- •Рмқк «Орта медициналық және фармацевтік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі республикалық колледжі»
- •1.Дыбыс үндестігінің екі түрі бар. Ілгерінді және кейінді ықпал.
- •1 Жаттығу.
- •2 Жаттығу.
- •3 Жаттығу.
- •1 Жаттығу.
- •2 Жаттығу.
- •3 Жаттығу.
- •2 Жаттығу.
- •3 Жаттығу.
- •1 Жаттығу.
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі. Атау септігі мен ілік септігі.
- •-Жаттығу
- •Сапалық сын есім. Қатыстық сын есім.
- •Экология және біз
- •Дара сын есім. Күрделі сын есім.
- •Арал, оралсаңшы қайтадан
- •Сын есімнің шырайлары.Салыстырмалы шырай
- •Тәнді қоздырар темекі
- •Сан есім.Дара және күрделі сан есім
- •Қазақ елі-менің Отаным
- •Есептік сан есім
- •Бөлшектік сан есім
- •Француз саяхатшысы г. Мозердің қазақ жеріндегі саяхаты
- •Топтау сан есім
- •Болжалдық сан есім
- •Жетелі жұрттың жеті белгісі
- •Қазақстан рәміздері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Болымды және болымсыз етістіктер.
- •Наурыз қыз
- •Келер шақ
- •Көсемше
- •Өздік етістің жұрнақтарын қосыңыз.
- •Оқы, сұра, жина,ойна етістіктерін ырықсыз етіске айналдырып,сөйлем құраңыз.
- •Ырықсыз етістерге мысал келтір.
- •Өзіңіз келтірген мысалдарға сөйлем құраңыз.
- •Елордадағы еңселі сарай.
- •Мәтінді тірек ете отырып жүйке жүйесі туралы әңгімелеп беріңіз.
- •Бүгінгі колледж
- •Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері. Жалғаулықты құрмалас сөйлем.
- •1.Шартты рай тұлғасы арқылы:
- •3. Көсемшенің -а, -е жұрнағындағы сөзге тұр көмекші етістігі тіркеседі.
- •2.Көсемше арқылы : -п, -й
- •2. Көсемше арқылы:
- •3.Шартты рай арқылы:
- •1. Көсемше арқылы:
- •2. Есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен жұрнағына –дай, -дей, -тай, -тей қосымшасы жалғануымен:
- •1. Қимыл атауына үшін шылауы тіркеседі:
- •2. Деп көмекші етістігі III жақтағы бұйрық раймен тіркеседі:
- •3.Деп көмекші етістігі -ар, -ер, -р етістігі қосымшалары есімшемен бірге жұмсалады:
- •Автор -сөзі төл сөз
- •Автор сөзі- төл сөз- автор сөзі
- •Сәрсембег өнөрлү ел(г)ен
- •(Сәрсембегөнерлүекен)
- •Абай оқиды
- •Кітапты оқиды
- •Президент н.Назарбаевтың Қазақстанның Туын, Елтаңбасын таныстыруда сөйлеген сөзі
- •1) Ойды дәл, нақты әрі түсінікті етіп жеткізуді көздейді;
- •2) Ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпынады;
- •3) Осы талаптарға жету үшін эмоцияға, экспрессияға көп жол берілмейді.
- •4 Жаттығу
- •Қазіргі жағдайда ақпаратты – электрондық кітапха
- •«Қазақ тілі » пәні бойынша білімгерлердің білімін бағалау мынадай өлшемдерге негізделеді:
- •Оқу құралдары және әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
1) Ойды дәл, нақты әрі түсінікті етіп жеткізуді көздейді;
2) Ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпынады;
3) Осы талаптарға жету үшін эмоцияға, экспрессияға көп жол берілмейді.
Ғылым стильдің тілдік көріністері
Ғылыми стильдің функциялық бағыты оған арнаулы тілдік көрініс береді. Ғылыми стильде:
1) ғылыми ұғымдарды дәл атайтын, соған арналған терминдер мол орын алады;
2) процестерді, тұжырымды ойларды бір терминге келтіріп, түйіндеп айту негізгі тәсіл болады;
3) сөзді үйреншікті, тұжырымды ету мақсатында тұрақты үлгідегі (штамп) сөйлемдер, сөз тіркестері молынан жұмсалады;
4) сөйлемдердің мына құрылымдық турлері көп жұмсалып, оған өзіндік ерекшелік береді:
а) баяндауыштары ауыспалы осы шақ формалы етістіктен жасалады.
Мысалы: Алюминий тез балқиды.
б) баяндауыштары ырықсыз етістіктен жасалады.
Мысалы:Бидай құнарлы жерге егіледі.
Ғылыми еңбектер дүниедегі құбылыстарды, техникалық жұмыстардың барысын талдау, осыдан алынған мағлұматтарды жүйелеу, қорытындылау, заңдылықтарды ашу бағытында жазылады. Сондықтан ғылыми мәтін қатаң логикалық желімен құрылады.
Қазақ музыкасы - өмір айнасы.
Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі. 19-ғасырдағы қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер қазақта мың ән, бес жүз күй барлығын жазған болатын. Қазақ халқы ән мен күйге аса құмар халық,әншіні де, күйшіні де, төбесіне көтерген халық. Қазақтың ұлттық музыкалық мәдениеті ән шығармашылығынан айқын көрінеді. Халық әндерінің мелодиалық құрылысында, ырғағында, интонациясы мен формасында ұлттық өзгешеліктер мен ерекшеліктері бар екені белгілі.
Лирикалық әндері кейде мұңды, зар толы болса, кейде көңілді жайдары, кейде теңіздей толқыған байсалды. Бұларда әрбір қазақтың жүрегінде жылы тиетін, туып өскен даласы бейнеленеді, көбінесе махаббат тақырыбы, сүйіспеншілік қасіреті мен қуанышы суреттеліп, қыздардың сұлулығы жырланады.
Қазақтың ақын, жырау, әншілері лиро-эпостық немесе тарихи жырларды да домбыраға қосып айтқан. Олардың қысқа қайырылатын, баяу әндері болады. Халық музыкашыларының эпостық, тарихи ертегі және тұрмыс тақырыбына арнап музыка аспаптарымен орындауға шығарған шығармалары «күй» деп аталады. Күй әнге қосылмай, тек музыка аспабымен ғана ойналады.
Әрбір күйдің өзіне тән аңыз - әңгімелері бар. Қазақ күйлері сан салалы онда өз толқыны, бұлбұл әні, дауыл аттың дүрсілі, сан алуан табиғат құбылыстары мен көңіл күйллері қамтылады.
СӨЗДІК
Қазақтың ұлттық музыкасы
Ерекшелік-особенность
Табиғат құбылыстары-природные явление
Музыка аспабы- музыкальны инструмент
1- жаттығу
Мәтіннен үзіндіні орыс тіліне аударыңыздар.
Қазақтың ақын, жырау, әншілері лиро-эпостық немесе тарихи жырларды да домбыраға қосып айтқан. Олардың қысқа қайырылатын, баяу әндері болады.Халық музыкашыларының эпостық, тарихи ертегі және тұрмыс тақырыбына арнап музыка аспаптарымен орындауға шығарған шығармалары «күй» деп аталады. Күй әнге қосылмай, тек музыка аспабымен ғана ойналады.
Әрбір күйдің өзіне тән аңыз - әңгімелері бар. Қазақ күйлері сан салалы онда өз толқыны, бұлбұл әні, дауыл аттың дүрсілі, сан алуан табиғат құбылыстары мен көңіл күйллері қамтылады.
2- жаттығу
Сөздерге тиісті жұрнақ жалғап, жазыңыздар.
Бүркіт ..., ас..., жазу..., жауын..., дос..., бауыр..., оқу..., Аман..., Ай..., ем..., жас..., дәріс..., ғалым..., ер..., батыр..., тіл..., білім..., заман..., ер..., ауыл... .
3- жаттығу
Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
Алматы қаласының әдемі көшелерінң бірі-Райымбек батыр көшесі. Оның ескі аты Ташкентская болған. Ұзын көшенің ортасында райымбек батырдың ескерткіші орналасқан. Батырдың денесі жерленген кесене өте биік, әрі қырлы, сапалы тастардан қаланып жасалған.
Мұнда халық жиі келіп, батырға зират етіп қайтады. Көшенің бас жағында «Саяхат» автобекеті бар. Одан жергілікті, жақын аудан, ауылдарға автокөліктер сапарға шығады. (Баспа материалдарынан)
4- жаттығу
Мына мәтелдерді жаттап, орыс тіліне аударыңыздар.
1.Бай бір жұттық, батыр бір оқтық. 2. Ойлы, арлы адамға бір сөз де жетеді, ойсыз, арсыз адамғамың өз де жетпейді. 3. Адам деген айбарлы ат! 4. Аш адамның жайын тоқ білмес. 5. Жақсы даудан, жаман бітім артық.
5- жаттығу
Жұмбақты шешіңіздер
Бұл күдері киіпті сары жібек көйлегін. (...?)
Ұзын мұртты сарылар
Қойынында наны бар. (...?)
Көк лағым көгенде тұрып семірген. (...?)
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің синтаксистік қызметі.
Ақтабан шұбырынды.
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1. Ғылыми стиль қалай жасалады?
2. Ғылыми стильге мысал келтіріңіздер.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
Студент нені меңгеру керек:
Сөйлемнің синтаксистік қызметін ;
сөздікті қолдана білуді;
мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
мысалдар келтіре білуді.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Мәтінді орыс тіліне аудару. Сөйлемнің синтаксистік қызметіне 6 сөйлем жазып талдап келу. «Елім-ай » әнін жатқа жаттау.
Сөйлемнің синтаксистік қызметі.
Синтаксис сөз байланысын, сөйлемді қарастыруына қарай өз ішінен сөз
тіркесінің синтаксисі , жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып үш түрге бөлінеді.
Сөз тіркестері – сөйлем құраудың бөлшектері. Сөз тіркесін жасаудың түрлі амал-тәсілдері, жолдары және соған лайықты заңдылықтары бар.
Ақтабан шұбырынды
ХV111 ғасырдың басында қазақ халқы және Шынжанжандағы әр ұлт халықтары жоңғар феодалдарының шапқыншылығына қарсы қажырлы күрес жүргізді. Жоңғар феодалдарының ақсүйектері 1723 жылы көктемде қалың қолмен Талас өзені алқабындағы бейбіт отырған қазақ халқына тұтқиылдан шабуыл жасап, ауыр апатқа ұшыратты.
Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласы мен Ташкент қаласына басып кіріп, талан-тараж жасады. Қазақтар Бұхараға қарай қоныс аударып, аш-жалаңаш жаяу шұбырды.
Бұл ауыр оқиға қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды» апатына байланысты қазақ халқы «Елім-ай» әнін шығарды. Қазақ халқы «Ақтабан шұбырын-дының» апатының ауыр жылдарында аш –жалаңаш азабын арқалай жүріп, тұс-тұстан анталаған жауларға қарсы күрес жүргізіп, өзінің елдік еркіндігін сақтап қалды.
СӨЗДІК
Ұлт -нация
Шабуыл жасау- наступать
Қоныс аудару-перекочевать на другое место
Қазақ тарихы-история казахов
Еркіндік-свобода
1- жаттығу
Мәтіннен үзіндіні орыс тіліне аударыңыздар.
Бұл ауыр оқиға қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды» апатына байланысты қазақ халқы «Елім-ай» әнін шығарды. Қазақ халқы «Ақтабан шұбырын-дының» апатының ауыр жылдарында аш –жалаңаш азабын арқалай жүріп, тұс-тұстан анталаған жауларға қарсы күрес жүргізіп, өзінің елдік еркіндігін сақтап қалды.
2- жаттығу
Мына сөйлемдерді толықтырыңыздар
1.Қыс түсіп, ... . 2. Асханадан тамақ ... . 3. Марат келмей ... . 4. Ол ауыратынын білгендей ... 5. ..., мен денешынықтыру жасаймын. 6. ..., ол хатты шапшаң оқып отыр. 7. ..., ол институтқа тез келді. 8. ..., соңғы хабарды тыңдаймын.
3- жаттығу
Қазақ тіліне аударыңыздар.
Он оделся так, словно на улице холодно. Он ест так, как будто голоден. Они хвастаются, как будто много знают. Учитель говорит так, что все его слушают с интересом. Ермек говорит так тихо , что мы его не слышим. Я, включив телевизор, смотрю интересный фильм. Он, встав рано утром, умылся. Он чувствовал себя так, как будто был здесь раньше.
4- жаттығу
Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Мұғалім лекцияны қалай оқиды? 2. Марат өлеңді қалай айтады? 3. Ермек қалай тамақ ішеді? 4. Сен соңғы хабарды қалай тыңдайсың? 5. Ол өзін қалай ұстайды? 6. Ол қалай-қалай сөйлейді?
5- жаттығу
Сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыздар.
Многие смеси, бесцветный кристалл, применение в промышленности, участвуют в реакциях, быстро расплавиться, сокращение мышц.
6- жаттығу
Сөйлемдерді толықтырыңыздар.
Ағзадағы көптеген синтездеу және ыдырау ... қатысады. Қандағы глюкоза мөлшері ... жағдайда, орталық жүйке жүйесінің қызметі ... . Өнеркәсіпте глюкозаны крахмалды ... арқылы алады. Глюкоза тағам ... және медицина саласында кең қолданылады. Медицинада глюкозаны ..., ... және ... түрінде пайдаланады.
7- жаттығу
Сөйлемдерді оқып, қазақ тіліне аударыңыз.
В каждой аптеке можно купить лекарства от кашля без рецепта. Это очень удобно, так как при недомогании, и при кашле, ма редко обращаемся к врачу.
При кашле, вызываемый раздражением верхних дыхательных путей, хорошо помогает нашатырно-анисовые капли, грудной элексир, пектусин, пектол, специальные таблетки. Все эти препараты действуют как смягчающие и отхаркивающие средства.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің құрамындағы кейбір сөздердің мағынасы.
Абылай хан.
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1. Сөйлемнің синтаксистік қызметі нені атқарады?
2. Сөйлемнің синтаксистік қызметіне мысал келтіріңіздер.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
Студент нені меңгеру керек:
Сөйлемнің құрамындағы кейбір сөздердің мағынасын ;
сөздікті қолдана білуді;
мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
мысалдар келтіре білуді.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Мәтінді орыс тіліне аудару. Мәтіннің мазмұнын айту. Сөйлемнің синтаксистік қызметіне 6 сөйлем жазу.
Абылай хан
Абылай хан туралы ел есінде сақталған деректерде оның 1711 жылы Шыңғыс әулеті Уәлидің шаңырығында дүниеге келгендігі айтылады. Абылайдың шын аты, әуелде азан шақырып қойған аты- Әбілмансұр болса керек. Әбілмансұр ат жалын тартып өмірге белсене араласқан сәті ХV111 ғасырдың алғашқы ширегінде жоңғар басқыншылығына деген халықтың ыза-кегі әбден қайнап, бұлықсып, кемерінен асып төгілген кезеңге төп келеді. Қалмақпен айқаста атасының атын атап ұран шақырып « Я, Абылайхан (ұран шақырып) аруағы» деп атқа шапқан Әбілмансұрды ел «Абылай» деп атап кеткен.
Қазақтың басын біріктірсем деген ойдан Абылай хан өле-өлгенше арылған емес. Абылай ханның осы абзал арманы қазақтың халық жырларынан, әңгіме, аңыздарынан айқын елес береді.
Қазақ елінің соңғы хандарының ең атақтысы - Абылай хан.
Абылай алысты болжап, көре білген адам.Ол елдің Ресей мен арадағы экономикалық саяси байланысын нығайтудың қажеттігін де ерте түсінді. Абылай тамыз айының жиырма сегізі күні Өр деген жерде Ресей еліне адал болуға ант берген болатын.
Зор ауыл иесі, майталман, дипломат, соғыс ісінің сұңыла білгірі, өз заманының аса дарынды саясаткері Абылай атына айтылар мақтау сөз, мадақ сөз ел аузында көп сақталған.
СӨЗДІК
Сақталған деректер- данные которые сохранились
Дарынды саясаткер-одаренный политик
Адал болу-быт верным
Ант беру-довать клятву
Қазақтың басын біріктіру- объяденить казахов
1-жаттығу
«Азан шақырып, ат жалын тартып, алғашқы ширек, ұран шақырып, кемерінен асып, елес беру,сұңғыла білгір» сөз тіркестерін түсініп алыңыздар.
2- жаттығу
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Абылай деп аталу себебі не?
2.ХVІІІғасыр қай оқиғаға толы?
3.Абылай хан арманы не?
4.Ол қандай хан болды?
3- жаттығу
Диалогты қазақ тіліне аударыңыздар.
-Арай, можна тебя на минутку?
-Да. Что ты хочешь сказать?
-У нас сегодня семинар. У тебя случайно нет конспекта?
-Есть.
-Дай мне.
-Спасибо, ты меня спасла.
4- жаттығу
Сөйлемдерді байланыстырып жазыңыздар.
Жазғытұрымда қар ериді ... Сең жүреді. Ағаштар бүршік атады. ... Күн ұзарады. Жер өңделеді. Тұқым себіледі. Наурыз мерекесі өтеді. Жыл басталады. Студенттер өндірістік тәжірибеге шығады.
Жазда сессия басталады. Диплом қорғау жұмысы өтеді. Студенттер еңбек семестріне кетеді. Тамыз айында жазғы демалысқа шығады. Оқу орны , жатахана жөндеуден өтеді. Талапкерлер оқуға қабылданады.
5- жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңдар.
Хан Абылай атанып,
Жайнап шықтың жасыңнан.
Ханның жақсы болмағы-
Қарашының елдігі.
Қарашы халқы сыйласа,
Алтыннан болар белдігі. (Бұқар жырау)
6- жаттығу
Мақал-мәтелді оқып, мағынасын түсіндіріңізде.
Кітап- білім бұлағы,
Білім –өмір шырағы.
Мақал- сөздің мәйегі
Еңбек түбі- береке,
Көптің түбі- мереке.
Бейнет түбі зейнет.
Жастық жалын, кәрілік көмір.
7- жаттығу
Сөйлемдердің дұрыс-бұрыстығын анықтаңдар.
Атаған /қазақтар/ « Ұлыстың ұлы күні»/ Наурызды /деп.
Теңеледі /күн /мен /түн.
Дастарханына/ қойылады/ мереке/ наурыз/ көже.
Тағамнан/ жеті/ жасалады.
Батасын /жастар /алған /үлкендердің.
Ақ / Наурызда/ болсын/ тілек/ айтады / деген/ мол.
Дастархан /үйде /жайылады/ әр/ ақ.
Тест
1.Төлеу сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
А) Сен дегенде сөз барма.
В) Әй дер әже,қой дер қожа жоқ.
С)Сауатты болу- дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.
D) Баланың соңғы ермегі- «Ақсүйек»
Е) Осы күні сол жердіңқызыл гүл екенін айтты.
2 Төл сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ол менен сұрап отыр.
В) Ол менен қашан келгенімді сұрады.
С) Ол менен: «Сен қашан келдің?» - деп сұрады.
D) Тәкежан балаларды ертіп, тоғайға апарды.
С) Ол менен сұрады.
3 Диалогтың көбі қай стильге тән екенін белгілеңіз.
А) Іс қағаздар стилі.
В) Ғылыми стиль.
С) Публицистикалық стиль.
D) Ауызекі сөйлеу стилі.
Е) Құжаттар стилі.
4 Стиль түрін анықтаңыз.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды.
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды...
А) Публицистикалық стиль.
В) Ғылыми стиль.
С) Ресми іс қағаздары стилі.
D) Көркем әдебиет стилі.
Е) Ауызкеі сөйлеу стилі.
5 Ресми іс- қағаз түрін көрсетіңіз.
А) Роман.
В) Кейіптеу.
С) Өтініш.
D) Баяндама.
Е) Мақала.
6 )Қоғамдық, саяси- әлеуметтік мәселелермен айналыматын айбынды құрал тілін табыңыз.
А) Ғылыми тіл.
В) Ресми тіл.
С) Публицистика.
D) Ауызекі тіл.
Е) Көркем әдебиет.
7 Ғылыми стильге жататын сөйлемді табыңыз.
А) Ол әлгі орманды картадан көрсетті.
В) Қазбаларда тас дәуіріне жататын мүліктер анықталды.
С) Жұмыстан соң олар табиғат аясында демалады.
D) Алыс жол атты сынайды.
Е) Қасына отырғызып, жөн сұрады.
8 Стиль түрін анықтаңыз.
Қазақстан Республикасының азаматы, қажет болған жағдайда, қорғануға құқылы.
А) Ғылыми.
В) Публицистикалық.
С) Ресми іс- қағаздар.
D) Ауызекі сөйлеу.
