Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз. - копия 1.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

Болымсыздық есімдіктері

Болымсыздық және белгісіздік есімдіктері

Болымсыздық еісмдіктерінің сөз табы қатысы түрліше болып келеді.Зат есім орнына қолданылатын болымсыздық еісмдіктері мыналар:ешкім, ештеңе, ешнәрсе, ешқасысы, дәнеңе. Зат есім орнына қолданылатын болымсыздық есімдіктері зат есім сияқты түрленеді:септеледі,тәуелденеді,кейде көптік жалғауын қабылдайды,бірақ жіктелмейді. Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, әркім, әлдене, кімде-кім, бірдеме, әрне,әлдекім,бірдеме тәрізді бегісіздік есімдіктері зат есім орнына жұмсалады.Олар көптік,тәуелдік,септік жалғауларында жұмсалып,сөйлемде атау септікте тұрып бастауыш,барыс,табыс, жатыс,шығыс,көмектес септіктерде тұрып толықтауыш, ілік септікте тұрып анықтауыш қызметтерін атқарады.

Қазақ елінің төл белгісінің бірі - ұлттық валюта

Егемен еліміздің тәуелсіздігінің төл белгілерінің бірі – ұлттық валюта – теңге. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге еліміздің барлық аумағына 1993 жылғы 15 қарашадан бастап айналысқа енгізілді. Ал 1993 жылғы 18 қарашадан бастап ұлттық валюта – теңге Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз заңды төлем құралы болды. Ұлттық валютаның “теңге” атауы орта ғасыр тарихынан алынған болатын, ол кезде Қыпшақтар жерінде “таңға”(теңге) деп аталатын монеталар айналыста жүрген.

Ұлттық валюта монеталарын әзірлейтін Қазақстанның теңге сарайында басылып шыға бастаған ақшамыз ерекше және тарихи дерек көзіне айналды.

Мемлекеттің тарихи оқиғаларын, мәдени ескерткіштерді, көрнекті қайраткерлерді есте қалдыру, мерейтой күндерін, мәдениет пен спорттағы жетістіктерді атап өту үшін әр түрлі металл ақшалар шығарылуда. Мұның кейбіреулерін мысалға алсақ: Абай Құнанбайұлының 150 эылдығы құрметіне арналған ескерткіш күміс ақшалар басылып шығарылғанын айтуға болады, онда ұлы Абайдың көрнекті әдеби мұраларын бүкіл әлемге таныстыру мақсатында оның шығармаларына қатысты “Ана”, “Медіресе”, “Махаббат”, “Көш”, “Бүркіт” атты бес күміс ақша жарыққа шықты. “Қазақстанның петроглифтері” сериясында біздің заманымызға ғасырлар қойнауынан жеткен жартастағы бейнелерге арналған “Көк тәңірі”, “Ұмай”, “Түркі әскері” деп аталатын күміс ақшалар шықты.

“Қазақстанның қызыл кітабы” сериясында “Барыс”, “Сайғақ”, “Арқар” атты Қазақстанда сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларға арналған күміс ақшалар шықты.

“Қолданбалы қол өнері” сериясында “Нарқобыз”, “Домбыра”, “Аса таяқ” сияқты қазақтың ежелгі ұлттық аспаптарын насихаттаушы, олардың қасиеттерін бүкіл әлемге танымал ететін күміс ақшалар жарық көрді.

“Архитектуралық және тарихи ескерткіштер” сериясында Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған номиналы 500 теңгелік, “proof” сапасымен мерейтойлық алтын монеталар, номиналы 100 теңгелік, “proof” сапасымен мерейтойлық күміс монеталар айналысқа шығарылды. Мұнда Қазақстанның ең көне қалаларының бірі Түркістан қаласы, онда өмір сүрген атақты ойшыл – Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі бейнеленген. Сонымен қатар “Бабажи-Хатун кесенесі ”, “Айша-бибі кесенесі” бейнеленген ескерткіш күміс монеталары шығарылды.

