Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз. - копия 1.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

Бүгінгі колледж

Республикалық медицина колледжі Алматы қаласының Ш. Қалдаяқов көшесі мен Қазыбек би көшелерінің қиылысында орналасқан. 70 жылдан аса тарихы бар бұл колледжге Қазақстанға еңбектері сіңген білімді де зиялы, белгілі қоғам қайраткерлері басшылық етіп келді. Біздің бұл ордалы орыннан көптеген білімді де талантты ғылым саңлақтары түлеп ұшты.

Қазіргі таңда білім ордасын тағы да бір белгілі ғылым қайраткері, медицина ғылымының докторы Сұлтан Тұрарұлы Сейдуманов басқаруда. Осы кісінің басқаруымен колледжіміз бүгінгі уақыттың талабына сай инновациялық технологиямен жабдықталуда. Колледжде білімгердің білім алуына жақсы жағдай жасалынған. Білімгердің білімін тексеретін тест орталықтары бар. Дебат клубы мен ағылшын клубтары жұмыс жасайды. Медицина саласына байланысты көптеген жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталған. Әртүрлі сынып сағаттарын өткізетін акті залы бар. Жоғары білімдері бар, жаңа технологияны меңгерген оқытушылар дәріс береді. Интерактивті тақталармен, компьютерлермен жабдықталған бірнеше кабинеттер бар.

Сөздік

Білімді –знающий

Құрал-жабдық-принадлежность

Ағылшын-английский

Басқару-возглавить

белгілі – известный

сала-область

1-Жаттығу

Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

2-Жаттығу

Мына қосарлы айқындауыш сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

Айжан апа, Отан-ана, жер-ана, инженер-құрылысшы, Жәнібек қарт, телефон- автомат.

3-Жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңыздар.

1. Әрбір дүние жүзіндегі адам өз ... сүюі тиіс. 2. Менің әкем .... болып жұмыс істейді. 3.Азамат маған ... қоңырау шалыпты. 4.Біз ... құрметтеп, сақтауымыз керек, өйткені ол жер бетіндегі бүкіл адамзатты асырауда.

4-Жаттығу

Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

1. Алма позвонила ему из телефона-автомата. 2. Мы должны ценить и уважать свою Родину-мать. 3.Тетя Алина забрала свою племяницу из школы. 4. Дед Мазай на лодке перевез зайцев в другой берег реки.

5-Жаттығу

Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

1. Колледжде білімгердің білім алуына жақсы жағдай жасалынған. 2. Білімгердің білімін тексеретін тест орталықтары бар. 3. Дебат клубы мен ағылшын клубтары жұмыс жасайды. 4. Медицина саласына байланысты көптеген жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталған. 5. Әртүрлі сынып сағаттарын өткізетін акті залы бар. 6. Жоғары білімдері бар, жаңа технологияны меңгерген оқытушылар дәріс береді. 7. Интерактивті тақталармен, компьютерлермен жабдықталған бірнеше кабинеттер бар.

Тест

1.Күрделі бастауышты табыңыз.

А)Мәдени,демалыс паркі

В)Бәріміз жиналдық

С)Бұлтты аспан

Д)Мынау қоян жепті ғой

Е)Төрт жердегі төрт-он алты

2. Дара бастауышы бар сөйлемді табыңыз.

А)Еңбек түбі-береке

В)Жиырма бес жас маған тағы қайтып келсе ғой

С)Ырыс алды-ынтымақ

Д)Талаптыға нұр жауар

Е)Төрт жердегі төрт-он алты

3. Есімдіктен болған бастауышты табыңыз.

А)Біздің қақпан әне

В)Сіздің бар шығармаларыңыз осы үйден табылады

С)Шай әлдеқашан жиналған

Д)Сіздерге ақылды көп үйреттік

Е)Бәрі келген болар

4. Бастауыш қай сөз табынан келген?

Кейбіреулер сәл тоқтап, Абайдың аузына қадалды.

А)Зат есім

В)Сын есім

С)Есімдік

Д)Етістік

Е)Одағай

5. Баяндауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді көрсетіңіз.