Е) Көркем әдебиет.
9 Көркем әдебиет стиліне тән белгіні көрсетіңіз.
А) Ғылымилық.
В) Образдылық.
С) Ресмилік.
D) Бейтараптық.
Е) Ауызекілік.
10 Төл сөзді сөйлемді табыңыз.
А) Балалар «Менің елім- Қазақстан» әнін шырқады.
В) Сейіт. Жарайды ( Кете береді).
С) Қасымның «Туған жер» өлеңінен патриоттық үн еседі.
D) Жылгелділер келіп қалды, Ақын аға.
Е) «Биік мансап-жартас,» - дейді Абай.
11 Төл сөз автор сөзінен бұрын тұрса, тыныс белгісі қалай қойылатынын белгілеңіз.
Өмір сүру енді соншалықты қызық та оңай ғой деп Инеш Мәкенге қарады.
А) Төл сөз- автор сөзі.
В) Төл сөз: автор сөзі.
С) «Төл сөз,»:-автор сөзі.
D) «Төл сөз»: автор сөзі.
Е) «Төл сөз « автор сөзі.
12 Төлеу сөзге тән анықтама қатарын көрсетіңіз.
А) Біреудің сөзін жеткізушінің сөзі.
В) Біреудің сөзін өзгертіп, мазмұнын айту.
С) Қанатты,афоризм сөздер.
D) Екі адамның сөзі.
Е) Біреудің айтқан нақты сөзі.
13 Төл сөздің төлеу сөзге айналу жолының дұрысын көрсетіңіз.
-Енді кері қайтуға бола ма?-деп сұрады жауынгерлер.
А) Жауынгерлер қайтуға рұқсат сұрады.
В) Жауынгерлер кері қайтуға болмайтынын сұрады.
С) Жауынгерлер кері қайтатынын айтты.
D) Жауынгерлер енді кері қайтуға болатын, болмайтынын сұрады.
Е) Жауынгерлер кері қайтуға болатынын сұрады.
14 Төл сөзге тыныс белгілері дұрыс қойылған нұсқаны ажыратыңыз.
А) Абай аттың басын іркіп тоқтап қап, «Тұра тұр,» - деді.
В) Абай аттың басын іркіп тоқтап қап: «Тұра тұр,» - деді.
С) Абай аттың басын іркіп тоқтап қап. «Тұра тұр,» - деді.
D) Абай аттың басын іркіп тоқтап қап- «Тұра тұр,» - деді.
Е) Абай аттың басын іркіп тоқтап қап; «Тұра тұр» - деді.
15 Төлеу сөзді табыңыз.
А) –Ойбай, жеңге, біз сөгетін адам емеспіз.
В) Балалар қуанып, өздерінің әлі де көп жаңалықтар табатындығын айтты.
С) Ал, сол «шоң» деген сөздің түп төркіні, мен білсем, қазақ сөзі емес.
D) Халықтық шығармаларды оқудан, білуден еш жалықпайды.
Е) Айтып тұрғаны –«Көзімнің қарасы».
16 Cтилін табыңыз.
«Шынар» фирмасының басшысы С. Әбілев мырзаға.
А) Ауызкеі сөйлеу стилі.
В) Публицистикалық стиль.
С) Ғылыми стиль.
D) Ресми іс қағаздары стилі.
Е) Көркем әдебиет стилі.
17 Ресми іс қағаздары стиліне жататын қатарды көрсетіңіз.
А) Газет –журнал тілі.
В) Қоғамдық – саяси әдебиет.
С) Ғылыми шығармалар.
D) Өтініш, сенімхат, қолхат.
Е) Көркем шығарма.
18Стилін анықтаңыз.
- Әбдірахманың кім?
- Қазақбайдың баласы.
А) Ғылыми стиль.
В) Публицистикалық стиль.
С) Ауызекі сөйлеу стилі.
D) Көркем әдебиет стилі.
Е) Ресми іс – қағаздары стилі.
19 Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
А) Өлең –сөздің патшасы...
В) Ендеше, жөніңді біл, шығарма үніңді.
С) –Бұл не деген жұмбақ? –десті екеуі.
D) «Ат» - көп мағыналы сөз.
Е) «Аққу көл» балетін көрдің бе?
20 Төл сөзге тән құрылымды көрсетіңіз.
Серғазы аттанарда: «Аттан түспе, абайла!» - деді.
А) Төл сөз, автор сөз, төл сөз.
В) Төлеу сөз.
С) Автор сөзі, төл сөз, автор сөзі.
D) Автор сөзі, төл сөз.
Е) Төл сөз, автор сөзі.
Сабақтың тақырыбы:Сөйлемнің интонациясы(Екпін).
Төле би Әлібекұлы
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1. Сөйлемнің құрамындағы кейбір сөздердің мағынасы нені атқарады?
2. Сөйлемнің құрамындағы кейбір сөздердің мағынасына мысал келтіріңіздер.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
Студент нені меңгеру керек:
Сөздердің интонациясын, екпінді;
сөздікті қолдана білуді;
мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
мысалдар келтіре білуді.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Мәтіннің мазмұнын айтып беру. 6 сөйлем құрастырып, екпінді қою.
Екпіннің ережесін жаттау. Төле бидің нақыл сөзін жатқа айту.
Екпін
Екпін- сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөлшектердің ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.
Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.
Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады.
Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі.
Мысалы:Баладалада ойнап жүр.
Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.
Ой екпіні-сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы:
Айбек ерте тұрды.
Айбек ерте тұрды.
Айбек ерте тұрды.
Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді.
Тіркес екпіні – бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінімен бөлектене айтылуы. Бұл көбіне күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән.
Мысалы:мектепке дейін, әке-шеше, әдет- ғұрып т.б
Дыбыс екпіні- сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы.Дыбыс екпіні көңіл күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.
Мысалы:По-ой-па-ай, та-ма-ша!
Төле би Әлібекұлы
ХV111 ғасырдың ұлы тұлғалардың бірі – Үйсін Төле би. Ол шамамен 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келіп, 1756жылы Шымкент облысы, Ленгер ауданында ( қазіргі Төле би ) Ақбұрхан деген жерде тоқсаннан асып дүние салған. Төле – өзі Тәукенің тұсында " Жеті жарғы" заң жобасын жасаушылардың бірі болған қоғам қайраткері. Ол – дулат тайпасының Жаныс руынан. Әкесі Әлібек те билік айтып, әділдігімен аты шыққан адам болса керек.
Асқан тапқырлығымен үш жүзге тұтас аты жеткен Төлені көзі тірісінде – ақ "Абыз" , "Қарлығаш әулие" , "Қарлығаш би" атанды.
Төле былай деген екен:
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім,
Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.
Жан мен тәннің шырағы.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші – иманың,
Екінші – жиғаның,
Үшінші ырысыңның тұрағы...
Төле би қартайып ауру жеңіп жатқанда, Жаңыл ақын биге былай деп сұрақ қойыпты:
Көргелі келдік сізді біз
Жалпағынан дүниені
Әбден басып жүрдіңіз.
Сізсіз шылбыр бермеді
Түгел қазақ еліңіз.
Мал мен бас пара – пар,
Сайлық дәуір сүрдіңіз.
Әділетке салғанда
Шамада жоқ, мініңіз,
Сұрайтын бір сырымыз
Сізде де арман бар ма екен
Сұрайықшы соны біз...
-Сонда Төле: Шырағым, Жаңыл баласың – ау, өзгелерден менде арман көп, себебі қырғыз, қазақтың біртуғандай күнінде туылып, енді алаң ашық болып, шілдедей бытырап тозған күндерінде қайтып өтіп барамын"- деп екі елдің берекелі бірлігін арман етсе керек.
Төленің басты қасиеті – шешендігінде. Жастайынан халықтың мақал – мәтел, аңыз, ертегі дастандарымен сусындап өскен қарияның аузынан маржан төгіледі
Мақтаншақ жігіт,
Ұрыншақ ат,
Жаз болса, жарға жығар
Қыс болса,
Қарға жығар.
Тұмау түбі – құрт,
Тұман түбі – жұт.
Ақыл түбі – құт.
Қабырғадан қар жауса,
Атан менен нарға күш,
Ел шетіне жау келсе,
Батыр менен ерге күш, -
деп жырлаған.
Төле би халқымыздың бағына туған. Ұлы биде жалғыз ғана арман болған. Ол – ел бірлігі, халқының тірлігі.
Төле бидің денесі өзі он екі жыл билеген Ташкент қаласында Бабырдың нағашы атасы Жүніс ханның жанына қойылған. Онда Төле биге үлкен ескерткіш орнатылған.
С. Дәуітов
1- жаттығу
Мәтіндегі түсініксіз сөздерді теріп көшіріп, аударыңыздар.
2- жаттығу
Мәтіндегі нақыл өлеңдерді жаттап алыңыздар.
3- жаттығу
Мәтіннен үзіндіні орыс тіліне аударыңыздар.
ХV111 ғасырдың ұлы тұлғалардың бірі – Үйсін Төле би. Ол шамамен 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келіп, 1756жылы Шымкент облысы, Ленгер ауданында ( қазіргі Төле би ) Ақбұрхан деген жерде тоқсаннан асып дүние салған. Төле – өзі Тәукенің тұсында " Жеті жарғы" заң жобасын жасаушылардың бірі болған қоғам қайраткері. Ол – дулат тайпасының Жаныс руынан. Әкесі Әлібек те билік айтып, әділдігімен аты шыққан адам болса керек.
4- жаттығу
Жұмбақтарды жазып алып, шешіңіздер, екпінін қойыңыздар.
Қысы-жазы өзгермес,
Жаралған жасыл түсінен.
Қанша аяз болса да,
Аыйрылмайды гүлінен (...?)
Тікен-тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте. (...?)
Күндіз бармын, түнде жоқ,
Ішім жанып тұрған от.
Кештетіп барып сөнемін,Таңертең қайта келемін. (...?)
5- жаттығу
Диалогты қазақ тіліне аударыңыздар.
-Сколько раз в неделю проводятся занятия по казахскому языку?
-Два раза.
-На занятиях используются технические средства?
-Да. Много работаем в лингофонном кабинете.
6- жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жаз. Сол сөздердің қай сөзбен байланысатынын айт.
Әсел есепті ..............шығарды. Суретші................ табиғатты бейнеледі.Асханада .............. тамақ пісірілді. Ұшақ...............көтерілді. Достары Айбекті...............құттықтады.
Керекті сөздер:жеңісімен, дәмді, тез, әсем, биікке.
