- •Рмқк «Орта медициналық және фармацевтік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі республикалық колледжі»
- •1.Дыбыс үндестігінің екі түрі бар. Ілгерінді және кейінді ықпал.
- •1 Жаттығу.
- •2 Жаттығу.
- •3 Жаттығу.
- •1 Жаттығу.
- •2 Жаттығу.
- •3 Жаттығу.
- •2 Жаттығу.
- •3 Жаттығу.
- •1 Жаттығу.
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі. Атау септігі мен ілік септігі.
- •-Жаттығу
- •Сапалық сын есім. Қатыстық сын есім.
- •Экология және біз
- •Дара сын есім. Күрделі сын есім.
- •Арал, оралсаңшы қайтадан
- •Сын есімнің шырайлары.Салыстырмалы шырай
- •Тәнді қоздырар темекі
- •Сан есім.Дара және күрделі сан есім
- •Қазақ елі-менің Отаным
- •Есептік сан есім
- •Бөлшектік сан есім
- •Француз саяхатшысы г. Мозердің қазақ жеріндегі саяхаты
- •Топтау сан есім
- •Болжалдық сан есім
- •Жетелі жұрттың жеті белгісі
- •Қазақстан рәміздері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Болымды және болымсыз етістіктер.
- •Наурыз қыз
- •Келер шақ
- •Көсемше
- •Өздік етістің жұрнақтарын қосыңыз.
- •Оқы, сұра, жина,ойна етістіктерін ырықсыз етіске айналдырып,сөйлем құраңыз.
- •Ырықсыз етістерге мысал келтір.
- •Өзіңіз келтірген мысалдарға сөйлем құраңыз.
- •Елордадағы еңселі сарай.
- •Мәтінді тірек ете отырып жүйке жүйесі туралы әңгімелеп беріңіз.
- •Бүгінгі колледж
- •Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері. Жалғаулықты құрмалас сөйлем.
- •1.Шартты рай тұлғасы арқылы:
- •3. Көсемшенің -а, -е жұрнағындағы сөзге тұр көмекші етістігі тіркеседі.
- •2.Көсемше арқылы : -п, -й
- •2. Көсемше арқылы:
- •3.Шартты рай арқылы:
- •1. Көсемше арқылы:
- •2. Есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен жұрнағына –дай, -дей, -тай, -тей қосымшасы жалғануымен:
- •1. Қимыл атауына үшін шылауы тіркеседі:
- •2. Деп көмекші етістігі III жақтағы бұйрық раймен тіркеседі:
- •3.Деп көмекші етістігі -ар, -ер, -р етістігі қосымшалары есімшемен бірге жұмсалады:
- •Автор -сөзі төл сөз
- •Автор сөзі- төл сөз- автор сөзі
- •Сәрсембег өнөрлү ел(г)ен
- •(Сәрсембегөнерлүекен)
- •Абай оқиды
- •Кітапты оқиды
- •Президент н.Назарбаевтың Қазақстанның Туын, Елтаңбасын таныстыруда сөйлеген сөзі
- •1) Ойды дәл, нақты әрі түсінікті етіп жеткізуді көздейді;
- •2) Ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпынады;
- •3) Осы талаптарға жету үшін эмоцияға, экспрессияға көп жол берілмейді.
- •4 Жаттығу
- •Қазіргі жағдайда ақпаратты – электрондық кітапха
- •«Қазақ тілі » пәні бойынша білімгерлердің білімін бағалау мынадай өлшемдерге негізделеді:
- •Оқу құралдары және әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Абай оқиды
Жіктік жалғаудың ІІ жағы. Байланыс тәсілі – жалғау арқылы.
[1. зат есім атау тұлғада] , [2. етістік, көсемше тұлғасы, жіктік жалғауда ]. Байланыс түрі - қиысу.
Бастауыш пен баяндауыш арасындағы предикаттық қатынас.
Кітапты оқиды
Табыс септік жалғауы. Байланыс тәсілі – жалғау арқылы.
[1. зат есім табыс септікте], [2. етістік, көсемше тұлғасы, жіктік жалғауда]. Байланыс түрі меңгеру.
Толықтауыштық қатынас.
Бұл шақ.
Сілтеу есімдігі және зат есім. Байланыс тәсілі – орын тәртібі.
Байланыс түрі - қабысу (араға сөз салмай іргелес байланысқан)
Анықтауыштық қатынас.
Әліби Тоғжанұлы Жангелдин
Торғайдағы кәсіптік училищеде, Қостанайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқыған. 1903 ж. Орынбордағы діни училищені бітіріп, Қазандағы мұғалімдер семинариясында екі жыл окыған соң, 1905 жылғы революцияға қатысты деген айыппен оқудан шығарылады. Сол жылы Мәскеудегі діни академияға оқуға түсіп, 1906 ж. «сенімсіз студент» деп танылып, академиядан қуылған. 1909-1912 ж. шет ел халықтарының тұрмыс-салтымен танысуды (кейбір деректерде діни уағыздарды насихаттауды) мақсат еткен Ж. Еуропа, Африка, Таяу Шығыс, Азия елдерін жаяу аралап, 1913 ж. Жапония арқылы туған жерге оралады.
Ел аралап, киноаппаратпен шет ел халықтарының өмірі мен тұрмысына байланысты фильмдер көрсетіп, жергілікті халықтың саяси сауатын көтеруге ыкпал етті. 1915 ж. Ресей большевиктер партиясының қатарына өтіп, Қырымда астыртын революциялық қызмет атқарды. Жангелдин Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығына қарсы Торғай қазақтарының көтерілісін қолдап, Торғай қаласын қоршауға қатысты.
1917 жылғы Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін 7 наурызда Петроград жұмысшы және солдат депутаттары кеңесіне «Торғай облысында ескі үкіметтің жазалау отрядтары осы уақытка дейін өзінің зорлык-зомбылығын және қырып-жою сияқты сұрқия әрекеттерін әлі де жүргізіп отырғанын» баяндап, бұл жүгенсіздікті тыюды талап етті. РКФСР Халық комиссарлар кеңесінің шешімімен Торғай облысының төтенше соғыс комиссары болып тағайындалды. 1918 ж. 21 наурыз — 3 сәуірде Орынборда өткен Торғай облыстық кеңестерінің 1-съезінде облыс атқару комитетінің төрағасы болып сайланды.
Жангелдиннің ұсынысымен Торғай облысы атқару комитеті ұлт істері жөніндегі комиссариат кұрылды және Ұлттар халық комиссариаты жанынан тұңғыш ұлттык бөлім ұйымдастырылды. РКФСР Халық комиссарлар кеңесі Қазақстанда ақ гвардияшыларға түпкілікті соққы беріп, Кеңес өкіметін қалпына келтіру мақсатымен қару-жарақ, азық-түлік, әскери көмек беру туралы шешім кабылдады.
