Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз. - копия 1.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі. Атау септігі мен ілік септігі.

Сөздердің септік жалғаулары арқылы түрленуін сөздердің септелуі деп атайды.Қазақ тілінде жеті септік бар: атау,ілік,барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес септіктері.

Атау септігі.Бұл септіктегі сөз Кім? Не? дегенсұрақтарға жауап береді.Мысалы: Кәрібай шанада отыр.Жаңажол аулы Есіл өзенінің жағасына орналасқан.

Атау септігі өзге септіктерге негіз болады. Бұл септіктегі сөздің тәуелдік жалғауын жалғауына қарай сұрақтардың да Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кімі? Несі?тәріздес өзгеру беруі мүмкін.Мысалы: Барады аулым көшіп Балқаш көлге (халық өлеңі).Көптен көрмеген апасы оны сағынып қалыпты.

Атау септігенда сөз көбінесе бастауыш болады.Ілгеріде келтірілген мысалдардағы Кәрібай, Жаңажол аулы, аулым, апасы- сөйлемнің бастауышгмүшелері.

Сөйлемнің соңында келгенде ату септігіндегі сөз баяндауыш қызметін де атқарады :Сәрсен- оқу озаты.

Ілік септігі.Бұл септіктегі сөздер Кімнің? Ненің? Қай?Қандай? деген сұрақтарға жауап береді:Жолдасымның( кімнің?) Бөлмесінде әңгімелісіп отырмыз. Үйдің (ненің?) терезесінен күн сәулесі түсіп тұр.

Ілік септігінің жалғаулары : -ның/-нің, -дың/-дің, -тың/-тің.Бұл жалғаулар буын үндестігі мен дыбыс үндестігі заңдылықтарын сақтап жалғанады:бұтақ+тың, күрек+тің, базар+дың, көз+дің, дана+ның, бейне+нің т.с.с.

Ілік септігінің жалғауы кейде түсіріліп, демек, жасырын түрде де қолданылады:ұжымның мүшесі –ұжым мүшесі ,қаланың көшесі-қала көшесі, институттың кітапханасы-институт кітапханасы т.с.с.Тегінде, арнайы ой екпіні түспеген жағдайда ілік септігінің жалғауы жасырын болғаны жөн.

Жер-су атары, әкімшілік атаулары жасырын ілік септігінде тұрады: Торғай облысы, қаскелең қаласы, Әл-Фараби даңғылы, Арал көлі т.с.с.

Ілік септігіндегі сөз негізінен, сөйлем мүшесінен анықтауыш болады.

Әдептілік пен әдепсіздік.

Бір елдің бас әкімі өзіндей бір баймен жолығысып, сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтеді. Ол өтіп бара жатып иіліп, бас ұрып сәлем береді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім онан да төменірек бас иіп сәлем алады.

Қасындағы бай:

  • Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз. Қайдағы бір мұжыққа неге сонша иілдіңіз?- деп сұрапты.

Сонда әкім:

  • Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп әдептілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба?- депті.

Мақалдар.

1.Сыпайы сырын сақтар,

Әдепті арын сақтар.

2.Жаманның тілі ащы,

Көк мияның гүлі ащы.

3.Үлкенді сен сыйласаң,

Кіші сені сыйлайды

4.Жаманға еткен жақсылығың

Жатқа кеткен малмен тең.

5.Ашулыдан алты табан қашық тұр.

6.Жақсыға барсаң, жазылып қайтарсың.

Жаманға барсаң, жабығып қайтарсың.

әкім-аким

жолығу- встречаться

жарлы- бедный

иілу- пригибаться

жұрт-народ

үстінен - сверху

1- жаттығу

Мәтінді оқып түсініктеріңізді айтыңдар

2- жаттығу.

Көп нүктенің орнына ілік септіктің жалғауларын жалғап, сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Кітап... беті, журнал... редакторы, теледидар... экраны, директор... кабинеті, кабинет.. терезесі, билет... бірінші сұрағы, кітапхана.. кітабы, сабақ... соңы, апта... аяғы.

3- жаттығу.

Қазақ тіліне аударыңыздар.

Это квартира Карима. Комната Наташи чистая и светлая. Я иду к другу Жамили. Дочь сестры спит на диване. Тетрадь ученика лежит на столе. Родители Амана уехали в командировку. Он купил книгу любимого писателя. Сауле и Жанр- учащиеся педагогического колледжа. Директор колледжа – кандидат педагогических наук.

4- жаттығу

Бос орынға ілік септігі жалғауын қойып жазыңыз

  1. Марат ________________

  2. Әсет Омарұлы________________

  3. Билет________________

  4. Әкім________________

  5. Қала________________

  6. Қыз________________

  7. Сіз________________

5- жаттығу

Жақшадағы сөзді ілік септігіне қойып жазыңыз

  1. (Үй) есігі жаңа.________________

  2. (Қала) әкімі кім?________________

  3. (Концерт) жүргізушісі қайда?________________

  4. (Қанат) ағасы осында.________________

  5. (Есен) мамандығы не? ________________

  6. (Шай) қанты бар ма? ________________

6 -жаттығу

Мына сөздерге ілік септігі жалғауын қосып жазыңыз.

Арыз, борышқор, куәгер, парақор, босқын, салымшы, табыс, сұраныс, ұсыныс.

7- жаттығу

Мәтінді көшіріп жазып, ілік септік жалғауының астын сызыңдар.

Балалар мұражайларды аралап көрді. Оларды әсіресе археология мұражайы өте қатты қызықтырды. Экспонаттар ерте заманда Қазақстан жерінде қандай тайпалар мекендегенінен хабардар етеді. Мұражайдағы еңбек құралдары, ыдыстар және әшекей бұйымдарға қарап, археологтар біздің бабаларымызды, олардың тұрмыс-тіршілігін анықтайды. “Олар қалай өмір сүрді, немен шұғылданды?” деген сияқты сұрақтарға жауап береді.