қалай түсінесіз?

  3. Мәміле жарамды болуы үшін қандай талаптарға қойылады?

  4. Мәмілені жарамсыз ететін жағдаяттар мен олардың салдары қандай?

Ұсынылатын нормативтік құқықтық актілер:

  1. Нотариат туралы 14 шілде 1997жылғы ҚР заңы

  2. Бағалы қағаздар рыногы туралы 2 шілде 2003 жылғы № 461 ҚР заңы

  3. Тауар биржалары туралы 4 мамыр 2009 жылғы N 155-IV ҚР заңы

5 – тарау. Өкілдік және сенімхат (ҚР АК 163-171 баптары)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]