Осыған байланысты Жангелдин Далалық өлкенің төтенше комиссары болып тағайындалды да, өлкеде алғашқы Ұлттық әскери отрядтар құрып, ақ гвардияшыларға қарсы күресті. Ресейдің орталық аудандарында арнаулы қарулы отрядтар жасақтап, бірнеше қалада Кеңес өкіметін қалпына келтірді. 1918 ж. тамыз-қазан айларында Ақтөбе майданының әскерлеріне қару-жарақ, дәрі-дәрмек, азық-түлік жеткізген арнаулы отрядты басқарды. 1920 ж. қазанда өткен Қазақ АКСР Кеңестерінің құрылтай съезінде алғаш құрылған үкімет мүшесі болып сайланды. Қазақ АКСР Орталық атқару комитеті президиумы төрағасының орынбасары және Қазақстан Қамсыздандыру халық комиссары болды. Съезден кейін Қазақ Орталық атқару комитеті Жангелдинді Шығыс халықтарының насихат және іс-кимыл кеңесіндегі қазақ халқының өкілі етіп тағайындады.
1922 ж. 20 мамырда Орынбордан шығып, 9 тамызға дейін Жаманқала, Торғай, Атбасар, Ақмола, Павлодар, Семей бағытында үш мың шақырымдай жол жүріп өткен Жангелдин басқарған қызыл керуен Азамат соғысынан зардап шеккен халық шаруашылығын калпына келтіру, ауылдарда мәдени ошақтар ашу, мектеп, аурухана жұмыстарын жандандыру ісінде бірқатар шаралар атқарды.
Жангелдин 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында халықты күреске жұмылдыру, соғыс жүріп жаткан аймақтардан көшіріліп әкелінген кәсіпорындарды орналастырып, іске қосу, соғыс аяқталған соң зардап шеккен аймактарға материалдық көмек көрсету, мал-мүлік жеткізу жұмыстарына белсене араласты. Жангелдин 1920 жылдан РКП (б) Қырғыз (қазақ) облысы комитетінің және Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің мүшесі, 1938 жылдан ҚазКСР Жоғары Кеңесінің депутаты болды. Қостанай облысының бір ауданы, Қарағанды облысында көшелерге, елді мекен мен мектептерге Жангелдин есімі берілді. Ол туралы бірнеше көркем шығарма жарық көріп, кинофильм түсірілген. Алматы, Ақтөбе, Торғай қалаларында ескерткіштер орнатылған.
СӨЗДІК
Жергілікті халық- коренное население
Астыртын- тайно тайком
Көтеріліс -воостане
Жарлық- распоряжение приказание
Кәсіпорындар-
1-жаттығу
Мәтіннің бір абзацын алып, сөйлемдерді сөз тіркесіне талдаңыздар.
2- жаттығу
Мәтін бойынша жаңа сөздерді көшіріп жазыңыздар.
3- жаттығу
Мәтіннен үзіндіні орыс тіліне аударыңыздар.
Торғайдағы кәсіптік училищеде, Қостанайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқыған. 1903 ж. Орынбордағы діни училищені бітіріп, Қазандағы мұғалімдер семинариясында екі жыл окыған соң, 1905 жылғы революцияға қатысты деген айыппен оқудан шығарылады. Сол жылы Мәскеудегі діни академияға оқуға түсіп, 1906 ж. «сенімсіз студент» деп танылып, академиядан қуылган. 1909-1912 ж. шет ел халықтарының тұрмыс-салтымен танысуды (кейбір деректерде діни уағыздарды насихаттауды) мақсат еткен Ж. Еуропа, Африка, Таяу Шығыс, Азия елдерін жаяу аралап, 1913 ж. Жапония арқылы туған жерге оралады.
4- жаттығу
Сөйлемді сөз тіркесіне талдаңыздар.
Наурыз айы- Шығыс күн есебінде жылдың алғашқы айы. Қыстың соңы, көктемнің басы. Халық Наурызды бір ай бойы мерекелеуді әдетке айналдырған.
Наурызнама – шат-шадыманды ойын-сауық той. Тойда ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі, айтыс, түрлі ойындар, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады.Наурызнама бұрын 3-9 күнге созылатын.
Наурыз көже – жеті түрлі дәмнен : сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жемістен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады.
5- жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыздар.
1.Сіз бұл жерге ... келіпсіз. 2. Анар ... көнді. 3. Ол мен үшін ... қымбат. 4. Жол ... ұзақ екен. 5. Басқа дәрілерге қарағанда ол ... қымбат.
6- жаттығу
Өз достарың туралы жақшаның ішіндегі берілген сөздерді қолданып әңгімелеңіздер.
Менің {досым ақылды, досым ұстамды, досым оқымысты} жігіт
немесе қыз.
Ол {қара торы, сұлу, ұзын бойлы, қара көзді, білімді} қыздарды
ұнатады немесе жігіттерді ұнатады.
Досым {мәдениетті, әдепті, қарапайым} адамдарды сыйлайды.
Ол {жалқау, өзімшіл, ұқыпсыз} кісілерді ұнатпайды.
Досымның {қалада,ауылда,тату-тәті, ата-анасымен}тұрады.
отбасы
7- жаттығу
Жұмбақтарды оқып, шешуін табыңыздар.
1 Шыр –шыр етеді,
Құлағыңнан өтеді.
Ұстай алсаң, сөйлеп кетеді.
2 Әншейінде жекесің,
Қарай қалса, екеусің.
3Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса аттама.
Сабақтың тақырыбы:Синтаксистік талдау.
Батыр Талғат
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1. Сөз құрамына талдаудың қанша түрі бар?
2. Сөз тұлғасына талдауға мысал келтіріңіздер.
3. Сөз таптарына талдауға мысал келтіріңіздер.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Синтаксистік талдау жасату, жаттығу жұмыстарын жүргізу.
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
Студент нені меңгеру керек:
Синтаксистік талдау жасауды;
сөздікті қолдана білуді;
мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
мысалдар келтіре білуді
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Синтаксистік талдауға 6 сөйлем жазып келу. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз. Мәтіннен 6 сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
Синтаксистік талдау
Синтаксистік талдау- фонетикалық талдау, морфологиялық талдау сияқты көп қолданылатын талдау. Мұнда негізінен сөйлем түрлері жай-жайылма, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем, құрмалас сөйлем – салалас, сабақтас, аралас құрмалас сөйлем, сөйлем мүшелері – тұрлаулы, тұрлаусыз, оқшау сөздер, оңашаланған мүшелер, олардың түрлеріне ажырату жолдары жатады. Әрине, осы ережелердің барлығын бір сөйлем ішінен табылсын деп айта алмаймыз, бір сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер келсе, келксі бір сөйлемде айқындауыш мүшелер, оқшау сөздері келуі ықтимал. Бірақ, сөйлем түрлерінен – жалаң, жайылма, атаулы, жақты, жақсыз сөйлем, сөйлем мүшелеріне талдау – синтаксистік талдауға тән қасиет.
