Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз. - копия 1.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

1. Қимыл атауына үшін шылауы тіркеседі:

Мысалы : Мақсаттары орындалуы үшінеңбектену керектігін олар да түсінеді.

2. Деп көмекші етістігі III жақтағы бұйрық раймен тіркеседі:

Мысалы : Балжан тынықсын деп,апасы есік-терезелерді жауып қойды.

3.Деп көмекші етістігі -ар, -ер, -р етістігі қосымшалары есімшемен бірге жұмсалады:

Мысалы : Атасы қуанып қалар деп,немересі тақияны қайта-қайтақолына алды.

Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің жасалуында үшін, деп шылаулары негізгі қызмет атқарады.

Жедел пневмония

Балалардың тыныс алу жүйесі ауруларының ішінде-пневмония елеулі орын алады. Жас сәбилерде өте жиі кездеседі. Жедел пневмонияның өтуін үш кезеңге: басталу, меңдеу және сауығу кезеңдеріне бөлуге болады. Басталу кезеңінде науқас тұмауратып, түшкіреді, мұрнымен тыныс алуы қиындайды, жөтеледі. Содан соң тыныс алу сипаты өзгеріп, ол жиілей түседі. Тәбеті төмендеп, мазасыздануы арта түседі, ұйқысы бұзылады. Тексерген кезде тынысы қатаң болып, құрғақ кейде ылғалды сырыл естіледі. Аурудың бұл кезеңі 2-3 күнге созылады.Дер кезінде емдей бастаған жағдайда қабыну процесін асқындырмауға болады.Содан соң аурудың меңдеуі басталады. Дене қызуы көтеріліп, 38-39 градусқа дейін жетеді. Алқынуы өршіп, терісінің түсі қуқыл тартады. Кеудесін кере дем алғанда аздап сырыл байқалады. Бұл кезең 8-10 күнге созылады, дене қызуы біртіндеп төмендейді. Сауығу кезеңінде науқастың жағдайы жақсарып, ентігу, ауа жетіспеу белгісі жойылады. Өкпедегі өзгерістер баяу болады. Жедел пневмониямен ауырған науқастарды емдеудің тиімділігі диагнозды ерте анықтап дер кезінде ауруханаға жатқызу. Ауруды дер кезінде анықтауда рентген арқылы диагноз қоюдың маңызы бар. Аурудың қайталанулы мүмкін болғандықтан емдеуді ертерек тоқтату қауіпті. Науқасты бағып-күту, тамақтандурымен қоса антибиотиктерді және сульфаниламиндік препараттарды пайдалану керек. Сондай-ақ физиотерапия, емдік гимнастика, массаж жасау пайдалы.

Сөздік

Елеулі-заметно

Меңдеу-прогрессировать

Сауығу-выздороветь

Тұмаурату-грипповать

Түшкіру-чихать

Тәбет-аппетит

Ұйқы-сон

Қырыл-хрип

Қатаң-жестковатый

Құрғақ-сухой

Ылғалды-влажный

Алқыну-одышка

Қуқыл-бледноватый

1-Жаттығу

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Тыныс алу жүйесі ауруларының ішінде ең жиі кездесетін ауру қалай аталады?

  2. Жедел пневмонияның өту кезеңін нешеге бөлуге болады? Қалай?

  3. Басталу кезеңіндегі ауру белгісі қандай?

  4. Меңдеу кезеңіндегі ауру белгілері қандай?

  5. Сауығу кезеңіндегі науқас жағдайды қандай болады?

  6. Емдік шаралары қандай?

2-Жаттығу

Көп нүктенің орнына төмендегі керекті сөзді қойып, көшіріп жазыңыз.

1.Пневмония кезінде баланың ... қиындайды. 2. Науқастың ... көтеріледі. 3. Баланың ұйқысы ... 4. Бұл ауруды дер кезінде емдемесе, ... 5. ... түсі қуқылданады. 6. Емдеуді ... тоқтатқан қауіпті. 7. Өкпедегі ... баяу болады. 8. Дене қызуы ... төмендейді. 9. Өкпесінде ылғалды ... пайда болады. 10. Рентген арқылы ... маңызы бар.

(Керекті сөздер: сырыл, дем алуы, ерте, біртіндеп, бұзылады, өзгеріс, асқынып кетеді, терісінің, дене қызуы, диагноз қоюдың).

3-Жаттығу

Мәтін бойынша түсінгеніңізді әңгімелеңіз.

4-Жаттығу

Төмендегі мақалдардың мәнін қалай түсінесіз?

1.Аурудың жақсысы жоқ

Дәрінің тәттісі жоқ.

2.Жаны ашымастың қасында

Басың ауырмасын.

5-Жаттығу

Мына сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.

1.Жақсы оқу үшін, ... . 2. Дәріханадан дәрі алсын деп, ... . 3. Адам тез жазылу үшін , ... . 4. Дәрігерге көріну үшін, ... . 5. Аружан білімді болсын деп, ... . 6. ..., емханаға бару керек. 7. ... , ол маған керек дәріні тез арада жеткізді. 8. ..., ол жұмыстан ерте шықты. 9. ..., дәрігерге бару керек. 10. ..., көп дайындалу керек.

6-Жаттығу

Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Лекарствам из овса издавна припысывали магические свойства, главное из которых-духовное изцеление человека, исправление психики. Содержащийся в овсе витамин Е повышает потенцию, борется с ревматизмом, диабетом, атеросклерозом, болезнями печени, почек, циститом, бессоницей. Овес укрепляет иммуную систему, помогает справляться с детским диатезом.

Сабақтың тақырыбы : Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері. Қайталау.

Туберкулез ауруы.

Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;

-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

Тәрбиелік:

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

1. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не ?

2. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қалай жасалады?

3. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге мысал келтір.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Салалас құрмалас сөйлемдерді құрмаластың басқа түрлерінен ажырата білуге үйрету, сөйлеу дағдысын жаттықтыру. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді пайдаланып, әңгіме-сұхбат құруды, дұрыс сөйлеуді дамыту.

Студент нені білу керек:

  • Салалас құрмалас сөйлемдердің жасалуын;

  • Салалас құрмалас сөйлем құрауды

  • Салалас құрмалас сөйлемдерді құрмаластың басқа түрлерінен ажырата білуді;

Студент нені меңгеру керек:

  • Салалас құрмалассөйлем құру дағдысын;

  • Мәтіндегі жаңа сөздерді;

  • Ауызша сөйлеу дағдысын.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Берілген мәтінді тірек ете отырып, өз бетінше салаласқұрмалас сөйлемнің түрлеріне 10 сөйлем құрастырып келу. Мәтіннің мазмұнын айту. Мәтінді орысшаға аудару.

Салалас құрмалас сөйлем

Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысы баяндауышы жағынан тиянақты тұлғада аяқталатын, өзара тең дәрежеде байланысатын құрмаластың түрін салалас құрмалас сөйлем дейміз.

Мысалы : Өзі балаларға әңгіме айтады, жолдастары тамақ әзірлейді.

Салалас құрмалас сөйлемнің алты түрі бар.

№

Салаластың

Түрлері

Жалғаулық шылаулары

Жалғаулық шылаулар арқылы байланысуы

Интонация не орын тәртібі арқылы байланысуы

1

Ыңғайлас салалас

да, де,та,те, және, әрі

Қыркүйек айы келіп жетті де, балаларға сабақ басталды.

Қыркүйек айы келіп жетті, балаларға сабақ басталды

2

Қарсылықты салалас

бірақ, алайда, сонда да, дегенмен

Ән тоқтады, бірақ гитара сазы үзілмеді.

Бас болмақ –оңай,

Басқармақ - қиын.