Сабақтың тақырыбы: Нүкте, көп нүкте.
Қаз дауысты Қазыбек би
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1. Сөйлемнің интонациясы, екпін дегеніміз не?
2. Екпіннің қанша түрі бар?
3. Екпінге мысал келтіріңіздер.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
Студент нені меңгеру керек:
Нүкте және көп нүкте қалай қолданылатынын;
сөздікті қолдана білуді;
мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
мысалдар келтіре білуді
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Мәтінді орыс тіліне аудару. Орнына көп нүкте қойылатын 6 сөйлем жазу.
Нүкте
Сөйлемдерге мағына беруге және сөйлемдердің арасын ажырату үшін арналған белгіні нүкте деп атайды.
Нүкте
№ |
Қойылатын орны |
Мысалы |
1 |
Хабарлы сөйлемнен кейін |
Маңайда тірі жан көрінбейді. |
2 |
Жай, екпінсіз айтылған бұйрық және тілек мәнді сөйлемнен кейін |
Әже, сізден Алла разы болсын. |
3 |
Драмалық шығармада кейіпкер атынан кейін |
Нұрхан. Міне, міне, әлгі мен айта беретін ауыл! Мүсірепов.(құлазып) Қыбыр еткен жан жоқ. Ит те үрмейді. |
4 |
Драмалық шығармада автордың түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін жақша ішінде |
Нұрхан. Кім бар? (Айқара есікті итеріп ашты) Кім бар? |
5 |
Адамның аты-жөні, тегі қысқартылғанда |
Ғ. Мүсірепов/ Ғ. М. Ғ. Мұстафин/ Ғ. Мұст. |
6 |
Газет-журнал атауын шартты түрде қысқартқанда |
«Қ. Ә». (« Қазақ әдебиеті») |
7 |
Кейбір сөздерді шартты түрде қысқартылғанда |
тағы басқалар – т.б. тағы сол сияқты – т.с.с. тағысын тағылар – т.т. |
8 |
Ғасыр, жыл, сағат,минут, секунд сөздері қысқартылғанда |
А. Яссауи кесенесі(ХІІ ғ.) – Қазақстандағы үлкен тарихи мұралардың бірі. |
Көп нүкте
|
Қойылатын орны |
Мысалы |
1 |
Айтылуға тиісті ой аяқталмай қалғанда сөйлем соңында көп нүкте қойылады |
«Ия, көз – қорқақ , қол – батыр. Бісіміллә, береке...» Сонымен бастап та жіберді. Осыдан қара кешке дейін.... Жә, мен шамалы кідірейін-ші , әңгіме басы әріден болсын. |
2 |
Сөйлеуші қысылып сөйлей алмай қалғанда, асығыс айтқанда, ойдың бөлінуіне байланысты дауыс ырғағындағы кідірісті білдіру үшін |
-Е , не қыл дейсің маған. Бала.... ыһ..... тартып жіберші мына шетін, көтерсеңші басыңды.... мықтап ұста..... ешқайда кетпес, оралар .... Туып өскен жері, елі.... Ұста деймін, қаттырақ ұста.(Т. Әбдіков) |
3 |
Біреуден алынған цитатаның не алдынан, не артынан немесе сөйлем, сөз қалдырған жерге қойылады. |
...... Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз. |
4 |
Айтуға қолайсыз тұрпайы сөздің орнына |
Қарашы мына ..... бүлдіргенін! Басыңнан салып қалайын ба осы? ! |
5 |
Ескі қолжазбаларда көрінбей өшіп қалған жерлерге |
Қиын тиді оларға Аз кісі –ақ санарға. (Абай) |
Қаз дауысты Қазыбек би.
Қазыбек Келдібекұлы – 18 жасынан бастап, қазақ елі басынан кешірген тағдыр тауқыметінің куәгері. Ол – Орта жүздің биі, шешендік өнерде маңдайалды ірі тұлға. Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңын жасаушылардың бірі.
Ол – қазақ халқының біртұтас мемлекетін құруға және оны нығайтуға қатынасқан ірі мемлекет қайраткері. Қазыбек қазақ хандарының ақылшысы, мемлекет аралық шиеленістерді бейбіт түрде реттеуді жақтаған парасатты елші – мәмлегер, дипломат та бола білген. 1761 жылы Қытай империясының елшілігі, 1762 жылы орыс мемлекеті әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп қайтқан.
Қаз дауысты Қазыбек – асқан шешен, ақын, дау- жанжалды шешкен әділ қазы, халық- аралық дәрежедегі елші.
Бидің сүйегі – Орта жүз Арғын ішіндегі Қаракесек, Қазыбектің әкесі Келдібек, атасы Абыз атанған Шаншар, бабасы – Бұлбұл, шетінен тілге шешен, сөзге ұйыған, уәжге тоқтаған біліктілер болған. Ал Қазыбекке Тәуке Абылай тәрізді хандар даналығына бас иіп отырған. Халық аңызы оның дауысы қоңыр қаздың даусындай болып қарсы алдындағы жотаға естіледі екен, сондықтан «Қаз дауысты Қазыбек» атанған.
« Қазақтың салт- дәстүрі»
1- жаттығу
Жай, атаулы, толымды, толымсыз сөйлемдердің ара жігін тауып, нүкте қойыңыздар, келесі сөйлемдерді бас әріппен жазыңыздар.
Ол өзін осы мезетте Жөкей көлдің жағасында ойнап жүргендей сезінді таң сәрі айдын көлдің беті толған құс осы шақта барып оның есіне өзінің ұлы бабасы Біржан салдың жалғыз ауыз өлеңі түсті.
Таң бозарды көл айдыны жарқырап бір шеті көкпен тірескендей боп тұр көл беті толған құс топ – топ шоғыр – шоғыр лек – лек аққулар тобының өзі әлденеше.
2- жаттығу
Көп нүктенің қойылу себебін анықтаңыздар.
Өзге күндерден дәл бүгінгі күннің уақиғалары әлде қайда бөлек. Күндізгі әкелер, әлгі Шөже, жаңағы Бөжейлер ..... Бір Қарқаралы қаласының алақандай аясының ішінде болғанымен, осы адамдар арасы соншалық кереқар. Тіпті дүниенің төрт бұрышындай алшақ жатыр. Бір жерде күш, бір жерде өнер, бір жерде мінез.... Бәрі бір орынға жиналып, ынтымақпен бір арадан бір арадан табылса нетер еді?...
Бұл ой Абайға ең алғаш келген ой еді де..... және тіпті өз ойы сиақты көрінеді. Анығында: «ақыл, қайрат....» «ақыл мен бақыт, байлық» дегендердің өзара дауы, таласы деген «парсы, түрік» тіліндегі кітаптардан былтырлар бір оқыған нақыл әңгімесі бар-ды. Қазір Абай соны өмірден тапқанына да дән ырза..... Өз ақылымен тапты...... Тапты да: «Осының бәрі бір жерде, бір кеудеде, бір адамның ішінде юолмаққа лазым..... деп, өзгеше бір сенімді байлау жасады (М. Әуезов).
3- жаттығу
Мәтінді оқып, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіздер. Тұрақты тіркестерді табыңыздар.
-Ау, Жәке, аттарды тынықтырып, суарып, таң асырып дегендей... . -Жарайды, осы маңда ауыл бар ма, ана шеттегі жуан қайыңның біріне шығып, жан – жаққа көз салыңдар. От көрінер ме екен? Ұмытпасам, мына оң жақ өкпе тұста қаңжығалылардың бір – екі ауылы болатын...
Бес шақырымдай жерде он шақты үйлі ауыл бар екен...
Жігіттер оннан, бестен бөлініп, жайлауға шыға алмай, ауыл төңірегінің отымен отыратын шағын елдің жеркепелеріне түнеп шықты.
( С. Жүнісов )
4- жаттығу
Сөйлемдердің қандай сөйлем екенін анықтап, тыныс белгілерін қойып, дұрыстап жазыңыздар.
Күн кешкіріп кетті сондықтан амалсыз қонуға тура келді ауылдан Бүгін Сәкен келеді немесе Мәкен келеді жазғытұрым болды да саяжайда қызу еңбек басталып кетті.
5- жаттығу
Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.
Алма бағы, автокөлік бекеті, ауа-райы суық, айдынның беті, қазақ өнері, шалғайдағы ауыл, таудың бөктері, көк базар, күннің шуағы наурыз айы, салт атты, салтанат сарайы, мектеп сыныбы, колледж студенттері.
6- жаттығу
Мәтіннен үзіндіні орыс тіліне аударыңыз.
Ол – қазақ халқының біртұтас мемлекетін құруға және оны нығайтуға қатынасқан ірі мемлекет қайраткері. Қазыбек қазақ хандарының ақылшысы, мемлекет аралық шиеленістерді бейбіт түрде реттеуді жақтаған парасатты елші – мәмлегер, дипломат та бола білген. 1761 жылы Қытай империясының елшілігі, 1762 жылы орыс мемлекеті әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп қайтқан.
7-жаттығу
Жаңылтпашты көшіріп жазып, жаттаңыздар.
Тұмсығы балғаға айналар,
Балғасы қайлаға айналар.
Қайласы қайыңға қайралар
Тоқылдақ тоғайлы сайда бар.
Сабақтың тақырыбы:Сұрау белгісі, леп белгісі.
Әйтеке Бәйбекұлы
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1. Нүкте, көп нүкте дегеніміз не?
2. Нүкте не үшін қойылады?
3. Көп нүкте не үшін қойылады?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
Студент нені меңгеру керек:
Сұрау белгісі не үшін қолданылатынын ;
Леп белгісі не үшін қолданылатынын;
сөздікті қолдана білуді;
мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
мысалдар келтіре білуді.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Мәтінді орыс тіліне аудару. Сұраулы сөйлемге 6 сөйлем жазу. Лепті сөйлемге 6 сөйлем жазу.