Ұлттық валюта-национальная валюта

Заңды төлем құралы-законное плптежное средство

Күміс ақшалар-серебрянные деньги

Сапа-качест во

Айналыс-оборот

Қызыл кітап-красная книга

1-жаттығу

Сөйлемді көшіріп жазып, жақша ішіндегі еш сөзін тиісті жеріне өзінен кейінгі сөзбен біріктіріп, тиісті емес жерінде бөлек жазыңдар.

1. Бірақ Көксерек әлі күнге (еш) бір уақытта қыңқ етіп, ауырсынған дыбысын шығарған жоқ.

2. Тыңдамаса (еш) адам, өз жүрегім толғансын.

3. Жүз жасап, жүз жыл көрген бұл Жамбылды, (еш) қайда кетпе, -деді Катя.

4. Сенен басқа (еш) жерден таба алмадым орнымды.

2-жаттығу

Ештеңе, ешбір, ешқайсысы, ешқайда деген болымсыздық есімдіктерін қатыстырып сөйлем құраңдар.

3-жаттығу

Мәтінді тыңдай отырып, сөйлемдерді толықтырыңдар.

  1. ... ... төл белгісінің бірі – Ұлтық валюта ... . 2. Қазақстанның теңге

сарайында ... валюта ... . 3. Мемлекеттің ... атап өту үшін металл ақшалар шығарылады. 4. ... 150 жылдығына арнап ... ақшалар басылды. 5. Жартастағы бейнелерге арналған “ ... ... ”, “ ... ”, “ ... ... ” деп аталатын күміс ақшалар шықты. 6. Ұлттық аспаптарын насихаттаушы ... ... жарық көрді. 7. ... 1500 жылдығына арналған ... монеталар айналысқа енді. 8. “ ... ... ” жинақтамасына арнап ... ... шықты. 9. Ұлттық банктің ... , ... ақшалары - ... , ... , ... көзі. 10. ҚР-ның Ұлттық валютасы ... жылы ... ... айналысқа енді.

4-жаттығу. Мәтінді оқыңдар.Есімдіктерді мағынасына,сұрағына,тұлғасына қарай талдаңдар.

Үлгі:ешқашан-болымсыздық есімдігі,сұрағы-қашан?Түбір тұлғада тұр, еш және қашан деген сөздерден біріккен.

Акула

Акула ешқашан тоймайды,аузына не түссе соны жұта береді.Оның асқазаны өте мықты.Жұтқанының бәрін қорытып үлгермесе де,өзіне ешқашандай зиян келмейді.Бір акуланың асқазанынан неше түрлі заттар табылған.Мысалы,акуланың ішінен: пошта жәшігі,бірнеше консерві банкісі,алтын теңге мен қымбатты әшекейлер,көзілдірік,қол сағат,кастрөл, шеге, аттың тағасы шыққан.

5-жаттығу. Сөйлемдердің құрамындағы болымсыздық және белгісіздік есімдіктеріне сұрақ қойып,қандай сөз табының орнына жүретіндігін анықтаңдар.

1.Ермек ешқайсысына жауап қайырған жоқ.2.Мен ешкімнің малын түгендеп жүргенім жоқ...3.Қар түнде ғана жауған.Ешқандай із көрінбейді.4.Бірнеше күн төпеп қар аралас бұршақ жауды.5.Екі ала қарға шөп арасынан әлдеқандай аңды қалбалақтап қуып жүр.6.Бүкіл ауыл Қазының төрт киіз үйіне жиналды.Бәрі де көңілді.7.Біреу кіріп,біреу шығып,сапырылысып жатыр.

6-жаттығу. Берілген болымсыздық есімдіктерімен сөйлем құраңдар.

Ешкім, ештеңе, ешнәрсе, дәнеме.

7-жаттығу.Мына сөйлемдерді көшіріп жазып,болымсыздық және белгісіздік есімдіктерінің астын сызыңдар.