Мысалы:
Былтыр алтыншы сынып оқушылары сабақты жақсы аяқтаңыздарды.
Әуелі сөйлемдегі сөздердің қалай байланысып тұрған күрделі желісінің өзіндік ерекшелігін қарап білеміз.
а) Олар, сөйлемдегі сөздер тура және қосымша байланыстан тұрады. Оқушылары аяқтады.
Сынып оқушылары.
ә) Қосымша байланыстары бастауыш пен баяндауышқа байланысты. Әуелі баяндауышты тауып алып, бастауышқа сұрақ қоямыз.
- Кімдер аяқтады?
- Оқушылар аяқтады. (Әр сөйлем мүшелерінің тиянақты орналасқан сызық белгілері бар ғой, сонымен сыза беруге болады.)
- Оқушылар не істеді?
-Аяқтады. (Оқушылар аяқтады)
-Қандай немесе қай сынып оқушылары?
- Алтыншы сынып – сын есімнің реттік түрі, сыныптың деген зат есім ілік септігіндегі күрделі анықтауыш бастауышпен байланысуда.
- Қашан аяқталды?
-Былтыр аяқтады (мезгілдік үстеуден жасалып, қосымша баяндауышпен байланысып тұр, мезгіл пысықтауыш.)
- Қалай аяқтады?
- Жақсы аяқтады. (сын есімнің негізгі, сапалық түрінен жасалған қимыл- сын пысықтауыш, баяндауышпен байланысып тұр.)
- Нені аяқтады?
- Сабақты аяқтады? (Зат есім табыс септігіндегі жалпы есімнен жасалған дара және тура толықтауыш баяндауышпен байланысып тұр.)
Әрқашан синтаксистік талдау жасағанда ол сөйлем қандай мағынада айтылып тұрғанын, мысалы: бастауыш пен баяндауыштан құралғандықтан, бұл жалаң сөйлем болатындығын білдіре дәлелдеу керек.
Батыр Талғат.
Қазақстанның ғарышкер- ұшқышы және «Халық қаһарманы» (1995) ұшқыш-сынақшы, Ресей Батыры (1994) подполковник Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев 1951 жылы Алматы облысының, Қарғалы ауданында туған.
Алматы қаласындағы орта мектепті бітірді де, азаматтық әуе және инженерлерді даярлайтын Рига институтын 1974 жылы бітірді. Ол оқуды бітіргеннен кейін, Боралдай әуе өндірісінде еңбек етті.
Талғат Амангелдіұлы 1977 жылдан бастап, Алматы ДОСААФ аэроклубында жаттығуларға қатысты.
1979-1986 жылдары Алматы, Атырау ұшақтарының жазғы маусымындағы отрядында басшылық қызмет атқарды.
1980 жылы оған спорт шебері атағы берілді. 1983 жылы СССР-дің чемпионы (жеңімпазы) болды.
Талғат 1990 жылдан ғарышкерлер қатарына қабылданды , ұзақ жаттығулардан кейін, 1994 жылы ғарыш саласында тұңғыш рет әуе кеңістігінде 135 тәулік болып, Қазақстан Республикасы ғалымдарының бірнеше құнды зерттеулеріне үлес қосты.
СӨЗДІК
Әуе-небо
Даярлайтын- подготавливающии
Ғарыш саласында-в отрасли космоса
Тәулік-сутка
Құнды зерттеулер-ценное иследование
1- жаттығу
Мәтіннің бір абзацын орыс тіліне аударыңыздар.
2- жаттығу
Сөйлем түрлеріне талдау жасаңыздар.
Наурыз төл- наурызда төлдеген малды төл басы ретінде бағалап, малжанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төлбасы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді.
Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер оған жем шашады.
3- жаттығу
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.
Жұмбақты шешіңіздер.
Тіреусіз күмбез,
Сылақсыз қабырға.
Тұтқасыз есік,
Іргетассыз ғимарат (К ...)
Кейде жарты, кейде бүтін дөңгелек,
Түн болғанда шомылады көлге кеп. (Бұл не?)
4- жаттығу
Мағынасына назар аударыңыздар.
Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қастерлеуіміз керек. Әрбір Азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын және Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы.
5- жаттығу
Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, сөйлем мүшелеріне талдау жасаңыздар.
1.Студенты сдают экзамены и зачеты. 2. Вечер был прекрасный, и мы гуляли по берегу моря. 3. Дни были теплые, но вечер был холодный. 4. Погодо была теплая, но дождливая. 5. Сауле то письмо напишет, то телеграмму пошлет, но ответа нет. 6. Мы после занятии поедем в ауыл. 7. На базаре есть яблоки, и груши, и урюк, и вишня. 8. Динара закончила школу и поступила в университет.
6- жаттығу
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.
Тобықты ішінде ең алғаш келген арбаны осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе болады. Біз, мұғалімдер, ауыл мәдениетін көтеруді өз қолымызға алғымыз келеді. Анам – оқымаған, қарапайым қазақ әйелі- бүкіл ауылға ортақ ана сиақты болатын.
7- жаттығу
Өлеңді 3 минутта есте сақтап, жатқа жазыңыздар.
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім - анам тілі - өз тілім!
Туған тілім - далам тілі - өз тілім!
Туған тілім - адам тілі - өз тілім!
Сабақтың тақырыбы:Ауызекі сөйлеу стилі және оның түрлері.
Шылым
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1. Синтаксистік талдаудың қанша түрі бар?
2. Сөйлем түрлеріне талдауға мысал келтіріңіздер.
3. Сөйлем мүшелеріне талдауға мысал келтіріңіздер.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Ауызекі сөйлеу стилінежаттығу жұмыстарын жүргізу.
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
Студент нені меңгеру керек:
Ауызекі сөйлеу стилінің жасалу жолдарын;
сөздікті қолдана білуді;
мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
мысалдар келтіре білуді.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз. Мәтінненауызекі сөйлеу стиліне 6 сөйлем талдап жазу. Шылым туралы шағын шығарма жазып келу.
Ауызекі сөйлеу стилі.
Адам өз ортасымен күнделікті түрлі қарым- қатынаста болады. Сол арқылы тіршілік жасайды, білім, тәжірибе жинайды, жетіледі, өседі. Ал қарым - қатынас, негізінен, ауызекі тілдесу арқылы жүзеге асады. Ауызекі сөз ерекше сипатта құрылады. Ол стиль ауызекі сөйлеу стилі деп аталады. Ауызекі сөйлеу стилі – қазақ тілі стильдерінің бір тармағы.
Ауызекі сөйлеу стиліне ерекшелік беретін тілдесу сәттері:
1) ауызекі тілдесу адамдардың бетпе –бет кездесуі үстінде жүреді;
2) ауызекі тілдесу адамдардың жұмыс жөнінде пікірлесуіне, ой бөлісу жөніндегі әрекетіне тікелей қызмет етеді.