Сұрау белгісі
Сөйлемдерге мағына беруге арналған белгілерді сұрау және леп белгілері деп атайды.
|
Қойылатын орны |
Мысалы |
1 |
Сұраулы сөйлемнен кейін |
Ақшам қайда? Менің бұл ісім сауап емес пе? Толық байлық қайтсең табылады? |
2 |
Сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз, неге олай деген күдік туғызғанды аңғарту үшін сол сөзден кейін жақшаға алынып қойылады |
«....Пысық деген ат(?) шықты»- деген тармақ 1909 жылғы кітапта «...Пысық деген ант шықты», - деп жарияланған. |
Леп белгісі.
|
Қойылатын орны |
Мысалы |
1 |
Көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлем мен бұйрықты сөйлемнен кейін |
Шіркін, қандай керемет! Тарт қолыңды! |
2 |
Көтеріңкі дауыспен бұйыра, өтініш білдіре айтылған сөйлемнен кейін |
Қалағаныңызды алыңыз! – деді Ботагөз жадырап, бір жақсылық хабар күтіп. |
3 |
Ұранды сөйлемнен кейін
|
Жасай бер, көркейе бер, менің Қазақстаным! |
4 |
Көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа, одағай сөздерінен кейін |
- Қарағым! Қанатым! Енді қайтейін!Қолымнан келгені осы. |
5 |
Көтеріңкі дауыспен «жоқ», «иә» деген сөздерден кейін |
- Жоқ! Қайтсең де тауып әкел! |
6 |
Сәлемдескенде айтылатын, ішінде сұраулық шылауы бар тіркестерден кейін |
- Амансың ба, қарағым! – деп қария балаға қарады. |
Әйтеке Бәйбекұлы
Артында аталы сөз қалған, есімі ел жадында сақталған қазақтың шешендерінің бірі - Әйтеке. Ол Тәуке ханның кеңксшілерінің бірі болған.
Әйтеке - шешендігімен бірге ел басқарған , заң жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құрысуға атсалысқан қоғам қайраткері.
Бір аңызда Төле би мен Қазыбек би ертеректе бір кісінің құнын даулап, Кіші жүзге келеді. Дау бірнеше күнге созылып, бір келісімге келе алмайды.Сонда есік жақта отырған жігіт:
Асқар тау сенде бір мін бар – асу бермейсің,
Тасқан су сенде бір мін бар - өткел бермейсің,
Билер, сендерде бір мін бар – басқаға сөз бермейсің! – деп тұрып кетеді.
Шақыршы, анау қара жігітті,- деді Қазыбек. Жігітті шақырып келген соң:
Шырағым, қай баласың, аты-жөнің кім? – деді билер.
Әкемді сұрасаң – жетесіз,
Шешемді сұрасаң – некесіз.
Туа салғанбір баламын
Тегімді сұрап не етесіз?- деді.
Балам, сөзің жетті, енді төрелігін айтып, осы дауға өзің ие бола ғой! – дейді Төле би.
Сонда қара жігіт түрегеліп тұрып:
Алты атасын арқалап жүргенді сіздерден көрдім, жеті атасын жетектеп жүргенді сіздерден көрдім. Ескіріп кеткен дау екен! Бірақ құр қайтсаңыздар, ағалық назаларыңызға қалармын. Ердің құны жүз қара ғой. Кіші жүз соны қайтарсын, соған разы болыңыздар! – деді.
1- жаттығу
Мына абзацтан лепті сөйлемдерді көшіріп жазыңыздар.
-Алты атасын арқалап жүргенді сіздерден көрдім, жеті атасын жетектеп жүргенді сіздерден көрдім. Ескіріп кеткен дау екен! Бірақ құр қайтсаңыздар, ағалық назаларыңызға қалармын. Ердің құны жүз қара ғой. Кіші жүз соны қайтарсын, соған разы болыңыздар! – деді.
2- жаттығу
Мәтіндегі сұраулы сөйлемдерді теріп жазыңыздар.
3- жаттығу
Мәтінді оқып, сұрау белгісінің қойылу себебін түсіндіріңіздер. Сұрақтың мағынасын айқындаңыздар. Мәтін идеясын ашыңыздар.
Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған кісі қайдан білсін?
Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін?
Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін?
Туған жердің асылын жазатайым іс етіп, күштелерге күш етіп, еркінен айырылған , шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе, кім білсін?
4- жаттығу
Берілген сөйлемдерден қуанышты, өкінішті білдіретін сөздерді алып тастап жазыңыздар. Енді қандай тыныс белгісі қойылады?
1. Ақ төсінен кербез керілген мойындары неткен сұлу еді!
2. Бәлі, мына сәттілікті қараңыз!
3. " Жасылкөл " деп қалай тауып атаған!
4. Пай, пай! Жаннат қой,мына жер жаннат!
5. Айнадай жалтыраған айдын көлге ақ төсін төсеген қос аққу қалай жарасады!
5- жаттығу
Мәтінді оқып, сұрау белгісінің қойылу себебін түсіндіріңіздер. Сұрақтың мағынасын айқындаңыздар. Мәтін идеясын ашыңыздар.
Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған кісі қайдан білсін?
Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін?
Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін?
Туған жердің асылын жазатайым іс етіп, күштелерге күш етіп, еркінен айырылған , шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе, кім білсін?
6-жаттығу
Сұраулы және лепті сөйлемдерді ажыратып, жасалу жолдарын айтыңыздар.
Мынау - өзен. Өзен бойындағы ел қайда Күздігүні бұл өзенде ел отырмаушы ма еді Жиегінде жол жатыр ғой... Ойбай- ау, жақын жердегі ел шаттығы орыстардан босып кеткен екен ғой Маңайды жын ұрғандай қылды ғой Мал- жанда билік қалды ма Талай қызы мен сиақты соры қайнады ғой Бірақ тап мендей болғаны жоқ шығар Қостарына әкелген әйелі көрінбеді ғой Әлде өлтіріп тастап жүрді ме Олар неғып қайтпайды Әлде бірдеңеге ұшырады ма
7- жаттығу
Тиісті жалғауларды қойып көшіріп жазыңыздар.
Біздің Отан...... – Қазақстан Республикас.
Біз өз Отанымыз..... сүйеміз, мақтан етеміз.
Қазақстан аума...... 2,7- миллион шаршы шақырымдай.
Шекарамыз солтүстігінде Ресей......, шығысында Қытай..... шектеседі.
Сабақтың тақырыбы:Үтір.
Қабанбай батыр
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1. Сұрау белгісі не үшін қойылады?
2. Леп белгісі не үшін қойылады?
3. Сұрау белгісіне мысал келтіріңіздер.
4.Леп белгісіне мысал келтіріңіздер.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
Студент нені меңгеру керек:
Үтір қолданылатынын ;
сөздікті қолдана білуді;
мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
мысалдар келтіре білуді.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Мәтінді оқып, мазмұнын айту. Үтірлі сөйлемге 6 сөйлем құрастырып келу.
Үтір
Сөйлемдерге мағына беруге және сөз бен сөйлемдердің арасын ажыратуға арналған белгіні үтір деп атайды.
|
Қойылатын орны |
Мысалы |
1 |
Бірыңғай мүшелер жалғаулық шылаусыз келгенде |
Қайрат, ақыл, жүрек- үшеуі ғылымға жүгініпті |
2 |
Бірыңғай мүшелердің арасында жалғаулық шылау қайталанып тұрса |
Не дүниеде, не ахиретте не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен. |
3 |
Оңашаланған айқындауыштың екі шетіне |
Мен, Әсетов Омархан, осы істі мойындаймын. |
4 |
Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдер арасында |
Қазанға қарамай асықса да, әңгімемен біраз отырып қалды. |
5 |
Төл сөз хабарлы сөйлем болса, автор сөзі алдынан (артынан) үтір, сызықша қойылады. |
- Жеңеше, - деді кеткрінде, - кірпіш тауып қойыңыз. |
6 |
Оқшау сөз (қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай) сөйлем басында келсе, одан кейін; сөйлем ортасында келсе, екі шетіне; сөйлем соңында келсе, алдына үтір қойылады. |
Қаратпа сөз: Балам, ертерек кел. Қыстырма сөз: Әрине, ертең сабақ болады. Одағай: Жүрегім, ойбай, соқпа енді. |
Қабанбай батыр
Қаракерей Қабанбай батыр қазақ тарихының санасына аса қасиетті, сындарлы шақта көтерілді. Ол сонау Аякөз бен Алқа көл арасындағы кіндік кесті жерінен сол кездегі астанамыз Түркістанға жетті. Қашып кеткен сол кездегі Абылай ханның соңында шұбырып қалған жұрттың басын қосып, алғашқы жасағын құрды.
Жоңғарларға қарсы күрестегі Қабанбай батырдың ерекше орны мына жайлардан да көрінеді.
1724 жылы – Түркістан қаласын қорғау шайқасы,
1725 жылы әйгілі Алакөл шайқасы,
1728 жылы Бұланты өзенінің бойындаңғы шайқас, Балқаш көлінің оңтүстік өңіріндегі қол жеткен жеңістер, сексен күн созылған Шора соғысы, бір жарым жылға созылған Шаған шайқасы
1730 жылы – жоңғарларды Іле өңіріне дейін қуып келу.
1750 жылы- жоңғар қақпасындағы соңғы жеңіс.
Ол жоңғарларға қарсы соғысқа 103 рет кірген. Соғыста бас қолбасшы, бас сардардың міндетін атқарып, жеңістерге жеткендіктен, Абылай хан оған «Дарабоз», «Хан батыры Қабанбай» деген құрметті атақтар берген.
Әруақты бабамыз Қабанбай батырдың азан шақырып қойған аты – Ерасыл екен. Одан соң алып денесіне қарап «Нарбала» атаныпты. Ал ата, әке жолын ұстап, жауға тие бастаған сәттерінде ерлігіне, батырлығына орай ел оны «Ізбасар» атайды
1724 жылы Түркістанда алғаш жасақ құрып, ерлік көрсеткенде «Қаракерей Қабанбай» атанады.
СӨЗДІК
Көл-озеро
Шайқас-битва
Өзен-река
Жеңіс-победа
Жұрт-народь
1- жаттығу
Мәтіннен үзіндіні орыс тіліне аударыңыздар
Ол жоңғарларға қарсы соғысқа 103 рет кірген. Соғыста бас қолбасшы, бас сардардың міндетін атқарып, жеңістерге жеткендіктен, Абылай хан оған «Дарабоз», «Хан батыры Қабанбай» деген құрметті атақтар берген.
Әруақты бабамыз Қабанбай батырдың азан шақырып қойған аты – Ерасыл екен. Одан соң алып денесіне қарап «Нарбала» атаныпты. Ал ата, әке жолын ұстап, жауға тие бастаған сәттерінде ерлігіне, батырлығына орай ел оны «Ізбасар» атайды
1724 жылы Түркістанда алғаш жасақ құрып, ерлік көрсеткенде «Қаракерей Қабанбай» атанады.
2-жаттығу
Мәтіндегі түсініксіз сөздерді теріп жазыңыздар.