3

Себеп-салдар салалас

себебі, өйткені, сол себепті, сондықтан

Ол бүгін ерте тұрды, себебі жол жүреді.

Ол қатты шөлдеді, ыстық күн өтіп барады.

4

Түсіндірмелі салалас

Сілтеу есімдіктері:

мынау, сол, осы

Сүйікті ақындарым осы- Абай, Махамбет, Мұқағали

Ол баласына екі нәрсені үнемі кеңес етеді: адалдық және еңбек.

5

Талғаулы салалас

Не,немесе, не болмаса, я, яки,

я болмаса

Бүгін театрда не спектакль болады, не концерт болады

-

6

Кезектес салалас

Бірде, біресе, кейде

Театрда кейде спектакль болады, кейде концерт болады

-

Салалас құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттері іс-әрекеттің жалғастығын білдіреді. Мұндай мағыналық берілуіне да, де, және, әрі жалғаулықтары қызмет атқарады.

Жалғаулықсыз түрінде мезгілдік қатынас өте берік болады.

Мысалы: Оның ойын достары қостады, әрі туыстары да осылай шешті.

Біреуі оқығанын айтты да, енді біреулері көргенін әңгімеледі.

Туберкулез ауруы

Туберкулез – жұқпалы ауру,бұл адам ағзасына «Кох таяқшасы» деп аталатын қоздырғыш-микробактериясы енгенде пайда болады.Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырмайды,5-10 пайызы ғана ауыруы мүмкін.Көптеген адамдардың иммундық- қорғаныс жүйелері туберкулез ауруына қарсы тұра алады.Ал денесі шынықпаған,аурушаң, дұрыс тамақтанбайтын адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады.Адамның ішкі құрылысына енген туберкулез таяқшасы көбінесе өкпені мекендейді.Туберкулездің белгілеріне мыналар жатады.

- жөтел;

- салмақ жоғалту;

- кеуденің ауыруы;

- тұрақты жоғары дене қызуы;

- түнгі терлеу;

- әлсіздік пайда болу;

- қан аралас қақырық түсуі мүмкін.

Егер уақытында емделмесе,мұндай аурудың 50 пайызына жуығы 5 жыл ішінде өліп кетуі, ал қалғандары өмір бойы мүгедек ьолып қалуы мүмкін.

Туберкулез адам ағзасының кез-келген мүшесін зақымдай алады.Бұның нәтижесінде өкпе,бронх,сүйек-буын,бүйрек және жыныс мүшелерінің туберкулезі пайда болады.Әртүрлі лимфа жолдарына,көз,ми қабығына да зиян келтіруі мүмкін.Туберкулезге шалдыққан адам диагнозы анықталғаннан кейін тез арада емделуі керек.Қазіргі уақытта бұл ауруды емдеп жазуға болады.

Емдеудің ең негізгі түрі- емдік дәрілерді дұрыс пайдалану.Туберкулезге қарсы қабылданатын аса күшті дәрілер бар,оны дәрігердің белгілеуімен пайдаланса,аурудың толық жазылуына мүмкіндік мол.

Сөздік

Қоздырғыш-возбудитель

Жұқтыру-заражать

Дене шынықпаған- незакаленный

Аурушаң-болезненный

Үнемі-постоянно

Мекендеу-жить

Мүгедек-инвалид

Жыныс мүшелері-половые органы

Зиян келтіру-причинять вред

1-Жаттығу

Мәтіннен салалас құрмалас сөйлемді тауып, түріне ажыратыңыздар.

2-Жаттығу

Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Туберкулез қандай ауру?

2.Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауыра ма?

3.Қандай адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады?

4.Туберкулездің белгілері қандай?

5.Туберкулезді қалай емдеуге болады?

3-Жаттығу

Төмендегі туберкулездің ауруы бойынша науқастың жауаптары берілген.Дәрігердің сұрақтарын дайындаңыз.

  • ...

  • Кеудем ауырады.

  • ...

  • Иә,жөтелемін.

  • ...

  • Қызуым 37 градустан түспейді.

  • ...

  • Иә,жүдедім.5-6 кг-дай салмақ жоғалттым.

  • ...

  • Түнде жөтелемін.

  • ...

  • Әлсіздік сезінемін.Тез шаршаймын.

  • ...

  • Иә,қақырық түседі.

  • ...

  • Жоқ,қан байқалмайды.

4-Жаттығу

Науқас адам жайлы дәрігер атынан бөлім меңгерушісіне хабарлама жасаңыз.

(аты-жөні,жасы,жынысы,тіркелген жері,ауру белгілері).

5-Жаттығу

Мәтін бойынша түсінгеніңізді әңгімелеңіз.

6-Жаттығу

Оқып, қазақ тіліне аударыңыздар.

Народные методы лечения.

При гайморите: сок моркови смешать с медом в соотношении 1:1. Принимать по 1 столовой ложке 4-5 раз в день.

При первых признаках простуды : слегка подогреть 0,5 л. сырого молока, разбить и влить в него свежее куриное яйцо и добавить по 1 чайной ложке меда и сливочного масла. Тщательно все размешать и выпить на ночь. К утру недомогание и насморк пройдут.

(Нетрадиционные методы лечения)

7-Жаттығу

Мәтінді тірек ете отырып, берілген сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Бал қосқан тозаңды бүйрек және несеп жолдарының ... қолданады. Адам ерте қартайғанда және кәрілікте болатын әлсіздікте ... болады. Тозаңды операциядан ... , уланғандарға, қатты әлсірегендерге және дене еңбегі мен ой еңбегімен ... адамдарға ішуге болады. Тозаң ... тәбетін ашады., асқазан қыжылдауын ... , депрессия, неврастения, простата аурулары және қант диабеті ... көмектеседі. Атеросклероз, мидың қабынуы, эндемиялық зоб, созылмалы белсенді гепатит және бауыр берішін ... пайдаланады. Ас жүретін ... дұрыстайды, бактерияға қарсы ... қасиеттері күшті.

8-Жаттығу

Салалас құрмалас сөйлемдердің 6 түріне үш-үштен сөйлем құраңыздар.

Сабақтың тақырыбы : Сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлері. Қайталау.

Теміртапшылықты анемия.

Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;

-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

Тәрбиелік:

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

1.Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2.Салас құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді ?

3.Салалас құрмалас сөйлем қалай жасалады?

4. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

5. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем қалай жасалады?

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлеріне, талдау жасату, жаттығу жұмыстарын жүргізу.

Студент нені білу керек:

- ауызекі сөйлеу тілін;

Студент нені меңгеру керек:

  • Сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлерінің жасалу жолдарын;

  • сөздікті қолдана білуді;

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

  • мысалдар келтіре білуді.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Берілген мәтінді тірек ете отырып, өз бетінше сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлеріне 6 сөйлем құрастырып келу. Мәтіннің мазмұнын айту. Мәтінді орысшаға аудару. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлеріне екі-екіден сөйлем құрастыру.

Сабақтас құрмалас сөйлем нен өткенді қайталау

Сабақтас құрмалас сөйлем деп құрамындағы жай сөйлемдер басыңқы және бағыныңқы қатынаста байланысатын, алғашқысының баяндауышы тиянақсыз тұлғада болып, келесісіне бағынатын құрмалас сөйлемнің түрін айтамыз.

Мысалы: Белге шығып алып шауып келе жатып қарағанда, бала көрінбеді.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері

Шартты бағыныңқылы сабақтасқұрмалас сөйлем

Құрамындағы бағыныңқы сыңардың басыңқыдағы іс-әрекет, оқиғаның шартын білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем дейміз.

Мысалы:Балалар уақытында келсе, кезекшілер де ерте қайтады.

Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдары

1.Шартты райдың –са, - се жұрнағымен :

Топ ұйымдастырушылары шебер болса, жұмысшылар уақытында бітер еді.

2.Көсемше арқылы:Ата-аналар келісімін бермей, оқушылар ештеңе шеше алмайды.

3. Есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтарына жатыс септік жалғауы қосылып, оған етістіктің болымсыз түрінің жұрнағы жалғанады: Көршілер уақытында ескертпегенде күшіктері де жоғалар еді.

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасқұрмалас сөйлем

Бағыныңқыдағы оқиға, іс-әрекет басыңқыдағы іс-әрекет, оқиғаға қарама-қарсы мәнде айтылатын сөйлем түрі қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем дейміз.

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдары

шартты рай тұлғасы арқылы, (мыс: Туыстары қанша қарсы болса да, Марат өз дегенін істеді.) есімше арқылы,-ған; (мыс: Қыркүйектің соңғы аптасы басталғанымен, күн ерте суытты.) көсемше арқылы,-а; -е; (мыс: Айжанның сөзі есімде бола тұра, Сандуғаш мектепке келмеді.)

Мысалы: Нұрбек ерте келгенімен, машина уақытынан кешігіп жетті.

Себеп бағыныңқылы сабақтасқұрмалас сөйлем

Бағыныңқы сыңарында басыңқыда хабарланған оқиға, құбылыс, іс-әрекеттің себебі ашылатын сабақтастың түрін себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп атаймыз.

Себеп бағыныңқылы сабақтасқұрмалас сөйлемнің жасалу жолдары

есімше арқылы, -ған; (Сүт тасып кеткендіктен, анасы қонақтарға шайлық сүтті көршілерден алдырды.) –ған; жұрнағынан кейін соң шылауы тіркеседі.(Маржан қысылып отырған соң, Сәкен де сұрай бермеді.)

көсемше арқылы, -п; -й; (Терезе жабылмай, отырғандар тоңып кетті. Оқушылар берілген тапсырманы уақытында орындап, ұстаздары риза болды.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем

Бағыныңқыдағы оқиға, іс-әрекет басыңқыдағы оқиға, іс-әрекеттің орындалғанынан немесе орындалу уақытын, мезгілін білдіретін сабақтастың түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемдейміз.

Мысалы: Сабақ аяқтала бергенде, атасы да есіктен кірді.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары

1. Есімше арқылы:Балнұр орнынан тұра бергенде,бала да кітабынажармасты.

а) Бағыныңқы баяндауыштан кейін кейде –ақ, ғана демеулік шылауларытіркеседі:Нұржан аузын аша бергенде –ақ, інісі ойыншығын тастады.

ә) Есімшенің-ар, -ер, -р жұрнағына жатыс септік жалғауы жалғанады:Меруерт қалаға аттанарда, анасы көп уайымдаған.

б) Атау септіктегі есімшелерге кезде, шақта, соң, сайын сөздері тіркеседі:Түн шымылдығы жабылған сайын,балалар қорқа бастады.

в) Барыс септіктегі есімше дейін, шейін демеуліктермен бірге жұмсалады:Ауыл ұйқыға жатқанға дейін,тойдың абыр-сабыры басылмады.

г) Шығыс септік және кейін, бері, былай сөздерінің қатысуыменжасалады:Жанат келгенімен, бұдан кейін Дулат хабарласпады.

2. Көсемше арқылы:

а) -а, -е, -й жұрнақтары:Микрофон дауысы шыға бере, отырғандартынышталды.

ә) -қалы, келі,- ғалы, -гелі жұрнақтары:Нұржан осы әңгімені қозғағалыбері, жолдасы да қызыға тыңдайтын болды.

б) -ып, -іп, -п жұрнақтары:Бір уақытта олардың дауыстары да естіліп,иағасының шапаны көзіне оттай басылды.

3. Шартты рай арқылы:Оспан артына қараса,көш те жақындап қалған екен.

Бағыңынқы сөйлемде басыңқыда орындалған оқиға, іс-әрекеттің өалай,қандай жолмен жүзеге асқандығы жайында айтылатын сабақтас сөйлем түріамал бағыныңқылы сабақтас сөйлемдеп аталады.

Мысалы: Жүрегі дүрсілдеп,түсі бозарып кетті.

Амал бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары

1. Көсемше арқылы:

а) -ып, -іп , -п жұрнағы:Тақтайдай тегіс жолда ішіндегі жолаушылардыңдаурыққан дауыстары ғана естіліп,су жаңа машина зырылдап келеді.

ә) -а, -е, -й жұрнақтары:Әні, күйі, биі араласа,концерт те басталып кетті.

2. Есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен жұрнағына –дай, -дей, -тай, -тей қосымшасы жалғануымен:Бектас айтқандай,зал іші халыққа лық толды.

Бағыныңқылы сөйлем басыңқыдағы іс-әрекет,қимыл,құбылыс,оқиға,ойдың мақсатын білдіретін сөйлемдімақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемдеп айтамыз.

Мысалы: Кезекші сабақты ауыстыру үшін, оқушылар мұғалімдеріменкелісулері керек.

Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің екі сыңарының дабастауыштары болу қажет,болмаса бұл жай сөйлемнің күрделенген түрі ғана болады.Мақсат бағыныңқының бір сыңары көбінесе алғашқы жай сөйлем-жақсыз сөйлем болады.

Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмаластың жасалу жолдары

1. Қимыл атауына үшін шылауы тіркеседі:Мақсаттары орындалуы үшін еңбектену керектігін олар да түсінеді.

2. Деп көмекші етістігіIII жақтағы бұйрық раймен тіркеседі:Балжан тынықсын деп,апасы есік-терезелерді жауып қойды.

3.Деп көмекші етістігі -ар, -ер, -р етістігі қосымшалары есімшемен біргежұмсалады:Атас қуанып қалар деп,немересі тақияны қайта-қайта қолына алды.

Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің жасалуында үшін, деп шылаулары негізгі қызмет атқарады.

Теміртапшылықты анемия

Теміртапшылықты анемияның негізгі себебі-аңзада темірдің жетіспеуі.Оған әртүрлі жағдайлар : қан жоғаоту,темір сіңуінің бұзылуы,темір қорын көп тұтыну себеп болады.Тәулігіне адам ағзасына келетін темірдің 3-7 мг.ғана сіңеді.Бұл қалыпты жағдайда гемоглобин түзілуіне жеткілікті.Егер ағза тәулігіне 1 ас қасықтан артық қан жоғалтса,бұл ондағы темірдің мөлшеріне әсер етеді.Сондықтан мұндай жағдайлар үнемі қайталанса,темір тапшылығы туындайды.Сондай-ақ темір сіңуінің бұзылуы асқазанға операция жасалғанда,ішек ауруларында байқалады.Ағзадағы темір қорын көп тұтыну әйелдердің екіқабат кезінде,яғни құрсақтағы баланың өсу кезеңінде туындайды. Теміртапшылықты анемиямен ауырған науқастардың шағымдары:тәбеттің нашарлауы,аузында дәмнің болмауы,кекіріктің пайда болуы,іштің ауыруы.Анемияның ауыр түрінде қатты және құрғақ тамақты жұту өте қияндайды.Ауру адамды қарағанда терісінің қуқыл тартқаны байқалады.Сонымен қатар терінің құрғақтығы,шаштың ерте ағаруы,көптеп түсуі,езудің жарылуы кездеседі.Жүрек жағынан анемияға тән систолалық шуыл естуге болады. Қанда эритроцит саны мен гемоглобиннің деңгейі төмендейді.Қанның сару суындағы темір мөлшері 1,5-2,5 есе,кейде одан да төмен азаяды.Емдік шаралары:құрамында темірі бар дәрілермен емдеу және құрамында темір мөлшері көп тамақтармен (бауыр,сиыр еті,жұмыртқа,алма,кептірілген жемістер)тамақтандыру.Себепші ауруларды емдеу.