Тілдесудің осы жағдайларына сай ауызекі сөз ықшам құрылады, эмоциалы болып келеді, арнайы мәнермен айтылады.
Ауызекі сөзге ерекшелік беріп тұратын лексикалық тұлғалар бар. Олар:
жергілікті сөздер (кәсіпке байланысты сөздер, диалект сөздер): божы, қозапая, шырпу, жылым күлдіруші- шабақ т.б.
қарапайым сөздер (оның ішінде ренішке, ұрысуға байланысты сөздерде бар): көзі ашық (сауатты), доңғал бас (мың), кпсектік (икемдік) т. б.
жекелеген адамдардың көпке ортақ сөздерге ерекше форма, мағына беріп қолдануы.
Мысалы: - Әй, Рүстембай –ай, бұл көсеуді мен сәнге асынып жүр дейсің бе?
Бұл жерде көсеу мылтық мағынасында алынған.
Сондай- ақ ауызекі сөйлеуде:
сұраулы сөйлемдер көп қолданылады;
толымсыз сөйлемдер жиі қатысады.
Мысалы:- Қораға кім келді? – Жылқышы.
Сөйлемдердің «Келмегенде ше! Көргенде қандай! Қайдан үлгерсін! Қайдағы піскен!» тәрізді үлгіде құрылуы қайталанады;
Сөйлемдерде қысқарып құрылған сөздер көп кездеседі: алып – ап, келіп- кеп, келгенмін- келгем, барғанмын – барғам.
Бұл тілдік тұлғалар ауызекі сөздің қысқа, эмоциалы болып, екі, үш не одан да көп адамдардың қатысуымен диалог түрінде құрылуын қамтамассыз етеді.
Ауызекі сөйлеу стилі бірнеше түрге бөлінеді:
1. дидарластық сөз (әңгімелесу, сұхбаттасу);
2. полемикалық (дауласу) сөз;
3. көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция).
Дидарластық сөз стилі екі немесе бірнеше, сондай-ақ одан да көп адамдардың бас қосқан сұхбатында қолданылады. Сондықтан мұндай сөзге қатысатын кісілер әңгіме қызықты, әсерлі болу үшін алдын ала дайындалып келеді.
Көңілді көтермесе, кір басады....
Жылқы кісінегенше, адам сөйлескенше....
Халықтың осы ой –толғаулары дидарластық сөздің мәнін дәл көрсетіп тұр.
Дидарластық кездесу жарасымды түрде өтеді. Жарасымды әңгімеден адамның көңілі өседі, ләззат алады. Сондай-ақ жарасымды әңгіме – жеке адамдардың, түгел қоғамның салауатты өмір сүруінің кепілі. Сондықтан әр адам жарасты, мазмұнды тілдесудің өнерін меңгеруге ұмытылады.
Дидарластық әңгіме диалог түрінде де жүреді.
Даулы сөз пікір таластырушы немесе мүдделері қарсы кісілердің арасында болады.
Даулы сөзде қарсы жақтың сөзіне полемикалық қатысты білдіретін тұлғалар пайдаланылады, риторикалық сұраулы сөйлемдер жұмсалады, өз пікірін дәлелді ететін аргументтер келтіріледі. Қарсы жақтың мысын басатын мысқыл сөздер де қолданылады.
Даулы мәселені шешуге әркімнің дайындалып (стратегиясын, тактикасын құрып) барғаны жөн.
Шылым
« Не істеу керегін әр адам өзі біледі », десек те, кейбір әрекетіміз өзімізге ғана емес, түп – тұқиянымызға, төңірегімізге зиянды екенін ескере бермейміз. Сол қоршаған ортаға тигізер залалы мол дағдымыздың бірі – темекі тарту.
Оның зияны туралы қанша айтып, жазып жатса да, елеп – ескеріп жатқан адам жоқ. « Өкпе рагына шалдығушылардың 90 пайызы – шылымқорлар », - дейді дәрігер. Темекі тартатындар темекі тартпайтындармен салыстырғанда сегіз жыл кем өмір сүреді екен. Осы уы мол заттың зардабынан болған өлім – жітім қазір үшінші орынға шығып отыр. Темекіні сатудан түскен пайдадан темекі тартатындарды және оның зардабынан болған ауруды емдеуге кететін шығын 90 пайызға артық екен. Осыны біле тұра, неге одан бас тарта алмаймыз? Қазір ер азаматтардан гөрі қыз – келіншектер темекіге көбірек бой алдырып алған сыңайлы. Олардың ертең ана болатынын ескерсек, одан туған ұрпақтың жағдайы не болар екен деп ойлайсыз. Осы қанымызға сіңіп, сүйегімізге қарай бет алған дерттен қалай арыламыз? Мені осы мәселе ойлантады. Ең болмаса мемлекеттік орындарды темекі тартушылардан азат етсек қой. Салауатты өмір салтын ұстансақ. Темекіге кеткен шығынды пайдалы істерге жұмсасақ, әттең.
Дүниежүзілік темекіге қарсы ұйым өткен жылы Қытай мемлекетін мүшелікке қабылдамай қойыпты. Өйткені қытайлықтардың 30 пайызы темекі тартады екен, ал біз болсақ ұйымның барынан хабарсыз болармыз.
Темекіге жастардың шын әуестігі түптің түбінде нашақорлыққа ұрындыруы әбден мүмкін.
Мен өзім Алматыға жақында көшіп келдім. Келгелі бетке ұстар екі оқу – орнында жұмыс істедім. Темекі құмар ұл – қызды көргенде, төбе шашым тік тұрды. Мүмкіндігінше олармен әңгімелесіп, темекінің зияндығы жөнінде ақыл – кеңес айтқым келеді. Бірақ осы бір нәрсені біліп айтып тұрған шығар деп құлақ асатыңдар сирек. Мен Украинада жоғары білім алдым. Онда оқу орнында темекі тартқызбайтын. Біз оқып жүргенде үш жігітті темекі тартқаны үшін институттан шығарып жіберген. Тіпті көшелерінде жөнсіз темекі шекпейді. Ал бізде арнайы заң, бағдарлама бар. Сонда да темекіге тыйым болмай тұр.
" Алматы – темекі түтінінен азат қала " деген арнайы бағдарлама жасалып, оны жүзеге асыруға арнайы қаржы бөлінген, 42 миллион. Бұл аз қаражат емес. Оның зияны, зала, зардабы туралы жастарға көбірек әңгіме айтуымыз керек.
Темекіге қарсы күрес мемлекеттік деңгейде қолға алынуы қажет. Келешекте Бекзат, Ермахандарымыз көп болсын десек, салауатты өмір салтын күнделікті дағдымызға айналдыруымыз қажет. 2014 жылы қаламызда Қысқы Олимпиадалық ойындар өтеді деп үміттеніп отырмыз. Ол үшін экологиялық ахуалымыз мықты болуы тиіс. Тазалықтың басы – осы темекіге қарсы күрестен басталатын шығар. Темекі шекпеген адамның дені сау, көңілі жай. Олай болса, темекі тартудан бас тартайық, ағайын.