1.Кейбіреулер дүние қуғыш,мал жиғыш,пайда тапқыш болып келеді.2.Өз көзіммен көріп,көз алдымнан атқарып келіп отырмын.3.Бірнеше жұмсақ алақан көтеріп бара жатқандай.4.Бүгін ешқайсысының үні шықпай қалыпты.5.Алтынай кеше күні бойы бірдемеге алаңдап жүрді.

Тест.

1.Белгісіздік есімдігін көрсетіңіз? А.олар киноға барды Ә.өзі жақсы адам екен Б.әлдекім бірдеме деді ме? В.осы бала ақылды

2.Болымсыздық есімдікті көрсет? А. ешбір, дәнеңе Ә.үшеу, алтау Б. әрқашан, әйтеуір В.күйтабақ

3.Белгісіздік есімдігін табыңыз? А.менің ағам «кейуана»сөзін түсінбейді Ә.көшпенділер киносында ұнамды кейіпкерлер өте көп Б.жұмысты кейінгіге қалдыруға болмайды В.кейбір кезде менің басым ауырады

4.«Кеше түнде алыстан қорбаңдап әлдекім көрінді»дегенде есімдіктің түрін табыңыз? А.жіктеу Ә.сілтеу Б.белгісіздік В.өздік

5.Болымсыздық есімдігін тап? А.өзі айтты Ә.ешқашан ұмытылмайды Б.сенің үйін В.біреу келді

Сабақтың тақырыбы: Жалпылау есімдіктері.

Қазақстанның ресми белгілері

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Жалпылау есімдігінің өзіне тән ерекшеліктерін меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

  • Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Қазақстанның ресми белгілері мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Жалпылау есімдігін қатыстыра отырып сөйлемдер құрастыру.

Жалпылау есімдіктері

Жалпылау есімдіктерінің ішінде барлық, барша, бәр, деген жалпылау есімдіктері тәуелденеді,септеледі.Берілген сөйлемдерде барлық, бәрі жалпылау есімдіктері әрі тәуелденіп «-ы,-ң», әрі септеліп тұр «-ның,-ді».

Қазақстанның ресми белгілері

Президенттің шдандарты мемлекеттік рәміз болып есептелмейді, бірақ ол –Елбасымызды ерешелейтін ресми белгілерінің бірі.

«Штандарт» сөзі неміс тілінен аударғанда «полк туы» деген мағынаны білдіреді, яғни жорық туы.Бертін келе штандарт деп мемлекет басының –императордың, президенттің туы айтылатын болды.

Штандарт ел басшысы болған кезде барлық жерге мемлекет астанасындағы резиденциясының төбесіне, қызмет кабинетіне, өзі қатысатын барлық салтанатты қабылдаулар кезінде, сонымен бірге, шет елдердегі қабылдаулар кезінде де қойылады.

Қазақстан Республикасы президентінің шдандарты – көгілдір түсті ту. Тудың орта тұсындағы алтын түсті шеңбер ішіне қанатты барыс үстінде отырған сақ тайпасының жас көсемі бейнеленген. Археологтар Есік түбіндегі қорғаннан жас сақ көсемі – әйгілі Алтын адамның моласын тапқан болатын, сол президент туындағы алтын жауынгердің бейнесіне айналды.

Қанатты барыс –аң патшасы бұл жерде де өз президенттеріне деген халық қолдауын, оның күші мен ақылына деген сенімін білдіреді.

Елбасы-Глава государства

Салтанатты қабылдаулар-торжественные приемы

Алтын жауынгер-золотой войн

Аң патшасы- царь зверей

Ресми белгілер-офицальные знаки

Қанатты барыс-крылатый барс

1-жаттығу.Төмендегі жалпылау есімдіктерін түрлендіріп,тәуелдену және септелу үлгісін кестемен көрсетіңдер.