Сөздік

Теміртапшылықты анемия-железодефицитная анемия

Сіңу-впитаться

Тұтыну-потребление

Қор-запас

Кекірік-отрыжка

Шуыл-шум

Жарылу-трескаться

Қуқыл-бледный

1-Жаттығу

Мәтіннің сұрақтарына жауап беріңіздер.

Теміртапшылықты анемия неден пайда болады?

Анемияның белгілері қандай?

Анемия кезінде (анализ алғанда) қандай өзгерістер болады?

Емдік шаралары қандай?

2-Жаттығу

Мәтін бойынша төмендегі сөйлемдерді толықтырыңыз.

Теміртапшылықты анемия ауруы сәбилерде ... кездеседі. Шала туған балаларда анемия алты айдан ... анықталады. Эитроциттердің ... азаяды. Балалар әлсізденеді, шаршайды, ... . Қанда гемоглобин ... төмендейді. Емдеу ... түрде жүргізілуі тиіс. Массаж бен гимнастика ағзадағы алмасу ... күшейтеді. Анемия формаларында ... препараттарын тағайындау керек. Анемияның ауыр түрінде емдеу ... жүргізіледі.

(Керекті сөздер: деңгейі, ауруханада, жиі, саны, арықтайды, процесін, темір, кейін, кешенді).

3-Жаттығу

Сабақтас құрмалас сөйлемдерді көрсетіңіз, орыс тіліне аударыңыздар.

Қазір жүректің ишимиялық ауруларын емдейтін әсерлі дәрі-дәрмектер жеткілікті болғандықтан, оларды кез-келген дәріханадан сатып алуға болады. Бұл дәрі-дәрмектің қайсысы болмасын орынсыз қолданылған жағдайда, адам өміріне қауіп төндіріп, әртүрлі асқынуларға әкеліп соғуы мүмкін. Науқас кейде басқаларға көмектесіпті деген дәріні алып, іше салады да, оның соңы қауіпті асқынуларға соғып жатады. Ондай өзі білмейтін дәріні қабылдамас бұрын дәрігерге барып, мамандармен алдын –ала кеңесу қажет.

4-Жаттығу

Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

1.Я сходила в аптеку, который находится в центре города. 2. Для того чтобы выздороветь, ты должна лечиться. 3. Нурлан сказал, что его мама работает в поликлинике . 4. Чтобы определить причину болезни, нужно пройти полное обследование. 5. Чтобы лечиться в больнице, нужно взять направление у участкого врача.

5-Жаттығу

Сабақтас сөйлемдердің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Астанаға келгелі көңілім бір көтеріліп қалды. Қалаға кіре бергенде, аспанмен таласқан биік ғимарат бірден көзге түсті. Жұмыс көп болғандықтан, демалысқа шыға алмадым. Көпшілік сенім білдіргеннен кейін, жұмыстың абыройлы орындалғаны жақсы. Көлік болса, келесі ауылға жетіп алар едік.

6-Жаттығу

Жұмбақтың шешімін тауып, жаттап алыңыздар.

Аласы бар, қарасы бар, ағы бар,

Пышақ тисе егер ол,

Қып-қызыл боп жарылар.

Сабақтың тақырыбы: Аралас құрмалас сөйлем.

Түркістан.

Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;

-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

Тәрбиелік:

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2.Үйтапсырмасынсұрау20мин. 3.Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин. 4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

1.Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2. Сабақтас құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді ?

3.Сабақтас құрмалас сөйлем қалай жасалады?

4 Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

5.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қалай жасалады?

6.Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қалай жасалады?

7.Амал бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қалай жасалады?

8.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қалай жасалады?

9.Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қалай жасалады?

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Аралас құрмалас сөйлем және оның түрлеріне, талдау жасату, жаттығу жұмыстарын жүргізу.

Студент нені білу керек:

- ауызекі сөйлеу тілін;

Студент нені меңгеру керек:

  • Аралас құрмалас сөйлем және оның түрлерінің жасалу жолдарын;

  • сөздікті қолдана білуді;

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

  • мысалдар келтіре білуді.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру: Берілген мәтінді тірек ете отырып, өз бетінше аралас құрмалас сөйлемнің түрлеріне 6 сөйлем құрастырып келу. Мәтіннің мазмұнын айту. Мәтінді орысшаға аудару. Аралас құрмалас сөйлемдерге 6 сөйлем құрастыру.

Аралас құрмалас сөйлем.

Кемінде үш жай сөйлемнен тұратын, құрамындағы сөйлемдер салаласа әрі

сабақтаса байланысатын құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз.

Мысалы:Балалар үйге кірсе, үлкендер дастархан басында отыр, жастар жеке әңгіме құрыпты.

Көптеген оқулықтарда, ғылыми әдебиеттерде аралас құрмалас сөйлем құрмаластың жеке бір түрі ретінде қарастырылады. Тек Есеновтың «Құрмалас сөйлем синтаксисі» (А., 1995) еңбегінде жеке бір түрінде оқытылмайды. Бұның себебін ғалым өзіне тән жасалу амал-тәсілдерінің болмайтындығымен түсіндіреді. Біз де осы пікірге қосылып, сабақтаса байланысу сабақтас құрмалас сөйлемдердегідей есімше, көсемше, рай арқылы жасалатынын айтамыз.

Мысалы: Балалар үйге кірсе, үлкендер дастархан басында отыр, жастар жеке әңгіме құрыпты.

Құрмалас құрамында екі салалас, бір сабақтас бар.

Мысалы: 1. Күн шығып, ел тұра бастады,-Нұрлан әлі жоқ, Амантай Серғазылармен ақылдасып еді, Жамантайдың науқасының түрі жаман болғандықтан, олар ырық бере қоймады.

2.Бұлар үйге кіргенде, түн ортасы жуық еді, бірақ Дәурен мен Айжан әлі жатпапты.

3.Дәннің төгілген жері құмайт екен, сумен араластырып електен өткізгенде, құм түгелімен ағып, дән електе қала берді.

Түркістан

Түркістан қаласы қазақ хандығының ең бірінші астанасы. Қаланың көне атауы –Яссы. Яссы Ұлы Жібек Жолының сауда орталығы және округі болған. XII ғасырда әсіресе Қ.А Яссауи көшіп келген соң ерекше атаққа ие болған. Түркістанға 1500 жыл. Яссауи – ортағасырлардың ерекше сәулеті болып табылады.Керемет орналасуы және әдемі мозаика суреттермен апталған қоршау. 1500 жыл ішінде Түркістан атақты шейх-көріпкел ақын Хазірет-сұлтан аталған Қожа Ахмет Яссауидің арқасында әлемге әйгілі болған. Ол кезде қала атауы –Яссы болатын. XIV ғасыр аяғында Түркістан Ұлы Әмір Темір арқасында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынған соң атақты болды.

Мұсылман әлемінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі екінші Мекке болып саналады. Оңтүстік Қазақстандағы 802 ескерткіштер ішінде : 528 археология ескерткіштері; 42 тарихи ескерткіштер; 226- сәулет ескерткіштері болып есептеледі. Ең қызық археологиялық ескерткіштер IX -XII ғасырлардағы қараханидтер кезеніне жатады. Бұл кезен Ұлы Жібек Жолы өркендеп келе жатқан кездегі әйгілі Отырар қаласы, яғни археологиялық қазбалар арқасында ол тарихи-мәдени қорық болып, Отырар жазирасына айналып, атақты туристік нысанаға айналды.