3- жаттығу
Көшіріп жазып, үтірлердің қойылуына зер салыңыздар. И, у, я, ю әрпі бар сөздерді транскрипциялап, дыбыс саны мен әріп санын салыстырыңыздар. Мәтіннің қай стильде жазылғанын анықтаңдар.
Жаз айының әр күні – әр қилы, әрқайсысының өзі салған кестесі, бояуы, өз танысы бар, бір – біріне ұқсамайды, бірде аспан алыстап мұнарлана көрінсе, бірде қол созсаң, жететіндей, жап – жақын, ніл қара көк бояумен төбеңде шатырдай дөңгеленеді. Тебірене сезінген жүрек қана зейінде сақтап қаларлық сурет.
4- жаттығу
Мәтіндегі сөйлемдердің тиісті жеріне үтір дұрыс қойып шығыңыздар.
Ана тілі-бұл әкеңнің анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Орыс халқының ана тілі-орыс тілі. Қазақ халқының ана тілі – қазақ тілі. Ана тілін кішкентай кезінен әке-шешесінен әжесінен үйренеді. Кейде өскен ортасы да әсер етеді.
5- жаттығу
Мәтіндегі сөйлемдердің тиісті жеріне үтір дұрыс қойып шығыңыздар.
Жаздың жалтыр таңында тоғайға барсаң шөп арасынан сансыз меруерт көресің. Сол меруерттер күннің көзіне жылт- жылт етіп біресе қызыл біресе сары біресе көк болып құлпырады. Құлпырып тұрған немене деп жақындап қарасаң үшкір жапырақтар үстінде жылтылдап тұрған шық тамшылары болып шығады.
Сол жапырақтардың астары – бейне бір түкті барқыт. Бетінде мөлдір тамшылар домаласа да жапыраққа су жұқпайды.
6- жаттығу
Өлеңді жаттап, үтір қойылған жерлерге назар аударыңыздар.
Киелі сөздер
Сенбесең де, сенсең де,
Оң, солынан келсең де.
Өзгермейтін мәні бар
Бұл сөздерді танып ал:
Нұр себетін санаға
Ата, апа, ана, аға....
Өміріңнің өзегі-
Нан да ғажап сөз екен.
Болмаса ауа қайтер ек,
Солып шөп, гүл, бәйтерек
Құс ұша алмай шарқ ұрып,
Тұрар еді алқынып.
Қазақ сөзі- киелі,
Оны жаным сүйеді. З. Жұманова
7- жаттығу
Жаңылтпашты жаттаңыздар.
Тентек қаңбақты
Жантақ жайратты.
Жантақ кетті қашып.
Қаңбақ қалды сасып.
Сабақтың тақырыбы: Сызықша.
Бөгенбай батыр
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі: Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1. Үтір дегеніміз не?
2. Үтір не үшін қойылады?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
Студент нені меңгеру керек:
Сызықша не үшін қолданылатынын;
сөздікті қолдана білуді;
мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
мысалдар келтіре білуді.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Мәтіннің мазмұнын айту. Сызықшалы сөйлемге 5 сөйлем жазу.
Сызықша
|
Қойылатын орны |
Мысалы |
1 |
Бірыңғай сөздерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан |
Мен, Әсет, Самат – үшеуіміз доспыз. |
2 |
Жалпылауыш сөзбен келген біріңғай мүшеден кейін басқа сөздер келсе |
Мыналар: Сырдария мен Амудария – Аралға құяды. |
3 |
Оңашаланған айқындауыштың екі жағынан |
Заман жаршыларының – баспасөз, эфир, экран – үндері құлақтан кіріп бойды алды. |
4 |
Түсіндірмелі салаласта баяндауыш сондай, сонща, соншалық сөздерінен болса |
Кешегі жарыстан шаршағаны соншалық – бүгін кешке дейін орнынан тұра алмады. |
5 |
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас |
Бас болмақ оңай, - бастамақ қиын. |
6 |
Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас іс, оқиғаның тез арада өткенін білдірсе, |
Есікті ашып қалды – маңдайына тас келіп тиді. |
7 |
мақал – мәтелде ерекше мән бере айтылған шартты бағыныңқы сабақтаста |
Гүл шықса – жердің көркі, қыз туса – елдің көркі. |
8 |
Мақал- мәтелде ой ықшамдалып айтылғанда |
Асыл – тастан, ақыл – жастан. |
9 |
Төл сөз, автор сөзі, диалогта сызықша қойылады. |
- Қойдым, Тәуке, қойдым, - деді де Сыздық, күлкіге булығып, шығып кетті. |
10 |
Жер, уақыт мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін қолданылады. |
Осы жерден сенбі күндері Алматы – Астана бағытында автобус қатынайды. |
Бөгенбай батыр
Бөгенбай батыр (1690-1775) – Абылай заманындағы атақты қолбасы, батыр. Ол кездегі қазақ жауынгерлердің үлкен ағасы, сондықтан оны халық аңыздарында ардақтап, «Қанжығалы қарт Бөгенбай» деп кеткен.
Шыққан ортасы – Ереймен тауы мен Сілеті өзенінің арасын қоныстайтын Арғын ішіндегі Қанжығалы руы. Бөгенбай Сыр бойында туып, Торғай өзенінің бойында қайтыс болған. Сүйегі Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауидің күмбезінде жерленген. Бөгенбайдың ұлы атасы – Әлдекүн, өз әкесі Ақша, анасы – Баяу. Тұраналы, Тұрымбет деген екі баласы болған. Тұраналыдан Балпаң би, одан Саққұлақ би туған. Бөгенбайды халық ерекше ардақтап, ғасырлар бойы жырлап келуі – оның ерлік, әскербасылық істеріне байланысты. XVIII ғасырдың I жартысында қазақ халқын торлаған көп жаудан елді қорғауда Бөгенбай үлкен ерлік көрсетті. Ол Олжабай, Қабанбай, Малайсары т.б. батырлармен тізе қосып, халық тәуелсіздігі үшін талай шайқастырға кірді.
Оның даңқы әсіресе, құба қалмақпен (жоңғар), кейін Қытай әскерімен соғысқанда ерекше дәуірленді. 1725-1727 жылдары қазақ жұртының астанасы – Түркістан қаласын қорғауда қайрат көрсеткен Абылаймен бірге қазақ жасақтарын соғысқа бастады. Сөйтіп Түркістан мен Саураннан жоңғарларды қуып шығып Жоңғар Алатауынан асыра бөксерді. 1756-1758 жылдары бірінші рет Шығыс Түркістанға келген Қытай әскерімен болған әйгілі Талқы соғысында Қытай әскеріне қатты соққа беріп, оларды Үрімшіден асыра қуды. Бөгенбайдың соңғы үлкен жорығының бірі 1750 жылдары болған.
Бөгенбай – ақыл-ой иесі де болған адам. Ол елшілік қызметін атқарып, 1761 жылы Абылайдың Әділ деген баласына еріп, бітім туралы Қытайға барған.
Ол Қазақстанның Ресейге қосылуына үлкен еңбек сіңірген.
(Қазақ Энциклопедиясы)
СӨЗДІК
Батыр-герой
Ғасыр-век
Астана-столица
Қызмет-служба
Қолбасы-полкаводец
1- жаттығу
Мәтіндегі сызықшасы бар сөйлемдерді көшіріп жазыңыздар.
Шыққан ортасы – Ереймен тауы мен Сілеті өзенінің арасын қоныстайтын Арғын ішіндегі Қанжығалы руы. Бөгенбай Сыр бойында туып, Торғай өзенінің бойында қайтыс болған. Сүйегі Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауидің күмбезінде жерленген. Бөгенбайдың ұлы атасы – Әлдекүн, өз әкесі Ақша, анасы – Баяу. Тұраналы, Тұрымбет деген екі баласы болған. Тұраналыдан Балпаң би, одан Саққұлақ би туған. Бөгенбайды халық ерекше ардақтап, ғасырлар бойы жырлап келуі – оның ерлік, әскербасылық істеріне байланысты. XVIII ғасырдың I жартысында қазақ халқын торлаған көп жаудан елді қорғауда Бөгенбай үлкен ерлік көрсетті. Ол Олжабай, Қабанбай, Малайсары т.б. батырлармен тізе қосып, халық тәуелсіздігі үшін талай шайқастырға кірді.
2- жаттығу
Мына нақыл сөздерді жаттап алыңыздар және сызықшаның қалай қойылғанын анықтаңыздар.
Көре-көре көсем болады,
Сөйлей-сөйлей шешен болады.
Өнерлі лала сүйкімді.
Білім таппай мақтанба,
Орын таппй баптанба.
Ұстаздан шәкірт озар.
3- жаттығу
Диалогты орыс тіліне аударыңыздар.
-Алматының қай орта кәсіптік оқу орнында оқисыз?
-Коммерциялық колледжінде.
-Нешінші курсында?
-Екінші курсында.
-Ол оқу жылы қай жылы құрылған?
-1950 жылы. 1992 жылы коммерциялық колледж болды.
-Оқу орны қай жерде орналасқан?
-Алматы қаласы. Манас көшесі, 10 үйде.
4- жаттығу
Қазақ тілінде өз колледждеріңіз туралы диалог құрыңыздар.
5- жаттығу
Мына сөйлемдерден сызықшасы бар сөйлемдерді көшіріп жазыңыздар, сызықшаның қалай қойылғанын айтыңыздар.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі, ұстазы болған тіл. Қазақ тілі –мемлекеттік тіл болып табылады.
Ал орыс тілі біздің республикамыздың ұлтаралық қатынас тілі болып отыр.
6- жаттығу
Мақалдың мағынасын ажыратыңыздар, жаттаңыздар. Сызықшаға көңіл аударыңыздар.
Мектеп – кеме, білім - теңіз.
Білімді – ашық күн,
Надан – қараңғы түн.
Күш – білімде, білім – кітапта
Кітап – алтын қазына.
7- жаттығу
Керекті сөздерді пайдаланып, сұхбатты толтырыңыздар.
- Cенің бос уақытың көп пе?
-....(көп, онша көп емес, аз, мүлде жоқ, күніне екі сағаттай, аптаның соңында ғана).
-Оқудан тыс уақытта немен айналысасың?
-.....(музыка, сурет,шет тілін оқу, спорт секциясы, биге, домбыраға, қобыз, фортепьяно, гитара ойнау, тарту, үйрену).
-Сен немен шұғылданғанды ұнатасың?
-.....(марка, тиын, значок жинау, іс тігу, тоқыма тоқу, сурет салу, фотоға түсіру, гүл өсіру).