СӨЗДІК
Зиян- вред
Өкпе рагы-рак легких
Темекі тартушылар-
Зардап шегу-пострадать
Бас тарту- отказаться
1- жаттығу
«Темекі» сөзімен тіркесетін етістіктердің астын сызыңыздар.
Бас тарту, білу, шегу, шақыру, сатып алу, сыйлау, ұсыну, көну, ұнату, айналысу, тыйым салу, зиян келтіру, оқу.
2- жаттығу
Мына сұхбатты қандай сөздермен толықтырар едіңіз. Өзара сұхбаттасыңыз.
Тілші: Сенің тобыңда темекі шегетіндер көп не?
Сен: Қалай десем екен,........................................
Тілші: Олар «темекі денсаулыққа зиян келтіреді» дегенді білмейді ме?
Сен: Әрине біледі, ...................................................
Тілші: Мен олармен кездесе аламын ба?
Сен: Екшіріңіз,..........................................................
3-жаттығу Мәтіннің үзіндісін орыс тіліне аударыңыздар.
Мен өзім Алматыға жақында көшіп келдім. Келгелі бетке ұстар екі оқу – орнында жұмыс істедім. Темекі құмар ұл – қызды көргенде, төбе шашым тік тұрды. Мүмкіндігінше олармен әңгімелесіп, темекінің зияндығы жөнінде ақыл – кеңес айтқым келеді. Бірақ осы бір нәрсені біліп айтып тұрған шығар деп құлақ асатыңдар сирек. Мен Украинада жоғары білім алдым. Онда оқу орнында темекі тартқызбайтын. Біз оқып жүргенде үш жігітті темекі тартқаны үшін институттан шығарып жіберген. Тіпті көшелерінде жөнсіз темекі шекпейді. Ал бізде арнайы заң, бағдарлама бар. Сонда да темекіге тыйым болмай тұр.
4- жаттығу
Диалогты оқы және сендер де өздеріңнің достарыңның оқу орны немесе жұмысы туралы айтып беріңіздер.
- Сіз қайда тұрасыз?
- «Самал» ықшам ауданында . Өзіңіз ше?
- Мен Мақатаев және Фурманов көшелерінің қиылысында тұрамын.
- Ал қайда оқисыз?
- Қазақстандық экономика және құқық институтында.
- Ол қайда орналасқан?
- Ол Фурманов көшесінде орналасқан.
- Қазір қайда барасыз?
- Құрбыма.
- Құрбыңыз қай жерде тұрады?
- Ол Әуезов театорының артында.
- Ендеше жолымыз бір екен ғой. Мен де циркке бара жатырмын.
- Онда жүріңіз.
5- жаттығу
Мақалдың мағынасын түсіндіріңіз.
Жаман атқа жал бітсе ,
Жанына торсық байлатпас.
Жаман адамға мал бітсе,
Жанына қоңсы қондырмас.
6- жаттығу
Диалог сөзді оқып, қандай мәнерде құрылғанын айтыңдар. Қарамен жазылған сөздерді мәтін мазмұнына сай тағы басқа мағыналарға келтіріп айтып көріңіздер.
Қызының бөлмесіне кіріп:
-Тэннер панасыздардың жатағына электр жүргізумен айналысатын болыпты, осы сөз рас па? – деді Харпер.
Элизабет мысқылмен езу тартқан болды:
-Тэннер күні – түні осы жұмыспен жүр.
-Кедейлердің жатағын да ескерген жөн болар, - деді Харпер.
Элизабет жақтырмайтынын білдірді:
-Тэннер – қиялшыл адам!
-Қайдам, бірақ ол... ым – ым ... өте сенгіш, ақ көңіл сияқты...
-Сен ғой, әке, ондай емессің, маған тіпті де сенбейсің.
7- жаттығу
Қазақ тіліне аударыңыздар.
Ах, какая прекрасная молодость! Беда, надо уходить поскорее! Ну, что тебе стоило приехать! Ох, батюшки, как вы изменились!Скажи пожалуйста, где ваш колледж?
Сабақтың тақырыбы:Көркем әдебиет стилі.
Арақ ішкен – азар
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1. Ауызекі сөйлеу стилі қалай жасалады?
2. Ауызекі сөйлеу стиліне мысал келтіріңіздер.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Көркем әдебиет стилінежаттығу жұмыстарын жүргізу.
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
Студент нені меңгеру керек:
Көркем әдебиет стилінің жасалу жолдарын;
сөздікті қолдана білуді;
мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
мысалдар келтіре білуді.
Сабақтың қорытындыcы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз. Арақтың зияны туралы шағын шығарма жазып келу.
Көркем әдебиет стилі
Көркем әдебиет – сөзбен салынған сурет; оқиғаға кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөзі, мінезі, келбеті қатысып баяндалады; оқиға болған күннің реті, жер жағдайы аталады. Мұны оқиғаны образды түрде бейнелеу дейді.
Көркем әдебиет оқиғаны оқырманға жеткізуде автордың әсерін, сезім күйін қоса суреттейдң. Осы жайлар көркем әдебиеттің ерекше баяндалу мәнерін – стилін қалыптастырады.
Қазақ көркем әдебиет стилінің қалыптасуына, дамуына халық ауыз әдебиеті, атақты ақын, жазушылар: Абай, Жамбыл, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсрепов т.б. зор үлес қосты.
Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер мынадай:
Эмоционалдық, бейнелі, экспрессивті сөздер мол қатысады.
2. Сөйлемдердің ырғақ, интонациясы мәтінге әсерлілік беру үшін айрықша құрылады.
3. Шығарма тартымды болу үшін синоним сөздер, тұрақты тіркестер барынша көп жұмсалады.
4. Осылардың бәрі грамматикалық амал-тәсілдерді ерекше қиюластырып қолдану арқылы беріледі.
Көркем әдебиет стилінің бұл ерекшелігін ұлы Абай былай айтқан:
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.
Осы ерекшеліктері арқылы көркем әдебиет адамның көңіл- күйін, сезімін оятады, көркемдік тәрбие береді, сөз мәдениетін ұштайды.
Арақ ішкен азар
Арақ-шарапты үнемi ішу - адамды маскүнем етеді, ал маскүнемдік өте ауыр сырқат –алкоголизмнің арасы бір –ақ қадам.
Спиртті ішімдіктер әсіресе екіқабат және бала емізіп жүрген әйелдер үшін нағыз зиян. Өйткені алкоголь әйелдің қаны арқылы жатырдағы балаға еркін өтеді, ал емшек сүтіне араласқан алкоголь нәрестеге әрқашан зардап шеккізеді.
Спиртті ішімдіктің яғни алкогольдің ұрпақ үшін зиян екені ерте кездерде-ақ белгілі болған.