Барлық,барша, бәрі

2-жаттығу.Сөйлемдердің құрамындағы жалпылау есімдігіне сұрақ қойып,олар қай мүшенің қызметін атқарып тұрғаның ажыратыңдар. Үлгі:Кім туралы шағым айтып келген?-біреу туралы-толықтауыш.

Әмірші біреу туралы шағым келген кісіні ит етінен жек көреді.Сондықтан оған ешкім бұралқы сөз айтпайды.Өзі тапсырма бермесе, уәзірлер мен балалары да ешкім жөнінде ештеңе айтпайды.Олар бұған өздері естіген жайсыз хабарды нысаланып білдіреді.Оны қалай түсіну бұның өз еркінде.Құлағы естіген әрбір ұнамсыз жайларды әшкерлеп отыру өзіне де оңай емес.Жазықтыға қандай жаза қолданарын тек өзі ғана біледі.Барлық кернейлер тартылып,барлық дауылпаз дабыл қақты.

3-жаттығу.

Барлық,барша,күллі, бәрі деген еісмдіктердің қай сөз табының орнына жұмсалатынын,сөйлемде қай мүшенің қызметін атқаратынын естеріңе түсіріңдер.осы есімдіктерді қатыстырып сөйлем құрап жазыңдар.Құрастырған сөйлемдеріңе синтаксистік талдау жасаңдар.

Үлгі:дүние жүзіндегі барлық халық бейбітшілікті сүйеді.Бұл сөйлем – айтылу мақсатына қарай хабарлы сөйлем, құрамына қарай жай сөйлем.Халық қайтеді? – сүйеді – баяндауыш.Кім сүйеді? – халық – бастауыш.Қанша халық? – барлық – жалпылау есімдігі,анықтауыш қызметінде,сан есімнің орнына жұмсалған.Қай (қайдағы) халық? – дүние жүзіндегі – анықтауыш.Нені сүйеді? – бейбітшілікті – толықтауыш.

4-жаттығу.Мәтіндегі есімдіктерді мағыналық түрлеріне, тұлғасына қарай ажыратып, сөйлемнің қай мүшесі екенін айтыңдар.

Мұхитбақ

Мұхитбақта бір балық бар, ол суда жүзіп қана қоймай, әуелеп ұша да алады.Сондықтан оны ұшпабалық деп атайды.Ол су түбінен зуылдап келіп, сол екпінімен сыртқа атылып шығады да,әуеде жүзу қанаттарын жайып жіберіп, тіпті жүздеген метр қашықтыққа дейін ұшады.Тек ол әуеде олай-былай бұрыла алмайды, соның кесірінен кейде байқамай кеменің палубасына келіп түседі.

Мұхитбақта электрлі скаттар деген балықтар өмір сүреді.Скаттың денесінде батарея тәріздес жасырын бірдеңелер болады.Олардың саны да көп.Мұның әрқайсысы жеке-жеке тұрғанда пәлендей күшті емес, ал бәрі біріккенде әжептәуір қуатты ток береді.Оның тогының күші соншалық – ұсақ балықтарды лезде сеспей қатырады.Ол ток адамды да ұрып жығуы мүмкін.Бірақ бұл кішкентай тірі батареялар бар болғаны қас қағым уақыт қана жұмыс істейді.

5-жаттығу.Төмендегі жалпылау есімдіктерін қатыстырып «өз елім» атты шығарма жазу. Барша, бәрі, барлық,түгел,бүкіл. 6-жаттығу. Мына сөйлемдердің ішінен жалпылау есімдігін көшіріп жазыңдар.

1.Кәкітай бәріңді қирата жеңіп отыр.2.Мен ертең Астана қаласына барамын.3.Бүкіл халық наурыз мерекесін тойлауда.4.Алмат мектеп аралық шахматқа қатысып бірінші орын алды.5.Күллі әлем дамып жатыр.6.Бүгін бәрінің көңіл күйі жоқ.

7-жаттығу.Көп нүктенің орнына жалпылау есімдіктерін жалғап,көшіріп жазыңдар.

