Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз. - копия 1.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

Дара сын есім. Күрделі сын есім.

Сын есім құрамына қарай дара сын есім және күрделі сын есім болып бөлінеді.

Бір ғана түбірден тұратын тұратын сын есімдер дара сын есімдер деп аталады. Мысалы: қара, таза,сары, жақсы, т.б.

Сын есімдер,сондай-ақ қосарлану және тіркесу арқылы да жасалады. Мысалы:қызыл-жасыл,апалы-сіңілі,биік-биік,жақсы-жаман,қара көк, т.б. Бұлар құрамына қарай күрделі сын есімдер деп аталады.

Арал, оралсаңшы қайтадан

Аралдың мұңы-қазақтың мұңына айналғалы қашан?! 1995 жылдарға таман Арал теңізі су көлемінің төрттен үш бөлігінен айырылды.Теңіз бес еседен астам кішірейіп кетті, теңіз деңгейі 19 метрге төмендеді. 30 жыл ішінде Аралдың радиусы 150 шақырымға дейін кейін шегінді, нәтижесінде теңіз айналасындағы 30 000 шаршы шақырым жер қылтанақсыз шөл далаға айналды. Осының салдарынан халықтың денсаулығы күрт төмендеді, тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің түрлі кеселдері пайда болып, жұқпалы аурулар күш алды. Бауыр аурулары мен тырысқақ- бұрын-соңды болмаған дәрежеде тарады. Бүгінгі күні кіші Аралда 12 текше шақырым су бар.Ауыл шаруашылық министрлігі су ресурстары комитетінің мәлімдеуінше, Арал теңізіне құятын Сырдария өзенінің төменгі сағасындағы су желілерін қалпына келтіру жобасы жүзеге асуда. Биыл жазда Әйтеке су желісін қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, одан әрі Қазалы мен Қызылорда су желілерін жетілдіру жұмыстары басталды. Осы желілер іске қосылғаннан кейін Сырдария бойымен теңіздің солтүстік бөлігіне жыл сайын ең аз дегенде 5 текше шақырым су келіп құйылатын болады. Енді екі-үш жылда Кіші Аралдағы судың деңгейі Аралда кеме шаруашылығын қалпына келтіруге болатындай су жиналмақшы екен. Кіші Аралға су толтыру бағдарламасын Дүниежүзілік Банк, Азия Даму Банкі, БҰҰ даму бағдарламасы, ТАСИС ұйымы, ЮНЕСКО және әртүрлі елдердің үкіметтері қаржыландырып отыр. Ал кезінде Арал теңізі ішкі су қорының көлемі жөнінен әлем бойынша төртінші орында болатын.

теңіз-море

өзен-река

су-вода

қаржыландыру-финансировать

дүниежүзілік-всемирный

бағдарлама-программа

1-жаттығу

Мәтінді оқыңыз.Дара және күрделі сын есімдерді табыңыз.

Дүние жасыл нұрға бөленген. Қыр да, ой да жап-жасыл.Тек алыстағы белдер ғана көгілдір тартады.Олардың үстерінде ойнаған бұлдыр көктем сағымдары, жағасынан шыға жүгірген мөлдір көлдің көк толқындары тәрізді. Осы бір сұлу көктем әлемінің ортасында Алтынбек Айдынғалиев жүр. Көктемдей құлпырған көңілі алас ұрып, мәз-мейрам. Басқан жері жасыл кілем тәрізді.

2-жаттығу

Берілген туынды сын есімдерге талдау жасаңыз

  1. Жазғы: жаз: зат есім / -ғы : жұрнақ

  2. Қазақы _____________/ ________________

  3. Ашық _____________/________________

  4. Білгіш _____________/________________

  5. Ауыспалы _____________/________________

  6. Ұялшақ _____________/________________

  7. Тапқыр _____________/________________

4-жаттығу

Сөздер қате.Түзетіңіз

  1. Биікірек

  2. Сарыырақ

  3. Ақырақ

  4. Үлкенрек

  5. Арзанлау

5-жаттығу

Көп нүктенің орнына керекті сын есімдерді қойып, оларды мағынасына қарай ажыратыңыздар.

  • Шешендік тілі ғана емес, ойы ......, білімі де ......, тілдік сезімі ...., ....... адамдарға тән қасиет.

  • Төле би – өз заманының ......, ....... азаматы, халық қадірлейтін дәрежеге жеткен

  • ....... болса, ағайын жақын,

....... болса, інің жақын,

...... болса, келінің жақын,

...... болса, көршің жақын. Қазыбек би

(жүйрік, мол, күшті, ақылды, қадірлі, білімді, тату, ақылды, инабатты, сыйлас)

  • Халық аңызы- Қазыбектің дауысы ................. болып қарсы алдындағы жотаға естіледі екен.

  • Атың ....... болса, тіршілікте мінген пырағың, балаң ....... болса, жанып тұрған шырағың.Атың .... болса, тіршілікте көрген тозығың, балаң ..... болса, ғұмырлық көрген тозығың.

  • Ел ағасы ......... болса, елін жау түгіл, жолаушы тоңар.

(Қоңыр қаздың даусындай, жақсы, жаман, ақымақ)

6-жаттығу.

Берілген сын есімдердің сындық белгілерін анықтаңдар.Дара сын есімдерді бір бөлек,күрделі сын есімдерді бір-бөлек көшіріп жазыңдар.

Қысқа, әдепті, жақсы-жаман, биік, балалы-шағалы, өнерлі, қызыл-жасыл, биік-биік, жирен- қасқа, өнерлі, ақ сақалды, қара көк, таза, сары, шұбар ала, терең.

7-жаттығу.

Берілген сөз тіркестерін қатыстырып,сөйлем құраңдар.

Өнерлі кісі.Сыншыл адам.Қайратты жігіт.Ақылды бала.Жеңімпаз команда. Үлгілі қыз.Әдеби мұра. Тарихи ескерткіш. Жершіл ат.

Тест

1.Тіркесу,қосарану арқылы жасалатын сын есімнің түрі:

А)негізгі сын есім Ә)туынды сын есім

Б)дара сын есім В)күрделі сын есім

2.Дара сын есімді табыңыз:

А)жақсы Ә)апалы-сіңілі

Б)жақсы-жаман В)балалы-шағалы

3. Бір ғана түбірден тұратын тұратын сын есімдер

А)негізгі сын есім Ә)туынды сын есім

Б)дара сын есім В)күрделі сын есім

4.Күрделі сын есімдерді табыңыз:

А)ақылды Ә)биік

Б)жақсы-жаман В)әдемі

5.Дара сын есімді табыңыз:

А)таулы Ә)апалы-сіңілі

Б)жақсы-жаман В)балалы-шағалы

Сабақтың тақырыбы: Салыстырмалы шырай. Туризм

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Салыстырмлы шырайдың өзіне тән ерекшеліктерін меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

  • Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Туризм мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Сын есімді сөйлемдер жазын ондағы сын есімдердің қай шырайда тұрғанын анықтау.