А)Бірлік болмай, тірлік болмас

В) Ақтайдың үйі салтанатты, көрікті

С)Ол тесілсе, сыздана қарайды

Д)Кірпігін сирек қағады

Е)отансыз адам-ормансыз бұлбұл

6. Негізгі сын есімнен жасалған бастауышты көрсетіңіз.

А)Арман-адам қанаты

В)Көрмес-түйені де көрмес

С)Айла-алтау, ақыл-жетеу

Д)Көне сөз –жаңа сөздің қазығы

Е)жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер

7. Күрделі сан есімнен болған баяндауышты анықтаңыз.

А)Бұл-елеусіз нәрсе емес

В)Марат пен Қанат жүздесті

С)Аттың басын тежеп ұста

Д)Жатақтар әбіржіді

Е)Сиыр-төрт жүз, жылқы – мың үш жүз

8. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны табыңыз.

А)Амангелді-сынды батырды ел ұмытпас

В)Ағалы-інілі екеуіне сүйсіндік

С)Келіп тұрғаны-осы

Д)Үгіт-насихат жұмысын жүргіз

Е)Көрмес-түйені де көрмес

9. Анықтауыштың сұрағын табыңыз.

А)қашан?

В) қай?

С)қалай?

Д)қайтті?

Е)неге?

10. Табыс септігіндегі сөз қай сөйлем мүшесі болады?

А)анықтауыш

В) мекен пысықтауыш

С)тура толықтауыш

Д)жанама толықтауыш

Е)қимыл-сын пысықтауыш

11. Қашан? Қайда? –қай сөйлем мүшесінің сұрақтары?

А)пысықтауыш

В)анықтауыш

С)бастауыш

Д)толықтауыш

Е)баяндауыш

12. Бірыңғай мүшелердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?

А)сызықша

В) үтір

С)нүкте

Д)қос нүкте

Е)нүктелі үтір

13. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелердің алдынан келсе, одан кейін... қойылады.

А)қос нүкте

В)үтір

С)сызықша

Д)нүктелі үтір

Е)нүкте

14. Жалпылауыш мүше бола алатын сөзді белгілеңіз.

А)жетеуіміз

В)сонау

С)әрбір

Д)ешкім

Е)сондықтан

15. Бұл жолы дастарханға жүрегі мейірімге толы, жылы жүзді кісілер келіп отырады. (Бірыңғай мүшелер сөйлемнің қай мүшелері болып тұр?)

А)бастауыш

В)баяндауыш

С)толықтауыш

Д)пысықтауыш

Е)анықтауыш

16. Сөйлем ішінде тұрса да, басқа мүшелермен байланыспайтын мүше қайсысы?

А)оқшау сөз

В)айқындауыш мүше

С)бірыңғай мүше

Д)жалпылауыш мүше

Е)тұрлаулы мүше

18. Қазақтың даласы, шіркін, кең байтақ қой! Асты сызылған сөздің түрін ажыратыңыз.

А)қаратпа сөз

В)қыстырма сөз

С)одағай сөз

Д)жалпылауыш сөз

Е)бірыңғай мүше

Сабақтың тақырыбы : Құрмалас сөйлем.

Қазақтың халық медицинасының құпиясы.

Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;

-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

Тәрбиелік:

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

1.Айқындауыш дегеніміз не?

2.Қосарлы айқындауыш дегеніміз не?

2. Оңашаланған айқындауыш пен қосарлы айқындауыштың айырмашылығы қандай?

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Құрмалас сөйлем туралы жалпы түсінік беру, құрмалас сөйлемге талдау жасату, жаттығу жұмыстары арқылы құрмалас сөйлемді студенттерге меңгерту.

Студент нені білу керек:

- ауызекі сөйлеу тілін;

- медицина термин сөздердің қазақша баламасын;

Студент нені меңгеру керек:

  • құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын;

  • сөздікті қолдана білуді;

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

  • мысалдар келтіре білуді.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Құрмалас сөйлемнің ережесін білу. Құрмалас сөйлемге мысалдар, жаттығулар орындау. Мәтін бойынша жұмыс жасау.

Құрмалас сөйлем

Құрмалас сөйлем –синтаксистің үлкен бір саласы. Тілдегі жай сөйлемдер мен оның күрделенген түрлері бір ғана предикаттық қатынасқа негізделсе, құрмалас сөйлемдер ең кем дегенде екі қатынас негізінде жасалады.