1)7 сыныптын оқушыларының ....... да математика сабағынан жақсы баға алды.2) Бүгін жұмысқа .... әдемі болып келді.3)Ануар кеше ...... сабағынан беске шықты.4)..... ауыл тұрғындары Меруерт пен Дидардың тойына жыналды.

Тест

1.Жалпылау есімдігін табыңыз? А.менімен бірге жүр Ә.бүкілі маған қарайтындай Б.өз үйім – өлең төсегім В.біз өлең айтуға дайынбыз

2.Жалпылау,жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктерді табыңыз?

А.сен,сіз Ә.екім,дәнеңе Б.түгел,тегіс В.біреу,әркім

3.Сөйлемде қанша есімдік бар?Мұның бәрін саған өзім-ақ айтып берем. А.1 Ә.2 Б.3 В.4

4.Жалпылау есімдігі қатысып тұрған сөйлемді табыңыз? А.түгел сқздің түбі бір,түп атасы-Майқыби. Ә.ешкім сөзіне көнбеді. Б.Оспан осыны кқргеннен-ақ Смағұлдың қасынан кете алмады. В.көшеде ешбір дыбыс жоқ.

5. Дұрыс жазылған жалпылау есімдігін тап? А.барлик халық Ә.барша халық Б.бәрі халық В.барлы халық

Сабақтың тақырыбы: Етістік. Дара және күрделі етістіктер.

Қазақстан астаналары

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

-Етістіктің басқа сөз таптарынан айырмашылықтарын меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадыр-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

Тәрбиелік:

- Стеденттерді әдептілікке тәрбиелеу

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

  • Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Қазақстан астаналары мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Мәтіндерден етістіктерді тауып, ондағы етістіктердің дара және күрделілігін ажырату.

Етістік. Дара және күрделі етістіктер.

Етістік-заттың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөз табы.Етістік не істеді? не қылды?қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.Мысалы:кел,бар,жүр,шегеле, т.б.

Етістіктер құрамына қарай дара етістік және күрделі етістік болып екіге бөлінеді.

Бір ғана сөзден тұратын негізгі етістік дара етістік деп аталады. Мысалы: салғызды,сезген, т.б.

Екі я одан да көп сөзден құралып,бір ғана мағынаны білдіріп,бір сұраққа жауап беріп,сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады.Мысалы:жамап отыр екен,күліп тұрған, т.б.

Қазақстан астаналары

Қазақ елі қай кезде болмасын өзінің ежелгі де, қазіргі де ордаларымен танымал болған. Ондай орталықтар елдігіміздің символдары болған. Оған қазіргі елордамыз Астана қаласының Қазақстанның бойтұмарына айналып келе жатқаны дәлел бола алады. Астана арқылы шетелдіктер Қазақстанды тануда.

Біздің жақын тарихымыздағы Қазақ елінің астаналары:

Түркістан – Қазақ хандықтарының ордасы болған қала әлі күнге дейін рухани астанамыз болып келеді.

Семей – 1918-1920 жылдары Алаш қаласы деген атпен Ұлт көсемдерінің бастауымен Алашорда үкіметінің астанасы болды.

Орынбор - 1920–1925 жылдары Қазақ АКСР-інің астанасы болды.

Қызылорда – 1925-1929 жылдары Қазақстанның астанасы.

Алматы – Қазақ елі Тәуелсіздігінің Алтын бесігі болған Алматы 1929-1997 жылдары астана болды.

Астана – 1997 жылдан бері Елорда мәртебесіне ие.