Сонымен қатар бұл жерде керемет тарихи мұражай моңғолдар шапқыншылығынан зардап шеккен нысаналар да бар. XII-XX ғасырға жататын ескерткіш Арыстан Баб атақты киелі көріпкелге арналған.

Бірақ одан да көлемді ескерткіш 2000 жылы 1500 жылдығын тойлаған Түркістан қаласындағы сәулет болып саналады. Әмір Темір бұйрығы бойынша атақты Қожа Ахмет Яссауи мазары үстіне кесене орнатылды. Көптеген тарихи кезендерді бастан кешкен бұл кесене биіктігі 40 метр.

Орталық залы – Қазақ хандар резиденциясы сақталған, спецификалық мұражай – пантеон ашылды. Мұражай маржаны болып мұсылман елдері ішіндегі ең үлкен Тайқазан бар. Ол 7 металл қоспасынан жасалған. Тарихи ескерткішке тағы да қорық болып саналған Ордабасы қорығы жатады. Бұл жерде Шымкенттен 30 км қашықтықта XVII ғасыр басында Қазақтар бірігіп, батыстағы моңғолдарға, яғни жоңғарларға қарсы шығып, Орда құрған еді.

Хандық - ханство

Ескерткіш- памятник

Әлем -мир

Әйгілі -обще известный

Тарихи- исторически

Мұражай - музей

1- жаттығу

Мәтіндегі аралас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыздар.

2- жаттығу

Төмендегі жай сөйлемдерден аралас құрмалас сөйлем құрап жазыңдар.

  1. Кітабымды жолдасым әкетті. Сондықтан сабаққа дайындала алмадым.

Оқытушы ескерту жасады. 2. Көктөбеге бар. Төбеден төмен қара. Астанамыздың әсемдігіне сүйсін. 3.Жақында Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездестік. Әр сөзді зейін сала тыңдадым. Еліміздің әр сүйем жері үшін жанын сала жаумен майдандасқан жандарға деген сүйіспеншілігім арта түсті. 4.Бүгін маған кел. Өнер музейіне барамыз. Кейінгі кезде жаңа экспонаттармен толықтырылыпты.

3- жаттығу

Аралас құрмалас сөйлемдерге тыныс белгілерін қойыңыздар.

1. Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қауырт еріп еді сай-сайлар суға толып қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемерлеп тұр. 2. Көзін сәулегеүйреткен Асқар терезеден қараса аспан айдай ашық екен де шуақты күн түске тармасып қалған екен.3.Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе әке-шешесінің дауыстары үздіксіз шығады да Лиза үйге қайтса сөздерінің аяқталмай тоқтал-ғаны аңдалады. 4. Ол бастықтың бөлмесіне келген еді бірақ басқа келгендер болып көпке дейін кезек келмей есік алдында күтіп қалды.

4- жаттығу

Аралас құрмалас сөйлемдерді құрамына қарай, орналасу тәртібіне қарай талдаңыздар.

1.Оған бірдеме дейін деп еді, -өкпесі алқымына тығылып, аузына сөз түспей қойды. 2. Сөйленген сөзден кейін ана өзін бүгінгі күннің лас ауырпалығынан арылып, тыңайған қалып сезілді, өзіне-өзінің көңілі толды және жұрттың бәріне де жақсылық , ізгілік көрсеткісі келді. 3. Ағынның күштілігіне көз тұнып, айналады, - қандай терең болғанымен , су түбіндегі жүздеген балық, жатқан тас , құм – бәрі алақандағыдай көрініп тұр.

5- жаттығу

Аралас құрмалас сөйлемдерді тауып, ондағы жай сөйлемдердің байланысу жолын айтып беріңіздер.

1.Егер Сағит аман жетіп, хатты қолына тапсырсы, қандай жағдайда жазғанымды ауызшада да айтар, дегенмен, болған халді қысқаша баяндап кетейін. 2. Кім екенін білу үшін, жортып барып алдын ала тосайын деп еді, маңайлап ұшып жүрген бүркіт шақырғанына келмей , жолдан қырындап кетті.

6- жаттығу

Төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Улы өсімдіктер, улы заттар, заттардың сапасы, улы заттардың саны, жер қыртысы әртүрлі , өсімдіктердің түрі, заттардың сапасы мен саны, өсімдіктердің бөлігінде, уландыратын әсері, өсу мерзімі, улылығын білу.

7- жаттығу

Мақалдарды жаттаңдар және орыс тіліндегі баламасын табыңдар.

1.Тілге құрмет елге құрмет.

2.Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.

3.Анам берген туған тілім,

Атам берген құрал тілім.

4.Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі ой өсіреді.

5.Тіл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.

6.Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

Сабақтың тақырыбы:Бөгде сөз туралы түсінік.

Отырар.

Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;

-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

Тәрбиелік:

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

1. Аралас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2. .Аралас құрмалас сөйлем қалай жасалады?

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Бөгде сөздерге талдау жасату, жаттығу жұмыстарын жүргізу.

Студент нені білу керек:

- ауызекі сөйлеу тілін;

Студент нені меңгеру керек:

  • бөгде сөздердің жасалу жолдарын;

  • сөздікті қолдана білуді;

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

  • мысалдар келтіре білуді.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру::

Берілген мәтінді тірек ете отырып, өз бетінше бөгде сөздерге 6 сөйлем құрастырып келу. Мәтіннің мазмұнын айту. Мәтінді орысшаға аудару. Бөгде сөздердің үш түріне 6 сөйлем құрастыру.

Бөгде сөз

Белгілі бір оқиғаны баяндап әңгімелеу, не жазу үстінде әңгіменің барлығы тек авторлық баяндаумен жеткізу қиындық келтіреді және ондай тәсіл оқырманды не тыңдаушыны жалықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан бөгде сөз кірістіруге тура келеді.

Бөгде сөздің түрлеріне төл сөз, төлеу сөз, ортақ төл сөз жатады.

Бөгде сөздің мазмұны ғана емес, оны жеткізу түрін еш өзгеріске түсірмей, толық сақтай отырып, сөзбе –сөз қайталанатын түрін төл сөз деп атайды.

Мысалы: - Шырағым,- деді Ботагөзге кемпір,- сен далаға шығып кетші.

Ойдың сөзбе-сөз емес, мазмұнын толық жеткізетін бөгде сөздің түрін төлеу cөз деп атайды.

Мысалы: Ахмет маған әйелін таныстырды да, менің аты- жөнімді айтты оған.

Ортақ төл сөзде автор өз атынан сөйлегенімен, әсіресе, көркем шығармада кейіпкердің көңіл - күйін, сезімін беру тұрғысынан баяндап отырады.

Бөгде сөздің бұл үш түрі мынадай салыстырудан анық байқалады:

1. «Біз өзіміз оқытар жас ұрпақты осы тілдерге де үйретуге тиістіміз ғой» ,- деді Қабира біраздан кейін бұл әңгімені қайтадан жалғап- төл сөз.

2. Өздері оқытар жас ұрпақты осы тілдерге де үйретуге тиіс екенін айтты Қабира біраздан кейін бұл әңгімені қайтадан жалғап – төлеу сөз.

3. Қабираның біраздан кейін бұл әңгімені қайтадан жалғағандай, олар өздері оқытар жас ұрпақты осы тілдерге де үйретуге тиісті ғой – ортақ төл сөз.

Отырар қаласы

Шұраттың негізгі су көздері Арыс пен Сырдария. Олардан шығарылған каналдар, қалалар мен мекендерді сумен қамтамасыз етті, егістікті суарды. Тек, судың молдығынан ғана, бұл жерде егіншілік мәдениеті дами алды.