Мысалы:Жұмабай көк құнанды зогға тоқтатыпалған соң, Абай Сағитты маңайлатпай қуып жіберіп, сол бәледен Жұмабайды да , құнанды да өзі құтқарып шыққан.

Құрамындағы екі, одан да көп сөйлемдер тұлғалық, мағыналық, интонациялық жағынан өзара тығыз байланыста жұмсалып,күрделі бір ойды білдіре айтуын құрмалас сөйлем дейміз.

Мысалы:Біржан домбырасын қолға алып шерте бастаған соң, жиналған халық күбірлерін тоқтата тына қалды.

Алматықаласындағы орта мектепті бітірді де, азаматтық әуе және инженерлерді даярлайтын Рига институтын 1974 жылы бітірді.

Талғат 1990 жылдан ғарышкерлер қатарына қабылданады, ұзақ уақыт жаттығулардан кейін , 1994 жылы ғарыш саласында тұңғыш рет әуе кеңістігінде 135 тәулік болып, Қазақстан Республикасының ғалымдарының бірнеше құнды зерттеулеріне үлес қосты.

Қазақтың халық медицинасының құпиясы

Қазақтың халық медицинасы әу баста-ақ үлкен үш салаға бөлінген. Табибия- диагностика, дәрігерлік-фармакология, емшілік-терапия, дәрі қолдану яки басқа да әдістер арқылы ем жүргізуші екендігін ұғынуға болады. Ендеше қазақтың ертеде озық дамыған алдынғы қатарлы ғылыми медицинасы болды дей аламыз. «Тәуіп»-дәрігер, ауруды анықтаушы (диагноз қоюшы). Балаларымыз медицинаны сақия, яғни денсаулық сақтауға қатысты білімдер жиынтығы деп атаған. Олар науқасты оргнизмдегі өзгерістеріне байланысты салқын, ыстық, құрғақ, ылғал деп төрт топқа бөлген.

Жаңа эраға дейінгі 460-377 жылдары өмір сүрген грек халқының ұлы перзенті, медицина атасы-Гиппократ адам баласын табиғатына қарай былай бөледі: «Әр адамның бір-бірінен айырмашылығы организміндегі төрт шырын: қан, сілекей, сары өт, қара өттің қасиеттеріне тікелей байланысты. Сол төрт шырынның негізін табиғаттың төрт құбылысы-жылы, салқын, құрғақ және ылғал болуынан»-деп пайымдайды. Әйгігі ғұлама Гиппократ ғылыми жұмысқа кіріспес бұрын көп жыл бойы сақтар ішінде (қазіргі қазақтардың бабалары) болғандығын ізі атап өтеді. Гиппократ былай жазған: «Денесінің қандай да бір жері күйдірілмеген сақты табу қиын. Өйткені сақтар күйдіру жолымен емдеуді бірінші орынға қояды».

Қазақтың дәрі-дәрмектен өзге емдері: ұшықтау (тітіркендіру), уқалау, сипалау, ыстық өткізу, суық басу, күйдіру, оңашалау (карантин) әдістері күні бүгін ең тиімді тәсілдер болып отыр.

Сөздік

Қазақ халық медицинасынан сөздік-словарь

Табибия-диагностика-анықтау

Дәрігерлік-фармакология-дәрі-дермек

Емшілік-терапия-емдеу

Тәуіп-диагноз қоюшы-ауруды анықтаушы

Ұшықтау-раздражение-тітіркендіру

Уақалау-массаж-сипалау

Ыстық өткізу-согреть горячим

Суық басу-холодный компресс

Күдіру-обжигать

Оңашалау-карантин (изоляция)

1-Жаттығу

Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

2-Жаттығу

Құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыздар.

3-Жаттығу

Берілген жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем жасаңыздар.

1.Жаз шықты. 2. Шопандар жайлауға көшті. 1. Күн кешкірді. 2. Мал өрістен қайтты. 1. Күн қараңғыланды. 2. Ауылға қайта алмадым. 1. Бүгін күзетке сен барасың. 2. Мен кешкі поездан әкемді қарсы аламын. 1. Қапшағай көліне саяхатқа бардық. 2. Бірақ дұрыс дем ала алмадық. 1. Дәрігер сырқатқа дәрі берді. 2. Ыстығын өлшеді.