Қазіргі кезде бізге жеткен құжаттар ертедегі Русьте де жаңа үйленген жастардың спиртті ішімдіктер ішуіне әдейі тыйым салғанын дәлелдеп отыр. Бұрынғы уақытта маскүнем ата-анадан жарымжан болып туған балаларды Францияда «жексенбі күні көңіл көтеріп арақ ішуден пайда болған балалар», «көңілді кеш-жиынның балалары» деп атаған.
Балаларға ересек адамдардың жорта арақ-шарап ішкізуге құштар келетіндері де жасырын емес. Көп жағдайда ересектер мұны «жақсы ниетпен», «емдік мақсатпен» көріне істейді. Өкінішке орай, қазіргі кезде де спиртті ішімдік бірқатар жағдайларда балаларға пайда келтіреді деген қате пікір ел арасына кең таралған.
Медицина ғылымы қандай ниетпен, қандай мақсатпен болса да балаларға арақ ішкізуге үнемі қарсы, өйткені алкоголь бала денсаулығы үшін өте қауіпті.
Сөздік
Спиртті ішімдіктер - Алкогольные напитки
Екіқабат әйелдерге- беременным женщинам
Нәресте – младенец
Зиян –вредно
Жарымжан- инвалид
1- жаттығу
Өздеріңіз оқыған көркем шығармалардан ұнаған үзіндіні белгілеп, ондағы көркемдік беріп тұрған тілдік амалдарды тауып, көрсетіңіздер.
2- жаттығу
Өлеңді оқыңыздар.Ақын қысты қай образда бейнелейді? Алған әсерлеріңді айтып беріңіздер. Табиғат көріністері, оның өздеріңе әсері туралы әңгіме жазыңыздар.
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті – басы – ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып, ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
( Абай )
3- жаттығу
Мәтіннен үзіндіні орыс тіліне аударыңыздар.
Балаларға ересек адамдардың жорта арақ-шарап ішкізуге құштар келетіндері де жасырын емес. Көп жағдайда ересектер мұны «жақсы ниетпен», «емдік мақсатпен» көріне істейді. Өкінішке орай, қазіргі кезде де спиртті ішімдік бірқатар жағдайларда балаларға пайда келтіреді деген қате пікір ел арасына кең таралған.
Медицина ғылымы қандай ниетпен, қандай мақсатпен болса да балаларға арақ ішкізуге үнемі қарсы, өйткені алкоголь бала денсаулығы үшін өте қауіпті.
4- жаттығу
Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.
5- жаттығу
Өлеңді оқыңыздар, жаттап алыңыздар.
Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.
Наурыз, наурыз, күн игі!
Күні игі жердің – түрі игі.
Бауыры жылы науат –қар.
Бабымен ғана жылиды.
6- жаттығу
Өлеңдегі көлдің әдемілігін өз сөзіңмен әңгімелеп айт.Ұнаған шумағын жаттап ал.
Көл
Жатыр әсем көл тұнып,
Көзіндей жас ботаның.
Құшақтаймын толқынын,
Қуанышқа батамын.
Жағадағы тал - құрақ,
Өзін содан көреді.
Қозылардай жамырап,
Құстар ұшып келеді.
Күлімсіреп күн күндіз,
Көк аспанды шолады.
Кешке қарай көп жұлдыз,
Кеудесіне қонады.
Әлдилейді майда жел,
Таң нұрланып атады.
Тербетіліп айна көл,
Жерде аунап жатады. Т. Молдағалиев
7-жаттығу
Жаңылтпашты жаттап алыңдар.
Қауын алғыз,
Қарбыз алғыз.
Дәуін жарғыз,
Дәмін алғыз.
Сабақтың тақырыбы:Ресми іс қағаздары стилі.
Алкоголь және балалар
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1. Көркем әдебиет стилі қалай жасалады?
2. Көркем әдебиет стиліне мысал келтіріңіздер.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
Студент нені меңгеру керек:
Ресми іс қағаздары стилінің жасалу жолдарын;
сөздікті қолдана білуді;
мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
мысалдар келтіре білуді.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Ресми іс қағаздары стиліне өтініш, түйіндеме, жеделхат жазып келу. Мәтіннің мазмұнын айтып беру. Арақтың адам ағзасына және қоғамға тигізетін зияны туралы шағын шығарма жазып келу.
Ресми іс қағаздары стилі
Ресми іс қағаздарды дегеніміз – жеке адамның, ұжымның, фирмалардың, мекемелердің атқаратын қызметіне байланысты пайда болатын жазбаша (ауызша) қарым-өатынас құралы.
Іс қағаздарының мынадай түрлері бар:
Әр түрлі мазмұндағы арыздар.
Өмірбаян.
Анықтама, түсінікхат, ақпар, есеп, хабарлау т.б.
Іс жөнінде мәлімет (хат) алысу, келісім жасау, шешім шығару, хабарлау
т.б.
5. Мекемеде өткен мәжілістердің жүрісін, шешімін баяндайтын құжат – хаттама.
6. Бұйрық. Қызметкер жөніндегі мінездеме, ұсыныс т.б.
Іс қағаздарының адам өміріндегі орыны ерекше. Өндірістегі істің, адам өміріндегі іс-әрекеттердің дұрыс, дер кезінде іске асуы құжаттар мазмұнының анық, дәл баяндалуына байланысты. Құжаттардың самасыз дайындалуынын қабылданған шешім орындаушыларға өз мәнінде жетпей, 35%-ға дейін шала атқарылады екен.
Іс қағаздары мазмұны екі ұшты болмай, дәл, анық жазылады. Оның құрылысы (композициясы) белгілі бір тәртіп, рет бойынша ұйымдастырылады, мәтін қысқа құралады. Мәтіннің қарым-қатынас иелеріне ортақ қалыптасқан үлгісі болады. Мәтін баяндау стилінде жазылады.
Құжаттарды жазуда мемлекет дайындаған арнаулы нұсқау басшылыққа алынады.
Құжаттарға қойылатын осы талаптарды орындау үстінде іс қағаздарының стилі қалыптасты.
Іс қағаздары стилінің ерекшеліктері
1. Мәтін өте жинақы құрылады.
2. Сөйлемдер негізінен номинативті, екі негізді болып келеді.
3. Сөйлемдегі сөздер базистік (негізгі) тәртіпке сай орналасады, инверсия өте сирек ұшырасады.
4. Экспрессивті сөздер қатыспайды.
5. Мәтін баяндау ретінде келеді.
Іс қағаздарының басында, соңында қағаздың жіберілу мерзімі міндетті түрде цифрмен (араб цифрларымен) көрсетіледі.
Іс қағазының мазмұнына байланысты мазмұнының ішінде келетін сандар цифрмен де, әріпті жазумен де көрсетіледі. Бірден онға дейінгі сандарды әріпті жазумен таңбалаған дұрыс.
Алкоголь және балалар
Арақ-шарапты үнемi ішу - адамды маскүнем етеді, ал маскүнемдік өте ауыр сырқат –алкоголизмнің арасы бір –ақ қадам.