Отырар шұратының орналасқан жері, оның тұрғындарының өміріне әсерін тигізіп отырды. А. Н. Бернштам Отырар, Арыстың Сырдарияға құяр тұсында, Бөгенге жақын орналасқандықтан, қолайлы позицияда тұр және жер суару үшін суы жеткілікті деп дәл айтқан. Бөген мен Арыс бойымен Таласқа, үйсін, кейін қарлұқ иеліктерінің шекарасына дейін жеткен. Сырдария бойымен жолдар Шаш, Ферғана және Соғдыға, солтүстікке қарай Арал маңындағы аландар арқылы Еділ бойындағы далаға, Таулы Оралға және Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін барған.

Шұраттың солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 53 километрдей, батыстан шығысқа қарай 54 километрдей. Шұрат территориясында 130 астам ескерткіштер бар.

Отырар, ортағасырлық ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби туған аймақ астанасы ретінде кеңінен танымал. Отырар орнында елдімекеннің пайда болуы біздің дәуіріміздің бірінші ғасырларына сәйкес келеді. Алғаш рет «Отырар» және «Фараб» атаулары жазба деректерде б.д. IX ғ. кездеседі. X-XII ғғ. кезеңі, моңғол шапқыншылығы тамырын шапқан қалалық өмірдің гүлдену кезеңі болды. 1219 жылы Отырар Шыңғысхан әскерінің соққыларынан құлады. Алайда, Отырар қайта түлеп, XIII ғасырдың ортасында Батыс пен шығыс арасындағы жолда ірі сауда орталығына айналды. 1405 жылы Отырар сарайларының бірінде Темірлан қайтыс болады. Отырардағы өмір XVIII ғасырға дейін жалғасты. Қалажұрттың жалпы сипаты Қазақстан мен Орта Азиядағы ортағасырлық ескерткіштердің көпшілігінің сипатына тән.

Тақырып бойынша ғылыми ізденіс өте кең. Отырардағы алғашқы қазбаны Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесінің мүшелері А.К.Кларе мен А.А. Черкасов 1904 жылы жүргізді. Олар бірқатар траншеялар салып, материал жинақтады. Кейінгі зерттеулер, тек, ХХ ғасырдың 40-жылдары профессор А.Н.Бернштам басшылығымен жалғасын тапты. 1969 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (1971 ж. бастап ҚазКСР ҒА Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы болып аталады) ұйымдастырылып, оны Ақышев К.А. басқарды, ал, 1991 жылдан Байпақов К.М. басқарып келеді. 2001 жылы ЮНЕСКО-Қазақстан-Жапония бастауымен «Ежелгі Отырар қалажұртын консервациялау және сақтау» Қорының халықаралық жобасы жұмысын бастады. Жобаның негізгі мақсаттары: құжаттық база жасау мен консервациялық шаралар болды.

2004-2007 жылдары «Мәдени мұра» және «Ежелгі Отырарды жаңғырту» мемлекеттік бағдарламалары аясында, Отырар қалашығының бірқатар ескерткіштерін (XIV ғ. жұма мешіті, XVI ғ. тұрғын үй орамы, XI-XII ғғ. тұрғын жайлары, қабырғалар, орталық қақпа және «Дарваза-и суфи» («Сопы қақпасы»), стратиграфиялық шурф, XIV ғ. моншасы) зерттеу, консервациялау және музейлендіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Шұрат ескерткіштері Көк-Мардан, Құйрыктөбе, Жалпақтөбе, Уәсиж қалашықтары, Талтақай және Қоңыр мазараттарына кешенді зерттеу жүргізілді. Отырар шұратын аэрофотоқұжаттау іске асырылды, ең жаңа компьютерлік жетістіктерді пайдалана отырып шұраттың ежелгі ирригациясы зерттелді. 8 мыңнан астам аэросуреттер түсірілді. Шұраттың геоақпараттың негізі жасалды. Бұл Қазақстан археологиялық ғылымында жасалған ең ақпаратты және ауқымды жүйе.

Отырар шұраты – Қазақстан Республикасы археологиясының жауһары. Археологиялық зертттеулерді, консервациялық шараларды жалғастыру, туристік инфрақұрылымды дамыту – шұрат ескерткіштерін Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізу процесінің маңызды құрамдас бөлігі.

СӨЗДІК

Шекара-граница

Жоба- проект

Ізденіс- пойск

Қазба - ископаемое

Зерттеу-исследовать

Мәдени мұра- культурное наследие

Әскер-войско

1- жаттығу

Мәтіндегі құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыздар.

2- жаттығу

Мәтінді тірек ете отырып, бөгде сөз түрлеріне сөйлем ойластырыңыздар.

3- жаттығу

Мәтіндегі әрбір абзацқа сұрақ құрастырыңыздар.

4- жаттығу

Мына сөйлемдердегі бөгде сөздердің түрлерін анықтап жазыңыздар.

1.-Мынауың үлкен арнаның бастауы екен, қарағым, -деп өлең дәптерімнің ашық тұсына бірдеңе жазуға оқталып біраз отырды.

2. - Бір өлең оқып жіберші, -деп өтініш білдірді.

3. Мұқағали тұрып:

-Бұл бір болайын деп тұрған ақын. Бұл да Алматыға келгісі кеп, пәтер, жұмыс іздеп жүр. Төкеңнің бір ғажабы өз өлеңін басына аяғына қарай жатқа оқып береді, деді.

4. Сен шыққан биік жоқ әлі.

Сен шықпақ биік жоғары.

Қайралмай жатқан жас талант

Қиып түссем деп соғады,- деп қолын қойды.

5- жаттығу

Фразеологиалық тіркестердің мағынасын есте сақтап, жаттаңыздар.

1.Көзі ілінбеу ұйықтамау.

2.Қолы ашық-береген, мырза адам.

3.Маңдайы ашылу-бақытты болу.

4.Он саусағынан бал тамған-шебер, өнерлі.

5.Тілінен бал тамған-шешен, ақын адам.

6.Көзі жету-анық білу.

7.Көзді ашып жұмғанша-тез, жылдам.

8.Тіл сындыру- сауатын ашу.

6- жаттығу

Бос орындарға сұрақ қойыңдар.

1............

Саят пен Ербол.

2.............

Астанаға бару үшін автовокзалға келді.

3..............

Анықтама бюросынан білуіне болады.

4...............

Астана уақытымен белгіленді.

5................

Алматыға автобус сағат жетіде жүреді.

6.................

Онда автобустардың бағыттары мен қозғалу уақыты көрсетілген.

7- жаттығу

Берілген мамандық иелерінің немен айналысатынын сәйкестендіріңіздер.

Құрылысшы сурет салды

Жазушы аударды

Есепші рөлді ойнайды

Диқан елдестіреді

Кенші қорғайды

Қорғаушы егін салады

Аудармашы үй салады

Елші есептейді

Суретші кітап жазады

Актер кен өндіреді

Сабақтың тақырыбы: Аралас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау.

Айша Бибі кесенесі.

Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;

-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

Тәрбиелік:

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлерді өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

1.Бөгде сөз дегеніміз не?

2.Бөгде сөздер қалай жасалады?

3.Бөгде сөздердің түрлеріне мысал келтіріңіздер.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Аралас құрмалас сөйлем және оның түрлерін қайталау.

Студент нені білу керек:

- ауызекі сөйлеу тілін;

Студент нені меңгеру керек:

  • Аралас құрмалас сөйлем және оның түрлерінің жасалу жолдарын;

  • сөздікті қолдана білуді;

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

  • мысалдар келтіре білуді.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Берілген мәтінді тірек ете отырып, өз бетінше аралас құрмалас сөйлемге 5 сөйлем құрастырып келу. Мәтіннің мазмұнын айту. Мәтінді орысшаға аудару. Аралас құрмалас сөйлем түрлеріне 6 сөйлем құрастыру.