Қазақстан астаналарының тарихы өте бай. Үш мемлекеттің: Батыс Түрік, Түргеш және Қарлұқ қағандықтарының астанасы Суяб қаласының іргесі 5 ғасырда қаланды. Орталық Азиядағы аса ірі қалалардың бірі Баласағұн (Ақтөбе) – Батыс Түрік қағандығының, Қарахан және Қарақидан мемлекетінің бас қаласы болды. Ең көне астаналардың бірі – Тараздың атағы 6 – 7 ғасырлардың өзінде Қытайдан Византияға дейін тарады. Тараз грек ғұламасы Птолемейдің картасына түсірілген. 10 ғасырдан бастап Тараз Қарахан әулеті өкілдерінің астанасы, көп уақыт бойы экономикалық орталық, Ұлы жібек жолындағы жетекші сауда орны болды. Жазба деректерде «Бірінші қала» атанған даңқты Испиджаб (Сайрам) 7 ғасырдан белгілі. Күлтегін, Білге қаған тас ескерткішінде Тарбанд деген атпен жазылған Отырарды (Фараб) араб ғалымы әл-Мақдиси (10 ғасыр) өте көне астана деп атайды. 9 – 11 ғасырларда Сыр өңіріндегі Жанкент (Янгикент) Оғыздар мемлекетінің, ал Ертіс бойындағы Имақия қаласы Қимақ мемлекетінің өркендеген астанасы болды. Дешті Қыпшақтың астаналары Орда Базар мен Женд, Ақ Орданың бас қалалары Сауран мен Сығанақ (Сунақата) әлденеше қиратылып, қайта жанданды. Рузбехан жазбаларында (16 ғасыр) Сығанақ саудасы өркендеген, бау-бақшасы жайқалған, қазақтың бай қаласы ретінде аталған. Қазақ хандары Тұрсынның, Жолбарыстың, Рүстемнің, Абдолланың, Әбілғазының астаналары Ташкент қаласы болды.

Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласының тарихи орны ерекше. Түркістан Тәуке, Қайып, Әбілқайыр, Семеке (Тәукеұлы), Әбілмәмбет, Сейіт, Есім, Болат, Абылай, Тоғай хан тұсында қазақтардың айбынды астанасы болды. Шаһар жалпы түркілік мәнге ие болды. Қожа Ахмет Иасауидің есімі мен кесенесі оны Орталық Азияның діни астанасы – екінші Мекке мәртебесіне жеткізді.

10 ғасырда әл-Фараби астананы «қайырымды қала» деп атады. Ол «Асқан игілік пен ең биік кемелділік дәрежесіне ең алдымен жоғары дәрежелі дамыған қоғамның қайырымды қаласы – астанасы жетеді» деп санады. Әл-Фараби қайырымды қаланы мін-ақауы аз, тұрғындары заңға ден қойған, адамдарының пендешіліктерінен гөрі рухани сипаты басым, әділеттілік пен парасаттылық жайлаған бейбіт қала етіп суреттейді. Көрші елдерден Шыңғысхан империясының астанасы Қарақорымның, Шағатай әулетінің астанасы Алмалықтың (14 ғасырда Алмалық Моғолстанның астанасы болды), Темір мемлекеті мен Шайбани әулетінің астанасы Самарқанның (1924 – 30 ж. Өзбекстанның астанасы болды), Самани әулеті мен Бұхара хандығының астанасы Бұхараның (1920 – 24 ж. Бұхар Халықтық Кеңес Республикасының астанасы болды), Алтын Орда астаналары Батый салған Сарай, Берке хан салдырған Сарай-Беркенің Қазақстан тарихындағы орны ерекше. Сондай-ақ Сарайшық (Ноғай Ордасының астанасы, 14 – 17 ғасырлар), Қазан (Қазан хандығы, 15 – 16 ғасырлар), Бақшасарай (Қырым хандығы, 15 – 18 ғасырлар), Хиуа мен Үргеніш (Хорезм хандығы, 16 – 20 ғасырлар), Қоқан (Қоқан хандығы, 18 – 19 ғасырлар) қалалары қазақ шежіресінде терең із қалдырды.