Спиртті ішімдіктер әсіресе екіқабат және бала емізіп жүрген әйелдер үшін нағыз зиян. Өйткені алкоголь әйелдің қаны арқылы жатырдағы балаға еркін өтеді, ал емшек сүтіне араласқан алкоголь нәрестеге әрқашан зардап шеккізеді.
Спиртті ішімдіктің яғни алкогольдің ұрпақ үшін зиян екені ерте кездерде-ақ белгілі болған.
Қазіргі кезде бізге жеткен құжаттар ертедегі Русьте де жаңа үйленген жастардың спиртті ішімдіктер ішуіне әдейі тыйым салғанын дәлелдеп отыр. Бұрынғы уақытта маскүнем ата-анадан жарымжан болып туған балаларды Францияда «жексенбі күні көңіл көтеріп арақ ішуден пайда болған балалар», «көңілді кеш-жиынның балалары» деп атаған.
Балаларға ересек адамдардың жорта арақ-шарап ішкізуге құштар келетіндері де жасырын емес. Көп жағдайда ересектер мұны «жақсы ниетпен», «емдік мақсатпен» көріне істейді. Өкінішке орай, қазіргі кезде де спиртті ішімдік бірқатар жағдайларда балаларға пайда келтіреді деген қате пікір ел арасына кең таралған. Анасы бекерге жылайды.
Медицина ғылымы қандай ниетпен, қандай мақсатпен болса да балаларға арақ ішкізуге үнемі қарсы, өйткені алкоголь бала денсаулығы үшін өте қауіпті.
1- жаттығу
Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.
2- жаттығу
Сөйлемді дұрыс құрастырып жазыңдар.
Денсаулыққа / өте/ алкоголь/ зиан.
Алкоголь /біздің /ішетін /арамызда/ студенттер/ жоқ.
Керек /алкогольге/ жарнама/ жасалмауы.
Алкоголь /болмайды /орындарда/ мәдени /ішуге.
3- жаттығу
Мәтіннен үзіндіні орыс тіліне аударыңыздар.
Арақ-шарапты үнемi ішу - адамды маскүнем етеді, ал маскүнемдік өте ауыр сырқат –алкоголизмнің арасы бір –ақ қадам.
Спиртті ішімдіктер әсіресе екіқабат және бала емізіп жүрген әйелдер үшін нағыз зиян. Өйткені алкоголь әйелдің қаны арқылы жатырдағы балаға еркін өтеді, ал емшек сүтіне араласқан алкоголь нәрестеге әрқашан зардап шеккізеді.
Спиртті ішімдіктің яғни алкогольдің ұрпақ үшін зиян екені ерте кездерде-ақ белгілі болған.
Қазіргі кезде бізге жеткен құжаттар ертедегі Русьте де жаңа үйленген жастардың спиртті ішімдіктер ішуіне әдейі тыйым салғанын дәлелдеп отыр. Бұрынғы уақытта маскүнем ата-анадан жарымжан болып туған балаларды Францияда «жексенбі күні көңіл көтеріп арақ ішуден пайда болған балалар», «көңілді кеш-жиынның балалары» деп атаған.
4- жаттығу
Үлгі бойынша құттықтаухат жазыңыздар.
Үлгі:
Құттықтау хат
Құрметті Алма!
Сені Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Ұлыстың ұлы күнінде бизнесте табыс тілеп, денсаулық, баянды бақыт тілеймін!
Досың Айман.
Құрметті Тастан Құрбанұлы!
Ғылымдағы жаңалығыңызбен шын жүректен құттықтап, оның өндіріске енуімен, елге табыс әкелуімен мақтанамыз. Сізге табыс мол келсін!
311- топ студеттері.
5- жаттығу
Үлгі бойынша өтініш жазыңыздар.
Үлгі:
Алматы қаласы
медицина колледжінің
басшысы----- мырзаға
ф-01-10 - топ студенті
------------------- тан
Өтініш
Ұзақ уақыт науқастануыма байланысты бір жыл академиялық демалысқа шығаруыңызды сұраймын. 2003 жылдың қарашасынан 2004 жылдың қарашасына дейін (Дәрігерлік анықтама қоса тіркелді).
6- жаттығу
Үлгі бойынша өтініш жазыңыздар.
Үлгі:
ЭП-1 тобының жетекшісі
----------- ханымға
осы топ студенті
------------- дан
Түсініктеме
Бүгінгі бірінші сабаққа кешігуімнің себебі, колледжге қаланың «Айнабұлақ» ықшамауданынан қатынаймын. Автокөліктен мұнда тура келетіні жоқ. Екі жерде түсіп қалып, келесі автокөлікті күтемін.
Таңертең сағат 6-да үйден шықсам да , сағат 8-де басталатын сабаққа 5-7 минут кешігіп келемін оның үстіне аялдама мен оқу орнының арасы біраз жер.
Коммерциялық көлікке отырмаймын, себебі менде жеңілдетілген студенттік жол жүру билеті бар. Жасыратыны жоқ, жалпы халық мінетін бұл көліктер ескірген. Жолда бұзылатыны да жиі кездеседі.
Осындай қиындықтары болмаса, сабағыма кешікпес едім.
Түсінік иесі (қолы)
Күні, айы, жылы.
7- жаттығу
Кәсіпкерлік іс жөніндегі жолдаманы оқып, оның құрылысын ( композициясын ) талдаңыздар. Жаттығуды көшіріп жазыңдар.
" Жайтөбе" фирмасы
Алматы қ., Желтоқсан көшесі, 175
Тел.: 68 – 40 – 15
Факс: 33 – 64 – 06
" Жалын " фирмасының директоры Қ. Қалмырза мырзаға
Біз шаңсорғыштың жетілген түрін шығаруға кірістік. Оның техникалық, технологиялық жаңалықтары паспортында көрсетілген. Осы тауарды Сіздің облыста сату мүмкіндігі зерттелген болатын. Сұраныс көп екен. Сіздің фирманың осы жаңа шаңсорғышты өз облыстарыңызда сатушы болғанын қалаймыз. Егер осы ұсынысымызды қабыл алсаңыз, хабар беріңіз. Біз өкілімізді жіберіп, істің келісімшартын жасаймыз.
" Жайтөбе" фирмасының бастығы Р. Сабыр
2. 02. 04.
Сабақтың тақырыбы:Публицистикалық стиль.
Дене тәрбиесі - дәрісіз ем
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1. Ресми іс қағаздары стилі қалай жасалады?
2. Ресми іс қағаздары стиліне мысал келтіріңіздер.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
Студент нені меңгеру керек:
Публицистикалық стильдің жасалу жолдарын;
сөздікті қолдана білуді;
мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
мысалдар келтіре білуді
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Газет, журналдардан публицистикалық стильде жазылған шағын материал жазып келу.Мәтіннің мазмұнын өз сөзімен түсінігін айтып беру.