-Сен музыка тыңдағанды ұнатасың ба?
-.....(иә, жоқ, рок, эстрада, классикалық).
Сабақтың тақырыбы:Қос нүкте . Нүктелі үтір.
Жанқожа батыр
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1. Сызықша дегеніміз не?
2. Сызықша не үшін қойылады?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
Студент нені меңгеру керек:
Қос нүкте мен нүктелі үтірдің қойылатын орнын;
сөздікті қолдана білуді;
мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
мысалдар келтіре білуді.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Мәтіннің мазмұнын айту. 6 сөйлем жазып келу.
Қос нүкте
|
Қойылатын орны |
Мысалы |
1 |
Бірыңғай мүшелердің алдындағы жалпылауыш сөзден кейін |
Жиналыста сөз сөйлегендер: Асанав пен Қалиева. |
2 |
Жалғаулықсыз себеп- салдар салаласта салдар мәнді сөйлемнен кейін |
Оларды жазықсыздан – жазықсыз сөгуге болмайды: қыз ұзату оңай емес. |
3 |
Жалғаулықсыз түсіндірмелі салаласта жай сөйлемдердің арасына қойылады |
Оның мұңаюына екі түрлі себеп бар: біріншіден, ағайынымен араздасып қалды, екіншісі – оны түсінетін адамның жоқтығы. |
4 |
Төл сөздің алдында қойылады |
Сағит ең алдымен Ботагөзге: Сүйінші! – деді. |
Нүктелі үтір
|
Қойылатын орны |
Мысалы |
1 |
Санамалап айтылған, мағынасы ыңғайлас сөйлемдердің (сөздердің) арасына қойылады |
Қасым ханның ережелерінде мынадай түйінді әдет- ғұрыптық қағидалар қамтылған:
|
2 |
өлең шумақтарында, құрмалас сөйлемде мағынасы, құрылысы жағынан ұқсас келетін сөйлемдер арасына |
Ұл мен қыздың қызығы- Тілі анық шыққанша; Мергендіктің қызығы – Көздеген аңын атқанша; |
3 |
Сөздікте сөздіктердің түсініктемесінен кейін |
Майе. Араб. 1. ағатын, сұйық ; 2. сұйықтық ; Парсы. 1. сұйық , ағатын; 2. сұйықтық ; |
Жанқожа батыр
Жау жүрек те аңқау, дана да, шешен Жанқожа «Ақтабан шұбырындыны» басынан кешірді.
Жанқожа Нұрмұхаммедұлы 1774 жылы, Қызылорда обылысы, Қазалы ауданы, Арықбалық ауылында дүниеге келді.
Нұрмұхаммед те, әкесі Киікбай да асқан батыр, өткір тілді кесілер болған. Әбілхайыр хан тұсында әрі батыр, әрі би атанған. Ал Жанқожа жас кезінен мінезі тұйық болып өседі. Бірақ түрі сұсты, жанарынан жалын атып тұрады.
...Кең кеудеде, бөрі қабақ, жолбарыс бет,
Жауырыны еніменен теңдес келген ...
Жұмырлау жолбарыстың жотасындай,
Шығыңқы құлақ жағы, жуан мұрын.
Айбатты жан көрінерарыстандай,
Алдынан не келседе қайтпайтұғын,
Шұбар көз айға шапқан қабыландай
Қабағы төмен түскен, ұзын мұртты,
Жауатын күннің бұлтындай...
ХІХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария т.б. жерлерден өтіп, шабуыл жасаған. Жанқожа екі-үш мыңдай әскермен Ақирек, Атанбас жерлеріне дейін барып, жаумен қарсы күресті. 40 жылдарда Сыр бойында жауға қарсы тұрып, батылдық көрсетті.
1839 жылы Сырдың сол жағасынан 14 шақырым жерде (қазіргі – Өркендеу ауылы) бекініс салды.
Хиуа хандығы сан сәтсіздіктерге қарамай, жанталасып бақты.Әйтсе де 1847 жылы алғаш келген орыс отрядымен бірігіп, Арал бекінісінде Райым портын салды.
Орыстармен бұлай бірігу хиуалықтардың ашуын келтіреді.
СӨЗДІК
Бекініс-крепость
Сәтсіздік-неудача
Мінез- характер
1- жаттығу
Мәтіннен үзіндіні орыс тіліне аударыңыздар.
ХІХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария т.б. жерлерден өтіп, шабуыл жасаған. Жанқожа екі-үш мыңдай әскермен Ақирек, Атанбас жерлеріне дейін барып, жаумен қарсы күресті. 40 жылдарда Сыр бойында жауға қарсы тұрып, бтылдық көрсетті.
1839 жылы Сырдың сол жағасынан 14 шақырым жерде (қазіргі – Өркендеу ауылы) бекініс салды.
Хиуа хандығы сан сәтсіздіктерге қарамай, жанталасып бақты.Әйтсе де 1847 жылы алғаш келген орыс отрядымен бірігіп, Арал бекінісінде Райым портын салды.
2- жаттығу
Сөйлемдерге тиісті нүктелі үтір және нүктелі үтір қойыңыздар.
Жиналыста сөз сөйлегендер Асанав пен Қалиева.Оларды жазықсыздан – жазықсыз сөгуге болмайды: қыз ұзату оңай емес.Оның мұңаюына екі түрлі себеп бар біріншіден, ағайынымен араздасып қалды, екіншісі – оны түсінетін адамның жоқтығы.Сағит ең алдымен Ботагөзге
Сүйінші! – деді.Қасым ханның ережелерінде мынадай түйінді әдет- ғұрыптық қағидалар қамтылған
Мүлік заңы
Қылмыс заңы т. Б
Ұл мен қыздың қызығы-
Тілі анық шыққанша
Мергендіктің қызығы –
Көздеген аңын атқанша
3- жаттығу
Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
Мен Санкт-Петербург қаласына сапар шектім. Бұл менің үлкен қалаға бірінші рет саяхат жасауым. Алматыдан Санкт-Петербургке алдын-ала бару, қайту билеттерін әуе кассасынан алу керек. Жеңіл машинаға отырып, орталық әуе кассасына келдім. Анықтама орнынан: Санкт-Петербургке қандай ұшақ ұшады, қашан және қанша сағат ұшады, ұшақ жолда қона ма? –деп сұрадым. Отызыншы рейске билет алдым. Ұшақ орталық әуежайдан ұшуы тиіс. Ұшақ ертеңіне кешкі сағат он сегізде ұшуы керек.
4- жаттығу
Нақыл сөздерді жаттап алыңыздар.
1.Шақырмаған жерге барма. 2. Базарда кездейсоқ кездескенге сенбе. 3. Басыңа пайдасыз жұмыспен шұғылданба. 4. Танысыңның сыртынан әңгіме айтпа. 5. Аманатқа қиянат жасама.
5- жаттығу
Мақал-мәтелдерді есте сақтаңыздар.
Салт-дәстүрін ел бұзбас,
Әуелгі сертін ер бұзбас.
Әр нәрсеге асық болғанша,
Бір нәрсеге машық бол.
Ел алғысын алсаң елеулі боласың.
Азат басың болсын құл.
Қолдан келмес іске ұмтыл.
(Абай)
6- жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жазып, нүктелі үтірдің қойылуына назар аударыңыздар.
Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: Бірінші көкіректі байлаулы, берік болмақ керек; екінші, сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратлану керек; көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек; үшінші, сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші, ой кеселді нәрселерден қашық болу керек;
Сабақтың тақырыбы:Тырнақша , жақша.
Райымбек батыр
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1. Қос нүкте мен нүктелі үтір дегеніміз не?
2. Қос нүкте мен нүктелі үтір не үшін қойылады?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
Студент нені меңгеру керек:
Тырнақша мен жақша қойылатын орнын;
сөздікті қолдана білуді;
мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
мысалдар келтіре білуді.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Мәтіннің мазмұнын айту. Мәтінді орыс тіліне аудару Тырнақша мен жақшаға арналған 6 сөйлем жазу.
\
Тырнақша
№ |
Қойылатын орны |
Мысалы |
1 |
Дәйексөз тырнақшаға алынады |
«Абай – қазақтың бас ақыны» деген Ахметтер де өмірден өтті. |
2 |
Төл сөз тырнақшаға алынады |
Шешесі қызынан сұрады: «Ақшаны қайда қойдың?». |
3 |
Мақал –мәтел,афоризм сөйлемде қолданылғанда тырнақшаға алынады |
«Ақыл - жастан» демекші, Арманның бұл айтқаны табылған ақыл екен. |
4 |
Дәйексөз ретінде келтірілген сөздер тырнақшаға алынады |
Қазақта «құлақтан кіріп бойды алар» қаншама әдемі әндер бар. |
5 |
Біреудің айтқанынан алынған жеке –жеке сөздер тырнақшаға алынады |
Әжемнің маған айтқан «алтыным», «қошақаным» деген сөздері әлі күнге дейін есімнен кетпейді. |
6 |
«Де» дәнекерінсіз айтылып, заттанып тұрған төл сөздер тырнақшаға алынады |
«Сабаққа бармаймын»-ды қой. |
7 |
Қалжыңмен айтылған астарлы мәндегі сөздер тырнақшаға алынады |
«Жаны тәттілердің» жағдайын жасап жүре беремшз бе? |
8 |
Объект етіп алынған сөйлем (сөз тіркесі, сөз, буын, әріп) тырнақшаға алынады |
«А» - жуан дауысты дыбыс. |
9 |
Ұйым, ұжым, газет, журнал, кітап т.б. атаулары тырнақшаға алынады |
«Шың-кітап» баспасы. «Ана тілі» газеті. «Абай жолы» романы. |
Жақша
№ |
Қойылатын орны |
Мысалы |
1 |
Сөйлемде бір сөзге қосымша түсінік беру үшін алынған қыстырма сөз жақшаға алынады. |
Ол кезде Жарқын (әкемнің кіші інісі) ауыл әкімі еді. |
2 |
Цитатаның авторы жақшаға алынады. |
Болмасаң да ұқсап бақ Бір ғалымды көрсеңіз. (Абай). |
3 |
Драмалық шығармада автор түсіндірмелері жақшаға алынады. |
Нұрхан(көзінің жасын сілкіп). Қой, шырағым, сескеніп қаларсың. |
Райымбек батыр
Жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры-Райымбек. Ұлы жүздің Албан тайпасы, Алжан руының Сырымбет атасынан тарайды. Атасы Хангелді батыр 1733 жылы ұлы жүздің атақты адамдары Қодар би, Төле би, Сатай батыр және Бөлек батырмен бірге орыс патшасы Анна Ивановнаға (1730-1740) елші жіберген.
Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерен ерлік көрсетті. Сол кезден бастап батыр атанды. Торайғыр мен Сөгеті туының аралығындағы кең жазықта (Алматы-Нарынқол жолы, 167 км) жоңғарлармен соғысқан жері Ойрантөбе деп аталады. Торайғыр тауының Айырлы суынан 6км жерде Райымбек бастауы бар.
Райымбек батырмен бірге жоңғар басқыншыларына қарсы Сатай, Бөлек, Қызылбөрік, Қойкелді, Қонакелді, Малай, Есен, Байсейіт т.б. батырлар бірге күрескен.
Райымбек: «Елім – Албан, жерім – Қарқара, жайлауым – Асы мекенім – Алматының басы» деп айтыпты деген сөз қалған
1- жаттығу
Мәтінге тиісті тыныс бергілерін қойыңыздар.
1965 жылы Мұқағали қасында бұйра бас сіріңке қара арықша бір жігіт бар редакцияға келді. Әлгі жігітті Сарыағаштық Төлеген Айбергенов деп таныстырды.
Төлегенге
Бір өлең оқып жіберші деп өтініш білдірді.
Төлеген орнынан тұрып, Әнші Ғарекеңе деген ұзақ өлеңін оқыды. Менің таң қалғаным өз өлеңін жатқа орындаған ақынды алғаш реткөруім.
2- жаттығу
Мына мәтіннің үзіндісінің қай сөйлемдерінде жақша және тырнақша қойылған? Сол сөйлемдерді көшіріп жазыңыздар.
Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерен ерлік көрсетті. Сол кезден бастап батыр атанды. Торайғыр мен Сөгеті туының аралығындағы кең жазықта Алматы-Нарынқол жолы, 167 км жоңғарлармен соғысқан жері Ойрантөбе деп аталады. Торайғыр тауының Айырлы суынан 6км жерде Райымбек бастауы бар.
Райымбек батырмен бірге жоңғар басқыншыларына қарсы Сатай, Бөлек, Қызылбөрік, Қойкелді, Қонакелді, Малай, Есен, Байсейіт т.б. батырлар бірге күрескен.
Райымбек: Елім – Албан, жерім – Қарқара, жайлауым – Асы мекенім – Алматының басы деп айтыпты деген сөз қалған.
3- жаттығу
Сөйлемдерді толықтырыңыздар.
Ағзадағы көптеген синтездеу және ыдырау ... қатысады. Қандағы глюкоза мөлшері ... жағдайда, орталық жүйке жүйесінің қызметі ... . Өнеркәсіпте глюкозаны крахмалды ... арқылы алады. Глюкоза тағам ... және медицина саласында кең қолданылады. Медицинада глюкозаны ..., ... және ... түрінде пайдаланады.
4- жаттығу
Қарамен терілген сөздерге дыбыстық талдау жасаңыздар.
Ата-ананың ақ тілегі тозбасын.
Дұшпаныңа айбарлы, досыңа паналы бол.
Той-тойға ұлассын!
Бақыт балаға ұлассын!
Қайғыны әзілге жеңдір,
Зілді сөзге жеңдір.
5- жаттығу
Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
«Абай – қазақтың бас ақыны» деген Ахметтер де өмірден өтті.Шешесі қызынан сұрады: «Ақшаны қайда қойдың?».«Ақыл - жастан» демекші, Арманның бұл айтқаны табылған ақыл екен.Қазақта «құлақтан кіріп бойды алар» қаншама әдемі әндер бар.Әжемнің маған айтқан «алтыным», «қошақаным» деген сөздері әлі күнге дейін есімнен кетпейді. «Сабаққа бармаймын»-ды қой.«Жаны тәттілердің» жағдайын жасап жүре беремшз бе?
«Шың-кітап» баспасы. «Ана тілі» газеті. «Абай жолы» романы.Ол кезде Жарқын (әкемнің кіші інісі) ауыл әкімі еді.
Болмасаң да ұқсап бақ
Бір ғалымды көрсеңіз.
(Абай).
6- жаттығу
Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп, орысша баламасын табыңыздар.
Басы қатты болса, аяғы тәтті болады.
Еңбек қажытпайды, қайғы қажытады.
Сақтықта қорлық жоқ.
Сақтанғанды құдай сақтайды.
Темірді қызған кезде соқ.
7- жаттығу
Жаңылтпашты жатқа айтыңыздар.
Ақ қыс,қағаз,аққу- ақ,
Ақ тіс, ақ бу, ақ бұлақ.
Аппқ дейін ақ дейін.
Ақ емес, бірақ ақтиін
Қара қарға,
Қар ақ....
Қар жамылған дала ақ.
Дарақ та ақ,
Тал ақ,
Тағы не ақ?
Санап,
Жаңылысты Қанат.
Сабақтың тақырыбы:Сөйлеу мәдениеті.
Қазіргі заманауи ақпарат көздері
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1. Тырнақша не үшін қойылады?
2. Жақша не үшін қойылады?
3.Тырнақшаға мысал келтіріңіздер.
4.Жақшаға мысал келтіріңіздер.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
Студент нені меңгеру керек:
Сөйлеу мәдениетін;
сөздікті қолдана білуді;
мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
мысалдар келтіре білуді.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Мәтіннің мазмұнын айту. 6 сөйлем жазып келу
Сөйлеу мәдениеті
Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Жүйесін тауып айтылған сөз жүрекке жетіп, жүйкені босатады. Адам мәдениетінің алғы шарты-дұрыс сөйлей білу.
Түсіне білгенге сөйлей білу де өнер. Тілін білмеген-түбін білмейді. Ондай адам күлдірем деп күйдіреді, сүйсіндірем деп сүріндіреді, білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем деп кетіреді , емірентем деп егілтеді, жұбатам деп жылатады.
Біздің қазақ «Аталы сөз-баталы сөз» дегенде, осы дұрыс сөйлей білуді айтқан.
Халық бар жерде тіл де бар. Ендеше тіл проблемасы-халықтық проблема. Біздің қазақ тілі өсу үстіндегі, адам баласының кез келген қиын да күрделі ойын бейнелеудегі мүмкіндігі зор, аса бай тіл.
Сондықтан да оны көздің қарашығындай қастерлеу-азаматтығымыздың ең шынайы түрі.(Ғ. М.)
Қазіргі жағдайда ақпаратты – электрондық кітапхана
Библиографиялық қызмет көрсетудің өзінің қызмет аясы ретінде «библиографиялық ақпарат - пайдаланушы» жүйесі бар, мақсаты – библиографиялық ақпаратты оқырманға тиімді жолмен жеткізетін жағдай жасау болып табылады. Оның нәтижесі ретінде құжаттар туралы мәліметтерді тарату мақсатында жүзеге асырылған «шаралар» жиынтығын атауға болады: орындалған библиографиялық тізімдер саны, әдебиеттер тізімі, Библиография күндері, Мамандар күндері, ұйымдастырылған көрмелер, әдебиеттер шолуы және т.б. Аталған барлық нәтиже көз жетерлік, есепке алуға жеңіл, және оған қарап библиографиялық жұмыс ауқымы мен сапасы анықталады. Осы процестер жиынтығы – библиографиялық ақпаратқа деген сұранысты қанағаттандыру міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Кітапханалық-ақпараттық қызметтің ортақ міндеті қоғам мүшелерінің ақпараттық қажеттігін қанағаттандыру болып табылады. Сондықтан ақпараттық қажеттіліктер ерекшелігін зерделеу кітапханалық-ақпараттық қызмет жүйесін жасаудың негізі іспеттес.
Ақпараттық қажеттіліктер туралы мәліметтер ақпарат қорын жасақтауды және сақтауды ұйымдастыруда, ақпараттық, ақпарат пайдаланушыларына кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсету процестерінде және тағы басқа ақпараттық-кітапханалық қызмет жүйесінің маңызды кезеңдерінде пайдаланылады.
Қызмет көрсету процесін ұйымдастыру барысында орындалатын бірнеше кезеңдер ретін ерекшелеуге болады:
- пайдаланушыларды зерделеу;
- қызмет көрсету ережелері мен түрін таңдау;
- қызмет көрсетуде пайдаланылуы мүмкін ақпарат ресурстарын талдау;
- ақпараттық ресурстарда навигация құралдарының тиімділігін талдау;
- ақпараттық өнімді (немесе сатып алу) әзірлеу;
- қызмет көрсету тиімділігін зерттеу.
Әлеуметтік ғылым саласындағы кәсіптік библиографиялық қажеттіліктер дәстүрлі ақпарат көздерінің көмегімен қанағаттандырылады – ағымдағы және ретроспективті ғылыми-көмекші библиографиялық құралдар, сондай-ақ библиографиялық деректер базасының көмегімен, бастапқы ақпарат көздерімен.
Кәсіптік емес библиографиялық қажеттіліктер – бұл оқырмандардың күнделікті қызығушылығынан туған ақпараттық қажеттіліктері. Азаматтардың кең топтарына арналған ақпарат көздеріне мерзімдік басылымдар: журналдар мен газеттер жатады
СӨЗДІК
Оқырман-читатель
Тиімді жолмен жеткізу-доставлять выгодной стороны
Мәліметтерді тарату-распространять сведение
Библиографиялық ақпарат-библиографическая информация
Кітапханалық-ақпараттық-информационная библиотека
Ақпараттық қажеттіліктер-информационная необходимость
1- жаттығу
Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
Дәрумендер тепе-теңдігі бұзылуынан, теріде әртүрлі патологиялық аурулар пайда болады. Дәрумендер терінің қалыпты тіршілік әрекетінде зор маңызы бар. А дәрумені жетіспегенде болатын тері ауруларының патологиялық белгілері: терінің құрғақтығы, май және тер бөлінуінің төмендеуі, Бұл жағдайда А дәруменін тәулігіне 2-3 рет ішу керек.
2- жаттығу
Қазақ тіліне аударыңыздар.
Он оделся так, словно на улице холодно. Он ест так, как будто голоден. Они хвастаются, как будто много знают. Учитель говорит так, что все его слушают с интересом. Ермек говорит так тихо , что мы его не слышим. Я, включив телевизор, смотрю интересный фильм. Он, встав рано утром, умылся. Он чувствовал себя так, как будто был здесь раньше.
3- жаттығу
Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
Қазіргі заманымызда қойылған басты талаптардың бірі - өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеу. Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, тіл мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазірдегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