Аралас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау

Кемінде үш жай сөйлемнен тұратын, құрамындағы сөйлемдер салаласа әрі

сабақтаса байланысатын құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз.

Мысалы:

Айша ауылдан келсе, үйдің есігінде құлып тұр, ешкім жоқ екен.

Көптеген оқулықтарда, ғылыми әдебиеттерде аралас құрмалас сөйлем құрмаластың жеке бір түрі ретінде қарастырылады. Тек Есеновтың «Құрмалас сөйлем синтаксисі» (А., 1995) еңбегінде жеке бір түрінде оқытылмайды. Бұның себебін ғалым өзіне тән жасалу амал-тәсілдерінің болмайтындығымен түсіндіреді. Біз де осы пікірге қосылып, сабақтаса байланысу сабақтас құрмалас сөйлемдердегідей есімше, көсемше, рай арқылы жасалатынын айтамыз.

Мысалы: Айша ауылдан келсе, үйдің есігінде құлып тұр, ешкім жоқ екен.

Құрмалас құрамында екі салалас, бір сабақтас бар.

Мысалы: 1. Ай туа бастады,-Нұрлан әлі жоқ, Ботагөз екеуі уәделесіп еді, Нұрлан кешіккендіктен, Ботагөздің жүрегін үрей биледі.

2.Асандар театрға кіргенде, сағат 5-ке жуық еді, бірақ Дәурен мен Айжан әлі келмегенге ұқсайды..

3.Дәннің төгілген жері құмайт екен, сумен араластырып електен өткізгенде, құм түгелімен ағып, дән електе қала берді.

Айша бибі кесенесі

ЮНЕСКО сарапшыларының бағалауынша өн бойы өрнекпен өріліп, айшықпен көмкерілген және 60-тан астам түрлі оюлармен безендірілген терракот кірпіштер сыртқы жапсырма емес, қабырғалық материал болып өрілген әлемдегі жалғыз мұра Айша бибі кесенесі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің бірі. 12 ғасырда салынған. Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Айша Бибі ауылында орналасқан.

Кесене құрылысын 1897 жылы В.Каллаур, 1938-1939 жылдары А.Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан Ғылым академиясының экспедициясы зерттеген.

Айша Бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Айша бибі шамамен 11-12 ғасырларда өмір сүрген ару қыз. Айша бибі еліне сапарлап келген Қараханмен жүздесіп, бір-бірін ұнатады. Алайда тұтқиылдан елін жау шапқанын естіген Қарахан дереу еліне аттанады. Уәделі кезде хабар болмаған соң, алаңдаған Айша бибі «Күйеу жігіт еліне барып, бір хабарын білейін, аман болса алдыңызға келіп ақ батаңызды алып қосылармыз» деп, әкесінен рұқсат сұрайды. Бірақ қыз әкесі келісімін бермейді. Үш рет өтініп, меселі қайтқан Айша бибі 40 қыз жолдас ертіп, Қараханның еліне өз бетімен аттанады. Ел шетіне таяғанда демалмақшы болып су бойына тоқтап жуынады. Сол кезде сәукеленің ішінде жасырынып қалған улы жылан Айшаны басынан шағып өлтіреді. Қыздардың хабарын естіп Қарахан да жетеді. Бірақ Айша тілге келмейді. Ең болмаса о дүниеде қосылайық деп Қарахан осы жерде Айшамен некесін қидырады.

Келін болып босаға аттамаса да уәдеге берік Айшаның соңғы демі өз қолында шыққанына әрі риза, әрі құса болған Қарахан Айша бибі қабірінің үстіне күмбез тұрғыздырады. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы 7,6 х 7,6 метр, бұрыштары бағана тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас (3 х 1,4 м) орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше беттерінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғарғы жағы көгеріс өрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді. Бұрыштағы бағаналар көгеріс өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы әсемделген. Айша бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 биктікте бағаналарға араб әріпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың бірінде «күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...» деген сөздер жазылған. Кесене қабырғалары (қалыңдығы 80 см) үш бөліктен: күйдірілген кірпіштен қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен бағаналар беріктігін арттыру үшін қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан арқалық қойылған. Кесене қабырғаларының сыртқы беті артқы жағындағы сыналарымен бекітілген оймыш ұсақ плиталар арқылы безендірілген. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Қашаумен үңгіп жасалған бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипат, композициялық шешім тапқан.

Кесене құрылысынан Темір дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алған порталды-тақталы дәстүр айқын аңғарылады. Айша бибі хикаясын зерттеген тараздық журналшы Б.Әбілдаев «Айша бибі» деген пьеса жазды. Айша бибі кесенесі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынып, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енгізілген.

СӨЗДІК

Сарапшылар -оценщик

Өрнекпен өріліп-приукрасив узором

Оюлармен безендірілген- украшивать узорами

Сәулет өнері-внешняя красота

Келін-невеста

Қабырға-стена

Әшекей-украшение

Дәстүр-обычай

1- жаттығу

Мәтіндегі аралас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыздар.

2- жаттығу

Мәтінді тірек ете отырып, аралас құрмалас сөйлемге 4 сөйлем ойластырыздар.

3- жаттығу

Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Дәрумендер тепе-теңдігі бұзылуынан, теріде әртүрлі патологиялық аурулар пайда болады. Дәрумендер терінің қалыпты тіршілік әрекетінде зор маңызы бар. А дәрумені жетіспегенде болатын тері ауруларының патологиялық белгілері: терінің құрғақтығы, май және тер бөлінуінің төмендеуі, Бұл жағдайда А дәруменін тәулігіне 2-3 рет ішу керек.

4- жаттығу

Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

По тяжести ожоги разделяют на четыре степени. При ожогах первой и второй степени все ограничивается поражением кожи. Ожоги третьей степени вызывают ожоговую болезнь, так как при них повреждается мышцы, сухожилия, суставные сумки. При обширных ожогах, когда приходятся опосаться болевого шока, надо завернуть пострадавшего в чистую простыню и до прибытия врача давать сладкое питье.

5- жаттығу

Өзіңіз білетін тері ауруларына қарсы қолданылатын қандай шөптер бар, олардың қолданылуы туралы айтыңыздар.

6- жаттығу

Мақалды оқыңдар, жаттаңыздар.

Білімсіз адамның сөзі білектей,

Білімді адамның сөзі жібектей.

Екпей егін шықпас,

Үйренбей білім жұқпас.

Білмеген надан емес,

Білгісі келмеген надан.

Асылды қайрақ ұштайды,

Ақылды білім ұштайды.

7- жаттығу

Берілген сөйлемдерге сөздердің дұрыс формасын таңдап жазыңыздар.

Үлкенді (сыйлау, сыйламау) - қазақ халқының ата салты.

Өз отбасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды да (сыйлай алады, сыйлай алмайды).

Ата-ана баланы дүниеге (келтіру), өмір (беру), тәрбиелеп (өсіру), білім (беру).

Ата-ананың (ақыл), көпті көрген (тәжірибе) отбасына үлкен көмегін тигізеді.

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1.Сабақтас құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?

А) 3 түрге;

В) 6 түге;

С) 8 түрге;

2. Бұл сөйлемнің қай түрі?

Құрамындағы жай сөйлемдердің біреуінің баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады.

А) салалас құрмалас сөйлем;

В) сабақтас құрмалас сөйлем;

С) аралас құрмалас сөйлем;

3. Қимыл – сын бағыныңқы сөйлемді табыңыз.

А) Жолда көп жүргендіктен, мен қатты шаршадым.

В)Театрға барсаң, маған телефон соқ.