Публицистикалық стиль
Публицистикалық стильдің сипаты. Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайдаланылады. Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер тақырып болады. Мысалы, саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени, моральдық мәселелер. Үндеудің, үгіттің мақсаты – жұртшылықты қоғамдық мәні бар іске қатыстыру, жұртшылықтың санасына ықпал ету.
Осы міндетіне сай публицистикалық стильдің басты сипаты қалыптасқан:
1) публицистикалық сөз өте жинақы, тұжырымды болып құралады;
2) сөз экспрессивті, екпінді болады;
3) сөз тыңдаушыларын коммуникативтік байланысқа тартатындай болып құралады;
4) публицистикалық стильдің тақырыбы өмірдің әр саласына байланысты болғандықтан, ол тақырыбына сай ғылыми стильге, көркем әдебиет стиліне жуықтап келеді.
Публицистикалық стиль ауызша және жазбаша түрде қолданылады.
Публицистикалық сөз ауызекі айтылғанда, ауызекі сөйлеу стиліне тән сипаттарға да ие болады. Ол көбінесе газет, журнал, радио, теледидар арқылы беріледі.
Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері
Публицистикалық стильдің сипатына сай мынадай тілдік тұлғалар қатынасады:
а) экспрессивтік сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, сөйлемдер;
ә) тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер;
б) толымсыз сөйлемдер, эллипсис сөйлемдер.
в) тыңдаушылардың көңілін бұратын қаратпа сөздер, сұраулы және лепті сөйлемдер.
Осы тұлғалар публицистикалық сөзге экспрессивтік екпін, ырғақ, жинақылық бейне береді.
Публицистикалық сөздің қоғамдағы мәні өте зор. Ол қоғам мүшелерін ұлы істерге жұмылдырады, ұлы идеяларды дәріптейді.
Сондықтан публицистикалық сөздердің ерекше тарихи оқиғаларға байланысты туғандары, ерекше мәнділері, көркемдері ел есінде мәңгі қалған. Оның авторлары, атақты шешендер ұмытылмайды. Антика заманындағы грек Демосфен бүгін де ауыздан түспейді. Төле би, Қазбек би, Әйтеке би
сөздерін әр қазақ біледі. Отан соғысы жылдары И.Эренбург, Б.Горбатов, Б.Бұлқышев сөздері жауынгерлерімізді шабуылға бастады.
Публицистикалық сөз зор талант, мол біліммен қатар, дайындықты да талап етеді.
«Афиндықтар, жасырмаймын, алдарыңа сөзімді дайындап келіп отырмын!» - дейді екен Демосфен.
Дене тәрбиесі-дәрісіз ем
Қоғамның басты байлығы-адам. Адамның басты байлығы-денсаулық. Ал денсаулықты сақтап, байытатын-қимыл-қозғалыс. Яғни, қимыл-қозғалыс дегеніміз-дене тәрбиесі. Сондықтан спорт өмірге өте қажет.
Дене тәрбиесімен айналысқалы өзімді сергек сезіндім. Ал сергек адамның өмірге, қоршаған ортаға көзқарасы да айрықша. Ол өзін эстетикалық тұрғыдан қалыптастырып, ең бастысы көпшілік, қоғам мүддесін қорғауды негізгі мақсат санайды.
Спорт-салауатты тұрмысымыздың басты кепілі. Өйткені ол үздіксіз еңбектенуді, зор қажыр-қайратты қажет етіп, өмірге құштарлықты арттырады. Яғни, өмірді сүйіп, уақытты қадірлей білуге, тек жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді. Спортпен айналысқалы ауырмаймын.
Өз басым үзбей кинотеатрға, музейге барғалы жақсы болдым. Тарихи шығармаларды оқығалы көп нәрсе білдім. Елдің тарихын білгелі көзім көп нәрсеге жетті. Сапарға шыққалы көп кітап оқып, бәрін айта аламын. Сондайда өз еліңнің ғана емес, олардың да әдет-ғұрпы мен тарихынан, мәдениеті мен өнерінен хабардар болғаның жөн. Жастарды да осы тұрғыдан көргім келеді. Оларға айтарым «Өз еліңңің әдет –ғұрпын, тарихы мен мәдениетін білмесең, қадірлемесең-өзге елдің тылсымына үңіле алмайсың».
СӨЗДІК
Қоғам-общество
Денсаулық-здоровье
Басты байлық-главное богатство
Дене тәрбиесі-физическое воспетание
Сергек сезіну- бодро чувствовать
1- жаттығу
Сұқпатты екеуара оқыңдар, осы үлгіде өзара пікірлесіңдер.
Маған спортпен шұғылдану ұнайды. Саған ше?
Иә маған да ұнайды.
Мен жүзумен және шаңғы тебумен айналысамын. Ал саған спорттың қай түрі ұнайды?
Менің ұнататыным – бокс. Төменгі сыныпта күреспен айналысып, атақты балуан болуды армандадым.
Боксты ұнатуыңа не себеп болды?
Теледидардан атақты боксшы, олимпиада жеңімпазы Ермахан Ыбрайымовты ойыннан көргеннен кейін тек сондай болсам деп ойладым.
Жаттықтырушың бар ма?Қайда жаттығып жүрсің?
Иә, жаттықтырушым бар, «Қазақстан» спорт кешенінде жаттығамын.
Мен саған табыс тілеймін!
Рақмет .
2- жаттығу
Мәтіннен үзіндіні орыс тіліне аударыңыздар.
Қоғамның басты байлығы-адам. Адамның басты байлығы-денсаулық. Ал денсаулықты сақтап, байытатын-қимыл-қозғалыс. Яғни, қимыл-қозғалыс дегеніміз-дене тәрбиесі. Сондықтан спорт өмірге өте қажет.
Дене тәрбиесімен айналысқалы өзімді сергек сезіндім. Ал сергек адамның өмірге, қоршаған ортаға көзқарасы да айрықша. Ол өзін эстетикалық тұрғыдан қалыптастырып, ең бастысы көпшілік, қоған мүддесін қорғауды негізгі мақсат санайды.
Спорт-салауатты тұрмысымыздың басты кепілі. Өйткені ол үздіксіз еңбектенуді, зор қажыр-қайратты қажет етіп, өмірге құштарлықты
арттырады. Яғни, өмірді сүйіп, уақытты қадірлей білуге, тек жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді. Спортпен айналысқалы ауырмаймын.
3- жаттығу
Топқа бөлініп жұмыс істеңіздер.
Елбасы сөзінен публицистикалық стильге тән белгілерді табыңыздар.
1. Тірек сөздерді табыңыздар.
2. Ерекше экспрессивті сөздерді көрсетіңіздер.
3. Елбасы сөзінің идеясын айқындаңыздар.
4.Оны мәтіннен төл сөз ретінде алып, өз сөздеріңізбен байланыстырыңыздар.
Мысалы: Президент айтқандай,... немесе "... ," – дейді Президент.