Қазақ хандығы жойылғаннан кейін бар билік Ресейдің Санкт-Петербург пен Мәскеу қалаларына ауды. 20 ғасырдың басындағы қазақ зиялылары астананы «кіндік қала» деп атады. 1917 – 19 ж. Алашорда автономиясының астанасы Алаш (Семейдің іргесіндегі) қаласы болды. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан астаналары Орынбор (1920 – 25), Қызылорда (1925 – 29), Алматы (1929 – 97) болды. 1994 ж. соңғы екі ғасыр тарихында қазақ халқы тұңғыш рет өз мемлекетінің астанасы туралы дербес шешім қабылдады. 1997 ж. 20 қазанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола қаласының (1998 жылдың 6 мамырынан – Астана қаласы) Қазақстан Республикасының жаңа тұрпатты бас қаласы болғанын жариялады.

Елорда-столица

Кесене-мавзолей

Әділеттілік-справедливость

Бейбіт қала-мирный город

Жоғары дәрежелі-высшая степень

Терең із-глубокий след

1-жаттығу

Сөйлемдегі дара және күрделі етістіктерді табыңыз:

Мен жақында ғана ауылдан келген едім. Ауладан балалардың дауысы естіледі. Түсте небір әңгімелер айтылды. Екеуміз де үнсіз, ақырын жүріп келеміз. Үшеуін де айтатын бол.

2-жаттығу

Көп нүктенің орнына төмендегі сөздердің тиістісін қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

Біз бірінші курста ........ Бос уақытымызда түрлі үйірмелерге ......... Бірінші семестірді тобымыз жақсы....... Бір жылдың ішінде бір-бірімізді жақсы......, тіпті достасып та ......

Керекті етістіктер: танып, қатысамыз, аяқтады, үлгердік, оқимыз

3-жаттығу

Етістіктердің негізгі түбірін жазып көрсетіңдер

Үлгі: негізгі түбір: туынды етістік: жұрнақ:

аял аялда -да

Аялда,азай,жасар,соққыла,ашыл,шуылда,тыныштал,отырғыз,жатпа,кеткен, байқаңқыра,білдір,көргіз,салдыр,кептірт,тергіз,оқыт,ағарт,алдыр,өңгерт,жүгірт.

4-жаттығу

Берілген есім сөздерге жұрнақ жалғап,етістікке айналдырып жазыңдар.

Әшекей, алаң, амал, ашу, әзіл, әсем, әсер, әрекет, аяқ, айшық, айқын, тамыр, әңгіме, сыр, адал, адым, аз, ажуа, ажар, азық, айбат.

5-жаттығу

Берілген сөздерден туынды етістіктерді бір бөлек,негізгі етістіктерді бір бөлек жазыңдар.

Шығар, жаптыр, отыр, жазғыз, жар, өргіз, көгенде, буландыр, күркіре, барған, жүрген, жүгір, сөйле, оқы, ал, келтір, кешір, жарып, келетін, айт, төсе, қоюлап, ағарту, көгеріп, жеткен, қайт, қал, аула, ұста, меңгерту, біл, көр, үйрен, көмектес.

Тест

1.Дара етістікті табыңыз:

А)жазып берді Ә)айта алмай қалды Б)көрген екен В)жауындат

2.Күрделі етістікті табыңыз:

А)балтала Ә)жұлқыла Б)жүре бер В)жаздыртты

3.Етістіктің сұрағың табыңыз:

А)қайтіп? Ә)қайтті? Б)қайда? В)қалайша?

4.Күрделі етістікті табыңыз:

А)жан тәсілім етті Ә)хабарландырды Б)жарияланды В)бар мен жоқ

5.Қимылды білдіретін сөзді табыңыз:

А)күндіз Ә)тұзда Б)әрекет В)төмен

Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістіктер.

Қазақ елінің бас қалалары

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Болымды және болымсыз етістіктің жасалу жолдарын меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

  • Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Қазақ елінің бас қалалары мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Болымды және болымсыз етістіктерді қатыстыра отырып сөйлемдер құрастыру.