С)Амантай үйден тез киініп шығып, автобусқа келіп отырды.

D) Күн жылынса, ауылға қайтамын.

E)Күн жылынса да, қар ерімейді.

4. Талғаулы салаласты табыңыз.

А) Жігіттің дені сау болса, сол- дәулет.

В) Күн бұлттанды, бірақ жаңбыр жауған жоқ.

С) Жолдастық- достық пен махаббаттаң бірінші баспалдағы.

D) Сәлім- әке- шешесінің тұңғышы әрі жалғызы.

Е) Мына Әсетті қасымызға щығарып бер, не болмаса кепіл бол.

5.Шартты бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

А) Бүгін жаңа ай туды.

В) Кітабын оқып болған соң, досына бере салды.

С) Табиғаттың тілін білсең,ешқашан қор болмайсың.

D)Маған жақындап келгенде ғана, өзімнің досым екенін таныдым.

E) Ертең апам келеді.

6. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Үйірме мүшелері М.Мақатаев өлеңдерін жатқа оқыды.

В) Балалар еңбек сабағына құрал - жабдықтарын әкелді.

С) Жамал пешке от жағып, асты әзірлей бастады.

D) Тұрмыс жақсы болу үшін, еңбек өнімді болу керек.

E) Жақып кешкі тымырсық ауаны сіміре жұтып, даланы ұзақ аралады.

7.Қарсылықты салалас жасауға болатын қатарды көрсетіңіз.

А) Жау шегінді. Бауыржан оны білген жоқ.

В) Түн. Ышқынған дауыл.

С) Шоқан ғылымға әбден берілді. Әскери қызметтен бас тартты.

D) Ескек қолынан түсіп кетті. Оның есі шығып кетті.

E) Қасиетті мекен. Күн сәулесі.

8 Құрмалас сөйлемдерденыңғайлас салалас түрін табыңыз.

А) Оттың жалыны әзір көрінбейді, бірақ жаңа ғана тұтанды дегенді.

В) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.

С) Жанат орнын ұсынып еді, - отырған жоқ.

D) Сыздық- етікші жігіт және жұрттың көзінде ең шебер етікші сол.

E) Күндіз қоңыр салқын болып тұр.

9. Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.

А) Дүниеде айнымайтын қорғаушың- ақыл.

В) Халықтардың жарқын өмірінің кепілі- бірлік пен береке.

С) Айтар ештеңесі жоқтар әрқашан нашар сөйлейді.

D) Өтірікші өзін алдайды.

E) Ол қызына 2түрлі нәрсені үйретуге тырысты: бірі - тұрақтылық, бірі -махаббат.

10 Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

А) Мылтық үні тарс етті.

В) Оның бағы жанды.

С) Бір кезде мылтық үні тарс етті.

D) Бала көзін жұмып алды.

E) Ол есікті тарс жапты.

11. Себеп -салдар салалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Оның қорыққаны сондай –не айтып, не қойғанын білген жоқ.

В) Айдағаның бес ешкі – ысқырығың жер жарады.

С) Енді жасыру мүмкін емес: үйлену тойы ертең, кеште.

D) Жақсыда кек жоқ, жаманда тек жоқ.

E) Таныдым: үй- Қарабеттің отауы.

12.Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.

А) Таң мезгілі болғанда, қонақтар да тарасты.

В) Жылан шаққан кісіні мүмкіндігінше қозғамай, төсекке жатқызып қойған абзал.

С) Енді он минут кешіккенде, атқа да мініп үлгермейді екенбіз.

D) Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.

Е) Екі жақты тыңдап алмай, үкім шығарма.

13.Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті.

В) Опың сөздік қоры мол болғандықтан, өз ойын еркін жеткізеді.

С) Мен оқыған кітап қызық-ақ.

D) Әдейі танытпау үшін, ол бет-аузын таңып алыпты.

Е) Түн.

14. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті, адамдар да өзгерді.

В) Міне біз де келдік Кеш те басталды.

С) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар.

D) Мен үй жинап жатырмын, өзің келіп кет.

Е) Сауран шаңғыға әуесқойлардың бірі бола тұра, әлі күнге мұншалықты ұзын алқапта , әсіресе мынау еңістікте сырғанап көрген емес.

15.Тура мағыналы сөзлерді табыңыз.

А) Өз қолымен берді.

В) Әділ, Шалабайлар-байдың қол шоқпары.

С) Көкеңе айтарсың, қолы ұзын адам емес пе?

D) Қолдың қысқалығынан бұл жолы да мардымды ештеңе бере алмады.

Е) Бұл іс менің қолым екен.

16. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Таң ата олар жолға шықты.

В) Жаңа келген жансың, сондықтан жат жердің сырын біле қою оңай емес.

С) Кешке дейін қызметін бітірді.

D)Айтқандарым жаққан соң, алыс- жақын тыңдайды

Е) Соңғы тапсырма қиын болса да, орындауға бар күштерін салды.

17. Жалғаулықты қарсылықты салаласты табыңыз.

А) Желбіреген ақ сәулелі дала қалқып жатыр.

В) Қаңғыр - күңгір щыққан адам дауыстары естілді

С) Күлген жақсы, бірақ шектен аса күлу- мәдениетсіздік.

D)Отыз екі жасқа келгеніне қарамастан,осы жазда капитан Елдосовтың самайына ақ кірді.

Е) Ақыл –адам көрігі, ақылдылық – сабыр серігі.

18. Жалғаулықты себеп-салдар салалс сөйлемін көрсетіңіз.

А) Қадырдың киімі жұқа әрі денсаулығы да мықты емес.

В) Оқушылар сыныптарға кіріп кетті.

С) Ол кісінің өзін кенші деуге болады,себебі тастардың тегін, түрін өте жақсы біледі.

D) Айтқандарым жаққан соң алыс- жақын тыңдайды.

Е) қоңырау соғылды.

19. Көп мағынағаие болатын сөзді табыңыз.

А)Өнерлі бала.

В) Айт болды.

С) Үйге кір.

D) Таулы жер.

Е) Білімнің кілті.

20. Салалас сөйлемнің тиісті тыныс белгісі мен түрін табыңыз.

Махабатта бір-ақ формула бар ол- тұрақтылық.

А) (сызықша) себеп- салдар.

В) (қос нүкте) түсіндірмелі

С) (үтір мен сызықша) қарсылықты.

D) (үтір)ыңғайлас

Е) (үтір) кезектес.

Сабақтың тақырыбы:Төл сөз мен автор сөзі. Алтын адам ескерткіші

Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;

-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

Тәрбиелік:

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

1. Аралас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2. .Аралас құрмалас сөйлем қалай жасалады?

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Төл сөз бен автор сөздеріне талдау жасату, жаттығу жұмыстарын жүргізу.

Студент нені білу керек:

- ауызекі сөйлеу тілін;

Студент нені меңгеру керек:

  • Төл сөз бен автор сөздерінің жасалу жолдарын;

  • сөздікті қолдана білуді;

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

  • мысалдар келтіре білуді.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Берілген мәтінді тірек ете отырып, өз бетінше Төл сөз бен автор сөзіне сөздерге 6 сөйлем құрастырып келу. Мәтіннің мазмұнын айту. Мәтінді орысшаға аудару. Төл сөз бен автор сөзіне 6 сөйлем құрастыру.

Төл сөз мен автор сөзі.

Төл сөз-сөйлеуші сөзінің ішіндегі біреудің айтқанын ешбір өзгертпей,сол айтылған күйі беруі.

Мысалы:«Ғылым таппай мақтанба» -дейді Абай.

Автор сөзі-төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі.

Мысалы:-деді Абай.

Төл сөз бен автор сөзінің өзара орналасу тәртібі төрт түрлі.