4-Жаттығу

Жаттығудың екінші сыңарын өздеріңіз тауып көшіріңіздер.

1.Біз оларға хат жаздық, ... . 2. Мен жатаханаға келдім, ... . 3. Серіктің ата-анасы ауылдан келді, ... . 4. Ағам поезға билет сатып алды, ... . 5.Бүгін ауа салқын болды, ... . 6. Ана тілін ұмытуға болмайды, ... . 7. Таң атты, ... .

5-Жаттығу

Мына сөздерден құрмалас сөйлем құрастырыңыздар.

  1. Дос, ол, шынайы.

  2. Олжас, оқулық, отыр, оқып.

  3. Оқытушы, сынақ, столда, отыр, алып.

  4. Далада, доп, бала, жүр, ойнап.

  5. Дәрігер берді, сырқат , дәрі.

6-Жаттығу

Берілген нақыл сөздерді есте сақтаңыздар .

  1. Ата-анаңа әдеппен сөйле, құрметпен қара, айтқанын сөзсіз орында және оларды әулие тұт.

  2. Өнердің қай түрі болса да, үйренуден жалықпа.

  3. Туған жеріңді ұмытпа, ло жерге жиі барып тұр, бір уыс топырағын үйіңде қастерлеп сақта.

  4. Лауазымы үлкенге жалпаңдама, лауазымы кішіге кекірейме.

  5. Абай өлеңдерін жатта. Абай өлеңі-білім, ғылым, үлгі, өнеге, тәлім, тәрбие, адамдықтың кілті.

  6. Қаруың білімің мен тілің, сүйенішің, тірегің-ақылың болсын.

«Жеті қазына» кітабы.

Сабақтың тақырыбы : Құрмалас сөйлемнің құрамына қарай түрленуі.

Қан алу.

Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;

-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

Тәрбиелік:

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

1.Жай сөйлем дегеніміз не?

2. Жай сөйлем қалай жасалады?

3. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

4. Құрмалас сөйлем қалай жасалады?

5.Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылығы қандай?

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Құрмалас сөйлемнің құрамына қарай түрленуі

туралы жалпы түсінік беру, құрмалас сөйлемнің құрамына қарай түрленуіне талдау жасату, жаттығу жұмыстары арқылы құрмалас сөйлемнің құрамына қарай түрленуін студенттерге меңгерту.

Студент нені білу керек:

- ауызекі сөйлеу тілін;

Студент нені меңгеру керек:

  • құрмалас сөйлемнің құрамына қарай түрленуінің жасалу жолдарын;

  • сөздікті қолдана білуді;

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

  • мысалдар келтіре білуді.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Құрмалас сөйлемнің түрлерінің ережесін жатқа айту. Құрмалас сөйлемнің түрлеріне 10 сөйлем ойластырып жазып келу. Мәтіннің мазмұнын айту, құрмалас сөйлемдердің түрлерін тауып жазу.

Құрмалас сөйлемнің құрамына қарай түрленуі.

Жай сөйлемнің құрамы жеке сөздер мен сөз тіркестері болса, құрмаластың құрамы жеке сөйлемдер болады.

Күрделі ойды білдіреді.

Құрамындағы сөйлемдер өзара интонация арқылы жалғасады.

Құрмалас сөйлемнің үш түрі бар.

1. Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі салалас құрмалас деп аталады.

2. Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады.

3. Құрамында салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерден тұратын құрмалас сөйлемнің түрі аралас құрмалас сөйлем деп аталады.

Салалас құрмалас сөйлем:

Абай әжесі Зеренің әңгімесін ұйып тыңдады, оның әр сөзін көңіліне тоқып отырды.

Сабақтас құрмалас сөйлем:

Көктем келіп, күн жылына бастады.

Аралас құрмалас сөйлем:

Көктем келіп, күн жылына бастады, құстар жылы мекеніне оралды.

Қан алу

Қан алу сырқат адамда «арам қан жиналғаннан» деп түсінгенде жүргізіледі. Мұнда халық емшісі қаралуға келген адамды қарап болған соң, оның аруы «қан ұйығаннан» деген тұжырымға келсе (яғни сондай диагноз қойса), ол «қан алу» емін ұсынады. Қан алу үшін арнайы құрал, өткір қайралған темір қандауыр пайдаланады.

Алайда кейбір қан алушылар қандауырларын отқа қыздырып, зарарсыздандырған. Көк тамырдан ағатын қан қарақошқыл болғандықтан оны «арам қан» деген. Кейбіреулер қанды тамырдан емес, теріден де алған. Бұл сырқатқа ерекше әсір етіп, бойындағы арам қанның бөлініп шыққанын дәлелдегендей көңілдері орнына түсіп, аурудан құтылатына илана бастайды. Осыдан кейін көңілдеріндегі ауыр ойлардан арылып, жеңілдегіндей болады. Сенім ұялап аурудан құтылдымдегенді айтады.

(«Қазақтың халық медицинасы құпиясы»)

Сөздік

Қан алу – брать кровь, испускать кровь

Қан тамыры-вена

«арам» қан- плохая кровь

Сырқат-пациент, больной

Емші-знахарь

1-Жаттығу

Мәтіндегі құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, құрмалас сөйлемнің қай түріне жататынын анықтаңыздар.

2-Жаттығу

Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

3-Жаттығу

Өз ойларыңнан құрмалас сөйлемдердің түрлеріне 6 сөйлем жазыңыздар.

4-Жаттығу

Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

1. Не мына Әбдіні қолымызға шығарып бер, не болмаса кепіл бол. 2. Дәулеткелді бұның не сөзінен қызық күтеді, не бір мінезінен әлдеқандай қызық күтеді. 3. Қалада жайланып жатып емделем бе, болмаса дәрігердің рұқсатымен үйге қайтам ба, - ақылыңыз керек болып тұр. 4. Тура келесің бе, әлде жолдағы ауылдарға соғасың ба?

5-Жаттығу

Көп нүктенің орнына жай сөйлем ойлап тауып, салалас құрмалас жасаңыздар.

1. Бүгін ... жаңбыр жауды, ... күн ашылды. 2. Бақыт ... кітапты оқыды, ... киноға барды. 3. Мен ... жылы киім киерімді білмедім, ... жеңіл киінерімді білмедім. 4. Биыл қыс қатты болар, былтырғыдан жылы болатын шығар.

6-Жаттығу

Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

1. То солнце светило ярко, то тучи покрыли небо. 2. Небо то покрывалось тучами, то светило солнце. 3. Или все вместе закончим работу, или же все будем отдыхать. 4. Ребята то хотели сходить в кино, то собирались в театр.

7-Жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып жазыңыздар.

1. ... бір-біріне кезек бермей бәрі бірдей шулайды, ... теп-тегіс ұйықтап қалғандай бәрі тына қалды. 2. Мен барып келейін, ... сен бар. 3. Ертең мен тауға барамын, ... саябаққа барып дем аламын.

(немесе, біресе, не, біресе)

Сабақтың тақырыбы : Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері. Жалғаулықты құрмалас сөйлем.

Студенттер жатақханасында.

Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;

-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

Тәрбиелік:

  • Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

  • Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

1. Құрмалас сөйлем қалай жасалады?

2. Құрмалас сөйлемнің қанша түрі бар?

3.Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

4. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

5. Аралас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлеріне, Жалғаулықты құрмалас сөйлемге талдау жасату, жаттығу жұмыстары арқылы Салаласқұрмалас сөйлем және оның түрлерін, жалғаулықты құрмалас сөйлемді студенттерге меңгерту.

Студент нені білу керек:

- ауызекі сөйлеу тілін;

Студент нені меңгеру керек:

  • Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлерін, жалғаулықты құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын;

  • сөздікті қолдана білуді;

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

  • мысалдар келтіре білуді.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

  • Өткен тақырып бойынша бағалау;

  • Жақсы жауаптарды ескеру;

  • Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

  • Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

  • Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Салалас құрмалас сөйлемнің ережесін жаттап келу. Құрмалас сөйлемнің түрлеріне 10 сөйлем құрастыру. Мәтіннің мазмұнын түсініп айтып беру.Мәтіннен жалғаулықты құрмаласты тауып жазу.